Материалдар / Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын графикасы арқылы таңбаланған қазақ әліпбиі мен жазуы қазақ елін осы биіктерге бастайтынына кәміл сенеміз
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2021
207
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы

Қазақ  тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Нурбаева Н.К.

Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі  айтылып келеді. Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Сонау сақ дәуірі, түркі дәуірі кезеңіндегі ата-бабалаларымыз өздері ойлап тауып, енгізген, құрастырған алфавиттен басқалары бодандықтың кебімен күштеп енгізілді. Түркі заманынан мұра болып қалған осынау құндылық «руно» жазуы еді. Одан кейін араб шапқыншылығы кезеңінде елімізге араб жазуы (төте жазу) ислам дінімен қатар келді. Латын және кириллицаны Кеңес үкіметі енгізді. Мұндағы мақсат – алфавитке көшу арқылы қазақ халқымызды рухани есеңгіретіп, халықтық болмыс, ұстанымдарынан айырып, мәңгүрт етіп алдарына салып айдап өз дегендерін жүзеге асыру еді.  «Ресей тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, үкіметке онан артық іс болмас» деген Ахмет Байтұрсынұлының 1914 жылы жарық көрген «Қазақ» газетіндегі жанайқайы бекер емес-ті. Кеңес үкіметінің орыстандыру саясаты мақсаты терең, ауқымды қарқынмен жүзеге асырылды.Нәтижесінде, орыс тілі өмірдің көптеген салаларында жалғыз ғана тіл болып, ұлттық тілдерді ығыстырды. Сондықтан кеңес үкіметі құрамындағы қазақ, өзбек сияқты басқа да түркі халықтарының санасында кириллица мәжбүрлеумен және зорлық-зомбылықпен байланыстырылады.  Қазіргі сөз болып жатқан қазақ алфавитінің кириллицадан латын әліпбиіне ауыстыру мәселесін  отарсызданудың бір маңызды қадамы, отарлаушылардың зорлап таңылған алфавитінен арылу, еркіндік алу деп түсінемін.

«Латын алфавитіне көшу — заман талабы» - деп ойлаймын. Себебі әр ұлттың өзіндік бірізділігі, ерекшелігі ең бастысы оның тілімен белгіленеді. Сондықтан тілдің дамуы, өркендеуі қандай болса да этнос үшін өте маңызды. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Себебі латын әліпбиіне көшу арқылы біз психологиямызды, ми қабыршығы астындағы санамызды орыс тіліне деген тәуелділіктен босатамыз деп ойлаймын. Сондықтан мемлекеттік тілдің латын әрпіне көшуі – заман талабы. Бұл мәселені көтеру – Президентіміздің көрегендігін көрсетеді. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» - деген болатын. Ендеше орыс тіліне жалтақтай беріп қарайтынымыз да осы кертарпаның бірі деуге болады. Бұл жолда латиницаға көшу – тиімді әрекет. Ол біздің ұлттық кодымызды сақтап, ұлт ретінде дамуымызға жол ашады.Қазіргі таңда қолданыста жүрген жазу үлгілері аз емес. Солардың ішінде латын әліпбиін дүние жүзі елдерінің көбісі қолданатыны деректерден белгілі. Латын әліпбиі бізге таңсық емес, себебі ол біздің қоғамға әлдеқашан еніп кеткен. Оны еліміздегі кез- келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Ал, «латынның бізге берері не?» дегенде, толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. Мысалы, «Үштұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру бағытында ел бойынша ағылшын тіліне көп назар аударылып келеді. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу дегенді білдіреді. Оған қоса, ағылшынша білсең – әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігің мол. Осы орайда, латын әліпбиіне көшуді шет тілдерін жоғары дәрежеде игерумен байланыстыруға болады. Енді «Не үшін латын әрпіне көшуіміз керек?» деген сауалға жауап іздер болсақ, латын жазуы қазаққа бұрыннан таныс, қолданысқа оңай, игеруге ыңғайлы. Оған қоса, жаратылыстану ғылымдарында да оның қолданыста дәлділігі мен ептілігін дүниежүзінің өмір тәжірибесі дәлелдеді және бұл әліпби ақпараттық- технологиялар саласын дамытуға септігін тигізері сөзсіз. Латын әліпбиін қолдану- озық техника мен компьютер тілін меңгеруге жол ашады дегеннен бөлек, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтеді, шет елде жүрген қандастарымыздың осы жазу арқылы қазақ жеріндегі барлық жаңалықтан хабардар қылады деген де әңгімелер айтылып жүр. Мүмкін, бұл бастама, шынымен, еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолына ашылар есік болар деп ойлаймын.

Латын әліпбиіне кіру- әлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет. Бұл басқасын айтпағанда, түркі халықтарына ортақ әріп. Сонымен қатар, әріп қолданысы қазақ тілінің фонетикасына үйлесімдірек болып табылады. Біз, әлемдік ғылым мен технологияны, экономиканы игеру үшін ағылшын тілін үйреніп келеміз. Латын әліппесі сол тілді игеруге негіз, тиімді алғышарт болары сөзсіз. Халықаралық терминологияны алыңыз, немесе медицина мен басқа ғылымдар тілі көбінесе латынша жазылады. Менің пікірімше, ынтасы бар адамға бұл әріпті үйренудің еш қиындығы жоқ, соның ішінде жоғары білімді немесе шет тілін білетін адамдарға.   Алысқа бармай- ақ қоялық, қазір көп адамдар әлеуметтік желілерде отырады. Сонда отырып- ақ, өзаралатыншажазудыүйрене берсе де болады. Себебі, ондакөбісініңаты- жөндерілатыншаболыпкеледі. Электрондықпошталары да солай.

Менің ойымша, , латын әліпбиіне өтуіміз еліміздің бай мәдениеті мен мұрасымен көптеген шетелдік оқырмандардың терең танысуына жол ашады. Ал, жастар үшін әлем кеңістігі, дамыған елдердің мол жинақталған техникалық, әдеби тағы басқа туындыларын  түп нұсқада оқуға жол ашылады.

Менің ойымызша, латын алфавитін меңгере алу-алмау қорқынышы, қазақ тілін білу деңгейі және көпшіліктің ұлттық санасының орыс тілі, сонымен қоса кириллицаға тәуелділігі мәселесі. Латын алфавиті жайлы Уикипедия: «Неміс, француз, ағылшын, испан, итальян тағы басқа роман және герман тілдерінің жазбаша негізі болып табылатын қазіргі заманғы латын әліпбиі 26 әріптен құралған», деген мәлімет береді. «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес», — жазады Н.Ә. Назарбаев мақаласында. Шынымен, заманауи құралдар: компьютер, ұялы телефон, т.б. нәтижесінде ағылшын тілі әр-қайсымыздың үйімізге кеңінен кіріп жатыр. Сонымен қатар, қазіргі еңбектеніп жатқан 50-60 жас аралығындағы қызметкерлердің көбі кезінде мектепте болсын, ЖОО оқыған шағында ағылшын, француз немесе неміс тілі бойынша қарапайым білім иеленді, сондықтан оларға да латын әріпіне көшуге қиындық туғызбайды.

Өз басым латын әліпбиіне әлдеқашан,сонау тәуелсіздік алған жылдары көшу керек еді деп ойлаймын.Ертерек қолданысқа енгізгенде әріптері ұқсас ағылшын секілді шет тілдерін үйрену, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым-қатынасымыз жеңілдей түсер ме еді бәлкім.Ал қазіргі кезде көшу қиын шығар.Өзіңіз ойлап көріңіз, тұтас әліпби түгілі,бір қала не өкілетті органның(мысалы милицияны полицияға) атауын өзгертудің өзі қанша машақатты,қағазбастылықты, қаражатты талап ететінін. Жалпы латынша жазуға көшуге оң көзқарастамын,бірақ кешігіп қалдық кой деймін. Латын əліпбиіне көшіу  – ол, өз əліпбиімзіге оралу, нақтырақ айтақанда түрік əлеміне, тіліне оралу деп түсінемін, сондықтан   тез арада көшуіміз кажет деген пікірдемін.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!