Материалдар / КӨМІРТЕК ЖӘНЕ ОНЫҢ ОТТЕКТІ ҚОСЫЛЫСТАРЫ 9 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

КӨМІРТЕК ЖӘНЕ ОНЫҢ ОТТЕКТІ ҚОСЫЛЫСТАРЫ 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
КӨМІРТЕК ЖӘНЕ ОНЫҢ ОТТЕКТІ ҚОСЫЛЫСТАРЫ 9 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2019
397
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ»
ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

Қалыптастырушы
бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Сауат ашу
1-сынып

Астана, 2016

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Сауат ашу
1-сынып

Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Сауат
ашу» пәні бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және
өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жинақ тапсырмалары оқу
бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсас
тапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, білім алушылардың оқу мақсаттарына
жету бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілер
болып табылады.
Жинақта ұсынылатын сипаттама білім алушылардың қажеттіліктері мен
мүмкіндіктерін есепке ала отырып, тапсырмаларға өзгерістер мен толықтырулар
енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.
Жинақ бастауыш сынып мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау
бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға
арналған.
Жинақты дайындау барысында ресми интернет-сайттарынан алынған
қолжетімді ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне-аудиоматериалдар және т.б.)
қолданылды.

Қолданылған шартты белгілер:
* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу
мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ
тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.
** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.

2

Мазмұны
1-тоқсан Ортақ тақырып «Өзім туралы», «Менің мектебім» .................................. 5
Бөлім «Тыңдалым және айтылым» .............................................................................. 6
Бөлім «Оқылым» . ......................................................................................................... 1 7
Бөлім «Жазылым» . ...................................................................................................... 2 1
2-тоқсан Ортақ тақырып «Менің отбасым және достарым», «Бізді қоршаған
әлем»............................................................................................................................ 27
Бөлім «Тыңдалым және айтылым» ............................................................................ 2 8
Бөлім «Оқылым» . ......................................................................................................... 3 9
Бөлім «Жазылым» ....................................................................................................... 4 7
3-тоқсан Ортақ тақырып «Саяхат», «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» . ............ 5 7
Бөлім «Тыңдалым және айтылым» ............................................................................ 5 8
Бөлім «Оқылым» . ......................................................................................................... 6 9
Бөлім «Жазылым» ....................................................................................................... 7 9
4-тоқсан Ортақ тақырып «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау» ........ 8 5
Бөлім «Тыңдалым және айтылым» ............................................................................ 8 6
Бөлім «Оқылым» . ......................................................................................................... 9 7
Бөлім «Жазылым» .................................................................................................... 1 08

3

4

1-тоқсан
Ортақ тақырып
«Өзім туралы», «Менің мектебім»

5

Бөлім «Тыңдалым және айтылым»
Бөлімше 1.1 «Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты:

1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді
(сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған
мәтіннің мазмұнын түсіну.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Білу және түсіну
Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады.
 Сөйлеу барысында тілдік бірліктерді орынды
қолданады.
 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады.

Тапсырма
Жұмбақтарды мұқият тыңдаңыз.
Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.
Бұл не?

Ұшып-қонып тынбайды,
Қанша ұрсаң да
сынбайды.
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерде жатпайды.
Бұл не?

Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң көк теңбіл,
Бұлтқа да жетеді.
Бұл не?

Шешуі: (

Шешуі:

Шешуі: (




(

)

)

Жұмбақтың шешуін қандай сөздер/сөйлемдер арқылы табуға болады?
Түсіндіріңіз.
Жұмбақтардың шешуін қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.

Дескриптор:

6

)

Білім алушы
- жұмбақтардың шешуін табады;
- жұмбақтың шешуін табуға қатысты сөздер мен
сөйлемдерді атайды;
- жұмбақтардың шешуін қатыстырып, сөйлем
құрастырады.

Бөлімше 1.2 «Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау»
Оқу мақсаты:

1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде (кім? не?)
туралы айтылғанын анықтау.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Білу және түсіну
Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін
анықтайды.
 Мәтіннің мазмұнын сурет арқылы көрсетеді.

Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Өлеңде не туралы айтылған? Суреттен белгілеп
көрсетіңіз.
Добым, добым, домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
(Ұ. Есдәулетов)

Дескриптор:

Білім алушы
- мәтіннің не туралы екенін анықтайды;
- мәтінге сәйкес суретті белгілейді.

7

Бөлімше 1.3 «Тыңдалған материалды мазмұндау»
Оқу мақсаты:

1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай
отырып баяндау.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Оқиғаның ретін анықтайды.
 Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды.

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Әсет пен Әлияның үйі қалада. Олардың ата-әжесі ауылда тұрады.
Биыл жазғы демалыста олар ауылға барды. Бір күні әжесі Әсетті іздеп, таба
алмады. Әжесі Әлиядан:
- Қызым, Әсетті көрдің бе? - деп сұрады.
- Әсет хайуанаттар бағында жүр. Енді ол кешке дейін сол жақтан
шықпайды,- деді Әлия.


Балалар қайда келді?



Әжесі Әлиядан не сұрады?



Әлияның «хайуанаттар бағы» деп тұрғаны не деп ойлайсыз? Ойыңызбен
бөлісіңіз.
Жұпта бір-біріңізге мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.



Дескриптор:

8

Білім алушы
-мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;
- сұраққа қатысты өз ойын айтады және түсіндіреді;
- мәтінді жүйелі мазмұндайды.

Бөлімше 1.4 «Оқиғаны болжау»
Оқу мақсаты:

1.1.4.1. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның
иллюстрациясы бойынша болжау.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Тақырып арқылы мәтіннің не туралы болуы
мүмкін екендігін айтады.
 Иллюстрация бойынша мәтіннің мазмұнын
болжап әңгімелейді.

Тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Тақырыбын оқыңыз. Сурет бойынша әңгіме
құрастырыңыз. Ары қарай не болады деп ойлайсыз?
Қамқорлық

Дескриптор: Білім алушы
- берілген тақырыпқа қатысты ой бөліседі;
- сурет бойынша сөйлемдер құрастырады;
- оқиғаның соңын болжап айтады.

9

Бөлімше 1.5 «Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану»
Оқу мақсаты:

1.1.5.1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана
білу.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Білу және түсіну
Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Сыпайы сөздерді атайды.
 Түрлі жағдаяттарда сыпайы сөздерді
қолданады.

Тапсырма
Берілген өлең шумақтарын мұқият тыңдаңыз. Өлеңдегі сұрақтарға жауап
беріңіз.
Кешіріңіз

Сәлем

!

Рақмет

Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?

Добын апар Назардың,
Деді ағаң бармадың.
Тапжылмадың, сазардың,
Аға тілін алмадың.
Сен қай сөзді айтпадың?

Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу-айқай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?

Әжең сенің түскі асқа,
Қант-кәмпит салды мол.
Жұрттан бұрын ыдысқа,
Өз бетіңмен салдың қол.
Не дегенің жөн еді?

Осы келген бетіңде,
Допты қудың жарыстың,
Көшенің сол шетінде,
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді?

Үй артында қоқысты,
Жатқан көптен үйіліп.
Тазалайды қарт кісі,
Белі зорға иіліп.
Не дегенің жөн еді?

Дескриптор:

10

Не деу керек?

Рұқсат
па?

Білім алушы
-өленде ұсынылған жағдаятты талқылайды;
- өлеңнің мазмұнына қатысты сыпайы сөздерді атайды.

Көмекте
сейін

Жарайды

Бөлімше 1.6 «Тыңдаушының назарын аудару»
Оқу мақсаты:

1.1.6.1. Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру
сөздерін,
вербалды
емес
қарым-қатынас
құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын,
мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті
қолдану.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, мәнерін,
қарқынын, сөз арасындағы кідірісті сақтайды.
 Мәтінің мазмұнын қимылдың, ым-ишараның
көмегімен жеткізеді.
 Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру
сөздерін қолданады.

Тапсырма
Диалогті мұқият тыңдаңыз.







Сенің атың кім?
Менің атым – Марғұлан.
Сен неше жастасың?
Мен алты жастамын.
Сен ше?
....

Жұптық жұмыс.
Диалогке сүйеніп, досыңызға сұрақ қойыңыз. Сұрақ арқылы
 досыңыздың анасының аты кім екенін;
 отбасында неше адам бар екенін;
 сүйікті ойыншығы қандай екенін;
 қандай ойынды ұнататынын анықтаңыз.
 Сөйлесудің нәтижесі бойынша досыңызды сыныпқа таныстырыңыз.
Таныстыру барысында басқалардың назарын аудару үшін дауыс
ырғағын, ым-ишараны қолданыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- жұбына сұрақ қоя отырып, диалогке қатысады;
- жинаған ақпараты бойынша досын таныстырады;
- тыңдаушының назарын аудару үшін дауыс ырғағын,
қимылды, ым-ишараны қолданады.

11

Бөлімше 1.7 «Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту»
Оқу мақсаты:

1.1.7.1. Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын
сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды).

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану
Бағалау

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Мәтінге қатысты пікірін айтады.
 Өз көзқарасын түсіндіреді.

жай

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Айдар бірінші сыныпта оқиды. Оның Мойнақ деген күшігі бар. Ол күнде
Айдарға ілесіп, мектепке барады. Айдар сабақтан шыққанша есіктің алдында
күтіп отырады.
Бір күні Айдар Мойнаққа өзінің сөмкесін беріп қойды. Мойнақ сөмкені тістеп
алып, Айдарға ілесіп келе жатқан. Кенет жолдың шетінде жатқан сүйекті байқап
қалды. Ол сөмкені тастай салып, сүйекке жармасты. Айдар бұған таңдана
қарады.




Мәтін кім/не не туралы?
Мәтіннің қай бөлігінде күлкіңіз келді?
Мәтін сізге ұнады ма, ұнамады ма? Неліктен?

Дескриптор: Білім алушы
- мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;
- мәтінге қатысты көзқарасын айтады;
- өз ойын түсіндіреді.

12

Бөлімше 1.8 «Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту»
Оқу мақсаты:

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын
әңгіме құрап айту.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Сюжетті суреттерді сипаттайды.
 Сюжетті суреттерді реті бойынша әңгіме
құрастырып айтады.

Тапсырма
Сурет бойынша «Менің күн тәртібім» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңыз.

Дескриптор: Білім алушы
- өзінің күн тәртібі туралы айтады;
- сөйлеу барысында өз ойын жүйелі жеткізеді.

13

Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес
дұрыс айту»
Оқу мақсаты:

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз,
жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және
дұрыс дыбыстау.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Білу және түсіну
Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Сөздегі дыбыстардың түрлерін
(дауысты/дауыссыз, жуан және жіңішке
дауыстылар) анықтайды.
 Дыбыстарды дұрыс айтады.

Тапсырма
Суреттегі заттарды атаңыз. Сөзде неше дыбыс бар? Сөздегі дауысты
дыбыстарды қызыл түспен, дауыссыз дыбыстарды көк түспен бояңыз және
атаңыз.

Дескриптор: Білім алушы
-суреттегі заттарды атайды;
-сөздегі дыбыс санын анықтайды;
- сөздегі дауысты дыбыстарды анықтайды және сәйкес түспен
бояйды;
- сөздегі дауыссыз дыбыстарды анықтайды және сәйкес түспен
бояйды;
- дыбыстарды дұрыс атайды.

14

Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес
дұрыс айту»
Оқу мақсаты:

1.1.9.2
Дыбыстардың
қызметін түсіну.

мағына

ажыратушылық

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Білу және түсіну
Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды.
 Дыбыстың сөз мағынасын өзгертуге
қатыстылығын түсіндіреді.

Тапсырма
Берілген сөз жұптарын мұқият тыңдаңыз. Не байқадыңыз? Өзгерген
дыбыстарды атаңыз. Сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.



МАЛ - ТАЛ

НАР – ШАР - ҚАР

АРА - ОРА

ТӨЛ - КӨЛ - ШӨЛ

ТАҢ - ШАҢ

САБАҚ -ТАБАҚ - ҚАБАҚ

Өзіңіз мысал келтіріп айтыңыз.

Дескриптор:

Білім алушы:
- сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды;
- сөздердің мағынасын түсіндіреді;
- өздігінен мысал келтіреді.

15

Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес
дұрыс айту»
Оқу мақсаты:

1.1. 9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі
буын санын анықтау.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Білу және түсіну
Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Сөзді буынға бөледі және сызбамен көрсетеді.
 Сөздегі буын санын анықтайды.

Тапсырма
Заттардың атауларын буынға бөліп айтыңыз. Сөзде неше буын бар? Сызбамен
көрсетіңіз.

Дескриптор:

16

Білім алушы
- заттың атауын буынға бөліп айтады;
- буынды сызбамен көрсетеді;
- сөздегі буын санын айтады.

Бөлім «Оқылым»
Бөлімше 2.1 «Оқу түрлерін қолдану»
Оқу мақсаты:

1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Сөздерді сызбалармен сәйкестендіреді.
 Сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды.

Тапсырма
Берілген сызбаларға мұқият қараңыз. Суреттерді пайдаланып, сызба бойынша
сөз/сөйлем құрастырыңыз.

Дескриптор: Білім алушы:
- сызбадағы сөз санын анықтайды;
- сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырады;
- берілген сызба бойынша сөйлемдерді оқиды.

17

Бөлімше 2.5 «Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу»
Оқу мақсаты:

1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя
білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа
жауап беру (мұғалім көмегімен).

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Иллюстрация бойынша сұрақ қояды.
 Иллюстрация бойынша қойылған сұрақтарға
жауап береді.

Тапсырма
Жұптық жұмыс. Суретке мұқият қараңыз. Сурет бойынша бір-біріңізге сұрақ
қойыңыз және жауап беріңіз.

Дескриптор:

18

Білім алушы
- иллюстрацияның мазмұны бойынша сұрақ қояды:
- қойылған сұрақтарға жауап береді.

Бөлімше 2.1 «Оқу түрлерін қолдану»
Оқу мақсаты:

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі
кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу)
қолдану.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.
 Түсініп оқиды.

Тапсырма
Сөздерді оқыңыз және сәйкес суреттермен байланыстырып сызыңыз.
ша-на

тау-лар

та-ға

нан

қо-ша-қан

пар-та

Дескриптор: Білім алушы
- сөздерді буындап немесе тұтас оқиды;
- сөздерді сәйкес суреттермен байланыстырып сызады.

19

Бөлімше 2.5 «Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу»
Оқу мақсаты:

1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен
сәйкестендіру.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Әріптерді таниды және ажыратады.
 Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.

Тапсырма
Берілген сөздерді оқыңыз. Көп нүктенің орнына қай әріпті қоюға болады?
Сол әріпті қоршап сызыңыз.

Дескриптор:

20

Білім алушы
- сөздерді дұрыс оқиды;
- көп нүктенің орнына қойылатын әріпті анықтайды және
белгілейді.

Бөлім «Жазылым»
Бөлімше 3.3 «Жоспар құру»
Оқу мақсаты:

1.3.3.1 Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар
арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Оқиғаның ретін анықтай отырып мәтінге
суреттер/сызбалар арқылы жоспар құрады.
 Мәтінге ат (тақырып) қояды.

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Берілген үлгіні жалғастыра отырып, мәтінге сурет
немесе сызбаның көмегімен жоспар құрыңыз.
Оқушылар мектепке келді. Қоңырау соғылды. Балалар сыныпқа кірді. Анар
қаламын алды. Сапар сызғышын дайындады.
Мұғалім келді. Оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдесті. Сабақ
басталды.
1

2

3



Мәтінге ат қойыңыз.

Дескриптор:

Білім алушы
- мәтінді оқиғаның ретіне қарай бөліктерге бөледі;
- мәтіннің бөліктерін суретпен немесе сызбамен бейнелеп
көрсетеді;
- мәтінге ат қояды.

21

Бөлімше 3.4 «Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу»
Оқу мақсаты:

1.3.4.1. Мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған
мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Мәтіндегі оқиғаның ретін анықтайды.
 Мәтінге қатысты ақпаратты сурет/сызба/
белгілерді қолданып жеткізеді.

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Жақында біздің сыныпта суретшілер байқауы болды. Оған бәріміз қуана
қатыстық. Маржан қуыршақтың суретін салды. Талғат тракторды бейнеледі.
Саят көтергіш кранның, ал Аяулым гүлдердің суретін салыпты. Мен
мектептің суретін салдым. Салған суреттерімізді сыныптың қабырғасына іліп
қойдық.


Суретшілер байқауына кім қандай сурет салды? Мәтіннің мазмұны
бойынша берілген сөздер мен суреттерді байланыстырып сызыңыз.



Бос орынға әңгімелеуші баланың салған суретін салыңыз.

Дескриптор:

22

Білім алушы
- мәтінге сүйеніп, берілген сөздер мен суреттерді
сәйкестендіреді;
- бос орынға әңгімелеушінің салған суретін салады.

Бөлімше 3.8 «Каллиграфиялық, графикалық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты:

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың
жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп
элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Әріп элементтерін дұрыс байланыстырып
салады.
 Сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай
жазады.

Тапсырма
Берілген әріптің жазылуына мұқият қараңыз. Жазу жолына суреттің атауын
жазыңыз.

Дескриптор:

Білім алушы
- әріп элементтерін дұрыс салады;
- әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады;
- жазу жолын сақтайды;
- сөзді сауатты, көркем жазады.

23

Бөлімше 3.10 «Грамматикалық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты:

1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын
білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Заттың аты мен санын білдіретін сөздерді
ажыратады.
 Заттың аты мен санын білдіретін сөздерді
қолданады.

Тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Заттың атауына санын қосып айтыңыз. Төмендегі
кестені толтырыңыз.

Қанша?
бір
...
жеті
...
алты
...
...

Дескриптор:

24

Не?
...
қонжық
қуыршақ
...
машина
көжек

Білім алушы
- заттардың атауын санымен байланыстырып айтады;
- заттың аты мен санын білдіретін сөздерді жазады.

Бөлімше 3.10 «Грамматикалық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты:

1.3.10.2 Тәуелдік және жіктік жалғауларының
қарапайым формаларын (терминсіз) қолдану.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Тәуелдік жалғауларын дұрыс қолданады.
 Жіктік жалғауларын дұрыс қолданады

Тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз.
сәйкестендіріп айтыңыз.



Шарларда

жазылған

сөздерді

суреттермен

Суретке сүйене отырып, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз.
... оқушысың.
... дәптерім.

Дескриптор: Білім алушы
- сөздерді суреттермен дұрыс байланыстырып айтады;
- сөзге тәуелдік жалғауларын дұрыс жалғайды;
- сөзге жіктік жалғауларын дұрыс жалғайды;
- көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады.

25

Бөлімше 3.11 «Пунктуациялық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты:

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріппен бастап жазып,
сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Сөйлемнің сызбасын құрады.
 Сөйлемді бас әріптен бастап жазады.
 Сөйлем соңына тыныс белгілерін дұрыс
қояды.

Тапсырма
Сурет бойынша сөйлем құрастырыңыз. Сөйлемді сызба түрінде жазыңыз.
Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қойыңыз.

Дескриптор: Білім алушы
- сурет бойынша сөйлем құрастырып, сызбамен жазады;
- сөйлемді бас әріптен бастап жазады;
- сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.

26

2-тоқсан
Ортақ тақырып
«Менің отбасым және достарым»,
«Бізді қоршаған әлем»

27

Бөлім «Тыңдалым және айтылым»
Бөлімше 1.1 «Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты:

1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік
бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін)
ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын
түсіну.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Білу және түсіну
Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады. .
 Сөйлеу барысында тілдік
бірліктерді орынды қолданады.
 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын
айтады.

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Менің Қаламқас дейтін қарындасым бар. Ол төрт жаста. Мен оны өте жақсы
көремін. Қаламқасты ойнатамын. Түрлі ойыншықтар жасап беремін. Оған сурет
салуды үйретіп жүрмін.
Қаламқас тақпақ айтуды ұнатады. Ол мені жақсы көреді.


Мәтінде қанша сөйлем бар?



Мәтінге сүйеніп, берілген сызба бойынша сөйлем құрастырып айтыңыз.

Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.
Дескриптор:
Білім алушы
- мәтіндегі сөйлемдердің санын анықтайды;
- мәтіннің негізінде сызба бойынша сөйлем құрастырады;
- мәтіннің мазмұнын жүйелі айтады.

28

Бөлімше 1.2 «Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау»
Оқу мақсаты:

1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде (кім? не?) туралы
айтылғанын анықтау.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Білу және түсіну
Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін
анықтайды.
 Мәтіннің мазмұнын сурет арқылы көрсетеді.

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Ұзақ пен қарға
Ұзақ пен қарғаны ажырата аласыз ба? Ұзақтың денесі қарғадан кіші және
түсі қап-қара. Тек мойнының тұсы сұр болып келеді. Ұзақ - жыл құсы.
Қарғаның бүкіл денесі сұр түсті. Ал басы, мойны және қанаттары қара
түсті болып келеді. Қарға - отырықшы құс.




Мәтін не туралы?
Мәтін бойынша құстарды сипаттаңыз.
Суреттерге мұқият қараңыз. Мәтіндегі сипаттамаға сүйеніп, суреттің
астына құстың атауын жазыңыз.

_______________________
Дескриптор:

________________________

Білім алушы
- мәтіннің не туралы екенін анықтайды;
- мәтінге сүйеніп, құстарды сипаттап айтады;
- сипаттамасы бойынша құстарды ажыратады және суретін
анықтайды;
- суреттің астына құстың атауын жазады.

29

Бөлімше 1.3 «Тыңдалған материалды мазмұндау»
Оқу мақсаты:

1.1.3.1. Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін
сақтай отырып баяндау.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды.

Тапсырма
Ертегіні тыңдай отырып, суреттердің ретін анықтаңыз. Нөмірлеп көрсетіңіз.
Екі әтеш
(Ертегі)
Ертеде бір шал мен кемпірдің екі әтеші болыпты. Бір күні кемпір оларға
жем шашыпты. Әтештер жемді жей бастапты. Шұбар әтеш жемді қызғанып, сұр
әтешті қайта-қайта шоқи беріпті. Ызаланған сұр әтеш те оны шоқып алыпты.
Содан соң екеуі төбелесе кетіпті. Олар бір-бірімен таласып жатқанда, көрші
үйдің балапандары келіп, жемнің бәрін жеп қойыпты.



Суретке сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Дескриптор:

30

Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша суреттердің ретін анықтайды;
- мәтінді жүйелі мазмұндайды.

Бөлімше 1.4 «Оқиғаны болжау»
Оқу мақсаты:

1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның
иллюстрациясы бойынша болжау.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Тақырып арқылы мәтіннің не туралы болуы
мүмкін екендігін айтады.
 Иллюстрация бойынша мәтіннің мазмұнын
болжап әңгімелейді.

Тапсырма
Суретке мұқият қараңыз. Тақырыбы бойынша әңгіме құрастырыңыз. Оқиға
немен аяқталуы мүмкін?

Дескриптор:

Білім алушы
- берілген тақырыпқа қатысты әңгіме құрастырады;
- суретке сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды;
- өз ойын жүйелі жеткізеді.

31

Бөлімше 1.5 «Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану»
Оқу мақсаты:

1.1.5.1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана
білу.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Сыпайы сөздерді атайды.
 Түрлі жағдаяттарда сыпайы сөздерді
қолданады.

Тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Бұл жағдаяттарда қандай сыпайы сөздерді
қолдану керек?



Сурет бойынша жұпта диалог құрастырыңыз.

Дескриптор:

32

Білім алушы
- сурет бойынша диалог құрастырады;
- сыпайы сөздерді орынды қолданады.

Бөлімше 1.6 «Тыңдаушының назарын аудару»
Оқу мақсаты:

1.1.6.1 Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру
сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын
(ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін,
қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану).

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, мәнерін,
қарқынын, сөз арасындағы кідірісті сақтайды.
 Мәтінің мазмұнын қимылдың, ым-ишараның
көмегімен жеткізеді.
 Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру
сөздерін қолданады.

Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңдаңыз.

-

Кім қайда барады?
Атай, қайда барасыз?
Немереме базардан
Қауын қарбыз әкелем.
Әжей, қайда барасыз?
Немереме қыздардан
Сағыз сұрап әперем.
Ағай, қайда барасыз?
Балам жақсы көретін
Қарап жүрмін күшік мен.
Апай, қайда барасыз?
Балам қыста киетін
Іздеп жүрмін ішік мен.
Бала қайда барасың?
Алаңқайға барамын,
Доп ойнауға жарадым!
(Е. Өтетілеуұлы)

Жұптық жұмыс. Өлеңнің мазмұнын диалог түрінде әңгімелеп беріңіздер.
Дескриптор:

Білім алушы
- өлеңнің мазмұны бойынша диалог құрастырады;
- диалогке қатысу барысында сөйлеу мәнерін келтіреді,
ым-ишараны қолданады.

33

Бөлімше 1.7 «Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту»
Оқу мақсаты:

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай
сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды).

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану
Бағалау

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Мәтінге қатысты пікірін айтады.
 Өз көзқарасын түсіндіреді.

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Марат пен Нұрлан тоғайға барды. Олар бұта арасынан ұя тауып алды.
Ұяда балапандар бар екен. Олар балалардан қорқып шиқылдай бастады.
Бір кезде балапандардың енесі ұшып келді. Бірақ ұясына қонбай,
балалардың үстінен айнала ұшып жүрді. Балалар ұяның қасынан кетіп қалды.





Мәтін не туралы?
Құс неліктен ұясына қонбады?
Балалар ұяның қасынан неге кетіп қалды деп ойлайсыз?
Балалардың іс-әрекеті дұрыс па? Неліктен?

Дескриптор:

34

Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтінге қатысты пікірін айтады және себебін түсіндіреді.

Бөлімше 1.8 «Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту»
Оқу мақсаты:

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын
әңгіме құрап айту.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Сюжетті суреттерді сипаттайды.
 Сюжетті суреттерді реті бойынша әңгіме
құрастырып айтады.

Тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз. Жұпта
әңгімелеңіз.

Дескриптор:

Білім алушы
- сюжетті суреттер бойынша шағын әңгіме құрастырады;
- мәтінді жүйелі әңгімелейді.

35

Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес
дұрыс айту»
Оқу мақсаты:

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз,
жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс
дыбыстау.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Сөздегі дыбыстардың түрлерін
(дауысты/дауыссыз, жуан және жіңішке
дауыстылар) анықтайды.
 Дыбыстарды дұрыс айтады.

Тапсырма
Берілген сөздерді мұқият тыңдаңыз. Сөздегі әр дыбыстың дауысты немесе
дауыссыз екенін айтыңыз және сәйкес белгіні көтеріңіз.

ТҮЛКІ

ҚАРБЫЗ

КІТАП

- ДАУЫСТЫ ДЫБЫС
- ДАУЫССЫЗ ДЫБЫС

Дескриптор:

36

Білім алушы
- дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтайды;
- дыбыстарды дұрыс атайды;
-дауысты дыбыстарды сәйкес белгімен көрсетеді;
- дауыссыз дыбыстарды сәйкес белгімен көрсетеді.

Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес
дұрыс айту»
Оқу мақсаты:

1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін
түсіну.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Білу және түсіну
Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды.
 Дыбыстың сөз мағынасын өзгертуге
қатыстылығын түсіндіреді.
.

Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Жасырын сөздерді тауып айтыңыз. Сөздердің
мағынасын өзгертіп тұрған дыбыстарды атаңыз.

Маған да, саған да,
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын.
Оңға оқы, солға оқы
Өзгермейді еш одан.
Бәріне де ең жақын
Айтады, қане, кім атын?

Дескриптор:

Білім алушы
- туыстық атауларды білдіретін сөздерді дұрыс айтады;
- өзгерген дыбыстарды анықтайды және атайды.

37

Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес
дұрыс айту»
Оқу мақсаты:

1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және
сөздегі буын санын анықтау.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Білу және түсіну
Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Сөзді буынға бөледі және сызбамен көрсетеді.
 Сөздегі буын санын анықтайды.

Тапсырма
Заттардың атауын буынға бөліп айтыңыз. Буынды сызбамен көрсетіңіз.
Сөзде неше буын бар? Буынның санын цифрмен жазыңыз.

Дескриптор:

38

Білім алушы
- заттың атауын буынға бөліп айтады;
- сөзді буынға бөлу сызбасын көрсетеді;
- сөздегі буын санын анықтап, жазады.

Бөлім «Оқылым»
Бөлімше 2.1 «Оқу түрлерін қолдану»
Оқу мақсаты:

1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Сөздерді сызбалармен сәйкестендіреді.
 Сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды.

1-тапсырма
Берілген суреттерді атаңыз. Сызбаға сәйкес келетін
суреттерді тауып, белгілеңіз. Сөзді сызба бойынша түсіндіріңіз.

Дескриптор:

Білім алушы
- суреттерді таниды және атайды;
- сызбаға сәйкес суреттерді белгілейді;
- сызба бойынша сөзді түсіндіреді.

2-тапсырма
Суретке мұқият қараңыз.
құрастырыңыз және оқыңыз.

Дескриптор:

Сурет

бойынша

сызбаға

сәйкес

сөйлемдер

Білім алушы
- сурет бойынша сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырады;
- сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды.
39

Бөлімше 2.2 «Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты:

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін
сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.
 Түсініп оқиды.

Тапсырма
Сөздер мен суреттерді байланыстыра отырып, мәтінді дауыстап оқыңыз.

Атай

ә-кел-ді. Тор-ғай-ды

о-тыр-ғыз-ды. Оған

Дескриптор:

40

берді.

ал-ды-на

жемді жеді.

Білім алушы
- сурет пен сөзді дұрыс байланыстырады.
- сөйлемдерді буындап немесе тұтас сөздермен оқиды;

Бөлімше 2.2 «Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты:

1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы
келгенін түсіну.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану
Анализ

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Мәтіннің тақырыбын анықтайды.
 Автордың ойын болжап айтады.

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз.
Сәуленің әжесі бар. Әжесі Сәулеге шәлі тоқып берді. Шәлі жылы.
Ол әдемі және сәнді. Сәуле шәліні басына тартты. Ол қуанды.



Мәтінде не туралы айтылған?

А

В

С



Шәліні кім тоқыды?
А) анасы
В) әпкесі
С) әжесі
D) тәтесі



Шәлі қандай?
А) жылы
В) үлкен
С) ұзын
D) кішкентай
Мәтін арқылы автор не айтқысы келді деп ойлайсыз?



Дескриптор:

D

Білім алушы
-мәтіннің тақырыбын анықтайды;
-мәтіндегі негізгі ақпараттардытабады;
-мәтіннің мазмұнына сүйеніп, автордың ойын
тұспалдайды.

41

Бөлімше 2.4 «Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну»
Оқу мақсаты:

1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы,
мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын
ажырату.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Білу және түсіну
Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Сөздердің лексикалық мағыналарын
ажыратады.
 Мәндес сөздерді анықтайды.
 Қарама-қарсы мағыналы сөздерді табады.

1-тапсырма
Сөздерді оқыңыз және суретпен сәйкестендіріңіз.

Дескриптор:

42

Білім алушы
- сөздердің мағынасын анықтайды;
- мәндес сөздерді табады және суретпен сәйкестендіреді.

2-тапсырма
Берілген сөздерді оқыңыз. Сөздерді суретпен сәйкестендіріңіз. Суретке сүйеніп,
берілген сөзге қарама-қарсы мағыналы сөз жазыңыз.

Дескриптор:

Білім алушы
-сөздерді мағынасына сәйкес суретпен байланыстырып сызады;
-берілген сөзге қарсы мағыналы сөзді жазады.

43

Бөлімше 2.5 «Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу»
Оқу мақсаты:

1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя
білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа
жауап беру (мұғалім көмегімен).

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы
 Мәтіннің иллюстрациясы бойынша сұрақ
қояды.
 Иллюстрация бойынша қойылған сұрақтарға
жауап береді.

Тапсырма
Сурет бойынша жұпта бір-біріңізге сұрақ қ
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!