Материалдар / "Күн шуағым- отбасым"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Күн шуағым- отбасым"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Күн шуағым- отбасым"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Маусым 2018
874
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты:1. Ата - анаға деген құрмет, сыйластық деген ұғымдарды балалардың санасына жеткізіп, қалыптастыру. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.2. Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін ұғындыру, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалардың бойына дарыту. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойларын тұжырымдап, дәлелді сөйлей білуге үйрету.3. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Интерактивті тақтадан слайдтар, нақыл сөздер.Барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.- Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.1-СЛАЙД Барлығы:Күн жарығын алақанға саламын,Жүрегіме басып ұстай аламын.Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,Болып кетер сонда дереу жан - жағым.- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сынып сағатымызды бастаймыз.

ІІ. Негізгі бөлім2-СЛАЙД (Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыпқа сай кіріспе сөз сөйлеу). Мұғалім: Қымбатты ата - ана, ұстаздар! Біздің борышымыз сіздерді құрметтеу.Алдымен сүй, ардақты ата - анаңды,Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.Бар жақсылық балаға бұл ғаламдаМейірімінен ананың жасалады.Жырақ жүрген ата - анасын сағынғанАта - анаға сәлем айтқан ән - жырдан.Екеуінің қуанышы, тілегіӘрқашан да бір арнадан табылған - дей келебүгінгі «Отбасым - күншуағым» атты ашық сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер 3-СЛАЙД ( Тақырыбы) 4-СЛАЙД - Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы бәрімізге таныс әрі ыстық.Сұрақ: - Отбасы деген не? - Отбасы мүшелері деп кімдерді айтамыз? (Оқушылардың жауабы)- Отбасы тату болу үшін ең бастысы сыйластық, бір - біріне деген құрмет болу керек екен. Ата - ананың, аға - әпкеміздің ақылын тыңдап, кішіге қамқор болуымыз керек.

5-СЛАЙД . Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай:Отбасы – отанымыздың ошағы.Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. 

6-СЛАЙДҚазақстанда "Отбасы күні" ресми түрде тойланатын болды.ҚР Президенті Жарлығымен бұл мереке қыркүйек айының екінші жексенбісі күні тойланатын болды.Отбасы туралы өмірде талай дана, талай ақын - жазушыларымыз айтып өткен болатын. Ендеше, "Ұлылардан қалған ұлы сөздерге" құлақ түрейік.7-СЛАЙД "Ұлылардан қалған ұлы сөздер"1 - оқушы. Мұхаммед Пайғамбар:"Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"2 - оқушы. Кемал Кеніш:"Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, асқар тауы, ақылшы тірегі - әке, өзіңсің"3 - оқушы. Дулат Бабатайұлы:"Ата - ана ақылы - қазылған қара кенмен тең"4 - оқушы. Махмұд Қашқари:" Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер"5 - оқушы. Қадыр Мырза әли: "Қазақ әйелі - бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі".6- оқушы: Ғабит Мусірепов: "Ана - бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан".7- оқушы: Ғабиден Мұстафин: "Балаға сіңірген ата - ананың еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол - өле - өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын махаббат".

Мұғалім:- Ал енді аналарымызға арнап ән шашуын шашайық! Хор «Ән: Ә.Бейсеуов- Ақ мамам »( сынып оқушылары)Ақ мамам1.Ел жатқанда жатпағанМен деп тыным таппағанБақыты үшін баланыңАман-сау жүр ақ мамам

Қайырмасы:Күлімдеген көзіңненКүн мейірімі сезілгенБұл жалғанда балағаЖақын жан жоқ өзіңнен

2.Көрсетемін күллі елдіЖарық етем түндердіӨсіріп мен сыйлаймынЖұрт көрмеген гүлдерді

8-СЛАЙД8- оқушы: - Ұл - қыз ата - анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата - ананың ұл - қызы болып өседі.9- оқушы: - Ата - ананы сыйлау - сәби шағында олар өзіңді қалай бағып - қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялау керек.10- оқушы: - Ата - ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.11- оқушы: - Ата - анасын ұмытқан бала - опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.12- оқушы: - Ата - ананың қадірін білмеген - халық қадірін білмейді.13- оқушы: - Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңыздар, ол - қорлық.14- оқушы - Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата - анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас - туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке - тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана - жарық дүниеге әкелушің.9-СЛАЙД. Отбасы туралы көптеген мақал-мәтелдер бар. Сол мақалдарды біз қаншалықты білетінімізді тексеріп көрейік. Алдымен ата – аналарға тапсырмаМақалды аяқтауБаланың бас ұстазы – …. ( ата-анасы).Әдепті бала ата - анасын мақтатар… (әдепсіз бала ата - анасын қақсатар).Ана сүтін ақтамағанды ... (ешкім мақтамайды).Әкесін сыйламаған кісіні, ... (Баласы сыйламайды).Қарағайға қарап тал өсер… (қатарына қарап бала өсер).Әке көрген- оқ жонар,... (Шеше көрген – тон пішер)."Бала тегіне тартады" дейді қазақ халқы. Сіз мұны қалай түсінесіз?

10-СЛАЙД. Ал енді балаларға кезек берейік:Жығылып жатып…(сүрінгенге күлме).Күлме досыңа…(келер басыңа). Әдепті бала арлы бала…(әдепсіз бала сорлы бала).Ауру қалса да… (әдет қалмайды).Ұяда нені көрсең … (ұшқанда соны ілесің).11-СЛАЙД . Бүгін бізге әкелеріміз де келіп отыр. Алдымен өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер. Әкеге сұрақ:- Балаңыздың туған күнін, айын, жылын білесіздер ме?12-СЛАЙД Ойын « Ананың алақаны»(Көзді байлап өз баласын көптің ішінен табу)13-47 –СЛАЙДТАР «Мен ата - анаммен мақтанамын!»атты слайдтар мен фотосуреттер

48-СЛАЙД Мұғалім :- Балалар, біреу есік қағып тұр ғой. Қарап келейін.- Мәссаған, балалар бізге біреу қорап тастап кетіпті. Ашып қарайықшы. Мына қорапта хат жазылыпты. Оқып көрейік.Хатта:«Құрметті балалар, мен сиқыршымын. Сендерге сиқырлы қорап жібердім. Сиқырлы қорапта жұмбақтар бар. Сол жұмбақтарды шешіп, сол жұмбақтың жауабына сай тақпақ айтсаңдар, белсене қатыссаңдар, сиқырлы қораптан сиқырлы сыйлықтар пайда болады» деп жазылыпты.- Балалар, сендер сиқыршының кім екенін білесіңдер ме?- Иә, олар барлық тілектерді орындайтындар.- Олай болса, сиқырлы қораптағы жұмбақтарды шешеміз бе?- Иә, шешіп көрейік.1-жұмбақ:Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін Ақ сақалды кісіні кім дейміз? (АТА)1-ші бала: АтаАйтады ертек жан атам,Ақ сақалын салалап.Құмарымды тарқатам,Жер мен көкті аралап.

49-СЛАЙД 2 - жұмбақ: Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? (АНА) Мұғалім: - Балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді? Балалар:- Балапаным, аппағым, қозым, ботам, құлыншағым, қарғам...

50-СЛАЙД КӨРІНІС: Не тәтті?Жиренше шешен бір күні жолда келе жатып, алдынан қарсы кездескен бір баладан:
  • Дүниеде не тәтті, балам? – деп сұрайды:
Сонда бала:
  • Бал тәтті, – деген екен.
  • Ал жұмсақта не жұмсақ?
  • Мамық жұмсақ.
Бұл баланың жауабын тыңдап тұрған екінші бала:«Осы сұрақтарыңызға мен жауап беріп көрейін, рұқсат етіңіз, – деп өтінеді.
  • Ал айта ғойшы, балам, не тәтті? – дейді жиренше шешен.
  • Ананың сүті, – деп жауап беріпті бала.
  • Не жұмсақ? – деп сұрағанда.
  • Ананың қолы! – деген екен.
Шешен екінші баланың жауабына риза болып, батасын беріпті.

Аялаған, баптаған,Асыраған сақтаған.Сақтандырып күнде еппен,Айтып бәрін үйреткенАнамызға мың алғыс!3-ші бала: Ерлік еткен біз үшін, Еңбек еткен біз үшін, Еркелеткен біздерді, Еркіндеткен біздерді. Анамызға мың алғыс!51-СЛАЙД 3 - ші жұмбақ:- Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, отбасын қорғаушы, асыраушы, сақтаушы. Ол кім? (ӘКЕ).4-ші бала: ӘкеАтам айтса «Ұлым» деп,Әжем айтар «Күнім» деп,Екеуінен қаймығып,Айтады әкем «Інім» деп.Ықыласы бір менде,Бір шытпайды қабағын.Үйде, түзде жүргенде,Соған ұқсап бағамын.52-СЛАЙД 4 -ші жұмбақ.- Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім? (ӘЖЕ).Мұғалім:- Ал сендердің әжелерің не істей алады? (Балалардың жауабы). - Енді әжелеріңізге арнап өлеңдер айтып берейік.5-ші бала: Әжем – Ақыл бесігі,Мейірімімен тербеткен.Мен де ақылды боламын,Аман-есен ержетсем.

Менің әжемМенің әжем ақ әжем,Ұл мен қыздың бағы әжемЕртегі айтып бер десеңАйтып берер тағы әжем.Менің әжем, гүл әжем.Алтын әжем, күн әжемАпам үшін, мен үшінНағыз ана тілі - әжемМенің әжем, нар әжем,Көп жасаған кәрі әжемАуырғанда,Мен үшінӘр сүйгені дәрі әжем.

53-СЛАЙД Мұғалім: Ал, тағы кім аға, апа, сіңілі, қарындас, іні туралы өлеңдер біледі екен?Атамнан басталар,Әжемнен қосталарОтбасым мынылар:Ең жақын адамдар-Әкем мен анам бар,Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар...Бәрін жақсы көремін,Еркелеймін,еремін!Титтей бөбек кезімнен Әлдилеген емізген,Еркелетіп күлгізген,Алғаш «апа» дегізген.Кішкентайы-мен үшінТағат,байыз таппайтын,Не жемесін, не ішсін,Менсіз тағам татпайтын.Шомылдырып кешкісін,Мен жатпасам,жатпайтын-Анам менің қандай-ды!Жаз келісімен, күн қызып,Машинасын жүргізіп,Барлық көрші баланы Маған қоса мінгізіп,Аралайтын даланы,Қыдыртатын қаланы-Әкем менің қандай-ды!Қарағанда басқаға,Қызықты көп бастайтын.Күнде ертемен бақшағаМені апарып тастайтын.Талай-талай істердеҮлгі болар біздерге Ағам менің қандай-ды! Төрт жас үлкен өзімнен,Оқи,жаза білетін.Мені титтей кезімненОйнатуды сүйетін.Кітабынан кіл қызықӘңгіме оқып беретін-Әпкем менің қандай-ды!

54 –СЛАЙД ( Сызба) Мұғалім:- Балалар, отбасы мүшелеріне ата, әже, әке, ана, сіңілі, қарындас, аға, апа, іні жатады. Отбасының үлкендері – атамыз бен әжеміз. Сондықтанда атамызға, әжемізге еркелейміз. Біз үшін ең қадірлі жандар – әкеміз бен анамыз.55 -СЛАЙД Мұғалім:- Енді балалар, өз отбасыларыңыз туралы айтып берсеңіздер.Ой толғау.Тапсырма: «Өзіңнің отбасың туралы айтып бер»56 -СЛАЙД ІІІ. Қорытынды:- Балалар, біз отбасыларымызды сүйіп, олардың әрқайсысын құрметтеуіміз керек. Өйткені, отбасы – әрқашан қымбатты. Ата-әжелеріміз бізді еркеледі, әке-шешелеріміз біздің өмірімізді қамтамасыз етеді. Біз аға-апаларымызды тыңдап, іні-қарындас, сіңлілерімізге қамқор болуымыз керек. - Балалар, алда қандай мереке келе жатыр? (8 наурыз – аналар мерекесі. )- Ендеше, аналарға арналған сыйлықтарымызды табыс етейік.

Енді барлығымыз бірге «Ата ананы тыңдаймыз » әнін айтайық.Ән: Ата ананы тыңдаймыз1.Әр қашанда тындаймыз,Әке менен ананы.Еңбек етіп шындаймыз,Білім менен сананы.Қайырмасы:Біз тәртіпті баламызАйтқан тілін аламызАман болсын әке мен анамыз.2.Мейірім мен шапағатАнашымнан тарайды.Әділдік пен парасатӘкешімнен арайлы.Қайырмасы3.Ата анамның айтқанынЖанымызда сақтаймыз.Жарқырап тұр әр танымСенімдерін ақтаймыз.Қайырмасы.

Құрметті ата - аналар, оқушылар!Сіздердің отбасыларыңызға сыныбымның атынан тек жақсылық тілеймін!Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпыра берсін, ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатын тәмамдаймын. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін! Келесі кездескенше хош сау болыңыздар!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!