Материалдар / "Кеңпейілділік пен жомарттық"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Кеңпейілділік пен жомарттық"

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпқа арналған "Кеңпейілділік пен жомарттық" тақырыбына ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2019
671
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Астана қаласы№80 мектеп-гимназиясы













Кеңпейілділік пен жомарттық





Сыныбы: 5 «Б» Өткізген: Газдрубал Е.













Астана, 2018 ж.

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: № 80 мектеп - гимназия Мерзiмі: 07.03.2018 Мұғалiм: Газдрубал Е.Сынып: 5 «Б» Оқушылар саны: 25 Тақырып: Кеңпейілділік пен жомарттықҚұндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: бауырмалдық, сыйластық, ізеттілік

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жомарттық, кеңпейілдік ұғымдарын сүйінпеншілік құндылығы арқылы ашу.Міндеттері: -жомарттық пен кеңпейілділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;-бауырмалдық, сыйластық қасиеттерін дамыту;-бауырмалдыққа, сыйластыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:
  • Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.


  • Жәймен көзіңді жұмып мені тыңдаңыздар. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіз. Сіз тынық та ерекше көлдің жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңызбен судың сылдыры ғана естіледі.  Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағанымен  шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір, сіз барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз, сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бірқалыпты және қозғалыссыз тұрсыз. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз. Барлық  дене мүшелеріңіз тыныштыққа және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы дем алудасыз. Енді жайлап көзімізді ашамыз. Біз тынығып, көңіл-күйіміз жақсарады, сергекпіз жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге болады.
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • Оқулықтағы 86 беттегі «Қаз дауысты Қазыбектің шешімі» атты аңыз әңгімені әңгімелеп беру.
  • Қазыбек бала қандай шешім қабылдады?
  • Шешімнің әділ екендігін қайдан байқауға болады?
  • Балалар бұған сіздер не айтасыздар?








  • Ескерту

    Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

    Т- тәртіпТ-талапТ-тыныштықТ-тазалықТ-татулық





















    Оқушылар мәтінді талдап, сұраққа жауап береді.Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады.

  • Дәйексөз.


  • «Жүйрік тоқтығын білдірмес,Жомарт жоқтығын білдірмес». Халқыңа қызмет етуді ұнатқан адамның жаны жомарт, пейілі қашанда ашық болатынын түсіндіру. Дәптерге жазып алу
    Ұлдар 2 рет, қыздар 2 рет, барлығы бірге 2 рет қайталап оқиды.

  • Оқиғаларды әңгiмелеу


  • Мұғалім сыйы. «Кеңпейілділік» ертегісі.1. Бұл ертегіден не түсіндік?2. Кеңпейілділік деген ұғымды қалай түсінесіңдер?3. Қандай адамды кеңпейілді деп айтамыз? Неліктен?4. Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету деген не?5. Өздеріңнің қамқорлық танытқан кездерің болды ма?Әңгімелеу барысында оқушыларға адамдардың жасаған жақсылықтарын міндет етпеуі қажеттігін түсіндіреді және оқушылардың өздерінің қамақорлық жасаған кездерін ортаға салып әңгімелеуіне көңіл бөлінеді.





  • Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.


  • I топ: Жомарттық пен кеңпейілділік тақырыбын сахналаңыздар!II топ: Жомарттық пен кеңпейілділікті өз түсінгендеріңізбен суреттеңіздер!ІІІ топ: Жомарттық пен кеңпейілділік тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңыздар!ІҮ топ: Жомарттық пен кеңпейілділік тақырыбына мақал-мәтел құрастырыңдар.


  • Топпен ән айту.
  • Сөзін жазған Н.Баймұхамедов Әнін жазған Б.Байқадамов «Айгөлек» әнін орындауКөлдей шалқып жас өмір,Тасып жатқан шағындаКемерінен шалықтап, Асып шатқан шағындаОйын ойнап, ән салмай Өсер бала болар маКүміс күлкі көрмей олКемеліне толар ма.Қайырмасы:Айгөлек ау айгөлек,Айдың жүзі дөңгелек,Айдай толған кезімде,Би билеймін дөңгелеп. 2 ретАқыл сөздің ұстазы-Ақын болар ұрпақпызӨнер, білім, еңбекке,Жақын болар ұрпақпызОн саусағы майысқанШебер болар ұрпақпыз,Тұла бойы толған бірӨнер болар ұрпақпыз.Қайырмасы: 2 рет


  • Үй тапсырмасы.
  • Оқулықтың 94 бетіндегі Ә.Ысқақбаевтың «Бесағаш бұлағы» үзіндісінін мазмұндау.


    Күнделіктеріне жазады.
  • Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
  • Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп,тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз. Ақкөңілділік, жайсаң мінезділік, дарқандық, кеңдік, молқолдылық жомарттықты білдіреді. Адамның кеңпейілділігі риясыз жақсылықтар мен игі істерден көрінеді. Мырзалық, қолы ашықтық, дарқандық, кеңдік, жомарттықты білдіреді. Адамның жомарттығы бір адамның екінші адамға қайтарымсыз, міндет етпестен қызмет қылып, жақсылық жасауға кеңпейілділігінен, нақты ісінен көрінеді. Жомарт болу үшін дүние-дәулеттің мол болуы шарт емес.Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!




    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!