Материалдар / КӨПТІЛДІЛІК -БІЛІМДІ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

КӨПТІЛДІЛІК -БІЛІМДІ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қай кезеңде болмасын,көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Ежелгі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған көрінеді.Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2021
320
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КӨПТІЛДІЛІК -БІЛІМДІ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ


Қай кезеңде болмасын,көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Ежелгі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған көрінеді.Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, елбасымызН.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», –деген болатын жолдауында.Үш тұғырлы тіл саясатын дұрыс түсінбей, тек қана қазақ тілін қолданайық деп даурыға берудің қажеті жоқ. Одан да біз мемлекеттік тілді дамытып, орыс тілі мен ағылшын тілін қажетіне қарай үйренуіміз керек. Бүгінгі күні ағылшын тілімектепке дейінгі білім беру мекемелер, орта білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен жоғарғы оқу орындарында оқытылуда.Бұл, өте дұрыс нәрсе. Себебі, бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Қазақ мектебінде оқыған жас қалада тұрғаннан кейін орыс тілін де білетіні айдан анық. Сонымен қатар, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылғаны құптарлық дүние. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер шет елдерде білімін дамытып, тәжірибесін молайтуда.«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі –еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек»,–деген болатын. Мейлінше, көп тілді меңгеру қажет, дегенмен өз ана тілімізді ешқашан ұмытпағанымыз жөн.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Үш тілді меңгеру –біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қазақстанды әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек», -деген болатын. Ендеше, Қазақстанның білім беру жүйесінде үштілді оқыту мәселелерінің көтерулі заман талабынан туындап отыр.

224«Үштұғырлы тіл» ұлттық жобасы қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі факторы болып саналады. Алайда еліміздегі негізгі үш тілді дамытуға басымдық беру –басқа халықтардың тілдерін назардан тыс қалдыру деген сөз емес. Көпұлтты мәдениеттер мен тілдердің сан алуандығы, бұл біздің ұлттық байлығымыз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап –ақ, мемлекет Қазақстандағы халықтардың барлығының мүддесін ескере отырып, либералдық тілдік саясат жүргізді. Соның дәлелі, кез келген этностың өкілі қай тілде білім алатынын, сөйлейтінін шығарма жазатынын ерікті түрде таңдай алады. Біздің қоғамда барлық этностардың мәдениеті мен тілін дамытудың бірегей формуласы жасалып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді жетік меңгеріп оқып –үйренуге барлық жағынан жағдай жасалған. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген басқа ұлт өкілдерін материалдық жағынан ынталандыру да дұрыс жолға қойылған. Сондықтан көптеген қазақстандықтар төл тіліміз қазақ тілін білуді –патриоттық борышым деп санайды.Елбасымыз Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ,орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет» -деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі. Көптілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қортып, туған халқына өнеге болып, өзге жұртпен бәсекеде ырықты орынды иелеп, сан мәдениетті санасына салып сараптай алса, онда ол өз өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері қақ.Көптілді білім беру дегеніміз -оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Тілдерді дамыту –еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Ертеден бері көптілділікті адамзат дамуының маңызды бағыты ретінде қарастырылса, ал қазіргі кезде бір ғана тілді білетін мемлекетті көзге елестету заман талабына сай емес. Бір ғана ұлттан тұратын өркениетті мемлекет шынында жоқ деп айтуға болады.Көпұлтты мемлекеттің қажетті деңгейде әрекет етуі үшін екі тілді немесе көптілді қалыптастыру өте маңызды мәселе. Көптілділік –көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі. Көп тілді меңгерген адам өмірдің әр түрлі жағдайларында адаммен сұхбаттаса отырып, түсініп, еркін әңгімелесе алады.Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “Тілдердің үштұғырлығы” мәдени жобасын жүзеге асыруды ұсына отырып, қазақ елін әлемдегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де, білікті ел ретінде танытуымыз қажет екенін және мемлекеттік тіл –қазақ тілі, ұлтаралық қарым-қатынас тілі–орыс тілі мен жаһандық экономикаға табысты кірігу тілі –ағылшын тілі болуы тиіс екенін ерекше атаған болатын.Қазақстандағы үш тұғырлы тіл саясаты –бұл елімізді, оның әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған тұтас тұжырымдама. Іс жүзінде тілдердің үштұғырлылығы идеясы бәсекеге қабілетті Қазақстанның ұлттық идеологиясының бір бөлшегі болып табылады. Мемлекет әрбір қазақстандық үшін үш тілді білу –әркімнің жеке дамуының міндетті шарты екендігін әрдайым есте ұстауы қажет. Қазіргі кездегікөптілділік мәселесі –Қазақстан елі үшін ғана емес, бүкіл әлем елдерінің алдында тұрған мәселелердің бірі. Өйткені, қазіргі жаһандандыру заманында тілдерді білуді талап етеді.Қазіргі таңда мектепте пәндерді көптілде оқыту мәселесі маңызды болып, оқыту жүйесінде келесі ұстанымдар қалыптасып отыр:мемлекеттік тіл –орыс тілі –ағылшын тілі;тілдерді оқыту, үйрету ана тіліне сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс;шетел тіліне оқыту оқытылатын тілде ойлауға, ойын сол тілде ауызша да, жазбаша да жеткізе алуға бағытталуы тиіс.

Көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үнемі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына септігін тигізетін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді.Осы орайда үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту қажет. Көптілді білім берудің қажеттілігін түйсіну Еуроодақтың тіл саясатының қарым –қатынас дағдыларын қалыптастырып, болашақ кәсіби салада тиісті лингвистикалық біліктілікті қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарында, ішінара шет тілінде оқуды қошеметтейтін қағидаларынан да қолдау тапты. Көптілді білім берудің қазіргі кезде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балаларға, жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға, колледж және жоғарғы оқу орындарының студенттеріне және педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктілігін арттыру институттарында үштұғырлы тілдер бойынша оқыту жүзеге асуда. «Өзге тілдің бәрін біл –өз тіліңді құрметте деп Абай Құнанбаев айтып өткендей. Бүгінгі жас ұрпақтың, жастардың, мұғалімдердің деңгейін жетілдіріп отыру Елбасы жүктеген тапсырмаларды жүзеге асырудың бірден -бір дәлелі деуге болады. Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады. «Тегінде адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерімен» озады деген ұлы ақын Абай сөзі қай заманда да өз мәнін жойған емес. Сондықтан, білім беру жүйесін дамыту басты бағыт болып саналады.Көптілді оқыту -жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін меңгеруіне жол ашатын, әлемнің көптеген ғылым құпяларына үңіліп, өз қабілетімен мүмкіндігін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.Әр адамның рухани -адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін қазіргі кезде жан -жақты болу қажет.Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға ақпараттық-технологиялық, ғылыми, медициналық, оқу-әдістемелік т.б. салаларда жаңалықтарды, әлемдік ілгері тәжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар қажет. Жас өскіннің өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап -тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру -бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты.Бұл мақсаттың орындалуы үшін оқыту мазмұнының жаңартылуы, әдіс -тәсілдің озығы өмірге келуі, ол тәсілдер әрбір оқушының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтын болып ұйымдастырылуы қажет.Көптілділік заман талабына айналып отырған кезеңде ана тілімізді ардақтай отырып, өзге тілдерді білгеніміз әлемдік мәдениетке, өркениетке, білім кеңестігіне еркін кірігіп, болашақта алдыңғы қатардағы бәсекелестікке қабілетті дамыған елдердің қатарына жетіп, жаһандану үрдісінде өмірдің барлық жағынан бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіншілігімізді арттырады.Қай уақыттада мемлекеттік тілдің мәртебесі әрдайым биік болуы керек.Жаңаша білім берудеоқытушыларға қойылатын талаптар көптілді білім беру -әлем бірлестігінің жағдайында бәсекеге түсе алатын көптілді тұлғаны дамыту. Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр.Көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру, Қазақстан мәртебесі әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Ол үшін оқушылардың халықаралық жобаларға қатысу деңгейін кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі болашағы биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой -пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.



Қолданылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы».–Астана:-2000.

2. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!