Материалдар / Мәдени өсімдіктер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мәдени өсімдіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныптарға арналған биология пәнінен көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2019
278
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Мектеп: Ә.Науаи атындағы №17жом
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Уразбаева Д.П
Сынып: 8
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы:
§52. Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтары

Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары
Сабақтың мақсаттары

8.2.4.3 – мәдени өсімдіктер іріктемелері мен үй жануарларының шығу тегінің
орталықтарын оқып білу
Барлық оқушылар: Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, Н.И. Вавиловтың
селекционер ғалым екендігін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:
Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтарын талдайды.
Шығу орталықтарына байланысты жануарлар мен өсімдіктердің тізімдемесін
жасайды.
Кейбір оқушылар:
Шығу орталықтарын анықтаудағы Н.И. Вавиловтың еңбегіне баға береді

Бағалау критерийлері

Пәнаралық байланыс
Ойлау дағдысы
Құндылықтар

Тілдік мақсат
Алдыңғы оқу
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Сабақтың басы

– Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтайды, өсімдіктерді
шыққан орталықтарына қарай жүйелейді.
– Жануарлардың шығу орталықтарын анықтайды, шыққан орталықтарына
қарай жануарларды жүйелейді.
– Н.И. Вавиловтың еңбегіне баға береді.
Селекция,медицина,география
Білу,түсіну,қолдану,талдау
Зайырлы қоғам руханият денсаулықты сақтау жүйесін дамытудың ең маңызды
шарттарының бірі денсаулықты сақтау,салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға
тәрбиелеу.Қарым-қатынас жасау қабілеті,жауапкершілікті сезіну,бір-бірінің пікірін
тыңдау,ынтымақтастық
Қолдан сұрыптау

Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері

Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:
«Екі шындық, бір өтірік»
Оқушылар өздері туралы (екі шындық, бір өтірік) айтады, кезеккезекпен ауыса береді. Көңіл күйлері көтеріледі. Бұл әдіс
оқушыларды тануға көмектеседі.
Бағалау: Смайликтер арқылы бағалау.

Дереккөздер
Ресурстар

Сабақтың
ортасы

І. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқи отырып, «Төрт сөйлем»
стратегиясын қолдану.
1. Пікір. Мәтін бойынша туындаған өзіндік пікірін бір сөйлеммен
келтіру.
2. Дәлел Келтірілген өзіндік пікірді бір сөйлеммен дәлелдеп
шығу. 3. Мысал Енді келтірілген өзіндік пікірді тағы бір негіздеу
үшін бір сөйлеммен мысал келтіру.
4. Қорытынды Қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтіру керек.
Дескрипторлар:
– Мәтінді толық меңгеріп, мәдени өсімдіктер мен үй
жануарларының шығу орталықтарын анықтайды.
– Шығу орталықтарын түсіндіріп бере алады.
– Әр орталыққа сипаттама береді.
Сергіту сәті:
«Төрт құбылыс» Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші: «Су»,
– десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от»
дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді.
ІІ. «Орнын тап». Картадағы орталықтардың атын жаз.
«Блоб» ағашы бойынша рефлексия.Мен қайда тұрмын?

Оқулық
Плакат,
маркер

Соңы

«Селекция дегеніміз – адамның қолымен жасалған
эволюция», – деген Н.И. Вавиловтың сөзіне ойтолғау жазу.
Дескрипторлар:
– Ойтолғаудың талапқа сай жазылуы.
– Айтылған ойдың нақты, дәлелді болуы.
Рефлексия. «Плюс, минус, қызықты»
Плюс – сабақ барысында қандай тапсырма ұнады, қызықты
болды.
Минус – оқушыға не ұнамады, қызықсыз болып көрінді.
Қызықты – бұрын естімеген жаңа ақпарат, қызықты
фактілер туралы жазады
Қосымша ақпарат

Сұрыптаудың маңызды бөлімдерінің бірі ататектер туралы ілім болды. Оны жете зерттеудегі жетекші
рөл көрнекті орыс ғалым-генетигі Николай Иванович Вавилов еді. Ол ХХ ғасырдың 20–30-жылдарында
қызметкерлерімен бірлесіп, Австралия мен Антрактидадан басқа барлық континенттерді қамтыған 110
ботаника-агрономиялық экспедицияны ұйымдастырды. Нәтижесінде 1940 жылы 250 мың мәдени
өсімдіктер үлгілерінен құрылған топтама жасалды. Олар қазіргі кезде Санкт-Петербургте, Өсімдік
шаруашылығы институтында сақталуда. Қазір де
Ресейдің және дүниежүзілік көптеген селекционерлері мұны өз еңбектерінде генетикалық өте құнды
материал ретінде пайдаланады. Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс
ғалымы Н. И. Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүние- жүзінің 52 елдерінде
болды. Н. И. Вавилов өсімдіктердің 400-ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 200-ге жуық түрінің Оңтүстік
Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің 1 000-ға жуық
түрін зерттеді. Сөйтіп, өсімдіктер сан алуандығының

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары
дұрыс қойылған ба? Оқушылардың
барлығы ОМ қол жеткізді
ме?Жеткізбесе, неліктен?Сабақта
саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері
сақталды ма? Сабақ жоспарынан
қандай ауытқулар болды, неліктен?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!