Материалдар / "Күзгі орманға саяхат"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Күзгі орманға саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Білім беру саласы "Әлеумет" Тақырыбы: "Күзгі орманға саяхат" Балаларды орман тұрғындарының тіршілігімен, күз ерекшелігімен таныса алады және орманда қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсінікке ие болады. Табиғатты сүюді және қамқор болуды түсіне біледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2021
961
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Әлеумет,коммуникация, таным.

Бөлімі: Экология

Тақырыбы: «Күзгі орманға саяхат».

Мақсаты: Балаларды орман тұрғындарының тіршілігімен, күз ерекшелігімен таныса алады және орманда қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсінікке ие болады. Табиғатты сүюді және қамқор болуды түсіне біледі.

Міндеттері. Күз мезгілінің белгілері, орман тұрғындарының күзгі тіршілігі туралы білім алады.ормандағы қауіпсіздік ережелерін сақтай біледі.

2.Сөздік қорларына жаңа сөздер енгізу,сөйлеу, есту қабілеттерін және қоршаған ортаға, орман тұрғындарының тіршілігіне деген қызығушылықтары артады.

3. Қоршаған ортаны қорғауға, мейірімділікке тәрбиеленеді.

Қажетті материалдар: қоянның, тиіннің, кірпінің жұмсақ ойыншықтары, ағаштың көрінісі, шырша.жапырақтармен безендірілген тақта, қоянды сипаттауға арналған текше. «Тиіннің қысқы азығын жина» дидактикалық ойынына қажетті заттар (бүршіктер мен саңырауқұлақтар).Орманда қауіпсіздік ережелерін сақтауға байланысты картинкалар.

Сөздік жұмыстар: ағаш ойығында, үлпілдек, тікенекті,

Қостілділік: күз-осень, қоян-зайка,тиін-белка, кірпі-ежиик, орман-лес.

Барысы.

Балалар музыка залына кіреді.

Шаттық шеңбері.

Біз қандаймыз, қандаймыз.

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз,

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Атқан таңға қарап!

Тәрбиеші: -Балалар, жаңбыр жауып, жел соғады. Егіншілер егіндерін жинайды, құстар жылы жақтарға ұшып кетеді, адамдар жылы киімдерін киеді, жапырақтар сарғайып жерге үзіліп түседі. Айтыңдаршы, бұл жылдың қай мезгілінде болады?.

Балалар: Күзде.

Тәрбиеші: Әрине бұл жылдың күз мезгілінде болады.

-Ия, айналамызға қарап, өлкемізде күз мезгілі екенін байқауымызға болады.

(Тәрбиеші балалардың назарын жерде жатқан үлкен жапыраққа аударады)

Тәрбиеші; -Балалар , мұнда үлкен, ерекше бір жапырақ жатыр, жапыраққа жазу жазып қалдырыпты, оқып көрейік.(күзгі орманға шақырылған хатты оқиды. )


Тәрбиеші: - Балалар, орманға барғыларың келе ме? (Балалардың жауабы)

Тәрбиеші: - Орманға бару үшін қандай көлікке отыруымызға болады? (Балалардың жауаптары - машинамен, автобуспен, пойызбен т.б.)

Тәрбиеші: Ендеше автобуспен барайық және автобусымызды ретке келтірейік.

Саусақ жаттығуы.

Біз орманға бару үшін,

Дөңгелекке жел береміз ш-ш-ш.

Бензин бакті толтырамыз с-с-с

Саяхатқа шығуға,

Дайын болды машина би-би-би.

Тәрбиеші. – Міне атвобусымыз да дайын болды. Енді билеттеріңді алып, орындарыңа жайғасыңдар. (балаларға геометриялық пішіндер белгіленген билеттер таратылып беріледі, соған қарап орындықтарын табады).

Музыкалық әуен орындалады.

Міне, орманға да келіп жеткен сияқтымыз. Билеттеріңді орындарыңа қойыңдар.

Маған жақын келіңдер.

Музыкалық әуен (Күз туралы)

-Сәлеметсізбе , ертегімен таңғажайыптарға толы орман! Балалар расымен де біздер күзгі орманның ғажайыптарға толы екенін сезініп тұрмыз. Қазіргі кезде бұл орманның иесі -күз!. Ал, күз мезгілінде қандай өзгерістер болады, сендер қандай өзгерістерді сездіңдер? (жаңбыр жауады, жел соғады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жақтарға ұшып кетеді, адамдар жылы киімдерін киеді). Тәрбиеші: Жарайсыңдар, дұрыс айттыңдар. Қараңдаршы, жерде не төгіліп жатыр? (жапырақтар) -Олардың түстері қандай? (балалардың жауаптары: түрлі-түсті; қызыл, жасыл, сары) Тәрбиеші: -Ия алуан түстегі жапырақтар орманның сәнін келтіріп тұр. -Балалар орман дегеніміз не? Орманда нелер жасайды?(балалардың жауаптары; жәндіктер, құстар, өсімдіктер, жабайы жануарлар) Тәрбиеші: Ия, орман құстармен аңдардың, жәндіктермен өсімідіктердің мекені, Қараңдаршы , анау биік ағаштың басында не отыр?

-Тиін.

-Тиіннің түсі қандай?

-Тоқсары.

-Тиіннің және қандай дене мүшесін көріп тұрсыңдар?

-Басы, денесі, аяқтары, құйрығы.

-Құйрығы қандай?

-Үлкен.


-Үлкен және үлпілдек. Қане бәріміз бірге айтып көрейікші.

-Үлкен, үлпілдек (балалар тәрбиешімен бірге айтады)

Тиіндер орманды мекен етеді. Бұтақтан-бұтаққа секіріп ойнайды, өздерінің қысқы азығын жинап алады. Тиіндердің ағаштан-ағашқа секіруіне осы әдемі, үлпілдек құйрығы көмектеседі..

-Тиін өзінің інін қайда жасайды?

-Ағаш қуысында.

Тәрбиеші: - Ал, тиін қысқа қалай дайындалады?

(Балалардың жауаптары;ағаш бүршіктерін, жаңғақтар, саңырауқұлақтар жинап кептіреді )

Тәрбиеші (балаларды мақтап, тиінге жаңғақпен саңырауқұлақтарды жинап беруді ұсынады).

-Балалар, тиінге қысқы азық жинауға көмектесейік.

Д/и «Тиінге азығын жинайық»

(жапырақтармен безендірілген тақтаға саңырауқұлақтар мен бүршіктерді қыстырады )

Тәрбиеші: - Тиін үшін қанша саңырауқұлақтар жинадық (көп)

-Бүршіктер қанша? (көп)

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар. Тиін сендерге риза болды. -Балалар, тиін сөзін орыс тілінде қалай айтамыз? -Тиін-белка. Қане енді тиінмен қоштасайық. Саяхатымызды жалғастырайық. (балалар қоштасады.) Тәрбиеші: -Балалар,мына жапырақтар қимылдап жатыр, жапырақтың астында біреу жасырнып тұрған секілді.(Тәрбиеші жапырақтарды ашып, кірпіні көрсетеді) Тәрбиеші; - Ой, балалар қараңдаршы жапырақтың астына кірпі жасырныпты.

-Кірпі қандай ? (кішкентай, тікенекті)

-Ия, кірпі кішкентай және тікенекті, сүйір тұмсығы және төрт аяғы бар екен. Кірпі де жаз бойы орманда шашылып жатқан жапырақтарды, жеміс-жидектерді жинайды. Осы тікенектері кірпіні басқа үлкен аңдардан қорғайды. Түлкі, немесе қасқыр кірпіні жемек болғанда, кірпі басын аяқтарын тікенектерінің астына жасырып, доп секілді домаланып қалады екен.

Сергіту сәті

Кірпі, кірпі, кірпі,

Тікенегі түрпі (қолдарын екі жанына қойып, саусақтарын ашады )

Жапырақтың астымен,(қолдарын төменге түсіреді)

Жапырақтың үстімен.(қолдарын жоғары көтереді)

Орманды кезіп жүреді. (аяқтарын тыпырлатады)

Қауіп төнсе өзіне, көрсе егер түлкіні(түлкінің қимылын жасайды)

Басын ішке бұғады, доп-домалақ болады (бастарын қолдарымен жауып, отыра қалады)



Жарайсындар балалар. Сендердің ойындарың кірпіге ұнаған секілді. Ендеше кірпімен қоштасайық, саяхатымызды жалғастырайық.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Сурет бойынша әңгіме.

Тәрбиеші: -Балалар орманда қандай ережелерді сақтау керек екенін білесіңдер ме? (Тәрбиеші балаларға қауіпсіздік ережелерін бейнелеітін суреттерді тарқатып береді, балалар қолдарындағы картинкаларды пайдаланып жеке-жеке жауап өз ойларын жеткізеді; от жағуға , ағаштарды сындыруға, гүлдерді,

саңырауқұлақтарды жұлуға, аңдармен құстарды үркітуге т.б. болмайды)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар осы ережелерді үнемі естеріңде сақтаңдар.Демек біздерге орманда шулауға болмайды екен. Ережені сақтап саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.Тастрдың үстімен жүріп өтейік.

Тәрбиеші: Міне орманның екінші шетіне келіп жеттік. (Шырша жанына жақындайды) - Балалар мынау қандай ағаш? (Шырша) -Шыршаның жапырағы бар ма?(жоқ, инелері бар) -Шыршаның түсі қандай? -Жасыл

-Ия, шырша жаз мезгілінде де, қыс мезгілінде де жасыл түсте болады.

-Қараңдаршы балалар, шырша түбіндегі ағаштың түбірінде біреу отырған секілді. Бұл не? (қоян) .

-Қоянның жанында өте әдемі текше де бар екен. Мүмкін қоян осы текшеде бейнеленген суреттер арқылы өзі туралы әңгімелеуімізді қалаған шығар?

(Текше. суреттер арқылы қоянды сипаттау)

-Қояны қайда жасайды?(орманда)

-Қоянның жүні қандай? (үлпілдек,жұмсақ)

-Қоянның тұмсығының жанында нелері бар?(мұрттары)

-Қоян не жегенді ұнатады?( сәбіз, қырыққабат)

-Қоянның баласын қалай атаймыз?(көжек).

-Ал енді қоянды орыс тілінде айтыңдаршы.

Қоян-зайка.

Тәр: -Жарайсыңдар балалар. Қоян туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер.Өзі туралы әңгімелеп бергендеріңе қоянда риза болды. Қоянмен да қоштасайық. (балалар қоштасады).

Балалар, біздер орманда ұзақ жүрдік. Енді бабабақшаға қайтатын уақыт болған сияқты.

Ендеше орманмен, орман тұрғындарымен қоштасайық.

-Сау болыңдар орман тұрғындары! Музыка.(балалар автобусқа отырады) Тәрбиеші: Балалар бүгін біз сендермен орманда болдық. - Орманда нелермен кездестік? (балалардың жауаптары; тиін, кірпі, қоян)

-Тиін қайда тұрады екен? (ағаш қуысында)

-Тиіннің ағаштан-ағашқа секіруіне не көмектеседі екен? (құйрығы)


-Кірпі өзінің жауларынан қалай қорғанады екен? (тікенегінің астына жасырнады)

-Қоян туралы не білдіңдер? (орманда жасайды, сәбіз, қырыққабат жиді, жүні жұмсақ т.б.)

Тәр: Жарайсыңдар балалар! Мен сендерге орманнан жинап әкелген түрлі-түсті жапырақтарымды силаймын. Саяхат сендерге ұнады ма? (балалардың жауаптары). Мағанда ұнады.Ендеше өзіміздің жақсы көңіл-күйімізді білдірейікші. (балалар күлімдейді, қонақтармен қоштасады).





Picture 2 Picture 4

Picture 2 Picture 1 Picture 3





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!