Материалдар / "Мамандығым - мақтанышым" тақырыбында эссе
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Мамандығым - мақтанышым" тақырыбында эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық ұстаздарға қажет бола алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2021
282
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мамандығым – мақтанышым


Ұстаз. Осы бір ғана сөздің өзінде қаншама мағына жатыр. Ең алдымен, ұстаз – жол көрсетуші. Ұстаз – екінші ана. Шәкірті үшін ұстаз адамгершіліктің үлгісі, білімнің шырағы дер едім. Себебі бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде ұстаз өзінің тәжірибесімен бөлісіп, болашағына жол көрсетіп, баланың өмірінде өшпес із қалдырады.  «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, балаларды білім нәрімен сусындату жолында ұстаздар қауымы талмай, қажымай еңбек етеді.

Ұста бір затты қалап шығарады. Яғни, ұстаның жасаған бұйымы мықты, берік, төзімді болуы үшін көп еңбектену қажет. Ұстаздар да Абай атамыз айтқандай, берік кірпіш қалап, білімді, өнегелі, бәсекеге қабілетті шәкірттер тәрбиелейді. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деп бекер айтпаймыз. Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін , білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі –білімді әрі өнегелі шәкірті. Мұғалім үнемі ізденіс жолында болуы тиіс. Заман ағымынан қалмай, жаңашыл педагог болуымыз маңызды.

Мен – ұстазбын. Дәл осындай абыройлы мамандықты таңдағаныма бір сәт өкінген емеспін. Мектеп қабырғасында оқып жүрген сәтте-ақ мұғалім болуды армандайтынмын. Осы орайда «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз есіме түсіп отыр. Мені білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымның бойындағы білімділік, парасаттылық, еңбекқорлық қасиеттерін үлгі тұтып, болашақта мен де осындай ұстаз болып, шәкірт тәрбиелеймін деп алдыма мақсат қойдым.

Иә, бүгінгі таңда бала кездегі арманым орындалып, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінде шәкірт тәрбиелеп жүрмін. Еңбек жолымды осындай іргелі мектептердің бірінде бастағаныма өте қуаныштымын. Заманауи талаптарға сай салынған жаңа ғимаратта еңбек етудің өзі бір ғанибет.

Жерлес жазушымыз Сәбит Мұқанов «Мұғалім деген ат – қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам – мұғалім» деп әділ баға берсе, Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім» деп, ұстаз мәртебесін жоғары бағалайды.

«Ұстаз ұлық емес, ұлы қызмет» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, оқу мен тәрбие бір-бірінен ажырамас бөліктер. Бала мектепте білім ғана алып қоймай, тәрбие, өнеге де алады.

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан, оларға терең де сапалы білім берудің жаңа әдіс - тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, оны өмірде қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті.

Қазақстан тарих сахнасында өшпес орын алу үшін «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруымыз қажет. Ал, «Мәңгілік елді» сақтап қалатын, оны берік ұстап, намысты қолдан бермейтін – болашақ ұрпақ. Ендеше, ұлтжанды, патриот, иманды, намысшыл ұрпақ тәрбиелеу жолындағы ұстаздардың еңбегі зор деп үлкен мақтанышпен айта аламыз.

Мамандықтың түрлері өте көп. Қай маман иесі болсаңыз да, осы дәрежеге жетіп, маман болуыңызға үлкен себепкер болған, әрине, ұстаз. Ғалым болсаң да, жұлдыз болсаң да, данышпан, беделді азамат болсаң да, ұстаздың еңбегін ұмытпау керек. Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету сол адамға деген сый-сияпат емес, сіздің тәрбиелі, тәлімді тұлға екеніңізді дәлелдейді. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп хәкім Абай айтпақшы, әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтаңыз. 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін Елбасымыздың сөзімен қорытындылайын: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!