Материалдар / Кеңес: "АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ТҮРІН ӨТКІЗУДЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНІҢ МАҢЫЗЫ"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Кеңес: "АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ТҮРІН ӨТКІЗУДЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНІҢ МАҢЫЗЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге, өзін-өзі тану пәнінің маманына керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2021
241
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысы

Мұнайлы ауданы «Шоғы Мұңалұлы

атындағы № 5 жалпы білім беретіе мектеп» КММ

жанынан ашылған «Күншуақ» шағын орталығының тәрбиешісі Турбекова Анар Бакитовна


Ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін өткізудегі өзін-өзі тану пәнінің маңызы

Мақсаты: әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру. Ата-ананың тәрбие мәселесіндегі психологиялық құзыреттілігін арттырып, баламен тиімді қарым-қатынас орната білу қабілетін дамыту, оқу – тәрбие жұмыстарын қатыстыра отырып, серіктестікке тарту.

Балабақшадағы тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, балабақшаның бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән тұғызбайды. Балабақша мен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда педагогтар негізі рөл атқарады. Тәрбиеші мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі – психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады. Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланғаны сияқты, ата-аналарға көмек ретінде «Өзін – өзі тану» пәнінің формаларын пайдалана отырып, ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін өткізгенде интерактивті тақтаны, яғни ақпараттық технологияны пайдалану ата-ана қызығушылығын арттырып қана қоймай, жеке танып-білуге, байланысты нығайтуға қосар үлесі зор.

Шаттық шеңбері:





Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық.

-Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің балабақшамыздың қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын... Олай болса, барлығымыз орнымызға жайғасайық.

Өзіңді-өзің танысаң – істің басы.

Жақсы немесе жаман қасиеттер тренингі – Абай атамыздың «Сегіз барыт» деп басталатын жұмбағы еске түседі.

Алла мықты жаратқан сегіз батыр,

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып,

Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.

Міне, осы жұмбақтың жауабы сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланамыз. Ал, енді сіздер берілген парақтың оң жағына жақсы, сол жағына жаман қасиеттеріңізді жазасыздар. 3 мин

  1. Қандай қасиеттерді көп жаздыңыздар?

  2. Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?

  3. Осыған дейін осы қасиеттер жайлы ойланып көрдіңіз бе?

(Барлығы жазған қасиеттерін оқып шығады) Жаман қасиеттеріңізден арылғыларыңыз келе ме? Ендеше жаман қасиеттеріңізді бөліп жыртып алып « менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» - деп айтып ұсақтап жыртып тастаймыз.

Қорытынды: « Бала- ата-ананың айнасы» демекші, баламыздың бойына өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді сіңіре білейік.

Аялы алақан (тренинг) :

Мақсаты: ата-ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу.

10. ата-ананы балаларымен ортаға шақырамыз. (Ата – аналардың көздері байлаулы өз баласын қолынан танып алу керек)

1. Балаңызды қалай таныдыңыз?

2. Балаңызды тани алмаймын-ау деген қорқыныш болды ма?

3. Балаңызды тани алмаған кезде қандай сезімде болдыңыз?

4. Балаңызды қолынан ұстап танитыныңызға сенімді болдыңыз ба?

Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.

Өсиет әңгіме. Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.

Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күдік табысына жеткен күні бала ата-атасына өтініш жасайды.

-Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.

Бір күнге табыстарыңызды мен төлейін,-депті. (қалай ойлайсыздар, бала неге өтінді? )

-Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.

Байлаулы бала (тренинг) :

Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

  1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтасасыз? (аяғы байланады)

  2. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

  3. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

-Міне, баламыз қандай күйгетүсті, құрметті ата-ана? Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.

Слайд көрсету ( ата-анаға кеңес). Слайдқа назар аударыңыздар.

Жүректен жүрекке: Құрметті, ата-аналар! Енді осы балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңіз бен тілектеріңізді қағазға ( жапырақ) жазып ағашты көрсеетйік.

-Ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік, біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық! Әр ошақтың жылулығы түсінуден, денсаулықтан, махабаттан, сыйластықтан құралады.

Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап, желеп-жебеп жүрсін дегім келеді.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!