Материалдар / кермеде тартылу түрлері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

кермеде тартылу түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа қашықтыққа жүгіру, Қысқа қашықтыққа жүгіру,Қысқа қашықтыққа жүгіру, Қысқа қашықтыққа жүгіру, Қысқа қашықтыққа жүгіру, Қысқа қашықтыққа жүгіру,Қысқа қашықтыққа жүгіру, Қысқа қашықтыққа жүгіру,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2022
250
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сайыстың өткізілу барысы:

  • Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ата-аналар және ұстаздар! Бүгін біз сіздермен бастауыш сыныптардың шығармашылық күндеріне орай 3-ші сыныптар арасында «Кім шапшаң?» деген тақырыпта эстафеталық сайыс өткіземіз. Бүгінгі сайысқа 3а, 3б, 3в, 3г, 3д сынып оқушылары қатысып отыр. Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық (қазылар сайланады). Ал енді барлық сайысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеп, ортаға 3а, 3б, 3в сынып командаларын шақырамыз. Сайысымызды әр команда өз топтарын таныстырудан бастайды (топтың атын, ұранын таныстырады). Міне, біз командалармен таныстық, қазылар алқасын сайладық, енді эстафеталық сайысымызды бастайық.

1-ші ойын: Кедергілер арасымен жүгіру. Белгіленген жерге жылан тәрізді неғұрлым тез жылдамдықпен жүгіріп қайту. Келесі ойыншыға эстафеталық таяқшаны беру. Ойын осы шарт негізінде ең соңғы ойыншыға дейін жалғасады.

2-ші ойын: Баскетбол добын кедергілер арасымен бір қолмен алып жүру(кім екі қолымен допты ұстап алып жүгірсе, команданың 1 ұпайы кемиді). Келесі ойыншыға допты шеңбердің ішінде екі аяғымен тұрып беру керек.

3-ші ойын: Шеңбердің ішінде тұрып волейбол добын жоғарыдан бір-біріне беру. Ең соңғы ойыншы допты алып, бастапқы орында тұрған ойыншыға береді(осы кезде басқа ойыншылар бір-бірімен орындарын алмастырады). Ойын осы шарт негізінде бастапқы қалыпта тұрған кезге дейін жалғасады.

4-ші ойын: Теңге алу. Шеңбердің ішіндегі белгіленген теңгені(кубикті) алма-кезекпен алмастырып қою. Соңғы шеңбердің ішіндегі теңгені(кубикті) бірінші шеңбердің ішіне қояды да, келесі ойыншымен алақандарын соғыстырады. Сол кезде келесі ойыншы әрі қарай ойынды жалғастырады.

5-ші ойын: Жұпта орындалатын «тарақан» жүрісі. Әр команда бір-бірінің белінен ұстап, шеңберді айналып өту керек. Шеңберді айналып келген сайын екі адамнан қосылып отырады. Қолды жібермеу керек, қай команда қолдарын ажыратып кетсе, сол команданың ұпайы кемиді. Ойын осы шарт негізінде ең соңғы ойыншыға дейін жалғасып, шеңберді айналып келіп, барлығы бірдей орындыққа отыру керек. Сол кезде уақыт тоқтатылады.

Осымен сайысымыз аяқталды, енді ортаға 3г, 3д сынып командаларын шақырайық (командалар келіп өз орындарына тұрады). Енді командалар өздеріңізді таныстырыңыздар (топтың атын, ұранын таныстырады ). Әрі қарай ойын жоғарыда көрсетілген ойын түрі негізінде жалғаса береді.

Сайысымыз аяқталды, әділ қазылар сайыстың қорытындысын шығарғанша , барлығымыз сынып жетекшілерімізбен бірге сапқа тұрып, естелікке фото-суретке түсейік.

Келесі кезекті әділ қазылар алқасына береміз (қазылар қорытындысын шығарып, орындарды бөледі).

Осымен бүгінгі «кім шапшаң?» атты эстафеталық сайысымыз өз мәресіне де жетті. Командалар өздерінің күштерін, ептіліктерін және жылдамдықтарын көрсете білді.

Құрметті оқушылар және көрермендер! Бүгінгі сайысымызға белсене қатысқандарыңыз үшін сіздерге алғыс айтамыз. Сіздерге мықты денсаулық тілейміз. Осындай көңілді, тартысты ойындарда кездесе берейік. Сау Болыңыздар!!!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!