Материалдар

Сайт бөлімдері
×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Коучинг сабақ

Автор:Каиров Женис Сыздыкович
Бағыты: Барлық пәндер
Бөлімі: Тренерлерге
Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2019-04-26

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Мектеп тренерлеріне

Сабақ жоспары
1-күн: 13.12.20161-сабақ
Тақырыбы:Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.

Мақсаты:Мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне талдау жасайды және ынтымақтастықта оқыту туралы қорытынды шығарады.
Оқу нәтижесі:Мұғалімдер топта формалды және сапалы түрде жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құрады және оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу керектігі жөнінде негіздеме айтады.
Түйінді идеялар:Мұғалімдердің бір-бірімен бірлескен жұмысының бірінші сабағын ұйымдастыру сапасы оқудың бұдан әрі қалай жүретініне түбегейлі әсер етеді. Осыған байланысты жұмысты сергіту сәтінен (разминка) бастап, тренерлер сабақтарында қолданатын оқыту мен оқу тәсілдерінің негізінде тиісті модельді құру арқылы шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне мысалдар келтірген маңызды. ЭЫДҰ есептері мен білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы елдердің нәтижелері негізінде әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында оқушыларға қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру. Мектептерге олардың оқушыларын табысты жұмыс істеуге дайындау және өмірлік жағдайларда олардың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін инновациялық кәсіби дағдылар мен білімдерді ұсыну.
Сабақ барысы:
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Постер, «Мамандық иелері», «ББҮ», Білім ағашы
Қолданылатын ресурстарФлипчарт, маркерлер, бейнежазбалар, тақта, стикерлер, ноутбук
1-сабақ
  • Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу
  • Сабаққа қатысатын адамдардың психологиялық ахуалын олардың мазасыздануының сипаты мен табиғатын анықтау. Тыңдаушылардың мазасыздығын басуға болатын әдістер мен тәсілдерді іздеу және шығармашылық жұмыс үшін қажетті атмосфера құру.
  • Ұйымдастыру және психологиялық жағымды орта туғызу. /5 минут/
  • «Атына сәйкес сын есім» әдісі шеңберге тұрып, есімдерінің бірінші әрпі бойынша сын есімдер айтады. Өзіне дейінгі әріптестерінің сөзін қайталайды.
  • Топқа бөлу. /5минут/

  • «Мамандық иелері» мамандықтарға байланысты топқа бөлінеді. (Ине, жіп, мата, қайшы, тігін машинасы. Журнал, қалам, дәптер, күнделік. Дәрі, аурухана, науқас, жедел жәрдем)
  • Тренинг барысында жұмыс ережелерін топ ішінде құру. /10 минут/Білу
  • Тайм-кипер, көшбасшы, спикер, хатшы, бақылаушы сайлаңыздар.
  • Топ ішінде жұмыс ережелерін әзірлеу: «Топ ережесін құру» (Постерге жазу, тақтаға ілу) Әрбір бөлімдерге дауыс беру арқылы ережені қабылдау.


  • Топ мүшелері арасында рөлдерді бөлу. Алгоритм құрастыру. /18 минут/Түсіну
    (Тайм-кипер, көшбасшы, спикер, хатшы, бақылаушы)
  • Қалай ойлайсыздар, араларыңызда рөлдерді не үшін бөлдім? Сіздердің ойларыңызша сабақта топтық жұмыс кезінде оқушылар арасында рөлдерді бөлу пайдалы бола ма?


  • І-тапсырма: Топтық жұмысты қалай түсінесіз?
  • ІІ-тапсырма: Топтық жұмыстың маңыздылығы неде?


  • Презентацияны көру. /15 минут/ҚолдануТапсырмаға постер құрастыру:
  • І-тапсырма: Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке дара жұмыстың артықшылығы мен кемшіліктері?


  • Сергіту сәті. /2-минут/
  • «Көңілді күн» би жаттығуы.
  • Топпен жұмыс (видео үзінді). /15-минут/ТалдауБейне жазба бойынша түсінік беру.
    Топтық жұмыс ұғымына ассоциация жазу. /10 минут/Жинақтау«Топтық жұмыстың тиімділігі» видео үзінді.«Түсінікті доңғалақ» тәсілі. оптық жұмыс тіркесіне эссе жазу, содан соң кезекпен оқу).
    Бағалау. /5минут/Өзара карточкамен бағалау.

    Рефлексия. /5 минут/Стикерлерге өздерінің көңіл-күйлерін тілектерін жазады.






















































































    50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

    Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.