Материалдар / Кіші мектеп оқушыларын TIMSS функционалдық сауаттылығы халықаралық зерттеуіне қатысуға дайындау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Кіші мектеп оқушыларын TIMSS функционалдық сауаттылығы халықаралық зерттеуіне қатысуға дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықаралық TIMSS зерттеу жобасына туралы түсінік. Қазіргі таңда осы жобаға балаларды дұрыс дайындауға арналған кеңестер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2021
1824
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады












«Кіші мектеп оқушыларын TIMSS функционалдық сауаттылығы халықаралық зерттеуіне қатысуға дайындау»






















Орындаған: Бегалина Айнур Амангельдыевна









Кіші мектеп оқушыларын TIMSS фунцоналдық сауаттылығы

халықаралық зерттеуіне қатысуға дайындау

Қазақстандық білім беру саласының тиімділігі көбіне мониторингтік зерттеулер мен бағалау технологиясының аясында алынған мәліметтерді пайдалану деңгейіне тәуелді. Қазақстанның халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысуы елдегі білім сапасын арттыруда маңызы зор. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекттік бағдарламасы аясындағы нысаналы индикаторларда Қазақстанның халықаралық зерттеулер (TIMSS, PISA, PIRLS) нәтижелері бойынша жасалған рейтингтегі орны көрсетілген.

TIMSS жобасы бастауыш және негізгі мектептің білім сапасын бағалайтын халықаралық зерттеулердің бірі. Қазақстанда бұл зерттеуді алғашқы рет 2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты ”Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы“ өткізді. Зерттеуді өткізу тұрақты төрт жылда өтіледі.

TIMSS халықаралық зерттеуінің мақсаты – әртүрлі елдердегі білім жүйесі мен орта мектеп оқушыларының жаратылыстану – математикалық дайындық деңгейін салыстырмалы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау.

TIMSS халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім саласындағы әлемдік артықшылықтарды көрсететін объективті өлшемдер шегіндегі құралдары негізінде алынған нәтижелерді талдау және білім саясатына қажетті ғылыми дәлелденген қорытындылар жасау.

Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.
      Ұлттық жоспардың міндеттері:
      1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.
      2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
      3. Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар.
      4. Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
      5. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.
 Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері


«TIMSS, НӘТИЖЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ оқу жетістігін бағалау саласындағы зерттеулер»

  Елімізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға зор мүмкіндіктер бар. Осы тұста, оқушылардың білім сапасына ауқымды бағалау мен талдау жүргізетін  халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысу нәтижелерін негізге ала отырып қарастырайық.  

Еліміздің TIMSS халықаралық зерттеулерге қатысуы не береді?

  • Білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформалауға;

  • Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігімен бірігуіне;

  • Білім беру мазмұнын жаңартуға, білім беру сапасын бақылаудың қазақстандық жүйесін құруға;

  • Ұлттық кадрлардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

.  

Алғаш рет 2007 жылы Қазақстан 4-сынып оқушыларының халықаралық салыстырмалы мағлұмат алу мақсатында математика мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуіне қатысты. Бұдан әрі TIMSS-2011 және TIMSS-2015 кезеңдеріне қатысты. 2007 жылы TIMSS зерттеуіне қатысушы 36 мемлекет ішінде қазақстандық оқушылардың білім жетістігі жоғары және халықаралық орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары деп бағаланды. Оқушыларымыздың математикадан орташа көрсеткіші 549 (1 000 балдық шкала бойынша) ұпай, бұл көрсеткіш 5 орынға лайық болса, ал жаратылыстанудан орташа көрсеткіші - 533 ұпай, аталмыш көрсеткіш 11 орынды көрсетеді. Жалпы алғанда осы сынақта оқушыларымыз 7 орынды иеленді.

Дегенмен, арада жылдар өтіп, бұл көрсеткішті көрсете алмадық. 2011 жылғы зерттеу нәтижесі орташа көрсеткіштен төмен екені анықталды. Қазақстандық 4 сынып оқушыларының математикадан орташа көрсеткіші 501 (1 000 балдық шкала) ұпай, ал жаратылыстану пәнінен – 495 ұпай.[1]

Осы жылдың сәуір айында TIMSS-2015 зерттеуіне әлем бойынша 57 мемлекет арасынан 500 мыңнан астам бастауыш және орта буын оқушылары жаратылыстану және математикалық білімдерін көрсетуге ат салысты. Оның ішінде Қазақстан атынан 9 579 4-ші және 8-ші сынып оқушылары өз құрдастарымен бәсекеге түсті.  

TIMSS тапсырмаларының мазмұны:

TIMSS халықаралық зерттеуі математика бойынша оқушылардың қабілетін анықтайтын тест тапсырмаларының мазмұнына ерекше көңіл бөледі.

Оқушылар математикадан дайындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларын орындауда берілген бірқатар тақырыптарды жеткілікті меңгергенін, өз білімін нату рал сандарды бөлуге қатысты есептерді шешуде қолдана білу дағдысын толығымен көрсете алуы тиіс.

Математика бойынша сандар, геометриялық пішіндер және өлшемдер, статистикалық мәліметтер қарастырылады.

  • Оқу – танымдық іс – әрекет түрлеріне қарай білу, пайдалану, ойлау болып бөлінеді. ТIMSS құралы оқушылардың білім деңгейін Білім, Қолдану және Ойлау сияқты танымдық салаларында бағалайды.

  • Білу – оқушы білуі тиіс фактілерді, түсініктер мен үрдістерді білуді топтастырады.

  • Пайдалану – есептерді шешу үшін оқушылардың үйренген түсініктерін пайдалана алу және негізінен оқудағы таныс жағдайлармен немесе бірсыпыра өзгертілген жағдайлармен жұмыс істеуге тура келетін сұрақтарға жауап бере алу қабілеті топтастырылады.

  • Ойлау – стандартты есептерді шешу аясынан тыс және күрделі, көп де ңгейлі есептерді шешу арқылы таныс емес жағдайларда білімін пайдалануға байланысты.

Жаратылыстану ғылымдарында оқушылар әртүрлі материалдардың қасиеті, организмдер, құбылыстар мен процесстер, жаратылыстану терминдері мен өлшеу бірлігі туралы білім деңгейлерін көрсетулері қажет. Тест тапсырмаларын Қолдану бөлімін орындау барысында оқушылар математика мен жаратылыстану тапсырмаларының әртүрлі өмірлік жағдайлармен, кестелер, диаграммалар және графиктер түрінде берілген мәліметтерді түсіндірулері қажет және эксперименттік жұмыстарды жэүргізе білу дағдыларын көрсетулері тиіс. Ойлау тапсырмалары оқушылардың логикалық және жүйелі ойлай білу дағдыларын анықтайды.

Білімгерлердің берілген төрт жауаптың бірін таңдауын талап ететін

«қысқа жауапты таңдау» тапсырмасы.

Толық негізделген жауапты қажет ететін.

«еркін құрылымды жауабы бар» тапсырма.

Екі типті қамтитын «ия немесе жоқ» жауапты тапсырма.

Жабық жауапты тапсырмалар.


Тимсс зерттеуіне тест тапсырмалары мынадай болуы мүмкін:

  • Щ Бір дұрыс жауапты таңдау арқылы тапсырмалар

  • Бір қате жауапты таңдау арқылы тапсырмалар

  • Дұрыс жауапты бірнеше рет таңдаған тапсырмалар

  • Тапсырмаларды сәйкестендіру

  • Дұрыс реттілікті орнатуға арналған тапсырмалар

  • Қосымша тапсырмалар

Математика мен жаратылыстану пәндеріне «Білім, қолдану, тұжырымдауға» арналған тапсырмаларға тоқталып өтейік.

Математика

«БІЛІМ»

БМ2. Әсет әрбір қатарда 6 ағаштан 4 қатар ағаш отырғызды. Әсет барлығы неше ағаш отырғызды?

А) 10

В) 16

С) 18

D) 24

БМ2. D



«ҚОЛДАНУ»

ҚМ9. Бақтың жолында жылан жатыр. Жол мынадай плиткалардан жасалған.

Shape1


Егер жылан түзуленсе , оның ұзындығы шамамен қанша плииткаға тең болар еді?

ҚМ9. В

А) 3

В) 4

С) 5

D) 6

«ТҰЖЫРЫМДАУ»

ТМ9.


Диаграммада мұғалім үстелінде жатқан көк, қызыл және қара қалам саны көрсетілген. Қызыл қалам қара қаламға қарағанда қаншаға артық?

А) 2-ге артық

В) 4-ке артық

С) 6-ға артық

D) 8-ге артық ТМ9. D

Мектеп әкімшілігіне арналған сауалнама.

  • Мектеп директорлары өздерінің білім беру ұйымдарындағы оқу үрдісін қамтамасыз етуге және мектеп өмірінің басқа да ерекшеліктеріне байланысты сауалнама сұрақтарына жауап береді.

  • Мұғалімдерге арналған сауалнама.

  • Сауалнамада мұғалімнің кәсіби дайындығы, білім беру ресурстары, оқу үрдісін ұйымдастыру жайлы мәліметтер берілген. Сауалнама сұрақтарына нақты жауап беру өте маңызды. Сауалнама көмегімен мектептегі оқыту жүйесі сипатталады. Бұл әлем мемлекеттерінің білім жүйесіне байланысты мәліметтерді салыстыруға қажет.

  • Оқушыларға арналған сауалнама.

  • Сауалнамада оқушы өзі туралы, математика мен жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығы, мектептегі сабақ үлгерімі жайлы және өзінің жанұясына қатысты сұрақтарға жауап береді. Сауалнама зерттеуге қатысушы сынып оқушысымен толтырылады.


  • Ұстаздарға арналған  оқушылармен жүргізілетін жұмыстарына әдістемелік ұсыныс

  1. Оқушыға арнайы өзекті білімді қайталауды ұйымдастыру қажет.

  2. Оқытуда салыстыру дағдысын қалыптастыру. Неге? Қалай? деген сұрақтарды жиі қою керек.

  3. Оқыту барысында күнделікті кездесетін жағдаяттарды өз бетімен шешулеріне мүмкіндік туғызу

  4. Үй жұмысын орындау кезінде өмірмен байланысты тапсырмаларды күрделендіріп отыру

  5. Оқушымен сыйластық,түсіністік қарым-қатынаста бола отырып,өз пікірлерін еркін жеткізуге дағдыландыру.

  6. Жетістіктерін мадақтау, әр ұсыныстарын дұрыс қабылдау.

  7. Дәлелдеу фактілерін толық жазуға бағыт беру.

  8. Жаңа сабақты меңгерту кезінде өмірмен байланысты фактілерді дәлелдей білуге қызықтыру.

  9. Сабақ үрдісінде орындалатын тапсырмаларды оқушылар өзара пікір алмаса отырып,орындауға бейімдеу.

  10. Өз қателерін түзеуге мүмкіншілік беру.

Сонымен қатар тағы мынадай ұсыныстар туындайды: Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, оларды дұрыс таңдап, жүйелі түрде қолдану. Осы тәсілдер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, білім деңгейлерін жоғарылатып, олимпиадаларда жүлделі орындарға ие бола алатын оқушыларды дайындай аламыз.

Тимс зерттеуінің көмегімен алынған мәліметтер зерттеушілерге әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсы болуы, оқушылардың білім жетістіктері мен білім үлгерімдеріне біршама әсерінің барын анықтап,осылайша білім алу мүмкіндіктерінің, білім ресурстарының нақты бөліну дәрежесін бағалауға мүмкіндік.



Бастауыш сынып мұғалімі: Бегалина Айнур Амангельдыевна





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!