Материалдар / МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНІҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНІҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мәңгілік ел» идеясы біздің көне түркілік дүниетанымымызды – болмысымызды, көшпенділер өркениетінің негіздерінзаманға лайық қайта жаңғыртудың, еліміздің алдыңғы қатарлы қуатты мемлекетретінде өркендеуінің кепілі болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2022
235
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ 378

МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНІҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Ильяс Г- Пмнок21-1м тобының студенті

Ғылыми жетекші : т.ғ.к., аға оқытушы Салмырза Ж.І.

Орталық Азия инновациялық университеті, Академик Мардан Сапарбаев институты


РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается основные направления реализации общенациональной идеи «Мәңгілік Ел». Анализируется государственная политика по вопросу выбора, определения национальной идеи Республики Казахстан на современном этапе. Рассматривается подходы в формировании патриотизма в контексте идеи «Мәңгілік Ел.

Summary

In the article the main directions of realization of the national idea "Mangilik El" are considered. The state policy on the issue of choice, definition of the national idea of the Republic of Kazakhstan at the present stage is analyzed. Approaches to the formation of patriotism in the context of the idea of " Mangilik El " are considered.


Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» (17 қаңтар, 2014 ж.),«Нұрлы жол – болашаққа жол» (11 қараша, 2014 ж.) атты Жолдауларындағы«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қалыптастыру туралы ой отандық саясаткерлер,философтар, тарихшылар ортасында кеңінен қолдау тапты.«Қазақ халқының мыңжылдық тарихи тәжірибесінен, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан жолынан туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жарияетілді», - делінеді Қазақстан халқы Ассамблеясының ел азаматтарына Үндеуінде.Ортақ мақсатымыз – «Мәңгілік Елді» нығайту, Отанымыздың –Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту! Ортақ мүддеміз – біздің баршамызға ортаққұндылықтарымыз, еркін және өркендеуші елде өмір сүруге деген құштарлығымыз! Ортақ болашағымыз – «Мәңгілік Елдің» - біздің ортақ үйіміздің –Қазақстан Республикасының гүлденуі.«Мәңгілік Ел» - Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кірустратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама.Қазақстан Халқы Ассамблеясы атап өткендей:

1) Қазақстан халқы алдындатұрған стратегиялық міндеттердің орындалуы Қазақстанда жасақталған бірегеймодель – қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік моделі негізінде ғана жүзеге асуымүмкін;

2) тұрақты түрде өркендеуші Қазақстанды құру, қасиетті жерімізде берекелі қоғам құру сынды озық міндеттерді орындау үшін ұйымдасып, бірігу қажет[1]. Қазақстан Президентінің «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қалыптастыру туралы айтылған ойы отандық саясаткерлер, философтар, тарихшылар пікірлерінде кеңкөрініс тапты.

Осылайша, саясаттанушы Құбаш Сағидоллаұлының пікірінше, «Мәңгілік ел»идеясы қай заманда да даңқты тарихы бар ұлы көшпенділер империясын әлемдікөркениетпен байланыстырған көпір болып келді. Ол Ұлы Жібек жолында, ізгілік,кеңпейілділік пен мейірбандық, береке-бірлік сынды жалпыадамдық қасиеттергеие көшпенді өркениеттің даму жолында жүзеге асты.Бүгінгі жаһандану дәуірінде, «Мәңгілік ел» идеясы біздің көне түркілік дүниетанымымызды – болмысымызды, көшпенділер өркениетінің негіздерінзаманға лайық қайта жаңғыртудың, еліміздің алдыңғы қатарлы қуатты мемлекетретінде өркендеуінің кепілі болып табылады. Тәуелсіздіктің келуімен еліміз тарихи тұрғыда осы идеяны жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды.Бұл татулық көршілестікке, бейбітшілікке ұмтылған мемлекет ретінде әлем қауымдастығына танымал Тәуелсіз Қазақстанның әзірге ешкім бағаламаған жәнеигерілмеген аса зор әлеуетке ие екендігін білдіреді. Ал бұл «Мәңгілік ел» идеясы– біздің ұлттық кодымыздың кілті»,- деген ойды білдіреді.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы қазақ елінің жарқын болашағын білдіре отырып,Қазақстанның дамыған елдермен қатарласуына мүмкіндік беретіндігін білдіруде[2]. Бұл – ұлттық бірлік пен бейбітшілік, экономиканың нығаюы, халықты әлеуметтікқорғау, ұлттық қауіпсіздік, мәдениеттің, тілдің дамуы негізге алынатын Қазақстанжолының жаңа кезеңі. Ел дамуының бүгінгі жағдайында «Мәңгілік Ел» ұлттықидеясы – болашаққа сенімді қадам. Ол барша қазақстандықтардың ынта-жігерін
қоғам алдында тұрған маңызды міндеттерді шешуге жұмылдыруы тиіс.«Мәңгілік Ел» идеясы Қазақстанды ел ретінде ғана емес, біртұтас ұлт ретіндетанытады. Біз экономикалық тұрғыда ғана емес, рухани да дамуымыз керек.Қазақстан өзінің көпұлттығына қарамастан, біртұтас, ортақ идеяны дүниеге әкелді.

Бұл – біздің өмір бойы аңсаған, іздеген арманымыз. «Мәңгілік Ел» -
Қазақстанның қазіргі даму жағдайындағы мемлекеттік идеологиясының түпкі
мәні, – деп жазады саясат ғылымдарының докторы, профессор Г.Сұлтанбаева .«Мәңгілік Ел» идеясы мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет ретінде халқымыздың
көп ғасырлық арман-мұратына, ел дамуының нақты нәтижелеріне негізделген.
«Мәңгілік Елдің» жұмылдырушы күш-қуаты келесілерге негізделген:
1) өз барабарлығын, өз тамыр-тегін, өз ұлттық рухы мен өзіндік бірегей .«Президент Қазақстанның «Мәңгілік ел» ретіндегі болашағы туралы сөз қозғағанда, ол ұлттың тарихи санасына қатысты мәселелерді күн тәртібіндегі бірінші мәселе ретінде қарастырады. Әлеуметтік-мәдени категория ретінде сипатталатын тарихи жады мейлінше терең болған сайын, сондай-ақ тарихи сана неғұрлым
тереңнен тамыр тартқан сайын, адам және тұтас қоғам соғұрлым рухани байи
түседі.
Бүгінгі күнді түсініп, келешекті болжау үшін өткенді білу қажет. Адам алдыңғы
буынның жинақтаған әлеуметтік-мәдени тәжірибесіне терең бойлағанда, оның
өмірлік және азаматтық ұстанымдары айқындала түседі. Жаһандану үстіндегі әлемдегі қатаң бәсекеге қабілеттілік жағдайында Қазақстанның «Мәңгілік елді» қалыптастыруға ұмтылысы саяси, әлеуметтік-экономикалық егемендікпен қоса, рухани тәуелсіздікке де қол жеткізуді қажетсінеді.Осыған орай ұлт сынды күрделі жүйенің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшіносы қоғамға тән тарихи сананы қалыптастыру керек (төл тарих пен мәдениеттіңөзіндік болмысын сипаттайтын ұлттық дүниетанымды, рухани қайнар көздерді,жаңғырту арқылы).Тарих өткенмен, адам жадысымен және әлеуметтік санамен сабақтас.

Тарихи сананы төл тарихты зерттеп-зерделеу, ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын іргеліқұндылықтарды игеру арқылы ғана қайта жаңғыртуға болады. Адамдарды рухани
оятатын ана тілімен қоса, дәстүрді де жаңғырта отырып, халықтың өткен тарихын
толығымен қалпына келтіру қажет. Тәуелсіздіктің рухани тұғырнамасын түзетін
тарихи сана-сезімнің қалыптасуы деген – осы», - дейді философия ғылымдарының
докторы, профессор Б.Сатершинов[3]. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мәнін жоғарыда айтылған қағидалар аясында зерделеу нәтижесінде келесі ой қорытылады: «Мәңгілік Ел» - Қазақстан Республикасының мемлекет құрушы ұлты болып табылатын қазақ халқының –
Қазақ елінің тарихы. Сонымен қоса бұл – әлемді мойындатуға және дүниежүзілік
қауымдастықта өзіне лайық орнын алуға ұмтылған көпұлтты мемлекет ретіндегі
Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы бола тұра, тағы да Қазақ елінің
тарихы.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мынадай ой тұжырымдалады:
Қазақстанда қалыптасқан «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы оның халқын діттеген
нысанаға мақсатты түрде жетелейтін аса қуатты импульс болып табылады. Осы
ретте нақты айқындалған міндеттерді шешу үшін баршаның және әрқайсының
күш-жігері қажет.Ұлттық идея контексінде жастарға патриоттық тәрбие беру ауқымындаҚазақстанда бірнеше жыл бойы жүзеге асқан «Мәдени мұра» ұлттық жобасының маңызы зор. 2003 жылы Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған ұлтбірегей мемлекеттік бағдарлама «білімнің жаңа мәдениеттану парадигмасы өзінөзі білуді оның мәдени-тарихи және тұлғалық-мағыналық контексінен үзіп тануғаболмайтындығына» ерекше мән береді.

«Мәдени мұра» Қазақстан азаматтарының қазір өмір сүріп жатқан жас буынында гуманитарлық білім, олардың патриотизмімен азаматтылығының толыққанды қорын қалыптастырудың негізі болуы тиіс.

Патриоттық тәрбие мәселесі «Қазақстан-2050» Жолдауында жаңа мазмұнғаие болды. Президент атап өткендей, жаңа қазақстандық патриотизмнің бастымақсаты – қоғамдық келісімді сақтап нығайту. Бұл біздің мемлекет ретінде,қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің бұлжымас шарты. Қазақстандық патриотизмнің негізі – бұл барлық азаматтардың тең құқықтағы және олардыңОтан абыройы үшін ортақ жауапкершілігі.Еліміздің әр азаматы өз жерінің қожайыны ретінде сезініп, елі мен оныңжетістіктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатуы қажет.

«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру елдің әл-ауқатының дамуы, сыртқы және ішкі қауіп -қатерлерге төтеп беру қарқыны, территориялық тұтастығын сақтай білуі, демографиялық қауіпсіздікті сақтау, мемлекетті басқарудың жоғарғы санатына байланысты. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруға ықпал етуші төмендегідей факторларды айқындауға болады:

1. «Территориялық тұтастық».

2. Саяси жүйенің сапалы болуы.

3. Этникалық бірегейлік.

4. Патриотизм.

5. Мәдени құндылықтарды сақтау.

6. Білім беру сапасын арттыру.

7. Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.

8. Қолайлы қоршаған ортаны сақтау.

9. Денсаулық сақтау ісін жақсарту.

ХХІ ғасырдың басында зерттеушілер, қазіргі заман талабына сәйкес дайындалған, жастарды патриоттық тәрбиелеудің бірқатар үлгілерін ұсынып отыр: рухани құндылықтар үлгісі, тарихи- өлкетану қызметі арқылы тәрбиелеу үлгісі, азаматтық-патриоттық сезімдерді қалыптастыру үлгісі, әлеуметтік-патриоттық бағытта тәрбиелеу үлгісі. Патриоттық тәрбие негізінен екі жол арқылы жүргізіледі. Бірінші түрі, өскелең ұрпаққа, аға буынның патриоттық сезімдерін, мәдениетін жеткізу болса, екінші жол арқылы жаңа патриоттық білімдерді қалып тастыру арқылы [4].

Патриоттыққа тәрбиелеудің екі түрі де өзара байланысып, бірін бірі толықтырып отырады. Патриоттық тәрбие беру үшін арнайы ұйымдастырылған тәрбиеде патриоттық сезімдер тиімді қалыптасады.

Зерттеушілер, патриоттық тәрбиенің төмендегідей межелерін ұсынады:

1 .Когнитивті – патриоттық сипаттағы білімнің мөлшерін, мазмұнын, жүйелілігін анықтауға мүмкіндік беруші.

2. Құндылық сезім – отанға, патриотизмге, жанұя, достары және мектепке деген ішкі сезімін, құндылық бағыттарының қалыптасуын, тұлғаның патриоттық ұстанымдарының деңгейін анықтаушы.

Патриоттық сананың мазмұны көптеген рухани құндылықтарға негізделеді. Олар екі топқа бөлінеді: Отанды тану, отан сүйгіштікке байланысты құндылықтар және патриотизм түсінігіне қатысты құндылықтар.

Бірінші топқа төмендегілер кіреді:

- Отанға және халқына деген сүйіспеншілік, жеке және қоғамдық қауіпсіздік, моральдық жауапкершілік сияқты түсініктер негізінде берілген, Қазақстан халқының рухани өміріне қатысты жалпы адамзаттық құндылықтар;

- Қазақстан мемлекетінің қалыптасу және дамуының оң үрдістерін, отан тарихының, мәдениетінің келелі, жағымды тұстарын көрсететін ұлттық-мемлекеттік құндылықтар.

Екінші топқа, адамның қоғамдағы өз орнын таба білуі, Отанға дегені міндеттерін жете түсініп, орындай алу қабылеті, Қазақстан мүдделерін қорғауға деген ұмтылысы, патриоттық борышын жете түсінуі сияқты жеке құндылықтар кіреді.

Студенттер бойында патриоттық сезімді қалыптастыру нақты тәрбие үдерісінде, студент және оқытушы өзара байланысты іс әрекеттер жиынтығынан қалыптасады:

Бұл үшін оқытушы:

- конституциялық құрылымды, қоғамдық құндылық жүйесін құрметтейтін, өзіндік азаматтық – патриоттық ұстанымы бар тұлға.

- азаматтық – патриоттық тәрбиенің философиялық мазмұнын анықтайды;

- тәрбие үдерісінің әлеуметтік жобалау әдістерін меңгереді;

- педагогикалық жұмыстың демократиялық үлгілерін игеріп, жоғары коммуникативті мәдениетке ұмтылады;

Студент:

- бейбіт сүйгіштік және толеранттық қасиеттерге негізделген құндылық жүйесін игереді;

- патриоттық сананың дамуына ықпал ететін қоғамдық өмірге белсене араласады;

- қоғам, тарих, саясат, мәдениет, дін сияқты өмірдің барлық құрамдас бөліктерін, құндылық тұрғысынан бағалай білуі.

Соңғы жылдары жас ұрпақты тәрбиелеу барысында патриоттық сезімдерді қалыптастыру үшін озық ойлы әдістер іздестіріліп, дайындалуда.

«Мәңгілік Ел» идеясы аясында патриоттық тәрбие беруде төмендегідей бағыттарға

жете көңіл бөлінуі қажет:«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудың басты жолы біріншіден, Қазақстан Республикасының жастарының салауатты өмір салты, идеологиялық бірлігі арқылы елдің саяси, экономикалық және тарихи дамуына үлес қосу және ел саясатының, мәдениетінің өзіндік ерекшелігін дәріптеу факторы.Екіншіден, Қазақстандық жастар патриотизмі мәселесін барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени – рухани мәселелердің өзегіне айналдыру. Үшіншіден, Қазақстан әлемдік мәдениеттер мен діндердің тоғысқан түйіні, Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің тоғысқан жерінде пайда болған ел ретінде ғаламшарымыздағы жасампаздық үрдістерге мол үлесін қосуда. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік саясатындағы толеранттылық, үйлесім мен өзара түсіністік векторы жалпыұлттық идеяларға айналып отыр. Дін және конфессияаралық үйлестік біздің еліміздің болашақтағы дамуына үлкен мәдени серпіліс берді. Осы тұрғыда, еліміздегі жастар бойында Қазақстан елінің бірлігіне, территориялық тұтастығына қауіп төндіретін – шовинизм, ксенофобия, трайбализм, діни төзімсіздік сияқты жалған идеялардың таралуын тоқтатуға үлес қосу– біздің ұрпақтың басты мақсаты.Төртіншіден, еліміздің тәуелсіздігін және еркіндігін сақтап қалу – болашақтың мызғымас қағидаты. Біздің еліміздің болашағы, тағдыры жастар қолында.Бесіншіден, еліміздің болашағы әлеуметтік теңдіктерден туындайды. Әлеуметтік жаңғырған мемлекетте әрбір жас азаматқа өзін, осы қоғамның кірпіші болып қалануына, өзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға мүмкіндік алады.Аталмыш бағыттарда, студенттерге, қазақ халқының өткен тарихи жолдарын ұғынып, ұлттық салт – дәстүрді дәріптеу арқылы ұлттық-патриоттық идеяларды сіңдіру мақсаттары тұр[5].

Жалпы, патриотизмді қалыптастыру – бұл мемлекеттік міндет, қоғамның әлеуметтік тапсырысы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көздейді. Өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғам өркендеп, талап күшейіп, талғам артып халыққа қызмет етуде үлкен бір серпіліс болуы қажет. Жастардың өз елінің, жерінің өткенін сезінбей, оның ерлікке, адамгершілікке толы тарихын, өнерін жете ұғынбай, отаншылдық сезімді қалыптастыру мүмкін емес.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Қазақстан -2050 стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Қазақстан Республикасының Президенті – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана. 2012 жылғы 14 желтоқсан.// http://www.akorda.kz/kz/official_documents/strategies_and_programs

2. «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы». Қ.Р. Президентінің Жарлығы Астана, Ақорда, 2006 ж. Қазанының 10-ы. №200 http://www edu.gov.kz

3.Бейсенова, Ә.С. Қазақ елі-мәңгілік ел : Оқу құралы / Ә.С. Бейсенова; ред.басқарған Қаражан Қ.с.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 385 б.

4.Абдурахманов, Н.А.Абдурахманов, Н.А. "Мәңгілік Ел" Жалпы Қазақстандық идеясы : Оқу құралы / Н.А. Абдурахманов, А.Т. Кадиргалиев.- Шымкент: Әлем, 2018.- 288б.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!