Материалдар / «[Л] дыбысын сөзде машықтандыру» жеке сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«[Л] дыбысын сөзде машықтандыру» жеке сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бқл логопедке арналған жеке сабақ, яғни "Л дыбысын сөзде машықтандыру жолдары" көрсетілген. Сабақ "F-70. БЦП,псевдобульбарлы дизартрия, ЖТК – ІІІ деңгейі" диагнозы бар оқушымен жүргізілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
2315
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

№13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен)





Ашық сабақСабақтың тақырыбы:«[Л] дыбысын сөзде машықтандыру»Оқушы: үйден оқитын Пулатов.Р.(псевдобульбарлы дизартрия, ЖТК – ІІІ деңгейі)





Өткізген: логопед Наурузова Н.К.





Талдықорған қ.2017 жыл

Сабақтың тақырыбы: «[Л] дыбысын сөзде машықтандыру»

Мақсаты: «Л» дыбысын сөзде машықтандыруБілімділік:
  • «Л» дыбысының артикуляциясын бекіту;
  • Дыбысты буында, сөзде дұрыс айтуға машықтандыру;
Дамытушылық:
  • Артикуляциялық аппараттың қозғалғыштығын, бұлшық ет тонусын жақсарту және дамыту;
  • Қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
  • Тыныс алуын дамыту;
  • Фонематикалық есту қабілетін дамыту;
  • Психикалық үрдісін дамыту.
Түзетушілік:
  • Сілекей ағуын тоқтату
  • «Л» дыбысын өзбетімен дұрыс айта алуын үйрету.
Көрнекіліктер: айна, зондттар, суретті карточкалар, мақта, спирт, бинт, дыбыстың профилі, кеспе әріптер, массажды доп, үрмелі заттар, суы бар стақанСабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық-педагогикалық дайындық!
  • Сәлеметсіңба Рысберген!
  • Бүгінгі сабақта бізге қонақтар қатысып отыр. Қонақтармен амандаса ғой!
  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Қай ай?
Үй жұмысын сұрау: - Рысберген, үйге артикуляциялық жаттығуларды орындауға бергем, оларды орындадың ба?Дайындық бөлімі
  • Бетті босаңсытуға арналған массаж
-бетті сипалау (жел соқты)-бетті саусақпен тырсылдату (жаңбыр жауды)-бетті саусақтармен айналдыру (боран соқты)
  • Нүктелік массаж. Жақ сүйектері қосылған құлақ астындағы қарама – қарсы нүктелерді тауып сұқ саусақпен нүктені 5 мин. сағат тілімен айналдыру (2,5 минут – ашық ауызбен, 2,5 минут – жабық ауызбен) және 5 минут сағат тіліне қарсы (В.А. Киселева [4]).
  • Логопедиялық массаж.
  • Төменгі жақтың астындағы шұңқырға нүктелік массаж жасау, яғни сұқ саусақпен 4-5сек. Ішінде жеңіл дірілдету қимылдарын жасау (Е.Ф. Архипова [1]).
  • Тілдің астындағы терең жерге екі нүктеге бір уақытта нүктелік массаж жасау. Массаж сұқ және ортаңғы саусақтың көмегімен жасалады. Айналдыру қимылдары сағат тіліне қарсы 6-10сек. ішінде жасалады.
Сурет 2. Тіл астындағы шұңқырға массаж.

3. Зондттармен массаж жасау4. Статикалық, динамикалық мимикалық және артикуляциялық жаттығулар(Е.М. Косинова [5], О.А. Новиковская [7]). - Басты шалқайтып есінеу, шайнау, жұту имитацияларын жасау. (Шайнау мен жұтынуды жабық ауызбен жасалынады)- «Терезе» ауызды ашып, сол жағдайда 3-5сек. ұстау. Ауызды жабу. Жаттығу жасау барысында тіл ауыз қуысында тыныш жатады.- « Мұртшалар». Ерінмен шпательді ұстау.- «Семіз - арық». Бетті біруақытта үрлеу. Бетті ауыз ашық және жабық күйінде ішке тарту.- «Шариктер». Бетті кезекпен үрлеу және ауасын шығару.-«Йогов жаттығуы» - ауыз ашық, бала тілін ауыздың кіреберіс жерінде айналдырады (Сілекейін жұтуын сұрап тұру керек). 4.Тыныс алу жаттығуы «Стақандағы боран» Стақанға су құю. Түтікше арқылы үрлету. Бет үрленбеу керек.

Негізгі кезең1.«Л» дыбысының артикуляциясын қайталау:
  • А дыбысын айта отырып тілдің ұшы жоғарға тістерге тіреліп астыға түседі;
  • А дыбысын айта отырып тілдің ұшы алдыға жүріп тіспен тістеледі, сосоң ауыз қайта ашылады;
  • Ы дыбысын тілдің ұшын тіс арасына қойып айтылады; сосоң ауыз қайта ашылады
2.Буындарда қайталау:Ла, ло, лу,ал, ол, ул, ала, ало, ула, ола.
  • Бүгін біз «Л» дыбысын сөзде айтуға үйренеміз
3.«Менен кейін қайтала» тапсырмасы- Мен саған сөздерді айтамын сен қайталайсың: лақ, лас, мал, шал, қал, тал, сал, нала, дала, бала, қала, жала, тұл. (оқушыға бірнеше рет қайталату және түзеп отыру)4.Суретпен жұмыс «Л» дыбысы бар сөздерді тап»
  • Рысберген, мен саған суреттерді көрсетемін, ал сен маған «Л» дыбысы бар сөздерді бір жаққа жинайсың.
5.«Сөздерді оқы» тапсырмасыжалалаққалаласбалашалдалатал6.«Дыбыстың орнын анықта» тапсырмасы
  • Мен саған сөздерді айтамын, ал сен «Л» дыбысы сөздің қай жерінде тұрғанын анықта.
лабораторияқаламбалыққатал 7. Ұсақ моторикасын дамыту: Суджок терапиясы

Бекіту кезеңі:8.Ойын «Бір сөзбен ата»Сурет бойынша оқушы заттарды бір сөзбен ату керек.9.«Сөз ойлап тап»Оқушы «Л» дыбысына сөз ойлап табу керек.10. Сөз құраБерілген әріптерден сөз құрастыру (бала, қала, қалам).11. Мимика – интонациялық жаттығу«Ла – лала» буындарын қолдану арқылы ұрсып айту, таңқалып айту, мазақтап айту.Сабақты қорытындылау:
  • Бүгін сабақта не істедік?
  • Қандай дыбысты дұрыс айтуға үйрендік?
  • Сабақ саған ұнады ма?
Оқушыны мадақтау және үй жұмысын беру.Үй жұмысы ата – анасына түсіндіріледі

































































Үйде орындалатын жаттығулар.1. Криотерапия. Еріннің контуры бойынша 6 нүктені ескеру арқылы мұзды қою ( 1 суретті қарау). Мұзды ұстау ұзақтығы әр нүктеде 5 сек. 1 мин.
Сурет 1.Ерін аймағында белсенді нүктелердің орналасу сызбасы.
2. Қатты тамақты шайнау. Дизартрик балалардың – ата – аналарына арналған кеңестер:
  • Сәбізді – кеміру, шайнау, жұту.
  • Қатты қалаштарды -кеміру ( Грызём - сухари, баранки, сушки).
3.Тыныс алу жаттығуы «Стақандағы боран» Стақанға су құю. Түтікше арқылы үрлету. Бет үрленбеу керек.
  • Сөздерден сөйлем құру
лақалтыналасағылымаққалаболаталпысалыс





















жала лақ қала лас бала шал дала тал



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!