Материалдар / Кмж 9 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Кмж 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жануар және өсімдік жасушаларының компоненттерінің қызметтері Жануар және өсімдік жасушаларының компонеттерінің негізгі қызметтерін сипаттау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қырқүйек 2021
552
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ:

9.1А Жасушалық биология

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Худайбергенова Г.Б

Сынып:

Қатысқандар:


Қатыспағандар:


Сабақ тақырыбы:

Жануар және өсімдік жасушаларының компоненттерінің қызметтері


Оқыту мақсаты

Жануар және өсімдік жасушаларының компонеттерінің негізгі қызметтерін сипаттау


Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: жануар және өсімдік жасушаларының айырмашылықтарын көрсетеді;

Оқушылардың көбісі орындай алады: суретте жануар және өсімдік жасушаларының компоненттерін көрсете алады;

Кейбір оқушылар: жануар және өсімдік жасушаларының барлық компоненттерінің қызметтерін сипаттай алады.

Бағалау критерийлері

  1. Жасушалардың негізгі компонеттерің біледі, жасуша органоидтарын анықтау үшін білімдерін қолданады.

  2. Оқулықтағы ақпаратты қолданып, жасуша компонеттерін олардың қызметтерімен байланыстыруға арналған кестені толтырады.

  3. Кестеде әрбір компонеттерінің (немесе органоид) атауын, қызметтерің суреттерін атайды (жасушада бар болса да, болмаса да).

  4. Келесі органоидтарды сипаттайды: ядро, цитоплазма, жасуша мембранасы, жасуша қабықшасы, вакуоль, хлоропласт және митохондрия.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика: жасуша, жануар жасушасы, өсімдік жасушасы, органоидтар, цитоплазма, ядро, жасуша қабықшасы, мембрана, пластидтер, рибосома, лизасома, Гольджи аппараты, Эдноплазмалық тор, митохондрия.

Академиялық лексика:

Жануар/өсімдік жасушасында .... органоидтар бар.

Өсімдік жасушасы ... ерекшеленеді.

Ядро/цитоплазма/рибосома/митохондрия/лизосома/ЭПТ/ Гольджи аппаратының құрылысы ....

Ядро/цитоплазма/рибосома/митохондрия/лизосома/ЭПТ/ Гольджи аппаратының қызметі ....

Бұл жануар/өсімдік жасушасы, себебі ...

Құндылықтарды дағдыландыру

Бірлестік – жұпта және топта жұмыс істеу арқылы.

Академиялық әділеттілік – жеке жұмыс арқылы.

Пәнаралық байланыс

Пәнаралық интеграция жүзеге асады.

АТҚ қолдану дағдысы

Сандық ақпаратты визуациялау.

Сабақ түрі

Жаңа тақырыпты өту.

Алдынғы білім

Жасуша туралы түсінік (6 сынып)

Ход урока


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланатын қызмет

Ресурстар


Сабақ басы


1-3 мин

Амандасу, ынтымақтастық атмосферасын құру;

Сабақ тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.



Сабақ ортасы


4-5 мин

















6-13 мин










(I) Оқушылардың алдынғы білімдерін саралау үшін, оларға мини тақталарды қолдануды ұсыныңыз. Ол үшін мұғалім терминдердің сипаттамаларын атайды, ал оқушылар терминді анықтап мини тақтаға жазып, мұғалімге көрсетеді. (Мини-тақта: ламинированная А4 парағы)

Сипаттамалар:

- Тірі ағзалардың құрылымдық бірлігі (жасуша);

- Өсімдіктерге жасыл түс беретін зат (Хлорофилл);

- Жасушаның энергетикалық станциясы (Митохондриялар);


(Т) Жасушаның органоидтарының жіктелуін түсіндіруі (Слайд 7).

(Р) Оқушалар жануар және өсімдік жасушаларын зерттеп, «Жасуша» тақыры бойынша концепт – карта жасайды. Әрбір жасуша түріне негізгі органоидтар туралы ақпарат және сурттері мен қызметтері жазылған мысалдар болуы керек.

Тапсырма үшін дескрипторлар:

- Жасуша түрін көрсетеді (жануар/өсімдік);

- Осы жасушаның органоидтарының суретін салады;

- Органоидтардың қызметін сипаттайды.

(Ақпараттық парақ. Қосымша 1).


(E) Алдын ала дайындалған жануар және өсімдік жасушаларының қалыпты микропрепараттарын қолданып, оларды қарастырыңыз. Оқушылар жасуша түрін эталонмен салыстыра отырып анықтау қажет. (Қосымша 2).

(I) Оқушыларға жасуша органоидтарын қызметтерімен сәйкестендіретін тапсырма беріңіз.

Дескрипторлар:

- Жасуша органоидтарының құрылысын біледі.

- Жасуша органоидтарының қызметтерін сипаттайды.

*Уәжі жоғары оқушыларға қосымша тапсырманы ұсыныңыз.

Дескрипторлар:

1) Жануар және өсімдік жасушасын ажырата алады.

2) Жануар және өсімдік жасушасының органоидтарының орналасу орнын біледі.

(Қосымша 3-4)

(I, f) Оқушылардың түсінгені мен білетіндігін саралау үшін «Шындық/Өтірік» сауалнамасын қою арқылы саралаңыз. (Қосымша 5).

Презентация

Ақпараттық парақтар







Сабақ соңы


39-40 мин

Рефлексия «Синквейн». Оқушылар

1- жол: бір сөз– негізгі идея

2- жол: екі сын есім– негізгі ой

3- жол: үш етістік– тақырып бойынша

4- жол: тақырыпқа қатысты пікірді көрсететін жол

5- жол: тақырыпты көрсететін сөздер жазады. Мұғалім тыңдайды, бағасын береді, пікірін айтады.

Сабақты қорытындылау.

Үй жұмысы туралы айту. Жасушаның органоидтарының қызметі мен құрылысы бойынша 3 жұмбақ жасап келу.




Қосымша ақпарат


Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?учащимися?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?


Денсаулық және қауіпсіздік ережелері



Кейбір оқушылармен жеке жұмыс жасау, кеңестер беру.

Уәжі жоғары оқушыларға қосымша тапсырма беру

Бір – бірін бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы.




Лабораториядағы ережелер.


Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау


Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі мезет сабақты жақсарта алар еді (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Мен сабақтан топпен жекелеген адамдар туралы маған келесі сабаққа дайындалуға көмек беретіндей не білдім?





























2


Бөлім: 9.1В Тірі ағзалардың көп түрлілігі.

Биосфера және экожүйе

Сабақ тақырыбы: Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану. Зертханалық жұмыс «Анықтағыш көмегімен өсімдіктер мен жануарлар түрлерін (жергілікті аймақтың) анықтау».

Мектеп: «БАЛДӘУРЕН» РОСО БІЛІМ БЕРУ КЕШЕНІ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Худайбергенова Г.Б


СЫНЫП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаты

9.1.1.1 әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлы номенклатураны қолдану

9.1.1.2 Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ерекшелік белгілері бойынша танып білу (анықтағыш бойынша)

Сабақтың мақсаттары

Тірі ағзалардың көптүрлілігін түсініп, бинарлы номенклатураны пайдалану

Бинарлы номенклатураның көмегімен түрлерді сипаттау (анықтағыш бойынша)

Бинарлы номенклатураның өмірдегі рөлін түсіндіру

Бағалау критерийлері

  1. Түрді сипаттауда бинарлы номенклатураны қолданады

  2. Анықтауыш көмегімен түрлерді анықтайды

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Бинарлы номенклатураның көмегімен әр түрлі түрлерді сипаттай алады (жазылым және оқылым дағдылары)

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

X желілі құстар класына жатады, себебі …

Жәндіктер тобын сипаттау үшін пайдаланған тән сипаттар … қамтиды

Panthera leo мен Panthera tigris бір … жатады

Пәндік лексика және терминология

Қазақша: Жіктеу, таксономия, бинарлық жүйе, номенклатура, желілі, омыртқалы, қосмекенділер (амфибиялар), жорғалаушылар, құстар (жылы қандылар, жұмыртқа салушылар), сүтқоректілер, балықтар, буынаяқтылар, бунақденелілер, өрмекшітәрізділер, шаянтәрізділер, жұптұяқтылар, тақтұяқтылар, басаяқтылар, бунақденелілер, түр, туыс, тұқымдас, тәртіп, топ, тип, патшалық, класс, қатар, отряд.

Орысша: Классификация, таксономия, бинарная система, номенклатура, хордовые, позвоночные, амфибии (земноводные), рептилии, теплокровные. яйцекладущие, птицы, млекопитающие, рыбы, членистоногие, паукообразные, ракообразные, парноногие, парнокопытные, непарнокопытные, головоногие, насекомые, вид, род, семейство, порядок, класс, тип, царство, класс, ряд, отряд.


Құндылықтар

Құрмет:Жұпта және топта жұмыс жасағанда бір-бірлеріне құрмет көрсетеді, толық тыңдайды, өз ойын ашық жеткізеді

Жауапкершілік: түрлерді атау мен зертханалық жұмыс барысында анықтауыш көмегімен түрлерді өзі анықтайды, ұқыптылық пен жауапкершілігін көрсетеді

Пән аралық байланыс

Түрлердің таралу аймақтарын зерттеу география пәнімен байланысты

АКТ қолдану

Сілтеме ресурстарын, ақпарат көздерін, оқулықтарды, презентация қолдану арқылы жүзеге асырылады

Алдын-ала білімдер

7 сынып: жүйелеу, таксономия, дихотомиялық кілт бойынша білімдері бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 5 минут


Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру сабақты сілтемеде берілген өлеңмен бастауға болады

немесе

Өткен білімді еске түсіру сұрақтары талқыланылады:

Түрлердің көп түрлілігі дегенді қалай түсінесіз?

К.Линней туралы естідіңіз бе?

Бинарлы номенклатура ұғымын қалай түсінесіз?

Бинарлы номенклатураға мысал келтіре аласыз ба?

немесе

Сабақ басында қабыландар туысы мүшелерінің суреттерін көрсетуге болады:

Panthera leo (арыстан)

Panthera onca (теңбілшер)

Panthera pardus (қабылан)

Panthera tigris (жолбарыс). Осы суреттерді талқылау арқыл сабқ тақырыбын ашуға болады.

Таксономия туралы өлең қызығушылық тудыруы мүмкін:

http://www.youtube.com/watch?v=wic5unxEhDA&feature=related

Сабақтың ортасы

5-35 минут

(I) Оқушыларға патшалық, тип, топ, отряд, тұқымдастар, туыс және түр сияқты сөздерден тұратын карточкалар таратылады.

Содан кейін олар карточкаларды дұрыс ретімен қояды.

Жануарлар:Түр---туыс-----тұқымдас------отряд------топ----тип----патшалық

Өсімдіктер: түр---туыс----тұқымдас-----қатар-----бөлім-----патшалық

Тапсырма: Берілген тізбектегі өсімдіктердің жүйелік систематикасын құру тапсырмасы беріледі.

Дүние, Тип, Бөлім, Класс, Қатар, Отряд, Тұқымдас, туыс, түр, жануарлар, өсімдіктер, жоғары сатыдағы, төменгі сатыдағы, споралы, тұқымды, ашық тұқымды, жабық тұқымды, дара жарнақты, қос жарнақты, раушангүлділер, бұршақ, асқабақ, астық, раушантәрізділер, бұршақтәрізділер, итмұрын, жабайы итмұрын.

(T) Оқушыларға бір тұқымдастардың бірнеше көптүрлілігінің бірнеше биноминалды атауларын көрсету. Оқушыларға олардың арасындағы байланысты анықтауды тапсыру.

Мысалы: Жыртқыштар отряды, мысық тұқымдасы, Азиялық қабылан, қамыс мысығы, шағыл мысық, тау сілеусіні, қар барысы.Осы сөздерді пайдаланып классификация жасауды тапсыру. Осы жануарлардың отряды мен тұқымдасы берілген, олар одан жоғары таксономиялық топтарын анықтауы қажет. (осы тапсырма бойынша құрылатын кластер сабақ жоспарының төменгі жағында бар)

беруге болады

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!