Материалдар / Көркем еңбек пәнінен ашық сабақ 4-сынып "Киіз үйдің ішкі көрінісі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Көркем еңбек пәнінен ашық сабақ 4-сынып "Киіз үйдің ішкі көрінісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге тәжірибе алмасу үшін керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2019
14070
64 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Көркем еңбек

Мектеп: №12

Күні: 07.11.2019Ж

Мұғалімнің аты-жөні: Қосниязова Т.А.

Сынып: 4 «А» сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 Табиғатпен жасалған сәндік өрнектер(ою-өрнек) мен формаларды анықтау және тану, оларды өз жұмыстарында интерпретациялау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Отандық және әлемдік мәдениеттің түрлі өнер туындыларының ерекшеліктерін түсіндіре алады.

Көптеген оқушылар: Шығармашылық жұмыстарын орындай алады.

Кейбір оқушылар: Жасаған жұмысын қорғайды.

Бағалау критерийлері

  • Отандық және әлемдік мәдениеттің түрлі өнер туындыларының ерекшеліктерін түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминдер Диалогқа/ жазуға пайдалы сөз тіркестер қатары

Онда келесілер қарастырылған:

табиғат, пейзаж, дала, таулар, көлдер;

халық биінің ерекшелігі;

өрнек, ою, костюм, қамзол, шапан,

тақия, қолданбалы өнер;

үлгі, гуашь техникасының әдістері.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, музыка, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім


Алдыңғы сыныптарда оқушылар түрлі техникада орындалған жұмыстарында идея, жасау, дайындау, модельдеу, талдау және бағалау бойынша дағдыларын дамытты.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Шаттық шеңбері

Гүл өсірсең терлеп,

Бұның аты-еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Бұның аты-еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек. –Ия ,адамның жеке тұлға ретінде дамуына себепкер болатын қызмет -еңбек.Еңбектенген адамнан өнер туады.

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Сен білесің бе?


Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.







Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты бастау

-Халқымыздың салт-дәстүрлері туралы не білеміз?

Киіз үй туралы шағын видеоролик көрсету.

Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады.Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді.Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады.Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады.Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.







Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.

1.Қауіпсіздік ережесімен таныстыру

2. Практикалық жұмыс

1 –қатар. * Киіз үйдің макетін дайындау;

2-қатар. * Шаблондар көмегімен сырмақ құрастыру;

3- қатар. * Оқулықтан ою түрлерін салу;

Жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру,жасаған жұмыстарын бағалау

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Еркін микрофон» кері байланыс.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!