Материалдар / Коучинг-сабақ жоспары "Диалогтік оқытудың маңызы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Коучинг-сабақ жоспары "Диалогтік оқытудың маңызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме коучинг-сабақ өткізу арқылы диалогтік оқытудың маңызын ашып,сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізуге ықпал етуді, сыныптағы барлық оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретінін көрсететін дәлелдемелер беруде алдыма мақсат қойдым. Сабағымның нәтижесінде мұғалімдер оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.Сыныптағы диалогтік әдістер бағаланады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Наурыз 2018
647
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Коучинг-сабақ жоспары «Н.Бозжанов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ ІІ деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталушы Бастауыш сынып мұғалімі Султанова Г.А.

Сабақ тақырыбы: Диалогтік оқытудың маңызы
Мақсаты: Диалогтік оқытудың маңызын ашу, мұғалімдерге сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізуге ықпал ету. Сыныптағы барлық оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер беру.
Сілтеме:Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 98-102 бет
Оқу нәтижесі: Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады. Білім алу тәжірибесіне диалогті әдістер енгізіледі.Сыныптағы диалогтік әдістер бағаланады.Диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.
Негізгі идея Мұғалімдер қолданысындағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.
Сабақта қолданылатын материалдар:Интербелсенді тақта, бейнероликтер,стикер, маркер, А4 парақтары









Сабақ барысындағы коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І. Жағымды психологиялық ахуал туғызу 3 минКоучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті


Психологиялық ахуал орнату (сергіту- тренинг) Таңдап алған кеспе парақшалардағы жеміс, көкөніс, тұрмыстық заттарға байланысты қасындағы досына теңеу, тілектер айтады)
Топқа бөлінуді ұйымдастыру3 минТопқа бөліну (жеміс, көкөніс, тұрмыстық заттардың суреттермен). Топтық жұмыс туралы қысқаша нұсқау беремін.Топтық ереже шығару.Әр топтың шығарған ережелерін тыңдап қабылдап,«Алтын ереже» шығарады тақтаға ілінеді. Қатысушы мұғалімдер 3 топқа бөлініп, орындарына жайғасады.
«Диалог» тренингі. 5 минҮш жағдайда бір-бірімен әңгіме айтып көруді ұсыну. Тренингтің соңында қай жағдайда әңгімелескен ыңғайлы екенін айту.

Бірінші жағдай бір-біріне теріс қарап тұрып әңгімелесу, екінші жағдай бірі төмен, екіншісі жоғарыдан, үшінші жағдай бетпе бет.
Коучинг тақырыбымен таныстыру 3 мин

Слайд арқылы коучинг сессия тақырыбымен таныстыруМұғалімдер ой түйіндейді
Тапсырма №1Жеке жұмыс5 минКарточкамен жұмыс «Сыныптағы диалогтік тәсіл мен ағымдағы тәжірибеге көзқарас»Мұғалімдер кестені толтырып, жауап береді.
Тапсырма №2топтық жұмыс7 мин

Сыныптағы әңгімеСыныптағы әңгімелесуде қандай кедергілер бар, оны шешу жолдары қандай?Топтар ақылдаса постер жасайды.

Теориялық бөлімтаныстырылым 7 мин

Выгодский, Мерсер Литлтон тіл туралы презентация арқылы таныстырылым жасайды.Көрсетілім негізінде ой түйіндейді.Жаңа материалды тыңдайды.
Тапсырма №3топтық жұмыс5 мин

Сіздердің ойларыңызша, белсенді сынып және белсенді емес сынып қандай болады? Топтарда ақылдаса отырып постер қорғайды.
Сергіту сәті3 мин«Сағат арқылы достар». Тренинг мазмұнын түсіндіреді.Сағат арқылы достарына тілектер айтады.
Тапсырма №4Бейнероликнегізінде дәлелдеу10 мин

Александер (2008) Мерсер зерттеген әңгіменің үш түрі:
  • әңгіме;
  • кумулятивтік;
  • зерттеушілік;
  • Топтарға әңгіменің үш түріне байланысты бейнероликтер көрсетеді.
    Бейнероликті көргеннен кейін, әңгіменің қай түріне жататынын айтып, дәлелдейді.А4 қағазда топтардың алдыларында әңгіменің үш түрі жатады.
    VІ. Қорытындылау7 мин Ақылдың 6 қалпағы «Диалогтік оқыту әдісі тиімді ме?»

    Топтар алған қалпақтарының түсіне қара ой қорытады.
    VІII. Рефлексия«Бес саусақ»(5 мин)Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін кері байланысты бес саусаққа жазу ұсынылады.

    Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын бес саусаққа жазып тапсырады.





    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!