Лирикалық прозадағы автор және кейіпкер бейнесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Лирикалық прозадағы автор және кейіпкер бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл зерттеу жұмысында лирикалық прозадағы автор мен кейіпкер бейнесінің өзара байланысы мен көркемдік сипаты талданады. Автор мен кейіпкер арасындағы шекараның көмескіленуі, авторлық «меннің» шығарманың құрылымына тікелей араласуы лирикалық прозаның басты ерекшелігі ретінде қарастырылады. Мұнда автор тек баяндаушы емес, сонымен қатар кейіпкердің ішкі дүниесіне, ой-толғанысына ортақтас тұлға ретінде көрінеді. Зерттеу барысында С. Әшімбаевтың прозадағы шындық пен авторлық ұстаным жайлы сын мақалалары, Л. Гинзбургтің лирикалық бастау табиғатына қатысты тұжырымдары мен С. Липиннің прозадағы идеялық және көркемдік тұтастыққа байланысты көзқарастары назарға алынды. Сонымен қатар, Д. Исабековтің прозаның жаңа ғасыр табалдырығындағы даму бағыттарына берген бағасы мен Р. Сыздықованың көркем сөздің құдіреті жөніндегі ғылыми пайымдаулары лирикалық прозаның авторлық болмысы мен кейіпкер бейнесін терең түсінуге мүмкіндік береді. Жұмыста лирикалық прозаның көрнекті үлгілері салыстырмалы түрде қараст
Материалдың қысқаша нұсқасы

Лирикалық прозадағы автор және кейіпкер бейнесі

Амантай Айзада, Қожамова Зарина, Сапар Сәбина

Ғылыми жетекші: Бабашов Азат


Бұл зерттеу жұмысында лирикалық прозадағы автор мен кейіпкер бейнесінің өзара байланысы мен көркемдік сипаты талданады. Автор мен кейіпкер арасындағы шекараның көмескіленуі, авторлық «меннің» шығарманың құрылымына тікелей араласуы лирикалық прозаның басты ерекшелігі ретінде қарастырылады. Мұнда автор тек баяндаушы емес, сонымен қатар кейіпкердің ішкі дүниесіне, ой-толғанысына ортақтас тұлға ретінде көрінеді. Зерттеу барысында С. Әшімбаевтың прозадағы шындық пен авторлық ұстаным жайлы сын мақалалары, Л. Гинзбургтің лирикалық бастау табиғатына қатысты тұжырымдары мен С. Липиннің прозадағы идеялық және көркемдік тұтастыққа байланысты көзқарастары назарға алынды. Сонымен қатар, Д. Исабековтің прозаның жаңа ғасыр табалдырығындағы даму бағыттарына берген бағасы мен Р. Сыздықованың көркем сөздің құдіреті жөніндегі ғылыми пайымдаулары лирикалық прозаның авторлық болмысы мен кейіпкер бейнесін терең түсінуге мүмкіндік береді. Жұмыста лирикалық прозаның көрнекті үлгілері салыстырмалы түрде қарастырылып, авторлық интонация, баяндау тәсілдері мен эмоционалды-философиялық тереңдік тұрғысынан сараптама жүргізіледі. Аннотация лирикалық прозаның табиғатын ашып, оның заманауи әдебиеттегі рөлін айқындауға бағытталған.


Жазушы шығармаларында кездесетін лиризм – адам мен әлемді танудың көркем тәсілі ретінде маңызды орын алады. Ол, ең алдымен, кейіпкердің ішкі дүниесіне терең үңілу, монологтық баяндау арқылы ішкі толғанысты жеткізу, сондай-ақ сезімдік-психологиялық халді айқындайтын пейзаждық суреттемелер арқылы көрініс табады. Лирикалық проза – эпикалық баяндау мен лирикалық толғанысты үйлестіре отырып, өзіндік құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерге ие көркемдік формалардың бірі. Бұл жанрда қаламгердің ішкі рухани болмысы, оның дүниетанымы мен ой-толғаныстары негізгі назарға алынады. Мұнда оқиғаға қатысы жоқ, шеткері детальдар ескерусіз қалады, ал орталықта – кейіпкерді терең сезімге бөлейтін немесе сұхбатқа итермелейтін рухани күй, психологиялық сәт тұрады. Көркем шығармада кейіпкер бейнесі көбіне лирикалық қаһарманның ішкі жан әлемі арқылы ашылады. Ол әлемді эмоциялық қабылдау арқылы танып, өз түйсігі, сезімі мен уайымы арқылы шындықты түсіндіреді. Осы арқылы кейіпкердің рухани табиғаты айқындалады.

Әдебиет сыншысы Сайын Әшімбаев бұл жайында: «Көркем туындыда адамның сыртқы кескін-келбеті мен нақты әрекеті оның жан әлемімен тығыз байланыста болуы шарт. Ішкі дүниесімен сабақтаспаған әрекет – әрекет емес» [1, 45], - деп тұжырымдайды. Лирикалық прозада монологтық баяндау – негізгі әрі әсерлі тәсілдердің бірі. Автордың ойын, сезімін, ішкі тебіренісін жеткізуде бұл тәсіл айрықша мәнге ие. Лирикалық кейіпкердің ішкі әлемі әртүрлі көркемдік құралдармен берілгенімен, монолог арқылы оның рухани тереңдігі ашыла түседі. Жазушы шығармаларындағы лиризм – оның шеберлігін, эстетикалық талғамын, адам жанына бойлай алу қабілетін айғақтайтын маңызды көркемдік сипат. Мұндай туындыларда үнсіздік, ішкі сөйлеу, көңіл-күйге құрылған лирикалық шегіністер, табиғат көрінісімен кейіпкердің жан дүниесін астастыру секілді тәсілдер кеңінен қолданылады. Бұл жағынан алғанда, лирикалық баяндау мен психологизм бір-бірімен тығыз тоғысып, стильдік тұтастықты қамтамасыз етеді. С.А.Липиннің пікірінше, «Лирикалық өнер – әрі романтикалық, әрі реалистік бағытта дамиды. Ол лиризмнің белгілі бір көркемдік әдіске тәуелді емес, психологизм секілді әдебиеттің іргелі қасиеті» - деп атап өтеді [2, 132].

Лирикалық прозада автордың ашық түрде көрінуі баяндауға айрықша жағдай жасап қана қоймайды, сонымен бірге оқырманның да сезімін оятып, әсер қалдырады. Осылайша жазушы мен оқырман арасында ішкі байланыс пайда болады. Мұны көбіне музыка тыңдаған кездегі әсермен салыстырады. Оқырманды осындай күйге ендіру үшін жазушыға қандай шеберліктің қажет болатыны айтпаса да түсінікті. Лирикалық жазушылар оқырмандардың сұранысына бірден жауап беруге тырысады, өзінің құпияларын баяндай отырып, кейіпкердің терең сезімі мен ойларын көркем тілімен әсерлеп жеткізеді, өмірде болып жатқан құбылыстарға өзінің көзқарасын, қатысын білдіреді. Бұдан көретініміз, лирикалық проза міндетті түрде сол кезеңмен, дәуірмен үндес болып келеді. Жазушы адам мен қоғам, адам мен орта қатынасын әрдайым басты назарда ұстайды. Әрқилы тағдыр иелері өздерінің арман-мұңымен, қасірет-қайғысымен, қуаныш-ренішімен бой көрсетіп жатады. Осы қатынастардағы қарапайым жандардың қоңыр тіршілігінің өзінен заман шындығын, уақыт бедерін танып, таразылау қаламгерлік мақсатқа толық бағындырылған. Кәдуілгі күн көріс қамымен тіршілік кешіп, еңбек етіп жүрген «қатардағы көптің бірін» бейнелеудің өзі жазушы шығармашылығында қоғамдық, әлеуметтік мәнге ие болады.

«Адам баласы қандай қоғамда, қай кезеңде өмір сүрмесін Абайша айтқанда «Адамды заман билемесін», барлық-барлық қиын-қысталаң кездердің өзінде барша ұлт, барша адам жан тазалығынан, парасат биіктігінен, рухани байлық қазынасын жаңарту, молайту жолында ұдайы күресіп келеді. Ғылым мен техника, автоматика мен электроника дамып, олар біздің өміріміздің ажырамас компонентіне айналған сайын мораль мен рухани мәселелер күн тәртібіне қайта-қайта қойылатын басты проблемалардың біріне айналатынын» [3, 3] ұмытпауымыз керек. Ал мұны өз шығрамасында кім, қалай көрсетеді, ол мүлде басқа мәселе. Лирикалық проза жазушыға тек өзін ғана емес, миллиондаған адамдарды толғандыратын мәселелерді, құбылыстың ішкі сұлулығын толық күйінде бейнелеуге мүмкіндік береді. Міне, осы ерекшелік - өзі арқылы, өзінің оқиғаға қатысы арқылы оның рухани мазмұнын жеткізе білу – лирикалық прозаның ерекшелігі болып табылады. Мәселен, «Жапон балладаларында» бүкіл әлемді елең еткізген Жапонияға тасталған атом бомбасының зардаптары туралы айтылған. Шығармаларды оқи отырып, әрине мұндағы автордың айтпақ ойын анық түсінуге болады. Кейіпкерлері арқылы жазушының бұл оқиғаға көзқарасын, кімді кінәлайтындығын сеземіз, жазықсыз адамдардың, пәк сәбилердің зардап шегуі, бейбіт тіршілік етіп жатқан қаланың бір сәтте күлге айналуы сияқты мәселелерді шынайы суреттей отырып, оқырманды ойлануға шақырады. Осы сәттерді, адам жанының қиналысы мен күйзелісін жай ғана баяндап қоймай, көздің, арқаның, тастың әңгімесі арқылы жеткізеді. Мұнда көбіне лирикалық шегіністер ерекше орын алады. Лирикалық кейіпкер өз өткен өмірінің, балалық шағының қимас сәттерін немесе есте қаларлық оқиғаларды еске ала отырып әңгімелейді. Бұдан лирикалық шығармалар өткенді жаңғыртуымен, еске түсіруімен қызықты деген ой тумауы қажет, ол өзінің жаңа мазмұнымен, талаптарымен де өзіне назар аудартады. Лирикалық проза адамның тұрмысының қыр-сырын терең меңгеріп, күнделікті өмірдегі сан-салалы мәселелерін қамтиды.

Шығармадағы өмір шындығының көркем шындыққа айналу сенімділігінің айқын кепілі – кейіпкер сөздері. Әдетте, персонаждардың рухани-ұждандық эволюциясы тұрмысы мен іс-әрекеттері нәтижесінен шығарылады. Дегенмен жазушы шығармасында авторлық төл сөз үлкен рөлге ие болып келеді. Авторлық төл сөздер кейбір идеялық-композициялық қажеттіліктерге орай өзгеріп отырғаны болмаса, қамтылмай қалған тұстарды өмір шындығына лайық штрихтармен толықтырып, тұтастық түзейді. Өзінің шығармаларында автор көздеген нысанасына жеткізетін негізгі обьекті етіп қарапайым ауылдың тыныс-тіршілігі мен ауыл адамдарын алған. Солай бола тұрса да, жазушы ауылға тән тірлікті нақты бір сипатта ғана бермейді. Ауыл адамдарын да, тұрмыс-тіршілігін де, олардың тіл қолданысын да түрлендіріп отырады. Оның ішкі монологтары да кейіпкердің қасірет-қайғы, мұң-шері, қуаныш-сүйеніш сезімдерін сол қалпында жеткізеді. Негізгі мақсатқа жету үшін қолданған баяндау үлгілері осы бағытта, жоғары деңгейдегі көркемдікке жетуге жұмыла үлес қосады, бірақ автор ұстанымының айқын көрінуіне кедергі жасамайды. «Лирикалық кейіпкер» деген термин қазіргі кезде прозалық шығармаларда да қолданылып жүргенімен, ол ең алғашында лирика саласында тұрақтанған болатын. Бұл жекелеген өлеңдерде ғана емес, ақынның бүкіл шығармашылық контекстінде, тіпті болмағанда белгілі бір кезеңдегі өлеңдерінде, өлең немесе циклдар кітаптарында берілетін ақынның образы. Л.Гинзбургтің пікірінше, лирикалық кейіпкердің болуына қажетті шарт «белгілі бір мәселелерге, көңіл-күйге негізделген автор санасымен бірлік» болып табылады [4, 155].

Лирикалық прозада бұл образ мүлде басқа мәнге ие. Лирикамен салыстырғанда мұнда лирикалық кейіпкердің нақты өмірбаяны беріледі, ол өзін іс-әрекеттері, оқиғаға қатысуы, өзге кейіпкерлермен қарым-қатынасы арқылы көрсете алады. Ол авторға жақын ғана болып қоймайды, белгілі бір дәрежеде автор көңіл-күйін әр қырынан анық жеткізеді. Лирикалық кейіпкердің қатысуы жазушының шығармасында оқиғалар мен образдарға шектеу қоюы мүмкін, бірақ сонымен қатар ол болып жатқан оқиғаның негізіне терең үңілуге мүмкіндік береді. Лирикалық прозада автор өзінің ең құнды ойлары мен сезімін кейіпкеріне сеніп тапсырады. Жеке өмірі туралы айта отырып, жалпы өмір туралы, адамның өмір сүруінің мәні туралы баяндайды. Шындықтан ауытқымай, нақты оқиғалардың ортасында болуы кейіпкердің рухани өмірін байыта түседі. Болып жатқан оқиғаларға қатысу сол уақытқа және адамдарға өзінің көзқарасын білдіруге деген қызығушылығын тудырады. Лирикалық кейіпкерді автордан бөлек қарастыру мүмкін емес. Оның көбіне өзінің жеке көзқарасы мен түсінігі, осыған орай өзіндік айтар сөзі де жоқ. Ол тек жазушының ойын, сезімін, көқарасын, ұстанымын ашып көрсетеді. Автор – лирикалық шығармалардағы жалғыз субьект. Лирикалық прозаның сыршылдығының мәні де осында жатыр.

Лирикалық шығармаларда адамзатқа тән адам жанының тылсымына ден қою, оның ой-аңсар, сезім сырларын зерделеу, жеке бастың көңіл күй сарындарын қоғамдық болмыспен тығыз байланыста, әлеуметтік өзгерістермен, уақыт тынысымен астаса көрініс береді. Автор сезімі лирикалық шығармада белгілі бір құбылысқа қатысы тұрғысынан көрінеді. Мұндай шығармаларда автор позициясы сақталып, тек көріну ерекшелігі әртүрлі болады. Шығармада автордың мінезі де көрініп отырады. Сол секілді жазушының шығармаларында бір-біріне мүлде ұқсамайтын бейнелер көрініп, бірінде мұңаяды, қуанады, не болмаса сүйсінеді, не жек көреді. Бірақ осының барлығына да бір көзқараспен қарайтын лирикалық кейіпкер бар. Жазушының жеке көзқарасы мен сезімінің нәтижесінде лирикалық кейіпкер туады.

Шығармадағы автор бейнесі дегенде жазушының жеке басын түсінбейміз. Әрине, көркем шығарманы оны өмірге әкелушіден бөліп тастауға болмайды. Өйткені, жазушының жеке басының ерекшеліктері: өмірі, дүниеге көзқарасы, оқиға құбылыстарға шығармашылық қатынасы т.б. оның шығармаларында ізін қалдырады. Алайда көркем туындыда жазушының жеке басы тасаланып, оның орнына алдыңғы қатарға шығармадағы «автор бейнесі» шығады. Өмірдегі жазушының орнына әңгімелеуші автордың бейнесі қалыптасады. Мәселен, «Жапон балладаларында» сол оқиғаны көзімен көрген, ортасында болып, зардабын шеккен, тән тән азабымен қатар жан азабын да сезініп, қиналған әңгімелеуші лирикалық кейіпкерлер бар. Шығармадағы негізгі әңгімелеушілер, «авторлар» осылар. Бірақ мұның бәрінің артында соғысқа, атом бомбасына, оның әкелер зиянына, әділетсіздікке қарсылығын білдіріп тұрған қаламгердің өзі тұр. Өзінің ұстанымын, көзқарасын осы кейіпкер-әңгімелеушілер арқылы жеткізуі жазушы шеберлігін танытар нәрсе.

Өзіміз зерттеу нысаны етіп алып отырған әрбір жазушының кез келген шығармаларын оқи отырып, кейіпкерлермен іштей сырласып, әр түрлі образдармен жүздесіп, сөйлескендей боламыз. Ішкі сезім дүниесін ашуда ешқандай жасандылыққа бой ұрмайды. Кейіпкерлерін өз қадір-қасиетіне сай сөйлетіп, өз шамаларына шақ ой толғатады. Қаламгер қаламынан туындаған шағармалар күнделікті өмірдің мәселелерін әлеуметтік проблемаларымен ұштастырып, оқырман көкейіндегі көптеген сауалдарға жауап беруге тырысады. Жазушы туындыларында өмір мәселелері тереңінен қозғалып, талқыға түсумен қтар, кейіпкерлердің жан дүниесін ашып көрсетіп, мінез сипаттау барысында өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Өзі өмір сүрген заманның жақсы-жаманын саралай келіп, келешек ұрпақтың пайдасына лайықты жазылған шығармалары маңыздылығымен ерекшеленеді.

Кей жазушылар әңгіме ішінде әңгіме туындату арқылы кейіпкер образын толық ашуға тырысады. Әңгімеден әңгіме туындату – көркемдік ойлау тәсілі. Мұндай кездері жазушы өзімен өзі әңгімелесіп отырғандай сезіледі. Мысалы, «Шұғаның белгісінде» автор екі жолаушының әңгімесі арқылы өз айтар ойын жеткізеді, шығарманың сюжеті соған құрылады. Оқиғаның бәрі Қасымжанның айтуымен, соның қабылдауымен, бағалауымен беріледі. Бірақ оның артында да автор өзі тұрған жоқ деп айта алмаймыз. Шығармадағы қай оқиғаны болмасын автордың өзі баяндайды. Автор айтушы ретінде шығармадағы әрбір кейіпкерді өзінше бейнелеп, іс-әрекеттеріне баға беріп отырады. Оқиғаны баяндау барысында автордың уақыт пен кеңістікке байланысты мақсаты өзгеріп те кетеді. Автор бірде болып жатқан оқиғаны бағалаушы ретінде көрінсе, бірде оқиғаның дәл ортасында жүрген адам ретінде көрінеді. Көп жағдайда автордың уақыт пен кеңістікке байланысты бағыт-бағдары кейіпкердің бағыт-бағдарына сәйкес өзгереді. Бұл автордың өзіндік баяндау ерекшелігін айқындайды. Шығармадағы оқиға барысы екі түрлі көзқарас тұрғысынан көрінеді. Оның бірі – автор болса, екіншісі – кейіпкер көзқарасы. Болып жатқан оқиғаға қатысты баяндаушы және кейіпкер ойлары бірде бір-бірімен түйіссе, кейде тартыса жүреді.

Шығармадағы «автор бейнесінің» көріну дәрежесі әр түрлі болады. Кейде ол шығармада барынша «анық көрінеді», яғни шығармадағы болып жатқан оқиға, құбылыстарға автордың көзқарасы, қатынасы анық бейнеленеді. Мысалы, «Жусан иісінде» автор мен лирикалық кейіпкер тұтасып кеткен. Бірінші жақтан, «мен» түрінде баяндап отырған лирикалық кейіпкерді автордан бөліп қарау мүмкін емес. Ал енді ол бірде «жасырынып», кейіпкер бейнесінің «тасасында қалады». Мұндай ерекшелікті көбіне үшінші жақтан, яғни автор бейтарап тұрып, әңгімелеушінің атынан баяндалатын шығармалардан кездестіруге болады. Бірақ олардың қай-қайсысы да «автор бейнесін» сипаттайды. Кез келген шығарманы оқып қарағанда көп орын алатын нәрсе, оқиғаны шығарма авторының өз сөзімен баяндауы екенін байқаймыз. Бүкіл көркем туындының баяндау жүйесі автор сөзі, жазушы толғаныстары арқылы айшықты стильдік өрнек табатыны мәлім. Бейнелеу компоненттері: портрет, пейзаж біршама дербестік танытқанымен, бәрібір, қаламгердің объективті, субъективті көңіл-күй ассоциацияларын қамтитын автор тіліне негізделеді. Диалог, ішкі монолог таза кейіпкер сөзіне құрылғанымен де, осы сөз құрылымдарын өмір шындығына теңдес биікте көрсетуге күш салатын жазушы бейнесін жасыра алмайды.

Ғалым Р.Сыздықова: «Автор образын – сол шығарманың баяндау стилінен, диалогтар мен монологтар беру үлгісінен, экспрессивті-стильдік элементтерінен көріп, тануға болады» - дей келіп, көркем шығармадағы баяндаудың төрт түрлі үлгісін атап көрсетеді:

1) Баяндау автордың өз атынан жүргізіледі;

2) баяндау әңгімелеуші кейіпкерлердің атынан (бірақ стильдік бояусыз) жүргізіледі;

3) әңгімелеуші кейіпкер аталмайды, бірақ баяндау стилі сол кейіпкердің көзқарасымен (бағалауымен, тануымен т.б.) беріледі;

4) әңгімелеуші аталады да, шығарма сол кейіпкердің аузымен баяндалады. [5, 180].

Лирикалық проза адамның жеке тәжірибесі мен көп қырлы шынайы болмыс арасындағы күрделі диалектикалық байланыс. Қаламгерлер шығармашылығының негізін жанрлық-композициялық және кеңістік-уақыт құрылымы принципі құрайды. Кезінде стильдік шеберліктің бір түрі ретінде ғана танылған лиризм мұнда айтарлықтай рөл атқарады. Бірінші жақтан баяндау дәстүрлі шарттылық емес, шынайылықтың белгісі ретінде қолданылады. Авторлық «мен» көбіне лирикалық прозаның мазмұнын жеткізеді. Мұндай түрдегі шығармалар оқырман мен авторды жақындастырып, қабылдауды күшейтеді. Лирикалық прозада ақпараттық оқиғалардан гөрі эмоционадық, бейнелеуіштік алдыңғы орынға шығады. Мұнда эмоционалды түрде берілген детальдар оқиғалармен тең дәрежеде көрінеді. Сондықтан да лирикалық прозаның аясында нақты оқиға туралы айтылмайды деуге де болады. Ал бұған қарап біз қазақ лирикалық прозасы сюжетсіз деп айта алмаймыз. Лирикалық прозадағы ой, сезім ағымының өзі шығарманың сюжетін құрайды. Біз үшін қалыптасқан түрдегі сюжет лирикалық прозада өзінің күнделікті қалпында көрінуі мүмкін. Шындығында, осындай сюжеттің өзі өмір заңдылықтары мен мінез ерекшеліктерін көрсетуде саралауды қажет етеді.

Ойымызды қорытындылай келе, кез келген шығармаға автор көзге көрінбей қатысып отыратынына көзіміз жетті. Оның бар болмысы, көзқарасы шығармадан анық сезілгенімен, автордың қатысы барлық шығармада бірдей бола бермейді. Бұл жазушының жазу мәнеріне, әдіс-тәсілдеріне байланысты әртүрлі дәрежеде болады. Өзге шығармаларға қарағанда лирикалық прозада автордың қатысы күштірек болады. Себебі, мұндағы айтылар нәрсенің бәрі жазушының жүрегінен өтіп барып оқырманға жеткізіледі. Оқиғаны қаламгер баяндамаса да, оның орнын басатын лирикалық кейіпкер болады. Ал көп жағдайда автор мен лирикалық кейіпкер біртұтас, оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. Сын мақалалар. Алматы: Жазушы, 1993. - 623 б.

2. Липин С.А. Идейное единство и художественное многообразие советской прозы. Москва: Мысль, 1974. – 336 с.

3. Исабеков Д. Қазақ прозасы жаңа ғасыр табалдырығында. // Қазақ әдебиеті. 1997, 11-ақпан.

4. Гинзбург Л. Я. О лирике. Ленинград, 1974.

5. Сыздықова Р. Сөз құдіреті. Алматы; Санат, 1997 -224 б.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.06.2025
152
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі