Материалдар / Контрафакті-қоғам жауы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Контрафакті-қоғам жауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі күні Қазақстанның нарықтық аймағында және де әлемде контрафактілік өнімдердің көлемі өсіп келе жатыр. Біздің қоғам жалған өнімдердің құрбаны болып отыр. Иә, өнімді сатып алушы өзінің қаржысын үнемдеу мақсатында, өнімнің қымбат емес көшірмесін сатып алғысы келеді, бірақ алаяқтар жалған өнімді түпнұсқа деп алдап, оны өз бағасында сатып жібереді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2018
496
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Контрафакті-қоғам жауыБүгінгі күні Қазақстанның нарықтық аймағында және де әлемде контрафактілік өнімдердің көлемі өсіп келе жатыр. Біздің қоғам жалған өнімдердің құрбаны болып отыр. Иә, өнімді сатып алушы өзінің қаржысын үнемдеу мақсатында, өнімнің қымбат емес көшірмесін сатып алғысы келеді, бірақ алаяқтар жалған өнімді түпнұсқа деп алдап, оны өз бағасында сатып жібереді. Қауіпті және сапасыз өнімдердің Қазақстан нарығында пайда болуы, біріншіден, халықтың өмірі мен денсаулығына зиян келтіреді, екіншіден, мемлекет экономикасына үлкен шығын әкеледі. Мамандардың пікірінше, контрафактілік әрекеттерге көп жағдайда халық күнделікті тұтынатын өнімдер: ойыншықтар, тәтті сулар, киімдер жатады. Әсіресе, тұтынушы секундын ғана жұмсайтын өнімдер жалған болып шығады. Мысалы; дүкен сөрелерінде жалған «момент» желімі тұр, атауы да, өндіруші маркасы да қате жазылған, бірақ оған тұтынушы назар аудармайды. Бұл қымбат емес, жалған тауарлар күнделікті өмірде жиі пайдаланылады. Осылай мән бермегеннен, халық жалған өнімнің құрбаны болуда.Көрші мемлекеттерден заңсыз әкелінген тауардаларда контрафактілік әрекетке жатады. Мамандар тауардың белгісімен бағасына назар аударуға кеңес береді. Әдетте, жалған өнім екі есе арзан болады. Мұндай мүмкіндікті мемлекеттік тендрға қатысып, сапасына емес, пайдасын көздейтін кәсіпкерлер пайдаланады. Құқық қорғаушылар саласының өкілдерінің пікірі бойынша, мемлекет тендрге түсетін өнімдерді бағалық келіссөз негізіне жүргізеді және мұндай жағдайда ең арзан бағаны ұсынған кәсіпкер жеңіске жетеді. Осындай жағдайда өнімнің сапалық қасиеті маңызды болмай қалады.Бұл жәй ғана тұтынатын күнделікті заттар делік, ал адам өміріне зиянын тигізетін жалған препараттар туралы не дейміз? Соңғы жылдары қазақстандық дәріханалар сөрелерінде жалған өнімді дәрілер көбейіп кетті. Жыл сайын әлемде осындай жағдайлардан 700 мыңнан астам адам қайтыс болатыны белгілі болды. Түпнұсқа өнімді жаасушы компания зардап шегеді де, ал контрафактілік әрекет жасаған адам салық төлемейді. Яғни, бұл жерде өндіруші де, тұтынушыда жапа шегеді, ал жалған өнім таратқан адам ұтады.Контрафактілік әрекеттерден бізді кім қорғайды? Бізді мемлекет қорғайды. Бірақ ,әдеттегідей, шағымды халық емес, түпнұсқа өнімді өндіруші компания түсіреді. Қандай болмасын контафактілік әрекет байқаған жағдайда әрбір ҚР азаматы немесе азаматшасы міндетті түрде тиісті заң өкілдеріне шағымданғаны жөн.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!