Материалдар / Кіріктірілген сабақ "Компрессорға техникалық қызмет көрсету және жөндеу"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Кіріктірілген сабақ "Компрессорға техникалық қызмет көрсету және жөндеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу» модулі бойынша Студенттерге жаңа тақырып бойынша түсіндіру, компрессор туралы толық мәлімет беру және компрессорға техникалық қызмет көрсету жұмыстарымен таныстырып, жөндеу түрлеріне сипаттама беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2022
222
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Пәні:

«Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу»


Тақырыбы:

«Компрессорға техникалық қызмет көрсету және жөндеу»


Сабақтың мақсаты:

Студенттерге жаңа тақырып бойынша түсіндіру, компрессор туралы толық мәлімет беру және компрессорға техникалық қызмет көрсету жұмыстарымен таныстырып, жөндеу түрлеріне сипаттама беру


Білімділік:

Студенттердің өз жетістіктерін, білім-білік дағдыларын қалыптастыру


Тәрбиелік:

Студенттердің өз ойларын ашық айтуға, пікір таластыруға, дұрыс сөйлей білуге, өз бетімен ізденіс жұмысын жасауға үйрету


Дамытушылық:

Студенттердің алған теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру


Сабақ түрі:

Кіріктірілген сабақ


Сабақта өткізілетін

өзіндік жұмыстардың

түрлері:

Презентация, Видеофильм, «Padlet», «LearningApps», «Quizlet», «Nearpod», «Quizizz» бағдарламалары арқылы тапсырмаларды орындау және «Еdpuzzle» бағдарламасы арқылы бейнероликті талқылау. . LearningApps бағдарламасы арқылы сөзжұмбақ шешу, LearningApps программасы арқылы «Миллион кімге бұйырады?» ойыны, CLIL әдісі бойынша жаңа термин сөздерді ағылшын тілінде айтып үйрену.


Техникалық оқыту

құралдары және

көрнекіліктер:

Презентация, Видеофильм, «Padlet», «LearningApps», «Platonus»



I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Өткен тақырыпты қайталау,

1) LearningApps программасы арқылы «Миллион кімге бұйырады?» https://learningapps.org/display?v=pqe1b3kvn21 сұрақ-жауап ойыны;


2) Сөзжұмбақ орындау. (Құпия сөз яғни жаңа тақырыптың негізгі термині)


III. Жаңа тақырыпты түсіндіру


Жоспары:

1. Компрессор туралы мәлімет беру;

2. Ақауларды және жарамсыз бөлшектерді анықтау әдістері

3. Ақауды анықтау аспаптары


Компрессор– ауаны, газдарды, буды тиісті қысымға дейін сығатын машина.

Мұнай, газ өнеркәсібінде компрессорларды пайдалану ауданы төмендегідей:

  • Мұнайды компрессорлық әдіспен өндіру кезінде қабат сұйықтарын жоғарыға көтеру;

  • Қабат қысымын қалпына келтіру және ұстау мақсаттарында мұнай қабаттарына газ айдау;

  • Жер асты қойнауларына газ айдау;

  • Бұрғылау және жөндеуден соң скважинаны игеру;

  • Бұрғылау қондырғысының пневматикалық жүйесіне ауа беру;

  • Мұнай және газ кен орындарын пайдалану кезінде, газ жинау және оны басты компрессорлық станцияға жіберу;

  • Сепарациялық қондырғыларда мұнайлы газды сығу;

  • Мұнай және газды өңдеу үшін зауыт қондырғыларында газды ығыстыру;

  • Қандайда бір қысқа вакуум тудыру мақсатында газды жою;

  • Жылу беру

Барлық компрессорлар шартты түрде 2 түрге бөлінеді:

  • Динамикалық

  • Көлемдік

Динамикалық компрессорларда – газ өзінің жылдамдығының өсуімен және кинематикалық энергиясын қысым энергиясына өзгеруімен сығылады. Оларға ортадан тепкіш, осьтік және ортадан тепкіш желдеткіш компрессорлар жатады.



Ортадан тепкіш компрессор



Осьтік компрессор


Компрессор құрылысы


Көлемдік компрессорларда жұмыс кеңістігі көлемінің азаюы нәтижесінде сығылады. Оларға перменьдік және роторлық компрессорлар жатады.

Компрессорлар белгілеріне байланысты төмендегідей бөлінеді:

1. Компрессор шығысындағы қысым бойынша:

  • Төменгі (1 МПа дейін)

  • Орташа (10 МПа дейін)

  • Жоғары (100 МПа дейін)

  • Өте жоғары (100 МПа жоғары)

2. Ығыстыратын газ түріне байланысты:

  • Ауалық

  • Оттегі

  • Аммиак

  • Сутегі

3. Орнықтыру орнына байланысты:

  • Стационарлы

  • Жылжымалы

  • Орнықтырылған

4. Жетекші бойынша:

  • Электрқозғалтқыш

  • ДВС (двигатель внутреннего сгорания) іштен жану қозғалтқышы

5. Ағын және саты саны бойынша:

  • Бірсатылы, көп ағынды

  • Көп сатылы, бір ағынды

  • Екісатылы, екі ағынды

6. Салқындату жүйесі бойынша:

  • Табиғи

  • Ауамен

  • Ішінен сумен салқындату

  • Сұйықты шашыратып салқындату


Компрессордың және оның элементтерінің техникалық жағдайын диагностикалау үшін күн сайын келесі параметрлер бақыланады:

  • -қысудың әрбір сатысынан кейін және компрессор шығысындағы қысылған ауаның қысымы мен температурасы;

  • -компрессорға және тоңазытқышқа салқындатқыш судың түсуінің үздіксіздігі;

  • -келетін және шығатын салқындатқыш судың температурасы;

  • -майлау жүйесіндегі майдың қысымы мен температурасы;

  • -лубрикатордың жарамдылығы және ондағы майдың деңгейі;

  • -компрессор мен қозғалтқыштың мойынтіректі тіректеріндегі діріл деңгейі.

  • картерді тазалау және жуу;

  • майды толық ауыстыру,

  • тығыздамаларды қайта ауыстыру және жөндеу;

  • бекіту арматурасы мен сақтандыру клапандарын жөндеу немесе ауыстыру;

  • қарсы салмақты жөндеу;

  • барлық бұрандалы қосылыстарды тексеру және жөндеу;

  • сору және айдау клапандарын жөндеу және ауыстыру;

  • клапанды ұяларды тегістеу және ысқылау;

  • ауаны кептіру қондырғыларын жөндеу;

  • өнімділікті реттеу және авариялық қорғау жүйесін жөндеу;

  • компрессорды құрастырудан тұрады.

Бақыланатын параметрлер күрт өзгерген немесе жұмыс аймағынан тыс шыққан жағдайда компрессордың жұмысын дереу тоқтату, оған тексеру жүргізу керек.



Компрессорлардың техникалық жай-күйін диагностикалау, олардың жұмыс кӛрсеткіштерін бақылау нәтижелері бойынша, сондай-ақ бұрын орындалған жӛндеулердің саны мен мерзімдерін, соңғы жөндеуден кейін сағаттағы атқарымдарды ескере отырып, әрбір компрессор бойынша келесі ТҚ немесе жөндеу жүргізудің мерзімі мен көлемі белгіленеді. Көрсетілген деректер болмаған жағдайда компрессорларды жөндеу циклына және сенімділік көрсеткіштеріне сәйкес жасалған графиктер негізінде орындалады.

Компрессорларды ағымды жөндеу. Компрессорларды ағымдағы жөндеу техникалық тексерулерден, жабдықтарды жөндеумен және тез тозатын бөлшектерді ауыстырумен ішінара

  • бөлшектеуден,

  • цилиндр қақпақтарын ашу,

  • цилиндрлер мен поршеньдерді күйіктен тазалау;

  • поршень сақиналарын ауыстыру;

  • мойынтіректердің жай-күйін тексеру және қажет болған жағдайда оларды ауыстыру;

  • цилиндрлер мен тоңазытқыштардың жейделерін кір мен қақтан тазарту;

  • дайындаушы зауыттың нұсқаулығында көзделген мөлшерге дейін жеткізе отырып, жанасатын бөлшектер арасындағы саңылауларды реттеу;

беру майын жөндеу,

  • картерді тазалау және жуу;

  • майды толық ауыстыру,

  • тығыздамаларды қайта ауыстыру және жөндеу;

  • бекіту арматурасы мен сақтандыру клапандарын жөндеу немесе ауыстыру;

  • қарсы салмақты жөндеу;

  • барлық бұрандалы қосылыстарды тексеру және жөндеу;

  • сору және айдау клапандарын жөндеу және ауыстыру;

  • клапанды ұяларды тегістеу және ысқылау;

  • ауаны кептіру қондырғыларын жөндеу;

  • өнімділікті реттеу және авариялық қорғау жүйесін жөндеу;

  • компрессорды құрастырудан тұрады.



Компрессорларды ағымды жөндеу


Компрессорларды күрделі жөндеу. Компрессорларды күрделі жөндеу олардың техникалық жай-күйін диагностикалау, бұрын орындалған ТҚК және ағымдағы жөндеу нәтижелері бойынша немесе жоспарлы тәртіппен тағайындалады.


Компрессорларды күрделі жөндеу


Күрделі жөндеуге ағымдағы жөндеу операциялары, сондай-ақ компрессордың тораптары мен механизмдерін толық бөлшектеу; барлық бөлшектерді жуу, сүрту және ақауын табу жұмыстары кіреді:

  • барлық сырғанау мойынтіректерін қайта құю;

  • тербелу мойынтіректерін ауыстыру;

  • иінді біліктің түпкі және қисық тәрізді мойындарын тегістеу;

  • сору, қажет болған жағдайда төлкелерді қайта престеу;

  • поршеньді ауыстыру;

  • шатунды жөндеу немесе ауыстыру,

  • білікке және поршеньге қатысты жағдайын тексеру,

  • ауытқуларды жою;

  • сорғыш және айдау клапандарын ауыстыру;

  • май сорғыш пен лубрикаторды бөлшектеу,

  • оларды жөндеу немесе жаңасымен ауыстыру;

  • май сүзгілерін ауыстыру;

  • аралық және шеткі тоңазытқыштарды қақпақтарын ашумен және түтіктерді, төсемдерді, бекіту бөлшектерін ауыстыру мен жөндеу.


IV. Жаңа материалдарды бекіту

  1. LearningApps программасы арқылы сөзжұмбақ шешу, LearningApps программасы арқылы жаңа термин сөздерді табу. LearningApps программасы арқылы «Компрессорды жөндеу түрлері»







V. Студенттердің білімін бағалау, сабақты қорытындылау


VI. Үйге тапсырма беру,

1. Г.А.Хайруллина, Г.А. Аубекерова, А.К.Ахпанбетова, О.Л. Джумабаев «Мұнай газ саласы жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» теориялық-оқу құралынан 83-беттегі § 3.5 «Компрессорларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» жаңа тақырыпты оқу;


2. Төмендегі сілтемелер арқылы бейне роликтерден компрессор түрлерін қарап, бір-бірінің айырмашылықтарын тауып сипаттама жазу;

https://www.youtube.com/watch?v=qLsU43It7fY

https://www.youtube.com/watch?v=Md-Rd3GXmWQ

https://www.youtube.com/watch?v=DXOjVnBBqR0

https://www.youtube.com/watch?v=lGa18ri9Fxc


3. Quizlet бағдарламасы арқылы мына сілтемедегі https://quizlet.com/538483384/flashcards жаңа термин сөздерді CLIL әдісі бойынша үйрену:

Компрессор – Сompressor

Динамикалық компрессор - Dynamic compressor

Көлемдік компрессор - positive displacement compressor

Техникалық қызмет көрсету – Maintenance

Компрессорды күрделі жөндеу – compressor overhaul


4. Platonus платформасы кіріп https://learningapps.org/display?v=p5fn6c99321 осы сілтеме арқылы берілген LearningApps тапсырмасын орындаңыздар.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1) Федькина М.А., Уракова М.С., Кибаков А.В.,

Молдакулова М.К. «Сала жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу жəне пайдалану»

2) Жұмағұлов Т. «Мұнай өндірудің техникасы мен технологиясы»

3) Шагирова Ж.А., Кабдешова Г.А., Блялова М.М., Кагазов Т.К. «Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» теориялық-оқу құралы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!