Материалдар / Кароновирус қалай тарайды?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Кароновирус қалай тарайды?

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық азаматтарға кароновирус жайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қырқүйек 2020
179
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Короновирус қалай тарайды?

Дүйім дүниені дүрліктірген «коронавирус» сөзі «қаржы дағдарысы», «терроризм», «зілзала», «цунами» және т.б. сөздерден де қорқынышты болып, әлемдік деңгейдегі ең өзекті мәселеге айналып барады. Ауру қоздырғышы – вирус. Табиғатта ауру тудыратын микроорганизмдер өте көп: бактериялар, коккалар, бациллалар, рикетсиялар, хламидиялар, саңырауқұлақтар, микоплазмалар, вирустар деп тізбектеліп кете береді. Бұлардың ішіндегі ең күрделілерінің біріне вирустар жатады. Вирустар басқа микробтарға қарағанда ең ұсағы, егер басқа микробтарды микроскоппен ғана көретін болсақ, ал вирустардың ұсақтылығы соншалық, электронды микроскоппен ғана көруге болады.


Вирустардың басқа микроорганизмдерден ерекшелігі сол, бұл бактериялар өтпейтін арнаулы сүзгілерден өтіп кетеді, зертханаларда қолдан жасалған жасанды қоректік орталарда өсіп-дамы­майды, тек тірі торшаларда ғана тіршілік етеді, тірі немесе структурасы алдын ала бұзылып, ұнтақталған ұлпаларда, тауық жұмыртқасының эмбрионында ғана өсіп-өнеді. Вирустарды 1842 жылы Д.Ивановский ашқан болатын. Алғашқыда оны вирустар, яғни «у» деп атады. Қазір оның түрі 200-ден асып кетті.

Вирустар микроорганизмдердің басқа түрлеріне қарағанда өте күрделілігімен, зардап­тылығымен және тез жұққыш­тығы­мен ерекшеленеді. Адамзат тарихын­дағы жүздеген, мыңдаған емес, тіпті мил­лион­даған адамды өлімге ұшыратқан эпи­де­мия­лық, пандемиялық жағдайлар осы вирус­тардың әсерінен болған. Егер ауру бір елдің едәуір бөлігін қамтыса оны «эпи­демия» дейді де, егер бұл құбылыс бірнеше елдерді қамтитын континенттік деңгейге дейін жетсе «пандемия» деп аталады. Жануарлар арасындағы мұндай жағдайды сәйкесінше «эпизоотия» немесе «панзоотия» дейді.

Әріге бармай-ақ соңғы жүз жылдан бер­гі ғылыми деректер вирустар мил­лион­даған адамдардың көзін жойғанын көр­сетеді. Өткен ғасырдың 18-19 жылдарында болған «Испанка» пандемиясының негізгі себебі тұмау ауруының (H1N1) штам­мы болып, соның салдарынан ауру­ға шалдыққан 550 миллион адамның 50 мил­лионы өлімге душар болды. Кейбір деректерде 100 миллион деп айтылады, ауру Еуропа, Азия асып, Америкаға дейін жетті. 1957-1958 жылдардағы Азия тұмауынан (H2N5) 70 мың, 1968-1969 жылдардағы Гонконг тұмауынан (H3N2) 37 мың, 2003-2009 жылдардағы құс тұмауынан (H5N1) 360 адам, 2009-2010 жылдардағы шошқа тұмауынан (H1N1) 2600 адам өмірмен қош айтысты.

Дәл қазіргі дүниені дүрліктірген коронавирус өте аз зерттелген вирустарға жатады. Ашылғанына да көп бола қойған жоқ, 1968 жылы ғана жеке топ ретінде бөлінді. Коронавирус дейтін себебі, ауру қоздырғышын электронды микрос­коппен қарағанда вирустың антигендік құрылымы (нуклеокапсид) ортасы дөңге­лек­­теніп келіп шет жақтарынан жан- жаққа қарай бұтақ тәрізді өсінділер тарай­тындықтан оны коронаға (тәжге) ұқ­сатып коронавирустар деп атап кеткен.

Коронавирус тудыратын аурулармен адамдармен бірге ірі қара мал, түйе, шошқа, ит, мысық және т.б. жануарлар да ауырады.

Коронавирустар негізінен тыныс алу, ас қорыту, жүйке жүйесін көп зақым­дайды. Ауру көп жағдайда жеңіл өт­кенімен, оның кейбір штаммдарынан күрделі асқынулар пайда болады. Ко­ро­навирустар мутацияға өте бейім келе­ді, бір түрден екінші бір түрге жылдам өзгеріп, алғашқыда жануарларда, со­ңы­нан адамдарда, белгілі бір уақыттан кейін қайтадан жануарларда ауру тудырады.

Коронавирусқа байланысты елде төтенше жағдайдың жариялануы ел азаматтарының әлеуметтік тұрмысына кері әсерін тигізе бастады.

Жұмысы қашықтан істеуге мүмкіндік бермейтін мұндай адамдардың күнкөрісі қиындап жатыр. Базардағы азық-түлік те қымбаттаған. Үкіметтің базардағы бағаны бақылаймыз дегені сөз жүзінде қалып жатқан сияқты. Себебі, кейбір дүкендерде базарларда тауарлардың бағасы біраз өскенін аңғаруға болады .Басқа да өнімдердің негізгі құнына 200-300 теңге үстемелей қосылған. 20 мың теңгенің өзіне пакетіңіздің толмай шығатыны содан. 


Бірер күн бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы кәсіпорындардан 266 мың жұмысшы қысқарып қалғанын мәлімдеді. Жағдай осылай жалғаса берсе жұмыссыздар саны еселеп артпақ. 

Қиын-қыстау кезеңде ең көп зардап шегетін де осы сектор болмақ. Айтпақшы, мемлекет бірер күн бұрын аталған секторды қолдау мақсатында мол қаржы бөлді. «Коронавирус өндіріске шығын келтіреді дейін десек, бізде соншалықты көп өндіріс те жоқ. Кесірі тисе, жолаушылар тасымалымен айналысып отырған ҚТЖ сияқты компанияларға тиюі мүмкін. Ал бізге тауар негізінен шет елден келеді. Соған байланысты электронды дүкендеріндегі бағалар 10-15 пайызға қымбаттаған. Вирустың күш алып келе жатқанын, теңге бағамының әзір оңалмайтынын ескерсек, алдағы уақытта біздегі баға кем дегенде 10 пайызға өседі. Кейбір тұтынушылық заттар тапшы болады», – дейді экономист. 

Бұдан кейінгі түйткіл – теңгенің жайы және жұмыссыздық. Оразбек Мырзақұл теңге бағамына қатысты оптимисті көзқарас таныта алмаймын дейді. Оның ойынша күзде теңге курсы 550-ге жетпек. 

«Инфляция деңгейі 6 пайыз (ақпан айының қорытындысы бойынша). Қазіргі дүрбелеңге байланысты күзге дейін оның шегі 8 пайыздан асады. Мұндай кезде мемлекет кешенді жұмыс жүргізуі керек. Бірінші кезекте, әлеуметтік төлемақы мөлшерін кем дегенде 10-15 пайызға өсіру. Одан кейінгі міндеті – азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарды салықтан босату. Әрине, одан кейін жұмыссыздық мәселесін шешу. Төтенше жағдайға байланысты оны қазір реттей алмаса тиісті жәрдемақылар беру деген сияқты. Өйткені жұмыссыздық деңгейі 20 пайыздан асып кетсе, бұл – елге қауіп төндіреді», – дейді маман. 













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!