Материалдар / Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев русін қалай өзгертті
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев русін қалай өзгертті

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сынып жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2019
5940
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1A-бөлім: Рим империясының құлауы

Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шагимолдин Е.О.

Сынып:

Қатысты:

Қатыспады:

Сабақтың тақырыбы

Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгеру

Оқу мақсаттары

Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау

Сабақтың мақсаттары

Шығыс Рим империясының сыртқы саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүру себептерін түсіндіреді

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Оқу мақсаты

 Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білім мен түсінік/Қолдану

Дескриптор

Оқушы:

  • Византия мемлекетінің Х ғасырдағы географиялық орналасуын және негізгі тарихи оқиғаларын атайды;

  • Батыс және Шығыс Рим империяларының сыртқы саясатта ұстанған ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды;

  • Шығыс Рим империясының сыртқы саясатының тиімдігін талдайды;



Тілдік мақсаттары

Оқушылар таратпа материалдарды қолданып, Шығыс Рим империясының ұазақ өмір сүруінің себептерін ашатын инфографика құрастырады;


Шығыс Рим империясының себептерін, алдымен, жазбалардың көмегімен визуалды түрде анықтайды, топтастырады, одан кейін ауызша түрде ұсынады

Тақырыптың арнайы лексикасы мен терминалогиясы:

Шығыс Рим империясы, Киев Русі, сыртқы саясат, дипломатия, елшілік, себептері

Жазылым мен диалогқа қажетті сөйлем құрылымдары:

Шығыс Рим империясы Батыс Рим империясынан ұзақ өмір сүрді, себебі ...

Х себептер/факторлар ұзақ мерзімді/қысқа мерзімді болып табылады ....

Х себептер/факторлар Ү себептер/факторларға әсер етті, мысалы,

Х факторлар/себептер ең негізгі болып табылады, себебі ...

Х факторлар/себептер алғышарттар туындатса, Ү факторлар/себептер катализаторлар болып табылады

Құндылықтарды дарыту

Басқа өркениеттер мен құндылықтарға құрмет қалыптастырылады;

Дүниежүзі тарихында Қазақстан тарихының қарастыру арқылы ұлттық мәдениетке құрмет қалыптастырылады

Пәнаралық байланыс

Сабақ экономика, саясаттану, мәдениеттану, техника, география, өнер сияқты пәндермен байланысты

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта және материалды көркемдік тұрғыда көрсету үшін презентациялық бағдарлама қолданылады

Бастапқы білім

Оқушылар Қазақстан тарихыннан Түрік қағанаты туралы біледі және Византия мемлекетінің орналасқан аймағын, ішкі саясаты туралы айта алады

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған әрекеттер

Қолданылған деректер

Басы

Оқушыларға «VІ-ХІ ғғ. Византия империясы мен славяндар» тарихи тақырыптық картаны ұсыну.

Тарихи картамен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар:

1. VІ-ХІ ғасырлар аралығында қандай өзгерістер орын алды?

2. VІ-ХІ ғасырлар аралығындағы территориялық өзгерістерді талдай отырып, қандай қорытынды жасауға болады?

3. Византия көршілес мемлекеттермен қандай қарым-қатынас орнатты?

Оқушылар шығын топтарда жұмыс жасайды және жауаптарының таныстырылымдарын ұсынады.

Түсіндіру: Армяндар алғашқылардың бірі болып, христиан дінін мемлекеттік дін деп жариялады. ІV ғасырда Картли мемлекеті христиан дінін мемлекеттік дін деп жариялады. 863 жылы Бұлғар хандығында аштық басталып, Византия әскерінің басып кіруіне түрткі болды. Көмектің басты талабы – шоқыну. Алайда көшпелілердің ақсүйектері көтеріске шыққанмен жеңіліп қалды. Борис хан 52 отбасын өлім жазасына кесті. Жаза тартылғандардың арасында ұлы да болды. Бори Кирилл мен Мефодийдің ағартушылқ саясатына қолдау танытты. Кирилдік жазу енгізілді, шіркеулер салына бастады. Яғни, Шығыс Рим империясынан христиан дінін қабылдау арқылы мәдениет, білім беру, мемлекетті басқару, бірорталықтандыруға жаңа мүмкіндіктер берді. ІХ ғасырдың үшінші ширегінде сербтер шоқындырылды және оның артынан поляктар мен чехтар католиктік христиан дінін қабылдады. Х ғасырда Ресей пұтқа табынушылықты ұстанды. Х ғасырда Киев Русі мен Византияны көшпелілер қысымға алды. Печенег тер мен оғыздар Византия мен Киев Русінің өзара жақандасуына ықпал етті.

1-Сурет. VІ-ХІ ғғ. Византия империясы мен славяндарhttp://istoriya.com/imagens/map/byzan&slaviane.jpg (12.09.2016)

Ортасы

Оқушыларға «Х ғасырдағы Киев Русі» ақпараттық мәтіндерді тарату. Мәтінмен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар:

1. Ежелгі Киев Русінің билеушісіне қандай сипаттама берер едіңіз?

2. Х ғасырда Киев Русінде қандай саяси өзгерістер орын алды?

3. Х ғасырда Киев Русінде қандай экономикалық өзгерістер орын алды?

4. Х ғасырда Киев Русінде қандай мәдени өзгерістер орын алды?

5. Х ғасырда Киев Русінде қандай әлеуметтік өзгерістер орын алды?

Оқушылар Киев Русінің книягинясы өте қатал, қаһарлы болды, оның басты себебі феодалдық бытыраңқылық әсер етті. Алайда, Ольга орталықтанған мемлекет құруда өте маңызды рөль атқарды.

Оқушылар тарихи түпдеректермен жұмыс жасайдыжәне екі мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайды.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Батыс Рим империясы сыртқы саясатында қандай қағиларды берік ұстанды?

2. Шығыс Рим империясы сыртқы саясатында қандай қағиларды берік ұстанды?

3. Шығыс Рим империясы Киев Русімен қаншалықты санасты?

Түсіндіру: Ольга христиан дінін қабылдауы, Киев Русіндегі христиандық топтарды қолдауы қажет еді, алайда, бүкіл халық оның артынан ермеді. Пұтқа табынушылардың ықпалы сақталды. Олар Святославтың майында топтасты, оның ұлына христиан сенімі туралы ұлағаттарына құлақ аспады.

Кейбір жағдайларда славяндардың христиан дінін қабылдауына саяси жағдай себеп болса, мысалы, Бұлғарияда оппозиция христиан дінін қабылдауға қарсылық білдірді. Шіркеу мен мемлекеттің тығыз қарым-қатынасына қарағанда, белгілі бір халық Византиядан христиан дінін қабылдаған сәттен, Византия императоры шіркеудің басшысы ретінде константинопольдік патриахтың билігін ғана мойындап қоймай, императордың да билігін мойындауды талап еткен.

Императорға бағынуға қарсы әрекет ретінде әрбір славян халқы патриахтың билігін шектеудің жолын қарастырды. Сондықтан әрбір славян халқы жеке Шіркеуін ұйымдастыруды ойластырды.

Биография Княгини Ольги.

http://www.ote4estvo.ru/praviteli-x-xiv-vv/32-knyaginya-olga.html;


Политика княгини Ольга, церковная организация на Руси

http://protown.ru/information/hide/6730.html;

Княгиня Ольга (945-957 гг.)

http://www.olga-pskov.ru/img/olga.png;

Константин Багрянородный «О церемониях» Книга II Глава 15-я Второй прием Ольги Русской  http://www.vostlit.info/Texts/rus11/Konst_Bagr/cerem.phtml?id=731;

Повесть временных лет. Месть княгини Ольги http://www.hrono.info/dokum/1000dok/povest1.php



Византия Х ғасырда жеке мемлекеттік дәстүрлері қалыптасқан, Еуропа, Азия, Африка мемлекеттері арасында ең қуатты мемлекет болды. Византия алдында Русь тағы және пұтқа табынушы мемлекет болды. Алайда, 832, 860, 907, 944 жж. Константинопольге жорықтар Византияны Русьпен есептесуге мәжбүрледі.

Византия дипломаттары елшілікке келген жақты ұзақ уақты бойы қинап, құрметке бөлей қарсы алдудың сан-қилы амалдарын жетік меңгерген ел еді. Император қабылдаудың мерзімін қайта-қайта шегере беруі, әрбір кезде түсіндірмелі себептерді келтіріп, кейде тіпті кездесудің болмай қалуына екінші жақты айыпты етіп көрсететін, олардың қабылдаудың жоғары дәрежеде өтуіне талаптарын сылтау етететін. Бұл жағдай Ольга елшілігін қабылдауда орын алды. Алайда, Ольга шыдамдылық танытып, сабырлықпен қабылдауға мәжбүрледі.

Соңы

Византия Түрік қағанаты және Киев Русімен қандай қарым-қатынас құрды? Византияның екі мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз қолдауды көбірек көрсетуді қалай ұйымдастырасыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай қалай ұйымдастырасыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

Сабақтың мазмұнын жеңілдету жолдарын қарастыру. Мысалы, оқушыларға өз ойларын тірек-кесте түрінде, графикалық органайзер түрлерін қолданады. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әрбір оқушыға немесе топқа қолдау көресету мүмкіндігі бар. Топтық жұмыс кезінде әлді оқушылар әлсіз оқушыларға қолдау көрсетеді







Жоғарыда тізбектелген барлық әрекеттер қалыптастырушы бағалау мүмкіндіктерін береді, өйткені мұғалім әрбір оқушы және топты қолдауға мүмкіндігі бар.

Тең бағалау мүмкіндіктері бар, алдына берілген немесе сыныппен ортақ талқылау негзінде құрастырылған критерийлер негізінде оқушыларға бір-бірін бағалау мүмкіндіктері бар

Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақтың рефлексиясы

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? ОМ барлық оқушылар қол жеткізді ме? Менің дайындаған дифференциациям жүзеге асты ма? Уақытты ұтымды пайдана алдым ба? Сабақ жоспарынан ауытқушылықтар болды ма? Неліктен?

Төмендегі орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сұрақтардың ішінен Сіздің сабағыңызға қатысы бар ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіздер?





Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі сәтті өтті (оқу туралы да, оқыту туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Қандай екі жағдайда сабақтың тиімділігі арта түсер еді (оқу туралы да, оқыту туралы да ойланыңыз)?

1:



2:


Сабақ барысында келесі сабаққа дайындалуда ескеретіндей сынып туралы немесе жеке оқушы туралы қандай да бір қажетті ақпарат алдым ба?













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!