Материалдар / Критериалды бағалау жүйесінің бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалаудағы тиімділігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Критериалды бағалау жүйесінің бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалаудағы тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Критериалды бағалау жүйесінің бастауыш сынып мұғалімдеріне тиімділігі өте зор. Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім және еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ұстаздар қауымының басты міндеті болып табылады.Білімнің іргетасы бастауышта қаланады сондықтан, жаңартылған білім бағдарламасы бойынша критериалды бағалауды әрбәр сабағымызда пайдалана білсек, жеке жұмыстар жүргізу арқылы оқушының білім дәрежесі мен ой-өрісін әрі қарай дамытып бәсекеге қабілетті саналы ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімізді қоса білеміз деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
713
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Байгараева Галия КуатбековнаБастауыш сынып мұғаліміДонда Сенбин атындағы орта мектебіЖамбыл облысы Сарысу ауданы

Критериалды бағалау жүйесінің бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалаудағы тиімділігі Егеменді елімізді өркениетті әлемге танытатын сонымен қатар дамыған елдердің қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Яғни, келер ұрпақты білімді ету үшін білім сапасын арттыруымыз қажет. Білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы белгіленеді. Бағалау дегеніміз - оқушының түсіну деңгейін қадағалау. Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. [ МАН, 70 бет]  Бастауыш сынып оқушыларының пәндерді меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Критериалды бағалау оқыту, оқу және де бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады. Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Ал жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу бөлімін оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы немесе орындаушы болып келген, ал қазіргі оқушының өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамыту яғни, білімге және оқуға деген сенімін нығайту, зерттеушілік қабілеттерін арттырып, оқуға деген қызығушылығын ынтасын арттыру болып табылады. Критериалды бағалау әдісі арқылы оқушының ең алдымен қызығушылығын оята аламыз, белсенділігін арттырамыз, өз ойын ашық айтуға үйретеміз және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырамыз. Сонымен қатар әртүрлі бағалау әдістері арқылы өзін-өзі бағалайды. Мұндағы бағалаудың артықшылығы мұғалім сынып оқушыларын түгел бағалай алады. Ағылшын ғалымдарының зерттеу бойынша бағалаудың 4 аспектісі болады:
  • Тиімді түрде сұрақ қою
  • Оқушыларға критерийлерді таныстыру
  • Өзара және өзін-өзі бағалау
  • Кері байланыс
Осы аспектілер бойынша сабақтарымда қалыптастырушы бағалау жүргізіп отырамын.





Мысалы, дүниетану пәнінен «Менің отбасым» тақырыбын өткенде мына тапсырманы алдымАғаштағы бос орындарға отбасы мүшелерінің фотосын желімде немесе суретін сал және атауын жаз.

Математика пәнінен «Шамалар және өлшем бірліктері» тақырыбын өткенде төмендегі тапсырманы жұпта орындаттым:Шамаларды өлшеу құралдарымен сәйкестендіріңдер



сантиметр литр

минут

килограмм





Оқушылар жұмыстарын жұпта талқылай алады, дескриптор бойынша өздерінің баллдарын есептеп бағалай алады. Критериалды бағалау-оқушы бойындағы үрейленуді басады және де оқушы бойында өзін өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік  қабілетінің дамуына ықпал етеді. Мұндай бағалау кезінде оқушы өзін басқа оқушымен салыстырмай өзінің мүмкіндігін бағалап, жетістікке жету жолдарын іздейді және жетістікке жету жолын табуға әректтенеді. Бағалау парағы арқылы ата-аналармен де байланыс орнатылады. Бұл жерде ата-ана да баласының жетістіктері және олқылықтарын көріп, оны жоюға жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар бағалау критерилерімен де танысып, хабардар болады. Оқушыны сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын мүмкіндігінше жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Ол үшін мүғалім оқудың әдіс-тәсілдері, формалары талаптарға лайық болуын, ақпараттық технологияны  өз іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастырылуын қадағалап отыруы қажет.





Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі
  • Алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
  • Анық, айқындылығы;
  • Бағаның әділдігі;
  • Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі;
Мен бастауыш сыныпқа сабақ беру барысында формативті бағалаудың келесі түрлерін қолданып отырамын:-Жеке бағалау парағы;- Қол шапалақтау немесе мадақтау- Стикерге бағалау- 2 жұлдыз, 1 тілек- "Блоб ағашы" арқылы бағалау- Өзін - өзі бағалау- Жұпта бірін -бірі бағалау- Топта бірін - бірі бағалау- "Бағдаршам" белгісі арқылы бағалау- Мадақтау сэндгвичі» арқылы бағалау т.б Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, сонымен қатар оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді, сондықтан бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [55,107- б] Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесеауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанныңартында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар менстандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік,сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатыстықұндылықтар жатады (Александер, 2001).Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
  • заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім және еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
  • жеке жұмыстар жүргізу арқылыоқушының білім дәрежесі мен ой-өрісін әрі қарай дамытады;
  • оқушылардың білім сапасын да арттырады;
  • оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік бере алатын бірден-бір бағалау жолы;
  • тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге және бағытқа жеткізетін шығармашыл бағалау жүйесі
Білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc жасайтын және бәcекеге қабілетті де, құзіретті тұлға тәрбиелеу.

Қорыта айтқанда А.Байтұрсынов ағамыз былай деген екен: «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы...» демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі - ұстаз. Сол себептен де бағалаудың түрлерін тиімді пайдаланып, оқушыларды терең біліммен қаруландырып отырсақ, онда болашақта мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары деңгейге көтерілетініне және тәуелсіз еліміздің болашағы баянды болатынына сенімім мол. Пайдаланған әдебиеттер тізімі:1.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» 55, 107-б2.«Мұғалімдерге арналған нұсқаулық», І деңгей3.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» , 70-бет4.Ғаламтор материалдары

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!