Материалдар / Көру қабілеті бұзылған балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Көру қабілеті бұзылған балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге келуі шын мәнінде отбасын психологиялық өзгерістерге алып келеді. Денсаулығында ақауы бар баланың отбасында алғашқы күннен бастап ата-анасының ұнжырғасы түсіп, күйзеліске тап болады. Ата-аналарының қоршаған ортамен қарым-қатынасы үзіледі, қатынас аясы тек туыстары, дәрігер, мұғалімдермен ғана шектеледі. Баланың мінез-құлқы, тәртібіндегі өзгерістер ата-ананың күткеніндей, ойындағындай болмай, ата-анаға қайғы мен мазасыздық жағдайын әкеледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
1044
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға

арналған арнаулы мектеп-интернаты

әлеуметтік педагог Н.А.Калиев




Көру қабілеті бұзылған балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу.


Адамның ең маңызды игілігі – жеке басының бостандығы мен құқықтары болып табылады. бұл құқықтар мен бостандықты қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері конституциялық-құқықтық жарықтарда және адам құқығы туралы халықаралық құжаттарда белгіленген. Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге келуі шын мәнінде отбасын психологиялық өзгерістерге алып келеді. Денсаулығында ақауы бар баланың отбасында алғашқы күннен бастап ата-анасының ұнжырғасы түсіп, күйзеліске тап болады. Ата-аналарының қоршаған ортамен қарым-қатынасы үзіледі, қатынас аясы тек туыстары, дәрігер, мұғалімдермен ғана шектеледі. Баланың мінез-құлқы, тәртібіндегі өзгерістер ата-ананың күткеніндей, ойындағындай болмай, ата-анаға қайғы мен мазасыздық жағдайын әкеледі. Сол себепті отбасындағы өзара қарым-қатынастар бұзылады, әрі қиындыққа тіреледі. Тіпті кей жағдайда отбасының бұзылуына (ажырасуға дейін) әкеледі. Сондықтан мұндай балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға тек педагогтардың ғана емес, арнайы мамандардың да көмегі қажет. 
Тәрбиелеу барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай алуға, өзін - өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Мұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы түсіністікті қажет етеді және оларды болашаққа сенімді көзқараспен қарауға тәрбиелеудің мәні зор. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жанұяда тәрбиелеудің бір -біріне қарама - қарсы екі түрі кездеседі. Олардың бір түрі «шектетілгендер», яғни ата-анасы баланың жан-жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді, бірақ оның ішкі әлеміне үңіліп рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде баланы жазалайды. Бұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі, ата - аналарының сүйіспеншілігіне, махаббатына лайық емеспіз деп ойлайды. Олардың көңіл - күйі түсіп, өз-өзіне сенімсіздік пайда болады. Осыдан келіп балалардың тіл дамуында, танымдық қызметінің қалыптасуында, тәрбиесінде әр түрлі кемшіліктер пайда болып, өмірге көзқарасы төмендеп, білім деңгейі тежеледі. Екінші бір жағдай баланы шектен тыс қамқорлыққа алу, мұндай ата-аналар бала алдындағы «кінәсін» сезініп оны тым бос ұстап, еркелетеді. Кез- келген өтінішін орындауға тырысады. Мұндай ортада өскен бала бұйығы келеді. Өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі.  Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.

Әлеуметтік педагог – білім беру мекемесінің қызметкері, ол барлық институттардың өкілдері (педагог, психолог, дәрігер, әлеуметтік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еңбек ұжымы және ата-аналар) және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста болады. Әлеуметтік педагог іс-әрекетінің негізгі мақсаты төмендегідей болып табылады:

-  бала тұлғасының дамуы (дене, әлеуметтік, рухани және ақыл-ойының дамуы) үшін жағымды жағдай жасау;

-  баланың әлеуметтік бейімделуінде кешенді көмек көрсету;

-  өмірлік кеңістікте баланы қорғау;

-  мектеп бітіруші түлектердің кәсіби бағдарлануы мен кейінгі өмірінің бейімделуіне көмек көрсету.

Көру қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық түзелуіне, медициналық оңалтуға бала тағдырына жауапты ұстаздар, дәрігерлер бірлесіп ата-анамен тығыз байланыста жұмыс атқарғанда ғана, олар өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жол ашылады. Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің қатарына бала тұлғасын толық қалыптастыру, танымдық әрекеттерінің дамуы, оларды қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде ортаға қосу болып табылады. Диагностикалық болжау жұмысының барысында әлеуметтік педагог мектеп психологімен бірлесе отырып, балалардың тұлғалық және жас ерекшеліктерін зерттеп, баланың жеке және әлеуметтік дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тұлға дамуының түзету кешенді жоспарын әзірлейді.

Көру қабілеті бұзылған балаларды оңалту және түзете білім беру мен әлеуметтік-мәдени бағыттың мәні ол әлеуметтік, ұлттық, мәдени және басқа да кедергілер оқыту процесін қиындатқан жағдайда көмек көрсету ретінде көрініс табады. Функционалды-ұйымдастырушылық бағытты іске асыру процесінде әлеуметтік педагог бір жағынан, оқушылар мен мектеп әкімшілігі арасында, екінші жағынан, сабақтан тыс жағдайда тәрбиешілер арасында байланыстырушы қызметін атқарады. Тұлға аралық қарым-қатынас дағдылары және оқушылар мен мектепке әсер ететін көптеген әлеуметтік факторларды үйлестіре отырып, әлеуметтік педагог ұжымда туындайтын кикілжіңдерді реттеп, оқушылардың әртүрлі жас ерекшелік топтарымен  болатын жағымсыз жағдайлардың алдын алу шараларын ұйымдастырады..

Әлеуметтік педагог көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыс жүргізу арқылы балалардың әлеуметтік-эмоционалдық, дене жағдайы, ақыл-ой дамуымен байланысты күрделі мәселелерді шешуге және балалардың сәтті түрде әлеуметтенуіне мүмкіндік бере отырып, оларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Әрине, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізу барысында шешімін таппаған мәселер жеткілікті. Соның алдын алу жолдарын анықтау үшін тәжірибе алмасу жұмыстары жүзеге асырылуы керек. Егер оқу тәрбие үрдісінде мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттеп, талдай алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі туады. Тек осы жағдайда ғана әлеуметтік педагогикалық үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын, білімді, мәдениетті, еңбекқор жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкін болар еді. Бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін мүмкіншілігі шектеулі балалардың психологиясын терең, жетік меңгеру керек. 

Қазіргі кезде әлі де болса ата-аналардың балаларының денсаулығына дұрыс көңіл бөлмейтіндігі байқалады. Оған мысал ретінде: Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатына келген балалардың дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеуі немесе офтальмолог дәрігерлерден тексерістен өтпеуі себебінен, көру қабілеттерінің нашарлап кеткеннен киін ғана аталған мектепке келуінен байқалды. Нашар көретін балалар кейбір тұйықтықпен сипатталатын мінез-құлықпен ерекшеленеді. Бұл жетіспеушілік көру кемістігі салдарынан ойында, оқуда, құрдастарымен қарым-қатынаста болатын қиындықтармен түсіндіріледі. Көздері нашар көретін балалардың ата-аналарына осындай жағдайлардың алдын-алу мақсатында жалпы білім беретін мектептерде мұғалімдер түсініктемелер жүргізуі қажет.

Көру қабілеті бұзылған балалардың әлеуметтік бейімдеудегі, тәрбиелеудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата- аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!