Материалдар / Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті (тренинг)

Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті (тренинг)

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіптік бағдар беру, оқушыларға мамандықты дұрыс таңдауына бағыт беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
389
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті (тренинг)

Түркістан облысы

Шардара ауданы

Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебі

ДОІЖО: Алтынбеков Асан Абдуразақұлы


Кәсіптік бағдар беру, оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы, білік пен білімділікті қалыптастыру, мамандыққа деген түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта –ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психолоиялық қолдау көрсету барысында тренинг өткіздім. Тренингке ата-аналар да қатысты. Мамандық таңдауға түсіндірме жұмыстары мен бірге сауалнама, дидактикалық ойындарды жоспарладым.

Ой шақыру бөлімінде «Кім боламын?» әдісінен бастау алды. Бұл аса бір күделі де қиын сауал. Осыған беретін адам кім дегенде алдымен ауызға ілінетін тағы да сол баланың ата –анасы. Өйткені олар өз перзентінің жай-күйін бесікте жатқан кезінен жақсы біледі. Одан кейінгі оның бірден-бір ақылшысы: өз шәкіртін күнде көріп, өзіндік мінез-құлық, қабілет бейімін көңіліне түйіп жүретін ұстазы яғни біздер.

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі-жар таңдағанда, екіншісі-мамандық таңдағанда» деп бекер айтылмаса керек. Мына жалған дүниеде қалың қалтанығ бақуатты өмірді, шіріген байлықты армандайтын адам кем де кем. Мүлдем жоқ демейміз, бірақ, олардың қатарының көп екені ақиқат.

Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдау тиіс. Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадр даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» Ж.Аймауытов. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистиктердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. Адам өз жұмысын ауыстырып, оның 12%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? «Мамандық-дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі тренингте ой бөлісеміз. Баланы болашақ кәсіпке бағдарлау ісі жас талаптың ең әуелі өз халқының қазіргі ұлттық мүддесін ескертетіндей бағытта жүргізілсе құба-құп.

Жалпы мамандық таңдау кезінде бір-бірімен тығыз байланысты екі нәрсені мұқият ескеріп, басшылыққа алған жөн.

  1. Бұл мамандық маған не береді? Ол мамандықты таңдасам, өзімнің қабілетімді түгел жұмсап, өзімді-өзім көрсете аламын ба?

  2. Бұл мамандықты меңгерсем, халыққа, қоғамға қандай пайда келтіре аламын?.

Тренинг пікірталаспен жалғасты.

  1. Мамандық таңдауда нені есепке алу керек?

  2. Адамның қандай қасиеттері кәсіби түрде қажет?

  3. Адам кәсіби жұмыста қалай табысқа жете алады?

  4. «Маман иесі» дегенді қалай түсінуге болады?

  5. Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба ? деген жетекші сұрақтар қойылады.

Ата-ананың араманы- баласын дүниеге әкелген соң, қызығын көру. Қазақта сөз бар: «Жақсы бала-сүйік, жаман бала- күйік» деген. Осы айтылған сөздің түбінде үлкен ой жатыр. Әрбір ата-ана баласының қызығын көруді арамндайды, білімді болғанын қалайды, өмірден өз орнын тапса екен деп жатса да, тұрса да Алладан сұрайды.

Әбунасыр Әл Фараби: «... адам кез –келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесекте содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»-деген сөзбен тренингті аяқтаймыз.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!