Материалдар / Күз патшалығына саяхат
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Күз патшалығына саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық топтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
250
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ертеңгілік:"Астыққа бай, Алтын күз!

Жүргізуші: 1.Нургазина Ж.К

2.Ауган.К

Кейіпкерлер:

Күз ханшайымы: Сакенова.А

Пияз:Габбасова С.К

Балалар қолдарына жапырақтар ұстап кіреді залға

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін № 1"Айғөлек " ересек логопед тобының балалары дайындаған «Күз патшалығында» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
Тәрбиеші: - Қараңдаршы, бүгін біздің залымыз қандай әдемі болып кеткен.
Қолымызға не ұстап келдік?
- Жапырақтар.
- Осы жапырақтардың түсі қандай?
- Сары, қызыл, қоңыр.

Күз ханшайымы келеді (музыка естіледі, залға Күз ханшайымы кіріп келеді)

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені таныдыңдар ма, мен кіммін?

-Күз ханшайымы!

-Маған қараңдаршы, мен қандай үлкен болып өстім, себебі қазір қандай жыл мезгілі?

-Күз мезгілі.

-балалар, менің осылай үлкен болып өсуіме себеші болған, күн мен жаңбыр.

Ойын «Кім жылдам» (Күз ханшайымы балаларға ойынның шартын түсіндіреді). (жемістер мен көкеністерді жинайды)
Тәрбиеші: Күз ханшайымы ойыныңа рахмет, өте қызықты болды, ал енді сен біздің балалардың білімін байқап көр, балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешіп көріңдер.

Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ. 

Пияз;Сәлеметсіздерме мезгілінің ең пайдалы дәруменмін.Мені көп жеген адам баласы қыс бойы ауырмайды.

Тәрбиеші; Сізге дайындаған тапақтары бар

Нурали: Күзде жауын, бұлт, туман,

Сары жапырақ жауады.

Сары құйын ұйытқан,

Сапырады ауаны.

Рамазан: Соңғы шуақ төгіліп,

Жалқынданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.

Алихан: Сары алтындай сары күз-

Қамбадағы дәніміз.

Шелек- шелек балымыз,

Ағыл- тегіл ағымыз.

Ән: Күзгі әуен

Баязид: Мейірлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ырзамыз.

Аппақ арай таңыңда,

Шомыламыз нұрға біз.

Ислам: Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күзім елжіреп,

Асыр салып жүре бер,

Сары көйлегің желбіреп.

Мустафа: Қыс- құнар береді,

Көктем - дән себеді,

Жаз- бастап, өсірсе

Күз- жинап береді.

Ойын: «Саңырауқұлақтарды жинау»"

Тәрбиеші: Балалардың орындауында көрініс

Дильназ: Қияр менен қызынақ

Жанжалдасып бір күні

Көкөністер арасында

Туғызыпты күңкілді.

Асия: Арамызда достарым

Жасыл түсті боламын

Айтқаным егер болмаса

Жылатып өшті аламын.

Марғұлан : Мағаң да сөз берсейші

Борщ менен жасалар

Адамзатқа пайдалы

Еңбегім бар ақ адал!

Би: Осений вальс

Диас: Мен қиярмын, қиярмын

Мақтанбай қалай тұрармын

Сендерден бұрын мен пісіп

Дастарханда тұрармын

Ахмет : Мен әдемі қызылшамын

Қабыл ал менің сәлемім

Мақтанбай- ақ біледі

Мені барлық әлемің

Алихан : Көп сойлеме сәбіз сен

Тоқтасаңшы азырақ

Мен тұрғанда мақтанба

Бұл мен көкең - қызынақ!

Марғұлан: Алма бақта алмамын

Өтте тәтті бар дәмім

Алтын күздің сыйымын

Дәруменің бірімін.

Тәрбиеші : Тоқтатайық таласты.

Керегі не жанжалдың

Адамзаттқа пайдалы

Бәрің - бәрің қажетсің.

Би" Листопад"

(Музыка ойнайды, күз ханшайымы Наргиз кіріп келеді, өз тағына отырған кезде ханзада Марлен Күз ханшайымына сиқырлы таяқшасын ұсынады.)

Күз ханшайымы

Сюрпризный момент (Музыка ойналады, жаңбыр мен күн күркірейді, екі тәрбиеші қолшатырымен кіріп кұз сыйлығын алып кіреді).

Тәрбиеші: балалар, күз ханшайымы сендерге күзгі дастарханға тәтті саңырауқұлақтар жіберіпті, біз оларды қабыл алып, топтағы дастарханға қоямыз.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, балалар «Күз патшалығында ертеңгілік» атты алтын күз мерекесі осымен аяқталды.



6 « Нұрай» бала бақшасы











Тақырыбы : Астыққа бай, Алтын күз

1 «Айгөлек» ересек логопед тобы



Тәрбиешілер: Ауган.К

Нургазина Ж.К



Көкшетау 2020-2021ж.ж



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!