Материалдар / КИІЗДЕН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫН ЖАСАУ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРІН ЖАЛҒАСТЫРУҒА ТАРТУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

КИІЗДЕН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫН ЖАСАУ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРІН ЖАЛҒАСТЫРУҒА ТАРТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
504
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КИІЗДЕН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫН ЖАСАУ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРІН ЖАЛҒАСТЫРУҒА ТАРТУ

Ш.З.Қошқарова п.ғ.к., Б.Шайхыслам студент

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты тәрбие беру сұлулыққа, тазалыққа үйрету, адамзат қоғамындағы бұрын-соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әсемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу» деп атап көрсетілген.Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек[1]. Жас ұрпақ алдында «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген «барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы» сияқты ұзақ мерзімдік стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті бүгінгі таңда тұр.Дәстүрлі мәдениеттегі бар әдемі құндылықтарды сырттан іздемей, оны танып білу, қалпына келтіру, қалыпты сипатын аңықтау қазіргі қолөнер мәдениетіндегі ең бір көкейкесті, өзекті мәселелердің бірі болып, ұлттық дәстүрдегі ою-өрнек сипаты мен қолөнер, майда бұйымдар қазақ халқының тұрмыс – тіршіліктегі қажеттілігін өтеуде ұлттық дәстүрлерді, атап айтқанда қазіргі ұлттық бұйымдарын жасау, оны мақсатына пайдалану өте маңызды мәселе. Сәндік қолданбалы өнер туындыларынан жасалған бұйымдарды әшекейлеу, безендіру, халықтың салт-дәстүрімен біте қайнасып келе жатқан қазақтың рухани болмысы мен мәдени талғампаздығын танытатын ерекше бір құбылысы арқылы көрініс тапқан. Оны естен шығару, ұмыту мүмкін емес, ендіше оны қайта жаңғырту бүгінгі мәдениет мәні асқақтап дамыған таңда ұлттық сипаттың алатын орнын айқындап өмірге іс жүзінде еңгізу кезек қүттірмейтін мәселе.Тұтыну бұйымдарын еңбек объектісі ретінде пайдалана алуға және сәндік-қолданбалы өнердің негіздерін жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуге үйрету, киізден жаңа технологияларды пайдалану арқылы қазіргі заманға сай қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарын жастарға игерту бұл құндылық бағыттылығына қалай да болса бір әсерін тигізеді. Сәндік-қолданбалы өнерді жасап байыту арқылы адамның жан дүниесі, ой-қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, ұқыптылығы артып, дамып отырады. Сондықтан ғасыр бойы тарих жолымен дамып, оның ұлттық қадір-қасиеттерін жоймай, бойына сіңіріп келе жатқан қазақтың ұлттық өнері күнделікті өмірімізде кеңінен қолданылып келеді. Қазақтың әрбір ұлттық өнері өзінің сипатымен емес сұлулық сырымен, сәніменен ерекше көзге түсіп, өз мағынасын жоймай сан ғасырлық тарихтың үлгісін сақтап келеді.Өз ұрпағының «Сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата – анамыз өз бойындағы асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа жалғастырып, насихаттап, үйретіп келеді.Ата-бабамыздың қалдырған бай мәдени мұрасының тарихын байыпты зерттемей, жаңа өмірдің талабына лайық жауап беретін туынды жасау мүмкін емес. Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихымен неғұрлым терең астасқан сайын оның өрбіп өскен жапырақты бұтақтары да жаңа заманның рухынан нәр алып, сол ортаның идеологиялық және рухани жағдайына лайықты мазмұн мен мағына беруі тиіс. Демек, әр өнер шеберінің қолынан шыққан туынды ата-бабадан қалған мәдени мол мұрадан нәр алып, жаңа өмірдің жаңа талабына сай жаңаша жасалуы керек. Қай мамандықтың зерттеушісі болмасын, ескі тарихи мұралардың негізіне сүйенбесе, оның еңбегі де, туындылары да іргетассыз салынған үймен тең, ондай туындының өмірі ұзақ болуы мүмкін емес. Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын, барлығына бірдей қойылатын қатаң да заңды талап. Бұл талапты мүлтіксіз орындау – мамандық иелерінің баршасының қасиетті борышы болса керек [2]. «Өнерлінің өзегі талмас» – деп дана халқымыз айтқандай қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халық қолөнері бұл күнде қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысы болып отыр. Кешегі ата-бабамыздың мұралары қазіргі кезде қолға алынып, қайта ілгері басып, жүректерден орын алуда. ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнерінде киіз басу кең өріс алды. Оның табиғаттық қасиетіне зер салып, тиімділігі мен күнделікті тұрмыста қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әдемілік жағына да көңіл бөлінді. Жүннің пайдалы да, сонымен қатар зиянды жақтары да бар. Жүннен жасалған бұйым, жылы, төзімді келеді. Ал қазіргі кезде жартылай ұмыт болған киіз басу қол өнері соңғы он жылда сән индустриясында өрлеп келеді. Бұрын киізді қара немесе ақ түсті етіп басқан, соңғы кезде оюлап басу кеңінен тарады. Көп жағдайда халықтың тілін, мәдениетін білмесек те қолөнерімен бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың қазынасы екенің танып білеміз. Өйткені, ою-өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің бейнелеу өнерінің көнеден келе жатқан мәдениеті. Ал осындай құндылықтың маңызын бірі білсе, бірі білмейді. Ою-өрнектердің өзіндік шығу тарихы бар. Мысалы, «Белін таянған қыз» өрнегі әйел адамның белін таянып тұрган сәтін көз алдыңа елестетеді. Бүл ернек көбінесе кілем, шұлык пен колғап тоқымасында колданылған. Қазактардың оюын сипатына карай теңдеме, жүздеме, сыңар ою деп топқа бөлуге болады. Әр түрлі бұйымдардан кестелеу, зерлеу, сыру, шым кестелеу, өру, бедерлеп салу, кұю секілді бедерліктің үлгісі сезіліп тұрады. Жалпы қазақ колөнер шеберлері өлшеп-пішпей-ак екі заттың тең пропорциясын жасай білген. Әрбір қолөнерші жасап шығарған бұйымының ою-өрнегіне атау таба білген және оны халық түсінігіне лайыктай алған.Өнертанушы ғалым В. Чепелев: «Қазақтар - тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп текке айтпаса керек. Өйткені халық мұрасындағы ұлттық өрнектерінің үйлесімді реңдері ата-бабаларымыздың тұрмыс салт-дәстүрін бейнелеген ғой. Анықтап айтқанда, халқымыздың тарихын, шежіресін, жағрапиясын, мінезін, ерлігін дәл бейнелейтін ою-өрнектен өзге құдіретті өнер жоқтың қасы. Бұл өнер әрбір халықтың болмысымен бірге туып, біте қайнасып келеді. Қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің тарихи дәуіріндегі сұлулық пен әсемдікті көре білетін, бакылай алатын зерделі азамат тәрбиелеуге айрықша ықпал ететіні анық.Тағы бір айта кететін нәрсе, казақ халқы ұлттық киімді әшекейлеуге барынша ықылас аударған. Әр өрнекке өзіне сай орын тандаған. Мәселен, бас киімде кездесетін ою-өрнектер, сырт киімде немесе бұт киімдерде қолданылмаған. Мұның өзіндік себептері де бар «Ит құйрық» аталатын өрнек ешкашан бас киімдерге колданылмаған. Мұның астарында «Дұшпаның кеудеңнен жоғары өрлемесін» деген ырым жатыр. Бұл өрнек «Дұшпаның төмен болсын» деген ниетпен көбінесе ер адамдар шалбарының жырык балағына өрнектелген. Қыз балалардың бешпетіне, көйлегіне гүл тәрізді немесе қанатты қарлығаш секілді өрнектер бейнеленген.Ал ер баланың киіміне найзаның ұшы, бүркіт, қошқармүйіз секілді ою-өрнектер батыр, алғыр болсын деген ырыммен жиі қолданылатын болған.Ою-өрнектеде мазмұн бар. Ол халықтың салт-дәстүрімен үндесіп, сабақтасып жатады. Қорыта айтқанда, халык мұрасындағы ұлттық өрнек өнерінің танымдық, эстетикалык мәні ерекше демекпіз. Дәстүр жалғастығын ұрпақтан-ұрпакка аманаттау - ендігі жерде біздің міндетіміз.Табиғи жүннен жасалған бұйымдардың адам денсаулығына өте көп пайдасы бар екендігін айтып өту кажет. Мысалға, жүннен жасалған кеудеше, байпақ адамға тек жылу беріп қана коймай, адамның жаман энергиясын тартып отырады, сондай-ақ емдік касиеті бар.Кешегі қазақ халқының қолөнері бүгін қайда барады? Жасыратыны жоқ, ата кәсіпке жаңашырлық керек?! Жүн талшығын пайдалана отырып, киізден басылған, заман талабына сай қамзол, қолғап, қалпақ, жүн байпақ, шәлі, жасаумен айналысамыз. Сурет 1. Киізден жасалған қолғап (Шайхыслам Б. жұмысы)

Жастардан сәндік-қолдaнбaлы өнeр aрқылы шығармашыл тұлға қaлыптaстыру жөғары оқу орны қaбырғaсындa өнeрдің нaқты сaлaсы бойыншa aрнaйы білім, іскeрлік пeн дaғдыны мeңгeру aрқылы жeкe тұлғaның өзін-өзі ұлттық тұрғыдa дaрaлaу қaжeттілігін сaпaлы түрдe сeзінуін қaмтaмaсыз eтіп, әрі хaлықaрaлық білім бeру жүйeсіндe білім бeрудің тәуeлсіздігі мeн кіріктірілуін тиімді үйлeстірe отырып сәндік-қолдaнбaлы өнeрдің ұлттық eрeкшeліктeрін сaқтaп, жастарды көркeм шығaрмaшылықпeн aйнaлысуғa дaярлaу.Киізден қазіргі заманға сай қолөнер бұйымдарын жасау арқылы жастарды ұлттық дәстүрін жалғастыра білуге тартумен жүзeгe aсaтын типтік міндeттeрі мынaлaр:
  • толық сaпaлы көркeмдік білім жәнe шығaрмaшылық әрeкeтінің тиісті сaлaсындa кәсіби біліктілік aлу жәнe қолдaну;
  • шығaрмaшылық ойлaуды қaлыптaстыру, әсeмдікті сeзу, жоғaры эстeтикaлық тaлғaм, әдeмілікті түсіну жәнe бaғaлaй білу, көркeм бeйнeні жeкe дүниeтaным aрқылы жүзeгe aсыру шeбeрлігі мeн тeхникaсын игeру.
Сурет 2. Киізден оюланған қамзол (Шайхыслам Б. жұмысы)

Сурет 3. Киізден жасалған қолсөмке (Шайхыслам Б. жұмысы) Қазіргі таңда күні бүгінге дейін өзінің ата-дәстүрін қүрметтеп өзінің ата кәсібі ретінде қолөнер шеберлері оларды дамыта отырып, қайта жаңғырту үстіңде.

Осы киізден заман талабына сай жасаған ұлттық тұрмыстық бұйымдарды неге пайдаланбасқа? Қазақ қолөнерінің тамаша туындыларын жасаудың қарапайым технологиясын осы күнде тұрмысқа қайта ендіріп, оны ізденімпаздықпен жаңарта отырып, өсіп келе жатқан жасөспірімге қазақ халқының қолөнеріне қызығушылығын арттырып, сүйіспеншілігін дамыту, эстетикалық талғамын арттыру және шеберлігін дамытуға өз үлесімізді қосамыз деген сенімдеміз. Қазіргі кезде біздің елімізде жаппай ұлттық өнерді оқушыларға үйретуге көп көңіл бөлініп отыр. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында еліміздің Рухани Жаңғыруы басты мақсатқа алыңды. Ата-бабамыздан сыр шертіп келе жатқан қолөнер туындыларын, олардың тарихтарын жас ұрпақтың бойына сіңдіру, қазақ халқының өнерімен шет елдерді таныстыру біздің де басты міндетіміз деп білеміз. Біздің ата-бабаларымыз өздерінің қандай рухани қазынаға мұрагер екенін жете танымаған. Сол ол халықтың өтеуі халық қолөнерін зерттеу қалын қауымның игілігіне айналдыру біздің заманымызда жүзеге асырылып келеді. Сәндік қолөнері - халықтық мәдениет пен өнердің айқын көрінісі.Мемлекетіміздегі қолөнер шеберханаларының өнімдерінің саны мен сапасының жақсаруы - оның бірден-бір айқын көрінісі деуге болады.Адамзат қоғамында бұрын соңды жасаған мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әсемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге жастарды тәрбиелеу қашанда маңызды мәселе. Сондықтан халқымыздың келешегі үшін, оның өсіп-өркендеу, дамуы үшін жас ұрпаққа жақсы тәрбие беріп, өнер мен білімді үйреніп, мәдениетін көтеру қажет.Қазіргі кезеңде жаңа өмір өзінің жаңа талаптарын қойып отыр. Оның міндеті - өнердің бұрыңғы келбетің бүгінгі күнге табиғи етіп қайта жаңғырту. Өйткені, қазақ өнерінде сарқылмайтын сан қилы, ой, қиял, үлгі бар.Ежелден бастап-ақ, адамдар жасалған бұйымдарды өздерiнiң күнделiктi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн ғана емес, сұлулық заңына сай шығармашылықпен айналысуды мақсат етiп қойған.Ендеше, тәрбиелік мәні бар дәстүрлер мен көнерген қолөнерімізді қайта жандандырып оны көркем өңдеп, күнделікті тұрмыста, отбасында, ұрпақ тәрбиесінде орнымен қолдана білуіміз керек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі1.https://egemen.kz/article/nursultan-nazarbaev-bolashaqqa-baghdar-rukhani-zhanhghyru2. Нұрпейісов Ә.Р. «Қазақ халқының ою-өрнегі», Өнер баспасы, 2002 ж. 3. Жолдасбекова С.А. Костюм тарихы. – Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 20044. Қасиманов С.Қазақ халқының қолөнері.-Алматы: Қазақстан,1995. – 240 б. 5.Мектептегі технология – журналы, №10, 20086.Мектептегі технология – журналы, №11, 20097.Мұқанов К. Жүннен жасалатын бұйымдар. – Алматы: Қайнар, 19908.Төленбаев С. Ою – Алматы: Рауан, 19929. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнерi. - Алматы: Өнер, 1987.











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!