Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Көркем еңбек сабағында 5 сынып оқушыларына стилизациялау әдісін үйрету және композициялық ой өрістерін дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада композиция курсының теориялық және практикалық мәселелері көрсетілген.Көркем еңбек сабағы бойынша мектепте оқыту жұмысында жеке пән әдістемесі- педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұстай отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, көркемдік идеяларын түсінуге мүмкіндік береді, яғни оқушылардың ойын, қиялын дамытуға, өз бетімен шығармашылық тұрғыда ізденіс жасауға қаратырылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кульбаева Индира Ерлановна

«Бейнелеу өнері және сызу» 4 курс студенті

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Ғылыми жұмыс жетекшісі: Бейнелеу өнері, сызу және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Сугуралиева Гульсайра Курмашевна



«Көркем еңбек сабағында 5 сынып оқушыларына стилизациялау әдісін үйрету және композициялық ой өрістерін дамыту»

Түйін. Мақалада композиция курсының теориялық және практикалық мәселелері көрсетілген.Көркем еңбек сабағы бойынша мектепте оқыту жұмысында жеке пән әдістемесі- педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұстай отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, көркемдік идеяларын түсінуге мүмкіндік береді, яғни оқушылардың ойын, қиялын дамытуға, өз бетімен шығармашылық тұрғыда ізденіс жасауға қаратырылған.

Түйінді сөздер:көркем еңбек сабағы,оқушылар,стилизация,композиция.

Резюме: В статье представлены теоретические и практические вопросы курса композиции. Методология отдельных дисциплин при обучении искусству в школе - основы педагогической дидактики, позволяет учащимся развить познавательные способности, понять художественные идеи, то есть развить у учащихся мышление, воображение, самостоятельный творческий поиск сосредоточены на создании.

Ключевые слова: изобразительное искусство, ученики, стилизация, композиция.

Summary.The article presents the theoretical and practical issues of the composition course. Individual subject methodology in the work of teaching art at school, focusing on the basics of pedagogical didactics, allows students to develop cognitive abilities, understand artistic ideas, that is, to develop students' thinking, imagination, independent creative search.

Keywords: art work, students, stylization, composition.

Кіріспе

Қазақ халқы бейнелеу өнерінің мәдениеттанулық негіздерін, рәміздік ерекшеліктерін зерттеудің өзектілігі бірнеше мәдени факторлармен және Қазақстан Республикасында қабылданған мәдени даму бағдарламасымен үндес өтіп жатқан үрдістермен айқындалады.Қазіргі уақытта бейнелеу өнерін оның мәдениеттанулық негізін дұрыс көрсете танып біліп,өнер түрлерін жинақтап,зерделі зерттеудің маңызы артып,жастарды сол ұлттық салт-дәстүрдің негізінде тәрбиелеудің қажеттігі өсіп отыр.Сондай қажеттіліктің бірі-бейнелеу өнері сауаттылығы,соның ішінде натюрморт жанры.Оның үстінде бейнелеу өнерінің өзінің бай тарихи,терең мәдениеттанулық,философиялық мазмұны,өзіндік ұлттық сан-қилы ерекшеліктерімен қымбат,әрі құнды.

Мәселе:Бейнелеу өнерін мектепте оқыту жұмысында жеке пән әдістемесі- педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұстай отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, көркемдік идеяларын түсінуге мүмкіндік тууы тиіс, яғни оқушылардың ойын, қиялын дамытуға, өз бетімен шығармашылық тұрғыда ізденіп жаңа білімді меңгеруіне ықпал жасауы керек.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері:Тақырыптық сурет сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының композициялық іскерліктерін қалыптастыру,стилизация ұғымымен таныстыру шарттарын тәжірибе жүзінде тексеру және теориялық негіздеу.

Таңдалып алынған тақырыптың өзектілігіне және оны зерттеу қажеттілікері мен зерттеу деңгейлеріне осы жұмыста басты мақсатына айқындау мүмкіндігі туады [1]. Осы мақсатты орындау жолында зерттеушінің алдында бірнеше міндетер туындайды.

-Оқушыларға натюрморт салуды үйрету,оны оқушылар арасында ұлттық көзқарастарына қалыптастырудың көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау.Осы мақсатқа сәйкес орындалатын міндеттер белгіленеді.

Олар

1. Көркем еңбек сабағында оның сауаттылығана үйрету.

2. Стилизациялық натюрмортты салуды үйрету

3. Оқушылардың дерексіз ойлауды дамыту

Зерттеу объектісі: Стилизация әдісін уйрену,натюрмортты құрастыруду үйрету.Көркем еңбек сабағында жаңа техникамен жұмыс жасау, түстік үйлесімділікке көңіл бөле отырып сюжет құруға, ізденіс жұмыстар мен эскиздер дайындау әдістерін үйретіп, бағыт-бағдар беру.

Зерттеу пәні:Тақырыптық сурет сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының композициялық қабілеттерін қалыптастыру.

Зерттеу ғылыми болжамы:Егер,оқушыларды композиция құрастыруға үйрету тәсілдері анықталса,онда оқушыларды композиция құрастыруға үйрету ұтымдылығы артады;ал бұл болса,композицияны орындауды жаңа шығармашылық сапалық көрсеткіштерге көтерілетін болады.

Ғылыми жаңалық:Көркем еңбек сабағында оқушыға меңгерткелі отырған білім,білік пен дағдының нәтижелі болуы оның көркемдеп қабылдай алуына байланысты екендігін дәлелдеу;ол үшін арнайы дидактикалық жұмыс жүргізудің керектігіне көз жеткізу және сол жұмыстардың жүйесін жасау,оның теориялық, педагогикалық негізін айқындап және ұтымды жолдармен тәрбиелік бағытын көрсету.

Тәжірибелік маңыздылық: Тәжірибелік маңыздылығы сәндік кескіндеме құралдарымен стильдеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әзірленген ұсынымдарды кіші мектеп оқушыларын оқыту практикасында қолдану мүмкіндігін көздейді.

Жалпы айтқанда, бейнелеу өнерінің өткеніне зер салып, қазіргі таңдағы көрінісіне талдау жасасақ және оның болашағына көз жүгіртер болсақ, осы бейнелеу өнерінде қалыптасқан өзіміз білетін классикалық пікір мен қазақтың дәстүрлі шығармашылығы және осы шығармашылық негізінде пайда болған дәстүрлі халық өнері туындыларының өзіндік табиғатын, бейнелеу өнері мен дәстүрлі өнер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, олардың өзара әсерлері мен жүйелі даму заңдылықтарын ескеруіміз керек. Ол үшін біз, бір жағынан, бейнелеу өнерінің бір аймағын қамтитын заңдылықтарға назар аударамыз. Оның реализм шеңберіндегі көріністері мен даму тарихында орын алған көркемдік, стильдік, жалпы халықтық сипаттағы бет-бейнесін анықтап алуға тиіспіз [3/55].

Қорытынды

Оқушыларға көркемдік білім беру олардың өнерге деген қабілетін арттыруда,оларға сауатты сурет салуды меңгертуді, оқушылардың қоршаған ортаның өмір шындығына деген эстетикалық қатынасын,көркем дүниетаным қалыптастыруды көздейді.Көркем еңбек өнерін оқыту теориялықбілім беру әр жанрымен таныстыру,натюрморт дегеніміз не,стилизациямен таныстыру. Сәндік-қолданбалы өнер тұлғаның үйлесімді даму факторларының бірі болып табылады. Сауатты, әдістемелік дұрыс жоспарланған сабақ қойылған мақсаттар мен міндеттерді толық жүзеге асыруға, оқушыларды қызықтыруға және оларды белсенді шығармашылық қызметке бағыттауға мүмкіндік береді;

Бітіру біліктілік жұмысында сәндік кескіндеме құралдарымен үйірме сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының стильдеу дағдыларын қалыптастыру технологиясы мен ұйымдастыру-педагогикалық жағдайын анықтау бойынша өзекті ғылыми-педагогикалық проблема қойылып, шешілді. Теориялық және Эксперименталды зерттеу, қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу нәтижесінде келесі тұжырымдар тұжырымдалған: мектеп оқушыларының құндылық қарым-қатынасы құрылымындағы сәндік кескіндеме құралдарымен үйірме сабақтарындағы стилизация дағдыларын қалыптастыру жеке және қоғамдық құндылықты білдіреді.

Тәжірибе жұмыс істеу барысында бейнелеу қызметін бірнеше түрге бөлуге болады.Әр сабақ қуаныш пен шаттықа,эстетикалық ляззатқа толы,қызықты да әсерлі болуға тиіс әрбір оқушының жеке көзқарасына,дүниетанымына тікелей әсер ету керек.Сонда ғана оқушылар зерделі түрде білім алады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ:

  1. Б.Әлмұхамбетов, Ж.Балкенов « Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері»

  2. Бишняков А.Б., Базарбаева Д.Т., Мухаметжанов Д.А., Ли К.В., Копбасынова Р.Т. Қазақстанның ХХ ғ. бейнелеу өнері. – Алматы: «Рауан». 1996.

  3. Қазақ мәдениетіндегі заманауи бейнелеу өнерінің ерекшеліктері. Динара Жанабаева – Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым Министрлігі Ғылым Комитеті Философия, саясаттану жəне дінтану институты (Алматы)(55 бет).










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2020
562
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12