Материалдар / Көркем әдебиет: "«Менің Президентім»"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Көркем әдебиет: "«Менің Президентім»"

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2018
564
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Құлыншақ» ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 30.11.2016ж.Білім беру саласы: КоммуникацияҰйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиетТақырыбы: «Менің Президентім»Мақсаты: Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.Қолданылатын көрнекі құралдар: Елбасы суреттері,  әнұран.
Оқу қызметініңкезеңдеріТәрбиешініңіс-әрекетіБалалардыңіс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:Отаным менің кең - байтақ,Жайнаған сансыз қаласы,Ел - Отан біздің кең - байтақ,Отанның біздер баласы.- Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз қызықты өтпекші, себебі бүгін мереке, бүгін - Президент күні. Оқу қызметінде біз үш топқа бөлініп отырамыз.

Шаттық шеңберіне тұрып қимылмен орындайды.Үш топқа бөлініп отырады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік



- Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы: «Менің Президентім!»Оқу қызметін бастамас бұрын Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайында деректі фильм көріп жіберейік.Тосын сәт: Слайдтан ғаламшардан келген Томпақ көрінеді.Томпақ: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен ғаламшардан келдім. Менің атым - Томпақ. Мен сендердің елдерің туралы білгім келеді.Тәрбиеші:- Сәлеметсіз бе, Томпақ! Келгеніңіз қандай жақсы болды, бүгін бізде мереке, біздің еліміздің – президент күні.Балалар назары теледидарға аудару.









Балалар таңдана қарайды.










Томпақ:- Мерекелеріңіз құтты болсын!Тәрбиеші:- Балалар, Томпаққа өз еліміз туралы айтпас бұрын өз тобымыз туралы айтып өтейік.Томпақ біздің балалар үш топқа бөлінген олар Астана тобы, Алматы тобы, Ақтау тобы. Олай болса балалар өз топтарыңды таныстырып өтіңдер.Томпақ:- Жарайсыңдар, балалар, Қазақстанның қалаларын біледі екенсіңдер, енді менің сендерге қояр сұрақтарым бар.- Балалар, Отаныңыз қалай аталады?- Елбасымыз туралы не білесіңдер? Елбасымыз туралы тақпақтар айтайық.1 - топ. «Астана»тобы.- Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы. Астана қаласындаБәйтерек, «Думан» ойынсауық орталығы бар. 2- топ. «Алматы» тобы.- Алматы – Қазақстанның әдемі қалаларының бірі. Алматы қаласындаМедеу мұз айдыны, Көктөбе ойын-сауық кешені, апорт алмасы бар. 3 - топ. «Ақтау» тобы.- Ақтау - Қазақстанның ең әдемі, жас қаласы. Ондаи Каспий теңізі бар.- Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.- Н. Ә. Назарбаев Алматы облысында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқыған, ұшқыш болуды армандаған. Бақтыбек:Елбасымыз жолдайды,Халқы оны қолдайды.Ешқашанда орынсыз,Шешімдері болмайды.Кәусар: Елбасы елді қорғайды,Халық қамын ойлайды.Осындай жақсы адамның,Жақсылығы тарайды. Ернұр:Тәуелсіздікті елге сыйлады,Бейбітшілікті қалады,Орындалып - арманы,Халқымызда - ажарлыОсының бәрі - әрине,Елбасының – арқасы.

















Тәрбиеші: Балалар сендер Томпақтың сұрақтарына жауап бердіңдер, енді мен сұрақ қойып көрейін.Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 1992 жылы маусым айында бекітілді. Тудың авторы: Ш. Ниязбеков.- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді, авторы: Мәлібаев және Уәлиханов.- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранның әнін жазған кім? Сөзін жазғандар кім? Тәрбиеші:- Жарайсыңдар, балалар, шаршап қалған болармыз, сергіту сәтімен бір сергіп алайық. Сергіту сәті:Балалар әуенмен бір серігіп алайық, шаршаған боларсыңдар.- Көрдің бе, Томпақ, біздің балалар өз елінің елбасы, рәміздері жайлы барлығын біледі.- Енді балалар, қазақтың салт - дәстүрі бойынша келген қонақты құр жібермейік, Томпаққа өз қолымызбен естелік жасап берейік.«Астана» тобы – Пирамиданың суретін жапсыру.«Алматы» тобы – Апорт алмасының суретін жапсыру. «Ақтау» тобы – Теңіздің суретін жапсыру.Томпақ:- Рахмет, сіздерге балалар, мен қатты қуанып тұрмын сіздердің берген сыйлықтарыңды мен өз ғаламшарыма алып кетемін. Сау болыңыздар!Тәрбиеші:Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт - Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі - еліміздің тұңғыш президенті - Н. Ә. Назарбаевтың арқасында!Бүгінгі президент күніне арналған оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз.



- Қазақстан Республикасының рәміздері: ту, елтаңба, әнұран.







-Шәмші Қалдаяқов. -Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Сергіту сәтін жасайды.









Жапсыру тәсілі арқылы балалар жұмыс жасайды.





Балалар Томпақпен қоштасады.
Рефлексиялық-түзетушілік-Балалар, бүгін қандай мерекені атап өттік? - Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді?- Томпақ бізге риза болды ма?- Томпаққа сыйлыққа не беріп жібердік?Балалар сұрақтарға жауап береді.- Президентін күнін атап өттік.-Томпақ келді.



-Ия риза болды.-Қолымыздан жасалған суреттер бердік.


Күтілетін нәтиже:Біледі: Қазақстан Республикасының президентін таниды, өмірімен танысады.Игереді: Рәміздер туралы түсініктері бар.Меңгереді:  Жапсыру әдістерін білді.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!