Материалдар / "Мамандығым - мақтанышым"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Мамандығым - мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзіңнің сүйікті мамандығың туралы ой қозғау, мамандықтың адам өмірінде алатын орны ерекше екенін ұғындыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Мамыр 2020
308
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мамандығым - мақтанышым

«Жүрегің қалаған мамандықты қажеттілік бойынша емес, өзіңе ұнауы бойынша таңдауға не жетсін?»

Али Апшерони



Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Есік алдына балаларды жинап алып, «апай-апай» ойынын ойнап, мұғалім болатынмын. Жастық шақтағы сол арманым алға қойған мақсаттарымның бастауы болды. Сөйтіп, 2000 жылы алтын ұя мектебімді бітірген соң, арманымды арқалап, Шымқалаға келдім. М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің филология факультетінің студенті атандым. Аталған жоғары оқу орнын 2005 жылы бітіріп, қолыма қазақ тілі мен әдебиеті және шет тілі мамандығы бойынша диплом алдым. Бүгінде арманым орындалды. Аллаға шүкір! «Мен мұғалім болғаныма мақтанамын!». Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінен басталды. Бұл мектеп оқушылары менің армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосты. Мектебімізде үлгі тұтар, жас мамандарға жол көрсетер ұстаздар жетерлік. Әр ұстаздың жеткен жетістіктерін көріп, айтқан ақыл - кеңестерін тыңдап, білікті мұғалімдердің сабақтарына еніп, тәжірибемді арттырып келемін. «Болдым, бәрін білемін» деп те айтуға болмайды, өйткені мұғалім үйрете жүріп, өзі де ізденіс үстінде болуы керек деп ойлаймын. Ізденістің нәтижесінде магистратураға түсіп, «Педагогика ғылымдарының магистрі» дәрежесін алдым. Сондай-ақ, «Педагогикалық қызметкерлердің әдеп нормалары» атты оқу-әдістемелік құрал кітабым шықты (Авторлары: Н.Н.Нақышов, Ә.Қ.Бүркіт, Н.Борахаева). Орыстың педагог демократы К.Д.Ушинский: «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен, тарихтағы ең ұлы істің бірі» -деді. «Өмір бойы оқу керек» деп өзі оқи отырып, өзгені оқытатын, өзінің уақытын аямай, өзгенің уақытын аялайтын, білімді, жаны жаңалыққа құмар, заман талабына сай үнемі ізденісте болатын мұғалімнің ісі - шыныменен тарихтағы ұлы істердің бірі.
Мектеп — балалардың екінші үйі, ал ұстаздар екінші анасы. Әр үйдің еркелерін бір сыныпқа жинап, олармен жұмыс жасау, әрине оңайға соқпайды.  Алайда, әр баланың тілін тауып, білім мен жақсы тәрбие берудің өзі - бір үлкен іс. Ұлы Абай «Адамның адамшылығы жақсы ата-анадан, жақсы ұстаздан, жақсы құрбыдан болады» деп айтып кеткен. Осындай қасиет пен құрметке лайық ұстаз болған жөн. Өзім туралы мына мәліметтерді хабарлаймын. Ең алдымен біліктілігімді арттыру курсы туралы мәліметтен бастаймын.

  1. 2016 жылы «Тиімді оқыту және бағалау», «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО №000010

  2. 2017 жылы «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» Республикалық «Білім айнасы» газетінің редакциясы №07338

  3. 2018 жылы «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндер бойынша Жаңартылған оқу мазмұны, Өрлеу БАҰО АҚ №011826

  4. 2018 жылы «Тәжірибедегі рефлексия», «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО №35

Өзімнің білім саласындағы негізгі жетістіктерге тоқталар болсам:

  1. 2016 жылы қалалық мұғалімдерге арналған пән олимпиадасы қатысып, жүлделі ІІІ орынды иелендім.

  2. 2016 жылы «Ұлт ұстазы» республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналдың Алғыс хатымен марапатталдым.

  3. 2017 жылы Республикалық «НИО» олимпиадасында жүлделі І орын, иелендім.

  4. 2017 жылы «Бәйтерек» зияткерлік сайысының Алғыс хатымен марапатталдым, №41.

  5. 2017 жылы «Мың бала» жобасы аясында өткен «Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру – мемлекеттің және жеке тұлғаның даму факторы» атты облыстық семинарда Мадақтама және Алғыс хатпен марапатталдым.

  6. 2017 жылы Облыстық Ы.Алтынсарин балалар кітапханасының Алғыс хатымен марапатталдым.

  7. 2017-2018 оқу жылдары «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Алғыс хаттарымен марапатталдым.

  8. 2017 жылы «Рухани жаңғыру-жаңартылған білім мазмұны» аясында ПШО мен қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектебімізде қалалық семинар өтті. «Жеті модульдің тиімділігін» өз тәжірибеме енгізіп, қалалық семинарда жоғары дәрежеде ашық сабақ көрсеткенім үшін қалалық білім бөлімінің Мадақтамасымен марапатталдым.

  9. 2018 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында қалалық семинарда «Үздік сабақ» көрсетіп, қалалық білім бөлімінің Мадақтамасымен марапатталдым.

  10. 2018-2019 жылдары Республикалық «Алтын тобылғы» зияткерлік олимпиадасының Алғыс хатымен марапатталдым.

  11. 2019 жылы «Бәйтерек» зияткерлік олимпиадасының Алғыс хатымен марапатталдым.

  12. 2019 жылы Шымкент қаласы бойынша мектеп оқушылары арасында өткен республикалық «Шамшырақ» зияткерлік олимпиадасында оқушым жүлделі орын иеленгені үшін Алғыс хатпен марапатталдым, №041.

  13. 2019 жылы «Заманауи ғылым: Ғылыми даму жағдайында» атты оқушылар мен студенттерге және жас ғалымдарға арналған VI Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жоғары деңгейде жеңімпаз дайындағаным үшін Мадақтамамен марапатталдым.

  14. 2020 жылы Мектеп оқушылары арасында өткен республикалық «Шамшырақ» зияткерлік олимпиадасында оқушым жүлделі орын иеленгені үшін Алғыс хатпен марапатталдым, №045.

  15. 2020 жылы Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

Бүкіл әлемді шарпыған індетке байланысты еліміздің білім беру жүйесі тұңғыш рет қашықтан оқыту жүйесіне 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап көшті. Осындай сын сағатта қашықтан оқыту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дер кезінде қолға алып, ұстаздар қауымына үлкен сенім білдірді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген бас ұстазымыздың сенімін ақтадық деп білемін. Қашықтықтан оқыту үшін Қазақстан білім алушылары мен білім берушілеріне «Kundelik.kz», «Daryn.online», Қазақстанда баламасы жоқ «BilimLand» ұлттық цифрлық білім беру платформасы, «Google Classroom» веб-сервистері арқылы оқу жүйесі ұсынылды.

Мәңгілік еліміздің мәртебесін арттырудағы жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі ұстаздардың еңбегін елеп, 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасына қол қойды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020 жылы "Педагог мәртебесі туралы" заңды іске асыру кезеңіне көшу басталатынын мәлімдеді. Қазіргі таңда "Педагог мәртебесі туралы" заң өз күшіне енді. Ендеше, осы мақсатта барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарап, жаңа табыстарға жетейік. Қарусыз майданның батырлары, сіздерге әрқашан да шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілеймін!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!