Материалдар / Календарно тематическии план по самопознанию
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Календарно тематическии план по самопознанию

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жоспар жас мамандарға көмек ретінде өзін өзі танудан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қырқүйек 2018
920
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНДА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУ
ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТУРАЛЫ
Әдістемелік нұсқау хат

Астана-2018

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2018-2019 оқу жылы

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2018 жылғы 15 маусымдағы № 7 хаттама).
2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім
беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы:
Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2018. – 370 б.
Жинаққа 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының
мектепалды даярлық және жалпы орта бiлiм беретiн мектептерінiң
1-11-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдар
енгiзiлген.
Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән
мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған.

© Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2018
2

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2018-2019 оқу жылы

Құрметті ұстаздар!
2018-2019 оқу жылы басталды. Еліміздің барлық мектептерінде 1қыркүйекте Білім күні аталып өтілді. Дәстүр бойынша Білім күні тек жаңа оқу
жылының басталуы ғана емес, сонымен бірге білім беру ұйымдарындағы жақсы
бастамалар мен дәстүрлердің жалғасы болып табылады.
Оңтайлы білім беру жүйесі еліміздің және қазақстандық қоғамның
тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі.
Білім беру саласының қазіргі кезеңдегі стратегиясы – тез өзгеретін
шынайы жағдайларға үнемі бейімдеуге болатын икемді тактикалық іс-қимыл
бағдарламасын әзірлеу.
Президент Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10-қаңтардағы «Төртінші
өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»
Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілгендей, бүгінде әлем Төртінші
өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және
әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам
басып келеді. Бұл жағдайда білім беру сапасын арттыруға, білім беру жүйесін
жаңғыртуға ерекше назар аударылуы қажет.
Жаңа жағдайда білім беру жүйесінен, оның сапалы және өмір бойына
үздіксіз болуы талап етіледі. Сондықтан қазақстанның білім беру жүйесінің
алдына оқытудың қазіргі уақыттағы әдістері мен бағдарламаларын меңгеру,
оқыту сапасын арттыру, сұранысқа ие білім мен дағдыларды беру, қоғамдық
сананы жаңғырту, функционалдық сауаттылықты, үштілділікті, сын
тұрғысынан ойлауды және басқаларын дамыту
міндеті қойылған. Тіл
саясатында басымдылық мемлекеттік тілді дамытуға берілуі қажет.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы елімізде адами
капиталды дамытуда сапалы білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы
қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды міндет етіп қояды.
Жаңа оқу жылында мектептерді жаңартылған білім беру бағдарламасына
көшіру жалғастырылады, 2018-2019 оқу жылынан бастап 3,6,8 сыныптарда
енгізілетін болады. Еліміздің 30 пилоттық мектептерінің 4,9,10 сыныптарында
жаңартылған оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК сынақтан өткізу
жүргізіледі.
Білім және ғылым министрлігімен педагог мамандығының мәртебесін
көтеру бағытындағы мақсатты жұмыстар жалғастырылуда. Жаңартылған білім
беру мазмұнына көшуді қамтамасыз ету мақсатында және озық білім
ресурстары мен технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету
мақсатында тиісті нормативтік-құқықтық база әзірленген.
Еліміздің білім беру ұйымдарының алдында тұрған міндеттер, сонымен
қатар олардың жұмыстарындағы жаңа 2018-2019 оқу жылындағы ерекшеліктер
«2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім
беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»
Әдістемелік нұсқау хатында көрсетілген.
Жинақ білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасындағы
3

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2018-2019 оқу жылы

өзгерістерді қамтиды. 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасындағы
мектепке дейінгі және жалпы орта білім беретін мектептердің 1-11
сыныптарындағы білім беру процесін ұйымдастыру құжаттары және қажетті
материалдар енгізілген, білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар және еліміздің
білім беру ұйымдарының жұмыс ерекшеліктері көрсетілген.
Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән
мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған.
2018-2019 оқу жылы еліміздің педагогтерінің алдына жаңа міндеттер
қояды.
Еліміздің барлық педагогтеріне табысты оқу жылын, шығармашылық
жетістік және жеңістер, барлық еліміз үшін аса маңызды ұстаздық кәсіпте
жеміс тілеймін!
ҚР Білім және ғылым вице-министрі

А. Аймағамбетов

4

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2018-2019 оқу жылы

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында
ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын
көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған.
76-қадам: 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу,
функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту
стандарттарын
жаңарту.
Жоғары
сыныптарда
жанбасына
қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін
құру.
79-қадам: Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда
ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу.
89-қадам: «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге
асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына
«Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.

2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2018-2019 оқу жылында 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8- сыныптар жаңартылған білім
мазмұны бойынша, ал 4, 9, 10-11-сыныптар 2013 жылы бекітілген оқу
бағдарламаларымен білім алады.
2018-2019 жаңа оқу жылында білім беру процесінің нормативтікқұқықтық қамтамасыз етілуі:
1) мектепалды даярлық сыныптарында және 1-3-сыныптарда білім
беру процесі:
 ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен
бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты (бұдан әрі – МДТО МЖМС);
 ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары (бұдан
әрі – Үлгілік бағдарлама);
 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (ҚР
БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы № 391 бұйрығына1-қосымша);
 ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен
бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(бұдан әрі – ҚР МЖМС-2015);
 ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 484 қаулысымен
бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453
бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266
5

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2018-2019 оқу жылы

бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін
пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199
бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін
пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының
және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық
жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы
№ 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге
асырылады;
2) 4, 9, 10-11-сыныптарда білім беру процесі:
 ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен
бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта)
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚРМЖМС-2012);
 ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 485 қаулысымен
бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМС - 2012);
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы
№ 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығымен
бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу
жоспарлары;
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және
ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің, таңдау
курстары мен факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген
Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген
Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге
асырылады;
6

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2018-2019 оқу жылы

3) 5- 8-сыныптарда білім беру процесі:
 ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен
бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(бұдан әрі – ҚР ОБМЖМС-2016);
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің
үлгілік оқубағдарламалары;
 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының
және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық
жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және
ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген
оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады;
 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім
беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 Қаулысына өзгерістер енгізу
туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 Қаулысы;
 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы;
 «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң
есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23
қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 615 бұйрығы;
 «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын
конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 308 бұйрығы;
 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен
тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен
қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 647 бұйрығы;
 «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік
құралдарын әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу,
оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
7

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2018-2019 оқу жылы

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 651 бұйрығы;
 «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім
беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22
қаңтардағы № 70 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 29
желтоқсандағы № 662 бұйрығы;
 «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын әдіснамалық
қамтамасыз етуді үйлестіру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 20 бұйрығы;
 «Орта білім беру ұйымдарының жеке санаттағы педагог қызметкерлері
жүргізу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін анықтау туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 32
бұйрығы;
 «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және
қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы
18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
14 маусымдағы № 272 бұйрығы;
 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог
қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру
(растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау бойынша
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 632
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы
16 шілдедегі № 350 бұйрығы;
 «Білім және ғылым саласындағы
азаматтық қызметшілерді
аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке
дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс
істейтін педагог қызметкерлер мен
оларға теңестірілген тұлғаларды
аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 152
бұйрығы;
 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті
атқарушы органдар көрсететін «Үздік педагог» атағын беру және мемлекеттік
орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу
8

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2018-2019 оқу жылы

конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік
қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 бұйрығына өзгерістер енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі
міндетін
атқарушының 2018 жылғы 16 шілдедегі № 351 бұйрығы;
 «2018 жылы педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген
тұлғаларды аттестаттаудың бірінші кезеңі – Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
10 мамырдағы № 200 бұйрығы;
 «Ұсынылған пәндік олимпиадалардың, кәсіби конкурстардың,
ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың және басқа да шығармашылық ісшаралардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 226
бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2018 жылғы 9 тамыздағы № 394 бұйрығы;
 «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру
мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру
жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 14 шілдедегі №337
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 18 мамырдағы № 213 бұйрығы;
 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және
кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi
бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне,
сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге
мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29
қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы №
231 бұйрығы;
 «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін
пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу
бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығы;
 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиялық
талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы;
 «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығы;

9

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2018-2019 оқу жылы

 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім беру) және оқу бағдарламалары Ы. Алтынсарин
атындағы
Ұлттық
білім
академиясының
сайтына
(www.nao.kz)
орналастырылған.
Мектеп әкімшілігінде МЖМБС және үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік
оқу бағдарламаларының қағазға шығарылған бір нұсқасы болғаны жөн.
Педагогтердің МЖМБС және үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу
бағдарламаларының электронды нұсқаларымен жұмыс істеулеріне болады.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу
процесіне қатысушыларды кешенді қолдауды Академия сайты (www.nao.kz)
қамтамасыз етеді. Мұғалімдерге көмек ретінде сайттың келесі бөлімдері
ұсынылады:
- «Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» (Әдістемелік-нұсқау
хат, Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім
беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты), бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары,
нормативтік-құқықтық база);
- «Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік
құралдар, ұсынымдар мен нұсқаулықтар, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері,
Қазақстан
Республикасында
инклюзивті
білім
беруді
дамытудың
тұжырымдамалық тәсілдері);
- «Семинарлар, конференциялар» (Академияда өткізілетін іс-шаралар
туралы ақпараттар: ғылыми-практикалық конференциялар, тақырыптық
семинарлар және т.б.);
- «Журналдар» (Академияда шығарылатын «12 жылдық білім беру –
12-летнее образование», «Білім – Образование», «Қазақстан кәсіпкері –
Профессионал Казахстана» ғылыми-әдістемелік журналдар туралы ақпараттар);
- «Сұрақ-жауап» (оқыту мен тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылау,
Академия мамандарына сұрақтар қою мүмкіндігі).
Білім беру қызметін ұйымдастыру кезінде жалпы білім беретін
ұйымдардың басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттары Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінің сайтындағы (http://www.adilet.gov.kz)
«Әділет»
ақпараттық-құқықтық
жүйе»
(http://adilet.zan.kz)
блогында
орналастырылған.
Жаңартылған білім мазмұнына көшетін мұғалімдерге әдістемелік көмек
көрсету үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы
Жүйелі-әдістемелік кешен (ЖӘК) әзірледі. Аталған кешенді НЗМ сайтынан
(smk.nis.edu.kz сілтемесі арқылы кіру)табуға болады.
Барлық сыныптық, сыныптан тыс жұмыстардың (факультативтік,
жеке және үйірме сабақтары) түрлерін қоса алғанда, білім алушылардың
апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі 1-сыныпта – 24 с., 2-сыныпта
– 25 с., 3-сыныпта –29 с., 4-сыныпта –29 с.,5-сыныпта –32 с., 6-сыныпта –
33 с., 7-сыныпта – 34 с., 8-сыныпта – 36 с., 9-сыныпта – 38 с., 10-сыныпта –
39 с., 11-сыныпта – 39 с. аспауы тиіс.
10

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2018-2019 оқу жылы

Білім беретін ұйымдар ата-аналар комитеті және қамқоршылық
кеңесінің келісімімен күнделікті өткізілетін сабақтар санын белгілейді.
Назар аударыңыздар!
2018-2019 оқу жылының ұзақтығы: мектепалды
сыныптарда – 32 апта, 1-сыныптарда – 33 апта, 2-11(12)сыныптарда – 34 апта.
«Орта білім беру ұйымдарында 2018 - 2019 оқу жылының басталуын,
ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 5 шілдедегі № 322
бұйрығымен 2018-2019 оқу жылы барысындағы каникул күндері белгіленді:
1) 1-11(12)-сыныптарда: күзгі каникул –7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4
қарашаны қоса алғанда),
қысқы – 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан – 2019 жылғы 9 қаңтарды
қоса алғанда),
көктемгі – 13 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);
2) мектепалды сыныптарда:
күзгі каникул – 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда),
қысқы – 14 күн (2018 жылғы 27 желтоқсан – 2019 жылғы 9 қаңтарды
қоса алғанда),
көктемгі – 15 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
3) мектепалды және 1-сыныптарда: қосымша каникулдар: 7 күн (2019
жылғы 4 - 10 ақпанды қоса алғанда).
Сабақтардың өткізу мерзімі мереке күндерімен сәйкес келген жағдайда,
тақырыбын/оқу
мақсаттарын
оқу
пәні
бойынша
жақын/ұқсас
тақырыптармен/оқу мақсаттарымен біріктіріп/тұтастырып, мерекелік
күндерге дейін немесе мерекеден кейін аздаған сағат санымен оқыту қажет.
Бұл ретте жеңіл мақсаттарды қарастырып,
жазба жұмыстарын
жоспарламаған жөн. Қайталауға берілген сағаттар есебінен,
оқу
бағдарламаларының кіріктіруін ескере отырып, сабақтарды келесі күнге
ауыстыруға болады.
Назар аударыңыздар!
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын
жүзеге асыратын білім ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан,
білім ұйымы қызмет көрсететін аймақта тұратын барлық балаларға қолжетімді
болуды қамтамасыз ете отырып, 7 жастағы және ағымдағы жылы алты жасқа
толатын барлық балаларды бірінші сыныпқа қабылдайды.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін, төмендегідей құжаттар
қажет:
1) баланың ата-анасы немесе басқа да заң өкілдерінің өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма 026/у-3);
4) 3х4 см көлеміндегі 2 дана фотосурет.
11

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2018-2019 оқу жылы

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын
жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын
балалардың құжаттары ата-аналарынан немесе басқа да заң өкілдерінен
ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 тамызына дейін қабылданады. Баланы
бірінші сыныпқа қабылдау кезінде қосымша құжаттар сұралмайды.
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін
оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы
10 мамырдағы № 254 қаулысы.
Мектептердің бескүндік оқу аптасына көшуі

12

Орта мектеп

Негізгі мектеп

Оның ішінде бескүндік
оқытуға көшкен
мектептер саны
Бастауыш мектеп

Орта мектеп

Негізгі мектеп

Оның ішінде
Бастауыш мектеп

Барлық мектептер саны



Облыс, қала

Парламенттің алтыншы шақырылымының 2016 жылғы 25 наурыздағы
бірінші сессиясының ашылуындағы Президенттің тапсырмасына сәйкес, 1-ден
11-ге дейінгі барлық сыныптар бескүндік оқу аптасына еркін түрде көше
алады. Өз сөзінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев: «Біз ЭЫДҰ-мен
интеграцияланудамыз, бұл ретте біз дәйекті болуға тиіспіз. Барлық дамыған
елдердің мектептерінде бес күндік оқыту аптасы қалыптасқан. Балаға қалпына
келуге, педагогқа демалып, сабаққа дайындалуға мүмкіндік беріледі. Кейбір
елдерде тіпті төрт күндік оқыту аптасы да бар. Мұндай форматқа көшу –
бүгінде дамыған елдердің жалпыәлемдік үрдісі (тренді). Ғалымдар қазірдің
өзінде оқыту аптасының ұзақтығын қысқарту оқытудың нәтижелілігін
арттыратынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Бізге де осы тәжірибені енгізу
керек. Білім және ғылым министрлігі бұл үдерісті тым болмаса бастауыш
мектептерден бастауы керек», - деп атап өтті.
Бескүндік оқу аптасына көшу жұмысы жаңартылған білім мазмұнына
көшумен қатар жүргізіледі және меншік нысанына (мемлекеттік/жеке), қандай
ҮОЖ нұсқасын ж.т.б. таңдағанына қарамастан барлық білім беру ұйымдарында
жүзеге асырылуы мүмкін.
2017-2018 оқу жылында республиканың 7054 мектебінен 6708 мектеп
сабақтың ұзақтығы 40 минуттық бескүндік оқытуға көшкен, бұл 95%-ды
құрайды (1-кесте).
.
1-кесте – Бескүндік оқытуға көшкен мектептер саны

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2018-2019 оқу жылы

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16

Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Шығыс Қазақстан
Жамбыл
Батыс Қазақстан
Қарағанды
Қостанай
Қызылорда
Маңғыстау
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан
Астана қаласы
Алматы қаласы

Барлығы

565
410
758
193
657
450
381
515
514
293
134
371
497
1029
84
203

68
34
66
12
51
61
70
49
89
8
8
27
67
100
2
-

154
82
60
7
116
34
70
90
114
26
4
68
108
77
0
3

343
294
632
174
490
355
241
376
311
259
122
276
322
852
82
200

59
33
65
12
50
61
70
49
89
8
8
27
67
97
2
-

150
81
60
7
115
34
70
80
114
26
4
68
108
75
0
3
(1-7
сын)

7054

712

1013 5329

697

995

343
236
597
171
482
322
235
312
311
242
122
276
313
786
69
112
(1-7 сын),
87
(1-4 сын)
5016

Назар аударыңыздар!
2018-2019
оқу
жылы
әр
мектептің
әкімшілігі
мектептің материалдық-техникалық жабдықталуын (спорт залдар,
аудиториялық қор, білім алушылар контингенті, кадрлармен қамтамасыз ету)
т.б ескере отырып, жеке пәндерді оқытуда сыныптарды топтарға бөлу туралы
дербес шешім қабылдайды.
Сыныптарды топтарға бөлу педагогикалық кеңестің шешімімен,
сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары бекіткен жұмыстың оқу
жоспарымен іске асырылады.
1-3-сыныптарда қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде
немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан
асқан жағдайда, төмендегі пәндер бойынша топтарға бөлінеді:
- оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
- оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;
- шетел тілі;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
- өзін-өзі тану.
Негізгі орта мектеп бойынша білім алатын сыныптарда топтарға бөлу
төмендегі пәндерді оқыту барысында қалалық мектептерде толымдылығы 24ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде
немесе одан асқан жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға
бөлінеді:

оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;

оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;

шетел тілі;

информатика;
13

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2018-2019 оқу жылы

дене шынықтыру;
көркем еңбек.
2013 жылғы оқу бағдарламасы бойынша оқытылатын білім алушылар
қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда,
ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан жағдайда,
төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді:

оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;

оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті;

қазақ/ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытылатын сыныптардағы орыс
тілі;

шетел тілі;

информатика;

бейіндік пәндер;

технология;

дене шынықтыру.
МЖМБС жаңа редакциясында және Негізгі орта білім берудің үлгілік
оқу жоспарларында «Ағылшын тілі» оқу пәнінің орнына «Шетел тілі» пәні
енгізіледі. Білім беру ұйымдарының: «Ағылшын тілін», «Неміс тілін»,
«Француз тілін» таңдау құқығы бар.
 Неміс және француз тілдерінің үлгілік оқу бағдарламалары «2013
жылғы 3 сәуірдегі № 115 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен
бекітілді.
Шетел тілін оқыту білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде оқытуды
бірлік, үздіксіздік және сабақтастықпен қамтамасыз ететін CEFR («Common
European Framework of Reference: Learning, Teaching, Assessment» - «Шетел
тілдерін меңгеру деңгейінің жалпы еуропалық құзыреттілігі: үйрену, оқыту,
баға») тілдерді меңгеру деңгейлік моделіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстандағы үш тілді білім беру моделі CEFR аналогі болып
табылмайды, бірақ көрсетілген құжатты негізге ала отырып оның идеясы мен
негізгі ережелерін ұлттық білім беру жүйесінің нақты бір жағдайына
бейімдейді.



Үй тапсырмасы
Назар аударыңыздар!
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында үй
тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі Әдістемелік
ұсынымдамалар ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі
№ 182 бұйрығымен бекітілді.
Үй тапсырмасын дайындау уақытын қысқарту үшін 5-11-сыныптарда
қосарланған сабақтар өткізуге болады.
Үй тапсырмасын орындауда: 2-сыныпта - 50 минуттан, 3-4-сыныптарда 70 минуттан, 5-6-сыныптарда - 90 минуттан, 7-9-сыныптарда - 110 минуттан,
10-11-сыныптарда - 130 минуттан аспауы тиіс.
14

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2018-2019 оқу жылы

Үй тапсырмасын (бір оқу күніне) орындауға жұмсалатын уақыт
шығынын ескере отырып, тапсырманың көлемі бойынша нормативтер
өзгертілді.
Үй тапсырмасын:
1) Мерекелік және демалыс күндері (жалпы дамуы, жобалық
жұмыстар және математикалық мектептерде есептерді шешу үшін
көркем, қосымша әдебиеттерден басқа);
2) бақылау жұмыстарын өткізгеннен кейін;
3) бірінші сынып білім алушыларына (екінші жартыжылдықтан
бастап көлемі 20 минуттан аспайтын уақыт ішінде оқылатын
тапсырмалар берілуі мүмкін) бермеу ұсынылады.
Бейнелеу өнері, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, еңбекке баулу,
технология, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтырудан үй тапсырмасын
басқа пәндермен кіріктіріп беру ұсынылады.
Білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе («біледі», «түсінеді»,
«қолданады», «талдайды», «бағалайды» және «жинақтайды»), үй тапсырмасын
орындаудың қажеттілігі болмайды.
Орта білім беру ұйымдарының басшыларына педагог қызметкерлердің үй
тапсырмасын ұйымдастыру бойынша жұмыстардың кезеңділігі мен мерзімдерін
басқаруды мектепішілік бақылау жоспарына жазып, мектеп директорының
бұйрығымен жыл сайын бекітіп отыру ұсынылады.
Үй тапсырмасын беру кезінде бастауыш сынып мұғалімдеріне, пән
мұғалімдеріне:
1) білім алушыларға үй тапсырмасын сабақ үстінде, қоңырауға дейін
хабардар ету;
2) үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқау беру;
3) көлемі аз тапсырмалар (орындалуы міндетті) және көлемі көп
тапсырмаларды (орындалуы ерікті түрде) үйлестіріп беру;
4) сабақта үй жұмысы бойынша қателермен жұмыс жүргізу ұсынылады.
Назар аударыңыздар!
«Жол жүру ережелері» кіріктірілген оқу бағдарламасы (бұдан
әрі – ЖЖЕ) сынып сағаттарының есебінен және сабақтан тыс уақытта
жүргізіледі де, тақырыбы мен мерзімі сынып журналының жеке бетіне
жазылады.
1-4-сыныптар – әр сыныпта 6 сағаттан;
5-8-сыныптар – әр сыныпта 10 сағаттан өткізіледі.
1-8-сыныптарға арналған сабақтың үлгі ретінде алынған тақырыптары
2017-2018 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқау хатта берілген.
ЖЖЕ оқу курсы бойынша сыныптың қағаз түріндегі журналының соңғы
беттеріне жазылады. Сондай-ақ сыныптың электрондық журналында толтыру
үшін қосымша беті бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499
қаулысымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта
және жалпы орта білім беру) қызметінің үлгілік қағидаларының 19 т. сәйкес,
15

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2018-2019 оқу жылы

білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкiлдерінiң мүдделерiн
ескере отырып және жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісу
бойынша білім беру ұйымдарында инклюзивті сыныптар (бір сыныпта ерекше
білім беру қажеттілігі бар екі баладан артық оқытылмауы тиіс) және (немесе)
бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.
Инклюзивті сыныптардағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар
психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысы бойынша
жалпы білім беретін оқу немесе жеке бағдарламалар бойынша білім ала алады.
Мемлекет инклюзивті білім беру принциптерін жүзеге асыру барысыда
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың білім алуы, бұзушылықтарды түзету және
бейімделуі үшін арнайы жағдай құруды қамтамасыз етеді.
Балаларға деген толеранттылықты тәрбиелеу мақсатында білім
алушыларға инклюзия режимінде жылына бір рет әр сыныптардың паралелінде
инклюзивті білім беруді түсіндіру бойынша ата-аналар жиналысын өткізу
ұсынылады.
Білім беру ұйымдары оқу процесін қашықтықтан білім беру
технологиялары (бұдан әрі – ҚБТ) бойынша жүзеге асыра алады.
ҚБТ білім берудің барлық деңгейінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға,
соның ішінде мүгедек-балаларға, I және II топтағы мүгедектерге, бала жасынан
мүгедек тұлғаларға қатысты.
ҚБТ бойынша оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің
оқу бағдарламаларымен жүргізіледі.
Білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ, тиісті білім беру бағдарламасы
бойынша оқу пәндерін өз бетінше оқитын, экстернат - оқыту түрі қолданылуы
мүмкін.
Экстернат түріндегі оқыту негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарында, сонымен қатар мамандырылған және жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі.
Назар аударыңыздар!
Салауатты өмір салтын насихатт
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!