Материалдар / Компьютерлік ойлау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Компьютерлік ойлау

Материал туралы қысқаша түсінік
Алгоритмдеу және бағдарламалау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2019
905
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі






БЕКІТЕМІН

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

________Искакова Р.Д.

23.04.2017












Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Отбасы бақыты - ол...»











Оқытушы:

Исағалиева З.А.


Өткізілетін топ:

2ЭВТ а-16Б









Жаңаөзен, 2018

Тәбие сағатының мақсаты:

Білімділігі: Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі сауаттылығын арттыру.

Тәрбиелік: Студенттерге ата-ананы сыйлауды, ата-ананың ертеңгі үміті екенін түсіндіру , теріс жолға түсуіне жол бермеу

Дамытушылық: Өз ойын еркін, ашық түрде жеткізуге үйрету

Тәрбие сағатының көрнекілігі: баяндама, слайд, бейнероликтер, интерактивті тақта, психологиялық тест, өсиет сөздер, суреттер.

Жоспар:

  1. Ойға шабуыл

  2. Бүгінгі менің ойым

  3. Психологиялық тест

  4. Сүйіспеншілік сипаты

  5. Қорытынды



Баланың жақсысы – қызық, жаманы күйік

(Абай)


Ата – бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі

(Пушкин)


Кімде – кім ата – анасын разы еткен болса, ол қандай жақсы . Алла тағала оның өмірін ұзартады

(Мың бір хадистен)



Оқушылар ішке кіріп келе жатқанда олардың біріне көк жапырақ, біріне сары жапырақ беріледі.

Жүргізуші: Қадірменді ата – ана, “Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін” деп әлпештеп отырған перзентінің мейірімсіз, қатыгез, жаман бала болғанын кім тілейді дейсіз? Бірақ бүгінгі күні ата – анасын құрметтейтін, олардың алдындағы перзентік парызын орындамайтын, өз айтқанымен жүргісі келетін балалардың бар екені шындық.

Отбасының алтын діңгегі- бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.

Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса, ата-анатың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

Тәрбие – отбасынан басталады” дейтін болсақ, біздің отбасындағы тәрбиеміз, қарым-қатынас мәдениеті қандай? Бүгінгі балаларымыз “махаббат майданында” жүрген қыздар мен жігіттер. Біреуі – біреуді ұнатып қалып жатса, біреуі —  біреуге ұнап жатады. Бір – біріне ұнаған жастың ендігі арманы біз мына өмірде бірге болсақ екен, өмірдің ащысы мен тұщысын бірге көрсек екен деген ой туады, ал ол отбасын құру дейтін болсақ, сол отбасын құруға біздің жастарымыз дайын ба?

Ал ата – ана, ертеңгі үміт күткен балаларымызбен сыйластығымыз, отбасындағы түсініктігі қандай?

Бүгін сіздерді “Отбасы бақыты –ол…” деп аталатын дөңгелек үстелге пікірлесуге шақырамын.


1-бөлім «Ойға шабуыл»

Видеоролик «Бақытты отбасы бейнесі»

Ендігі ойымызды осы тақырып төңірегінде топтастырып, әрі қарай жалғастырайық (оқушыларға да, ата – аналарға да мына ойларды жалғастыру беріледі)

а) отбасы бақыты – ол….

ә) бақыт дегеніміз — …..

б) борыш дегеніміз-…….

в) отбасы бақыты үшін мен…….

г) келешектегі отбасымның бақыты үшін мен……

Ата – ана, оқушы жауабынан соң қорытынды жасалып, “осы отбасы бақытын бұзатын қандай жағдайлар?” деген сұрақ тасталады.

2– бөлім “Бүгінгі менің ойым”

Оқушыларға алдыменен бейнероликтер көрсетіліп, әр бейнероликке қатысты cұрақтар қойылып, оқушының пікірі тыңдалынады.

  • ой, мама, қойызщы осы, сіз оны түсінбейсіз(осы сөздерді есту ата – анаға ауыр емес пе?)

  • отбасы бақыты кімның қолында(ананың, әкенің, балалардың)

  • мұны дұрыс істеген жоқсың, сол үшін анаң ұрсып жатыр. Ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме, дұрыс істемегенің үшін сен кінәлісің бе?

Ата – аналарға берілетін сұрақ:

  • балаңыздың “ой, қойшы мама” деген сөздері сізге ауыр тие ме? Бұл сөздерді жиі естуге тура келе ме?(оқушылар, ата – аналар жауаптары тыңдалады)

Жүргізуші: Сенің кез – келген жақсы ісің үшін алған қуанатын да анаң, кез – келген дұрыс емес ісің үшін ренжитін де анаң. Ана жүрегі енді ғана қауызынан ашылар гүл. Сенің бір ауыз сөзің гүлдей болған ана жүрегін тырнап алуы мүмкін. Ана жүрегі ренішті де, ауруды да, қайғыны да бәрін – бәрін көтереді. Бірақ әрбір тырнаудың ізінен мәңгілікке жара қалып кетеді, осы ұмытпа. Оқушылар, сендерге осы жерде айтылған сөздер тек анаға арналды, яғни әкені ренжітуге болады деген ой тумасын. Анасын сыйлаған бала әкесін де сыйлайды (тақтада жазулы тұрған өсиет сөздер оқылады)

3-бөлім. Психологиялық тест «Сіз қандай ата-анасыз?»

Ата – анаға тест беріледі. Сол тесттің сұрақтарына жауап беру арқылы ата – ана балл жинайды. Сол баллына қарап, бала тәрбиесіне байланысты бағыт – бағдар беріледі.

Балаңызға айтқаныңды істете аласыз ба?

а) Жоқ б) Ия в) Кейде ғана

Балаңыз сіздің айтқаныңды қалай орындайды?(үй шаруасын)

а) өз еркімен б) қорыққанынан в) айтқызбай орындайды

Балаға қатал талап қою бала тәрбиесіне кедергі келтірмейді ме?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

Балаңыз сізді тыңдамаған кезде қолданатын шараңыз қандай?

а) Ұрсасыз б) Ұрасыз в) Түсіндіресіз

Балаңызды әділетсіз жахалап, кінәлаған болсаңыз қателігіңізді мойындап кешірім сұрайсыз ба?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

Балаңызбен пікір алысып, ой бөлісесіз бе?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

Балаңыз ашуланғанда сіз өзіңізді ұстай аласыз ба?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

Баланың күнделікті қажетіне жұмсау үшін берілетін ақша мөлшері оның қалауынша болуы керек деп есептейсіз бе?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

Уақытты балаңызбен бірге өткізу сіз үшін қуаныш па?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

Өзіңіздің алғашқы ойыңыздың қате екенін түсініп, өз шешіміңізді өзгерте аласыз ба?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ


Ата – ана тақтада ілінген таблицаға қарап отырып, өзі жинаған балл арқылы өзін — өзі бағалай алады, ал психолог ата – анаға өзін қалай бағалауы керектігі жөнінде бағыт – бағдар береді.

Ата – ананың өзін — өзі бағалау парағы.

Егер сіз 45 – 50 — ге дейін балл жинасаңыз, сіз бала тәрбиесін дұрыс жолға қойғаныңыз. Егер одан төмен балл жинасаңыз, онда сізге бала тәрбиесінде көбірек ойлануыңызға тура келеді. (пікірлесу соңынан төмен балл жинаған ата – аналарға бала тәрбиесінде бағыт – бағдар берілуі керек, оқушылардың қатысуынсыз)



Реті

А

В

С

1

0

5

3

2

4

0

5

3

0

3

5

4

0

0

5

5

5

3

5

6

5

3

0

7

5

2

0

8

0

2

5

9

5

2

0

10

5

2

0



4-бөлім “Сүйіспеншілік сипаты”

Жүргізуші: Бағана өздеріңіз сыныпқа кіріп келе жатқанда берілген жапырақарды пайдаланар сәт туды. “Отбасының бақыты үшін не керек?” деген сұраққа байланысты ойларыңызды көк жапыраққа, ал отбасын бұзатын жағдайлар туралы пікірлеріңізді сары жапыраққа жазып, ілулі тұрған тақтадағы ағашқа жапсырамыз.

Енді осы ойларымыздың барлығы неге ағашқа жапырақ түрінде жапсырылды, қалай ойлайсыздар… (оқушылардың пікірін тыңдаймыз)

Әрбір отбасы — өрнек жайған ағаш діңгегі. Егер осы сары жапырақтар көп болса, сіздің отбасыңызды қауіп – қатер қорқыныш, бақытсыздық жайлай бастағандығы. Ол мына өздеріңіз жазғандай арақ, айқай, келіспеушілік, әкенің балаға, баланың анасына көңіл бөлмеуі. Ал егер көк жапырақ көп болса, онда сіздің отбасыңызды бақыттың орнағандығы, яғни түсіністік, сыйластық, бір – біріне деген махаббат, адалдық, жүрек жылуы, баласының анаға, ананың балаға жылуы.

Үлкендер бата бергенде көптеп көгер, ұрпақ жай деп жатады, сол сияқты отбасының көктеп – көгеруі үшін, бақыты үшін мына өздеріңіз жазған жақсы ойлардың барлығы керек. Отбасы бақыты ол отбасы мүшесінің барлығына байланысты.

Қорытынды: Күнді қолмен бүркеуге болмайтындай, барлық проблемадан қашып құтылу мүмкін емес. Балаларымызды тек қана компьютермен, қымбат киім алып берумен, күнделікті ақшамен қамамасыз етумен шектелмей, олардың өміріне белсене араласып, проблемасын бірге шешетін кез келді. Қадірменді ата – ана Макаренконың “Біздің балаларымыз – біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие – бұл бақытты қарттық, нашар тәрбие – бұл біздің болашақтағы сорымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар мен бүкіл ел алдындағы кінәміз” – деп айтқандай бақытты қарттық көргіміз келсе, балаларымызды жақсылап тәрбиелейік. Қадірменді оқушы, ата – анаңа ақыл қосар ақылшы екеніңді, қиындығын жеңілдетер көмекшісі екеніңді, яғни ертеңгі күнгі үміті екеніңді ұмітпа. Әрбір отбасы бақыты сол отбасын құрап отырған мүшелердің барлығына тікелей байланысты. Елімізде үлгілі отбасылар көп болсын.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!