Материалдар / Көшеде сақ бол!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Көшеде сақ бол!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың көшеде жүру ережесін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Бағдаршам мен белгілермен таныстыру, зейіндікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2019
800
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Байдыллаева Зоя Эсенбаевна

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,

15 орта мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі





Тақырыбы: Көшеде сақ бол!

Мақсаты:оқушылардың көшеде жүру ережесін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Бағдаршам мен белгілермен таныстыру, зейіндікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бағдаршам макеті,көшеде жүру ережесі, суреттер,шарлар (қызыл, жасыл, сары)

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап әдісі

Сабақтың түрі: ойын түрінде

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі

ІІ Жұмбақ

Үш көзі бар: қызыл, жасыл, сары

Біреуін ашса,

Екеуі ұйықтап тұрады. Бұл не?

Оқушылар: Бағдаршам.

Мұғалім: Бүгінгі біздің ертеңгіліктің тақырыбы «Көшеде сақ бол!». Кәне, бәріміз көшеде қалай жүру керек екенін есімізге түсірейік, ал оқушылар, сендер құлақ салып тыңдаңдар. Біріншіден, біз көзімізді жұмып, қаланы елестетейік /көздерін жұмып ашады/ , қаланың суретін көрсетемін.

Мұғалім: Қалада әртүрлі көп машина бар. Көшеден өту үшін жол ережесін қатаң сақтау керек. Кім маған мына бағдаршамның ережесін айтып береді?

Оқушылар: Қызыл шамы жанса, ол жолаушыларға тоқта деп айтады, осы уақытта машиналар жүреді. Ал сары шамы жанса, ол дайындал деп хабарлайды. Жасыл шам жанса, ол жолаушыларға жолыңды жалғастыра бер дейді. Осы уақытта машиналар бір орында тұрады.

Мұғалім: Яғни, қызыл шам – тоқта.

Сары шам – дайындал,

Жасыл шам – жүр.

Топпен жұмыс.

Әр топқа сұрақтар беріледі. сол сұрақтарға дұрыс жауап беру.
1 сұрақ: Бағдаршам дегеніміз не? Оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
Жауап: Бағдаршам - механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзі аспап. Ол жол бойын реттеуге адам өміріне апаттан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз.
2 сұрақ: Жолдағы қозғалыс бағдаршамның басқа қандай белгілермен реттеледі?
Жауап: Арнайы бағанаға орнатылған жасыл - қызыл түсті, «жүріңіз, тұрыңыз» дегенді білдіретін адам кейпінде көрнекі белгілермен реттеледі.
3 сұрақ. Жүргіншілерге қай жолмен жүру керек?
Жауап. Жиек жолмен жүреміз.
4 сұрақ. Жиек жол болмағанда ше?
Жауап: Жер асты жолымен.
5 сұрақ Жолдың қай жағынан жүру керек?
Жауап: Жолдың он жағынан жүру керек.
6 сұрақ. Ата - аналарға барғанда қоғамдық көлікке қай жерден отырасыз?
Жауап: Аялдамадан отырамыз.

Бағдаршам ойыны:

Барлық оқушы билеп жүреді. қызыл жанғанда тоқтап қалады. Жасыл жанғанда билеп жүреді. Сары жанғанда 1 аяғын көтеріп тұра қалады. Шартты бұзғандар ойыннан шығып қалады.

Мұғалім: Жақсы! Ал, қазір сендердің қалай ұққандарыңды біз қызықты ойындар арқылы білеміз.

Сапар шексек, сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай
Автобуспен жүреміз
2. Көліктерге мінеміз
Күнде тынбай жүреміз
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз


Қорытынды.

Жолда жүру ережесі туралы ережелерді еске түсіреміз.
1. Сен көшеге шықтың. Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жасамау үшін әуелі сол жағыңа, содан кейін оң жағыңа қара.
2. Мектепке барар жолды, не көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең қауіпсіз жолды таңдап ал.
3. Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! Тек тротуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.
4. Тар тротуармен келе жатқаныңда алдыңнан қарсы келе жатқан үлкен кісіге жол бер!
5. Көшеде келе жатып қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең күте тұр.
Қай көше, қалаға қарай барсаңыз да
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға – дей отыра бүгінгі «К
өшеде сақ бол!» атты сынып сағатымыз осымен аяқталды аман - есен жүрулеріңізге тілектеспіз.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!