Материалдар / Логокоррекциялық жұмыстың жоспары

Логокоррекциялық жұмыстың жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілі дамуының жақсы болуы мектепте оқудың сәтті өтуіне байланысты болады. Қазіргі таңда мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытумен айналысатын оқытушылардың баланың белсенділік сөйлеу тілін дамыту үшін арналған тәрбиелеу мен оқыту негізінде құралған кең ауқымды тәжірибелік материалдар жетерлік. Біздің көзқарасымыз бойынша, кез – келген тәжірибелік материалды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: біріншісі – баланың сөйлеу тілі дамуына көмектесу, екіншісі – дәстүрлі емес логопедиялық технологияны қолдануға бағындыру. Бұған: логопедиялық массаж, тілдік массаж, аурикулотерапия, Жапондық саусақ массажының әдіснамасы, Су – Джок терапия, түзету педагогикасының жұмысындағы дәстүрлі емес әдіс – тәсілдер мен дыбыс артикуляциясының моделдері қарастырылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2023
325
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе

Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілі дамуының жақсы болуы мектепте оқудың сәтті өтуіне байланысты болады. Қазіргі таңда мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытумен айналысатын оқытушылардың баланың белсенділік сөйлеу тілін дамыту үшін арналған тәрбиелеу мен оқыту негізінде құралған кең ауқымды тәжірибелік материалдар жетерлік. Біздің көзқарасымыз бойынша, кез – келген тәжірибелік материалды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: біріншісі – баланың сөйлеу тілі дамуына көмектесу, екіншісі – дәстүрлі емес логопедиялық технологияны қолдануға бағындыру. Бұған: логопедиялық массаж, тілдік массаж, аурикулотерапия, Жапондық саусақ массажының әдіснамасы, Су – Джок терапия, түзету педагогикасының жұмысындағы дәстүрлі емес әдіс – тәсілдер мен дыбыс артикуляциясының моделдері қарастырылады.

Логопед – ұстаздардың түзету жұмыстарында артикуляциялық массаж аппараты бұрыннан дағдыланып келеді, сондықтан массажға байланысты кеңес, тек ескерту немесе еске түсіру ретінде қолданылады. Балалардың сөйлеу тілін дамыту барысында ұсақ қол маторикасын қолдану бұрыннан беріліп келеді. Қимылдың бас миына тигізетін пайдасы мен көмегі жайында б.з.б ІІ ғасырда Қытайда дамығандығы бұрыннан мәлім. Атақты философ Канттың ойынша: «Қол – адамның миын алға жетелейді». Мектепке дейінгі жастағы балалардың ұсақ қол маторикасының дамуы жоғары ми қыртысының функциясын: ес, ойлау, елестету, зейін, көрнекі – бейнелі қабылдау және де жұмыскерлік және т.б.дағдыларын қалыптастырады. Өз кезегінде біз, қимылдың кең таралмаған әдістерін, қол маторикасымен байланыстырамыз: алақынның үстіне таспен массаж, металл немесе шыны түрлі – түсті шариктермен «марблс», грек жаңғағымен массаж, алтықырлы қаламдармен массаж және щеткамен массаждарды ұсынамыз.

Ары қарай баланың сөйлеу аймағын дамыту үшін Су – Джок терапиясын ұсынамыз. Оңтүстік Кореяның профессор ғалымы Пак Чже Вудың зерттеуі Су – Джок терапиясын ойлап тапқан, біздің дене бөліктеріміздің бір – бірімен байланысы болатындығы (адамның эмбрионы құлағына сәйкес, қол мен аяқ адамның денесіне сәйкес). Бұл емдеу жүйесін адам ойлап таппаған – ол тек Табиғатпен қосып ашты. Күші мен қорғанышы осыған себеп. Нүктелердің стимуляциясы сәйкесінше емделуге әкеледі. Дұрыс емес қолдану адамға еш зияннын тигізбейді, тек пайдасыз болғаны болмаса. Сондықтан баланың сөйлеу аймағын керекті нүктені анықтау жүйесінде дамытуға болады.

Сөйлеу тілі зақымданған балаларды түзету жұмысында автор әдістер мен артикуляциялық моделдерді ұсынған. Артикуляциялық моделді қолдану балаларды дыбыстарды дұрыс айтуға, фонематикалық есту, ойлау операциясы мен материалды бекітуге үйрету мен оқытуға көрнекі ұғынуын көрсетеді.

Баланың сөйлеу тілін дамытуда жүйелік әдістерді қолдану көп көмегін береді. Дәстүрлі емес түзету әдістерін күнделікті, 5 – 10 минутты күнде жұмсау арқылы жасаған жөн.


1.Логопедиялық массаж.

Соңғы кездері тәжірибелік жұмыс барысында сөйлеу тілі зақымданған балаларда логопедиялық массажды қолдану кең етек жая бастады. Алайда, логопедиялық массажға қарым - қатынас біркелкі емес: біреулері оның нәтижесін бағаламайды, ал енді біреулері бағалайды. Әрине, логопедиялық ықпалды кешенді жүзеге асыру керек. Балаға «дизартрия» диагнозын қойғанда міндетті түрде керек.

Механизм негізінде массаждың әсері кезінде организмде күрделі процесс, жүйелік – рефлекстік ауқым, гуморальді және механикалық өзгерістер жүреді.

Жүйелік – рефлекторлық кезінде, массаждың әсері алдымен көптеген және түрлі жүйкелік тері астындағы, байланыстарда, бұлшықеттердегі және т.б жүйелердің әсерінен көрінеді. Импульстердің ауқымы, алдымен тітінкендіргіш рецепторларды қоздырып, бас миына жеткізеді, ол жерде барлығы бірігіп күрделі реакция жиналып орталық жүйке жүйесіне, түрлі функционалды органдар мен жүйелерге жетеді.

Гуморальды фактор кезінде, массаждың ықпалы жоғары активті заттарды активизациялауына көмектеседі (гистамин, ацетилхолин және т.б), сонымен қатар заттардың жинақталуы жүйке жүйесін қоздыратын жаңа рефлекстің пайда болуына әкеледі.

Механикалық ықпал ету, массаж кезінде организмдегі сұйық заттардың дұрыс айналуына (қан айналым, лимфа) көметеседі. Механикалық фактор зат алмасу процесін тезтетуге, тоқырау құбылысын жоюға көмегін тигізеді.


1.Массажды жүргізу тәсілінің нұсқауы

Логопедиялық тәжірибеде қолданылатын массаждың түрі

Логопедиялық тәжірибеде массаждың бірнеше түрлері қолданылады. Негізгісі дефференциациялық массаж, ол классикалық массаж тәсілдеріне негізделе отырып жасалады ( қатайтатын және жайландыратын). Сонымен қоса логопедиялық массажда биологиялық белсенді нүктелердің массажы, логопедтік зонд, шпатель және т.б.заттарды қолдану арқылы жүргізілетін масаж және өзіндік массаждың элементтері қолданылады.

Массажды қолдануға болмайтын жағдайлар

Массажды кез – келген соматикалық және инфекциялық жедел конъюктивит, терінің жедел және созылмалы аурулары, гингевит, стоматит, ұшық,ауыз қуысының басқада инфекциялық аурулары, лимфа бездерінің ұлғаюы т.б аурулармен ауырған кезде қолдануға болмайды.

Массажды жүргізуге болатын жағдайлар

Логопедтік массаж желдетілген, таза, жылы және ыңғайлы бөлмеде жүргізіледі. Аптасына 3-4 рет жүргізуге болады. Әдетте массаж жалпы 10-20 процедурадан тұрады. Оны кейде үзіп, 2 аптадан 2 айға дейін қайталауға болады. Бұлшық ет тонусының ауыр зақымдануы кезінде массаж 1 жыл немесе оданда көп жүргізіледі. Ұзақтығы қабынудың сатысына және адамның жас ерекшеліктеріне байланысты. Массаждың бастамасы 5-7 минуттан, аяқталуы 20-25 минутты құрайды. Бастамас бұрын логопед оның пайдасын және қажет екендігін ата – анасына түсіндіріп айтуы қажет. Массажды жүргізу барысында бала ауырсынуды сезінбеуі тиіс. Ауыз қуысы бұлшық еттерінің, тілдің массажын бала жағымсыз сезінуі мүмкін. Сондықтан баланы алдап, назарын ойыншыққа немесе әңгімеге бұруға болады. Егер баланың көңіл – күйі төмен немесе зауқы болмай тұрса, алғашқы процедуралар қысқа болуы тиіс. Және тек тіл, ерін, жоғарғы және төменгі жақ бұлшық еттеріне бағытталуы тиіс. Массажды бірден қабыну аймағынан бастаған дұрыс емес, оған бірте – бірте жақындау керек. Тәжірибе көрсеткендей массаждың жағымсыз және ұнамыз жақтары уақыт өте келе білінбей, бала массажға үйрене бастайды. Осы уақыт аралығында бала міндетті түрде үлкендердің тарапынан жақсы ықыласты сезінуі керек.

1.Массаждың негізгі жүргізілу тәсілдері.

  1. Ысқылау: үстіртін, терең, тырмалау

  2. Сүрту

  3. Сергіту

  4. Діріл және ұру

  5. Қатты басу

Массаждың әдісін таңдау потологиялық симптомдарға, қимыл аппарат бұлшық еттерінің жағдайларына байланысты.

Массаждың күші дегеніміз – массаж жасау барысында, массаж жасатушы адамның денесіне жіберілетін қысымның күші. Ол үлкен ( терең массаж) орта және кіші (үстіртін массаж) болуы мүмкін. Үстіртін массаж қозу процесстерін жоғарылатады, терең күші көбейтілген массаж тежелу процесстердің пайда болуына әкеледі.

Массаждың жылдамдығы – жылдам, орташа және баяу болады.

Жылдам массаж – қозуды жоғарылатады, орта және баяу массаж қозуды төмендетеді. Массаж ұзақ болған сайын нерв жүйесінің қозуын төмендетеді. Осылайша массаждың жүргізілу тәсілдеріне байланысты, бас миы қызметінің жағдайының қозуын төмендетіп немесе жоғарылатып өзгертуге болады. Массаж көбіне белсенді және белсенсіз гимнастикалық жаттығулармен қатар жүреді.

  1. Гимнастика.

Белсенсіз жаттығулар – массажға қосымша қажетті әсер ететін әдістердің бірі. Бастың және артикуляциялық бүлшық еттердің қимылдары ереже бойынша массажға дейін, кейін, кейде массажбен бірге де жүргізіледі. Белсенсіз деп аталуының себебі, қимылдар логопедтің көмегімен жүргізіледі. Жаттығулар буын және бұлшық еттердің анатомиялық ерекшеліктеріне сай келуі керек. Массаждың қимылдары, оның көлемі, жылдамдығы логопедке байланысты болады. Жаттығуларды орындамас бұрын логопед қимылдарды өзі жасап көрсетеді. Баланың жатттығуларды орындау міндетті түрде қадағалануы тиіс. Қимылдарды баяу, ритммен жылдамдығын бірте – бірте 3-5 қимылдарға көбейтіп орындаған жөн.

Белсенді жаттығуларды балалар массаждан кейін және белсенсіз жаттығулардан кейін өзі жеке орындайды. Мақсаты – толық қимыл – қозғалысты қалыптастыру болып табылады. Бұл жаттығуларды орындау барысында қимылдың сапасы, көлемінің кеңеюі, нақтылығы, орындау интенсивтілігі жоғарылайды. Жаттығулардың құрамына иық, мимикалық және артикуляциялық бұлшық еттердің қимылдары кіреді.

2.Тілге арналған массаж

Мұғалім – логопедтің тәжірибесінде, балада «Дизартрия» немесе тіпті «Айқын емес дизартрия» диагнозы түзетуге келмейтін жағдайлар кездеседі. Кейбір жағдайда тілдің түсі өзгергені байқалады, мысалы көгеруі (қан айналымы жеткіліксіз түрде болған жағдайда) немесе тілдің бозаруы (қанның келуі дұрыс емес, жеткіліксіз болған жағдайда). Осы жағдайда қарапайым массаждарды ұсынуға болады.

Массаж жасау алдында таза, әрі жылы қолдармен, жұмсақ дәке арқылы тілді ұстау керек. Массаждың ұзақтығы – 5 -7 минут. Курсы – 10 – 14 күн. Осыдан кейін үзіліс жасап, қажеттілігіне қарай курсты қайталау керек.

Қозғалыс түрлері:

  • Ұзыннан, қарама – қарсы бағытта, шеңбер түрінде, жұмас уқалау;

  • Шеңбер түрінде спираль тәрізді уқалау;

  • Ұзыннан шеңбер түрінде басып уқалау арқылы ширату вибрациясы;

  • Екпінді үзілмелі немесе үздіксіз вибрация көмегімен.

Осы кездің өзінде тілдің қай жаққа ауытқуына қарай, тіл – спастикалық па соған көңіл аудару керек. Бұл жағдайда тілге қатты күш түсірмей тін уқалау, ширату, вибрациялық массаждар жасау қажет. Тілдің екінші жағы – әлсіз. Оған арнайы уқалау, ширату, вибрация сияқты жаттығуларға көптеп күш салу қажет. Тіл ұшының қозғалысы нақты, дифференцияланған болу үшін, тілді ақырын ғана тіс арасына салып қысу және тістеу жаттығулары қолданылады.

Массаж сеанстарын жақсы өткізу үшін тек қолдарымен ғана емес, сонымен қатар механикалық құралдары пайдалануға болады.

Іс – тәжірбиеде көрсеткендей, дыбыс қоюға арнайы гимнастикалар мен кешенді жаттығулардың қосындысы көп әсерін береді, тілге арналған массаж бұлшықеттердің қатаюын, қозғалыстың толықандылығын қалыптастырады, сөздің дыбыстарын дұрыс айту үшін де – дыбыс қою уақытын қысқартқан жөн.


3.Аурикулотерапия

Аурикулотерапия – құлақ қалқанының нүктелеріне емдік әсер ететін, қазіргі рефлексотерапияның әдістерінің бір түрі болып келеді және бұл әдіс ертеден қолданылуда. Құлақ қалқанында адамның мүшелері мен дене бөліктерінің проекциясы орналасқан. Бұл проекция нүкте түрінде және олар нақтылы, әрі жүйелі болып келеді. Қазіргі уақытта бұндай нүктелер 200 – ге жуық деп есептеледі. Денсаулығы жақсы адамда нүктелер жасырын және біліне бермейді. Ал, қатты науқастанғанда немесе жарақаттанғанда сол нүктелер тым сезімтал болады. Созылмалы ауруларда сезімталдылықпен қатар құлақ қалқанында өзгерістер байқалады – қабыршықтану, қызару, бөртпелер тексерілуде электротерлік кедергілер бағалы диагностикалық ақпарат береді.

Белсенді нүктелерді инемен қысу арқылы қыздыру, электорлық ток көмегімен сәтті ем алуға болады, ауруға қарсы ерекше әсер етеді. Адам құлағының ерекше қасиетін қалай түсінуге болады?

Бұл сұраққа әліде толыққанды жауаптары оның бірі құлақ қалқаны желбезек саңылауының қалдығы деген теориясы да кездеседі. Балықтың желбезегі – көп функцияналды мүше, сонымен қоса кеңістікті бағдарлау, басқа организмдермен қарым – қатынас жасау, су құрамына талдау жасау қызметтерін атқарады.

Құлақ қалқанында көптеген жүйке жүйелері орналасқан, дәрігерлердің айтуынша иррервацияға бай. Бұл жағдайда табиғат есесіз тырысып, жаратқан екен, себебі құлақ мүше ретінде күрделі функция атқармайды. Біз тіпті құлағымызды түре де алмаймыз.

Соған қарамастан, құлақта 6 жүйке таралған және олар орталық пен вегетативті жүйке бөліктері ішкі органдарын байланыстырады.

Аурикулодиагностика мен терапияның көп ғасырлық тәжірибиесін жүйелі түсіндірген қазіргі уақытта француз дәрігері П.Ножьенің еңбегі. Оның айтуынша құлақ қалқаны жатыр ішіндегі адам эмбрионына ұқсайды. Бұған байланысты, П.Ножье құлақ қалқанының картографиясын жасаған, онда дененің бөліктері мен ішкі мүшелердің проекциясын бейнелеген.

Құлақ қалқанының нүктелері дене бөліктеріндегі нүктелерден өзгешелік бар, көлемі жағынан 1 – 2 мм. Массаж жасауға арналған құралдардың ұшы үшкір болмауы тиіс. Осы мақсаттар үшін дәріханалық шыны қасық ыңғайлы болады, себебі қасықтың төменгі жағы жуандап дөнес келеді.

Осындай дөнес пішінмен нүктелерді біркелкі басып, уқалау арқылы ауратын аймақты алады. Жиі сол аймақта қызару немесе жоғарыда айтылған өзгерістер байқалады. Бұл сол керекті нүкте болып табылады.

Әлсіз нүктелерге массаж жүйелі қозғалыстар арқылы 1 – 2 мм диаметрлі пластырды жабыстыру арқылы әсер ету уақытын ұзарту және кейінгі массаждардың орындалуын жеңілдетеді.

Ең оңайы құлақ қалқанында омыртқа бөлігін табу керек. Құлақ қалқанының дөңгеленген бөлігі завиток деп аталады, ал күшті шеміршекті гребень, завитоктың тікелей алдына орналасақан, бұл противозавиток және де омыртқа проекциясына сәйкес келеді. Противозавитоктың жоғарғы бөлігі екі аяққа бөлінеді, төменгі бөлігі противазавитоктың бороздамен шектелген оны шеміршекті қалыптастырулармен бөлініп тұрады және оны противоказалек деп атайды. Егер противозавиток үш бөлікке бөлінеді, астыңғы бөлігі мойын омыртқа бөлімге сәйкес келеді, ортасы – кеуде бөлігіне, ал жоғарғысы – белге сәйкес болады. Нүктеге әсер етуі гребеннің өзінде емес противозавитокта орналасады, ал оны ішкі жағынақарай біраз ауытқуларды және құлақ қалқанына бағытталады. Осы нүктелерден басқа сезімтал нүктелер омыртқа проекциясында табылып қалуы мүмкін. Оларда әсер етуге тиіс. Ескерту, нүктені уқалау кезінде ауырған сайын әсеріде жақсы болады.




Противозавитоктың ең жоғарғы бөлігінің төменгі аятын бойында арнайы белдің сезімтал нүктесі орналасады. Оған әсер ету жағдайы (шаншу, басқадакез - келген белдегі аурулардың синдромында көрініс табады.

Бірнеше басқа нүктелердің мәліметтерінің сипаттамасын толықтыру, мамандандырылмағандарға да қол жетімді. Ең керемет құлақтың нүктесі қатайлық атауы бар «шэнь – мэнь» («құдіретті қақпа»). Оны табу қиын емес – противозавиток аяқтарының бұрышында, жоғарғы аяғына біраз жақын орналасқан.

Осы нүктеге көбіне есер етеді. Ол ауырғанда, қабынғанда және басқа көптеген ауруларды емдеудегі комбинацияларды қабылдайды, тың жалғасы шеміршекті болып табылады – противокозелок. Құлақ қалқанының ол бөлігі бас миының проекциясына сәйкес болады. Противокозелоктің сол нүктелерге әсер етуі арқылы бас ауыруларының әртүрлі ошағында, бастың айналуында невростенияның, ұйқының бұзылуында қолдануға кеңес береді.

Сырғалықтың алдыңғы бөлігінде бірнеше нүктелер орналасқан, олар тіс, көз, құлақ, тамақ аурыларында көмектеседі. Бұл нүктеклерді табу өте қиын болып келеді, сол себепті сырғалықты сипалау, шымшу және үйкелеу арқылы әсер ете алады.

Бұл тәсілдерді противозавиток пен противокозелоктың бөлігін сипаттағанда ықпал етеді.

Қай құлаққа ықпал етуге болады?

Ереже: бір жақтылы ауру кезінде, ауырған жақтың құлағына ықпал етеді. Егер қайжақ екенін табу қиын болса немесе жалпы бұзылыстары (қозу, бастың айналуы, ұйқының бұзылуы және т.б) оң құлаққа оңқайларда, солақайларға, сол құлаққа ықпал етуі жақсы нәтиже аламыз. Бірақта 10-12 процент оңқайларда сол құлақтың белсенділігі жақсы болып келеді. Екі жақты құлақ қалқандарына кезек - кезек әсер етуге болады, ең бастысы сезімтал нүктелерді табу керек.

4. Саусақ массажының жапондық әдістері.

Жапонияда барлық мектепке дейінгі мекемелерде, екі жастан бастап саусақ массажының әдісін және өзіндік массажды қолданады.

Жапондық ғалым Наникош Токухироның айтуынша әр саусаққа арналған массаж әр мүшелерге жағымды әсер ететеді:

- Басбармаққа массаж жасау – мидың белсенділігін арттырады.

- Сұқ саусаққа арналған массаж – асқазан мен ұйқы безінің қызыметін арттырады.

- Ортаңғы саусаққа арналған массаж – іш құрылысының қызыметін жақсартады.

- Шылдыр саусаққа арналған массаж - бауырдың қызметін жақсартуын қалыптастырады.

- Шынашаққа арналған массаж – жүрек қызыметін жақсартуға, психикалық және жүйке жүйесінің ауыртпалығын жеңуге көмектеседі.

Саусақтағы жүйке тікелей бас миымен байланысты.

  • Қолдармен жұмыс психикалық тыныштандыруға өз әсерін береді (бізбен тоқу);

  • Орталық жүйке жүйесінің шаршауының алдын алады (қытай дәстүріндегі грек жаңғағын дөңгелету);

  • Тыныштандыру әсерін береді ( жапон көпестері қыңыр тұтынушыларға қызмет көрсетуге қолдарын (алақандарын) үйкелеген).

Ересектерге кеңес:

  • егер бала сөйлеу кезінде толқу және қолына кез – келген бір затты алып айналдырса жұлып алуға тырыспау керек – осылайша баланың организімі қозуды тежеу процесінде.

Жапондық ғалым Йосиро Цуцими өзіндік массаждың жаттығулар жүйесін қарастырды:

  1. Саусақ массажы бас бармақтан бастап кіші бармаққа дейін. Бірінші саусақ жастықшасын үйкелейді, содан соң негізгісіне жай түрде көтеріледі. Мұндай массажды көбінесе қызықты рифмовкалармен көрсеткен дұрыс.

  2. Алақан аймақтарының массажы кезінде тастан жасалған, металдық немесе шималы түрлі-түсті «марблс» дөңгелектерімен жасалатын іс-әрекет:

  • Қолда дөңгелету;

  • Оларды саусақпен басу;

  • «Ату»;

  • Арнайы саңылау қуысына және науаға бағыттап, тура тигізуге байланысты жарыс жүргізу.

  1. Грек жаңғағымен жүргізілетін массаж:

    • Екі жаңғақты алақан арасында дөңгелету;

    • Бір жаңғақты саусақ араларынан өткізу;

    • Бірнеше жаңғақтарды екі қол саусақтарының арасында ұстап тұру;

  2. Алтықырлы қаламмен массаж:

    • бір және екі-үш саусақ арасынан қаламды өткізу;

    • оң және сол қолда белгілі бір қалыпта ұстап тұру.

  3. «Санауыштармен» массаж. Санауыштарды іріктеу саусақтарды жаттықтырады, жүйкені тыныштандырады. Іріктеу түзу және кері санаудан құралады.


5.Ринолалия кезіндегі массаж

Ринолалия кезіндегі массаж түзету әсерінің пайдалы әдісі болып табылады. Ринолалик - балада хирургиялық әсер етуіне байланысты операциядан кейінгі тыртықтар қалады. Сол жағдайға байланысты тыртықтарды тегістеу мен иілгіштігін қалыптастыратын әдістің бірі массаж болып табылады. Массажды қол арқылы сияқты, шолғы-күрекшемен де жүргізуге болады (оны өз бетінше тіс тазалау щеткасының талшықты бөлігін кесіп тастау арқылы жасауға болады).

Уранопластикадан кейінгі ерін үсті массажы.

  • Операциядан кейінгі кезеңде тігісті алып тастағаннан соң жүргізіледі;

  • Үстіңгі ерін жарығы пайда болуына байланысты негізгі профилактикалық әдісі болып табылады.;

  • Ерін функциясының артикуляциялық дамуына әсер етеді;

Массажға кірістіріледі:

  • Тігінен сипау (екі қолдың сұқ саусақтары арқылы мұрын түбірінен бастап оның шеткі бағыттарымен ауыз шетіне жылжу арқылы қимыл жүргізіледі) – 10 с;

  • Көлденең уқалау (екі қолдың сұқ саусақтары арқылы мұрын түбірінен ерін үсті қызыл жиегіне дейін ауыз сызығынан перпендикулярлы түрде жоғары және төмен қимылы арқылы жүргізіледі) – 10 с;

  • Түзу уқалау (екі қолдың сұқ саусақтары арқылы мұрын түбірінен төмен үстіңгі ерін шетіне және ерінді-мұрын бүрмелері бағытымен қимыл жүргізіледі және кері қарай) – 20-30 с;

  • Дөңгелете және шиыршықтап уқалау (екі қолдың сұқ саусақтары арқылы мұрын түбірі және ерін үсті аймағына дөңгелете және шиыршық түріндегі қимыл жасалады) – 10 с;

  • Пиление арқылы уқалау (екі қолдың сұқ саусақтары арқылы мұрын түбірінен ерін үстінің шетіне дейін ерінді-мұрынды бүрме жағына төмен түсу арқылы көлденең және тік бағыт қимылдарымен жүргізіледі) – 10-20 с;

  • Көлденең жұмсарту (екі қолдың сұқ саусақтары арқылы мұрын түбірінен ерін үстінің шетіне дейін қимылдар жүргізіледі және кері қарай) – 10-20 с;

  • Тігінен жұмсарту (екі қолдың сұқ саусақтары арқылы мұрын түбірінен ерінді-мұрынды бүрмелерге қимыл жүргізіледі және кері қарай) – 20-30с;

  • Басу арқылы жұмсарту (екі қолдың сұқ саусақтары жоғары-төмен және шеткі бағыттарымен теріге жылжу арқылы қимыл жүргізіледі) – 20-30с;

  • Қысып шығару арқылы жұмсарту (екі қолдың сұқ саусақтары арқылы мұрын түбірінен ерін үстінің шетіне және ерінді-мұрынды бүрмелер бағытына қарай теріге жеңіл қысым көрсету арқылы қимылдар жүргізіледі) – 10-20 с;

  • Қысқыш тәрізді жұмсарту (бір немесе екі қолдың сұқ және бас бармағы арқылы мұрын түбірінен үстіңгі ерін шетіне және және ерінді-мұрынды бүрмелер бағытына шымшылау сияқты қимылдар жүргізіледі) – 20 с;

  • Толассыз діріл ( «бармақ душы» - екі қолдың сұқ саусақтары арқылы тігінен және көленең ерін үсті аймағындақимыл жүргізіледі) – 10-20 с;

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ