Материалдар / «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Маусым 2018
1131
9 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



































«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру











М.К. ЖантокенаЖалтырнегізгі мектебінің қазақ тілі және әдебиеті мұғаліміСолтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Жалтыр ауылы

С.А. АбиловаЖалтыр негізгі мектебінің математика және физика мұғаліміСолтүстік Қазақстан облысы, Шал ақыны ауданы, Жалтыр ауылы

А.К. ШукеновЖалтыр негізгі мектебінің химия мұғаліміСолтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Жалтыр ауылы

















Жалтыр ауылы, 2016 жылҚазақстандық қоғамның «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындаудың өзектілігі білім беру ұйымдарының ұлттық мәдениетті меңгеру, бекіту, көріну және трансляциялауына ықпал ететін білім алушы тұлғасын рухани, ұлттық теңестіру мен әлеуметтендіруге бағдарлау қажеттілігімен айқындаладыМемлекет пен қоғам ұлттың зияткерлік әлеуетін, адамгершілік, дене дамуы мен психикалық саулығын сақтау, тапсыру және көбейтудің негізі ретінде қарастыратын білім беру ұлттық өзіндік сана тәрбиесінен ажырағысыз.Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарындағы тәрбие қызметінің жүйесінен көрініс тапты. Қазақстандық патриотизмнің, азаматтықтың, руханилықтың саяси және адамгершілік мәнін түсіну, адамгершілік бағдарлы, әлеуметтік белсенді, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру процесі жүріп жатыр. Ұлттың жалпықазақстандық ділін, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлерін ескере отыра, зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда.Оқушы жастардың санасында білімнің беделділігі, өз денсаулығын сақтаудағы экономикалық мүдделілік сияқты жаңа позитивті трендтер артуда; отбасы, достары, денсаулығы, материалдық игіліктер, қызықты жұмыс, мансабының өсуі оқушылардың дәстүрлі өмірлік құндылықтары болып қала беретінін социологиялық зерттеулер көрсетіп отыр.Сонымен бірге, ұлттық тәрбие беру қажеттілігін түсіну мен балалар мен жастарда азаматтық көзқарас, патриоттық сезім, ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың жеткіліксіз деңгейі арасындағы қарама-қайшылық байқалады.Мектеп өз тәрбиеленушілерін Қазақстан тарихының бастауларына, туған елінің мәдениетіне, ана тіліне, қазақ әдебиетіне толық бейімдемейді. Мектеп бағдарламаларында оқушылар тұрып жатқан өңірдің табиғаты, мәдениеті және экономикасының жергілікті ерекшеліктерімен байланысты материалдарға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейді. Білімнің өзі адамның тіршілік әрекетінің міндетті құрамдасынан социумның пайдакүнемдік-қызметінің функциясына айналады, мұнда адам бейнесі білікті тұтынушы бейнесімен алмасады.Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт.Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады.Біз, ұстаздар, бұл идеяны қолдау мақсатында қандай жұмыстар атқара аламыз?Қазіргі уақытта Мәңгілік Ел болу үшін азаматтарымыз білім, ғылыммен мықты қаруланған болуы қажет. Себебі, кез келген мемлекеттің басты байлығы ол - халқы, адам капиталы. ХІ ғасырдың өзінде Жүсіп Баласағұни кемел мемлекетті жасау, адамның кемелдену жолдары мәселесін көтергенде: «Білім мен ғылым – адам кемелденуінің алғашқы жолы» деген. Ал дамыған мемлекет-белсенді де білімді,денсаулығы мықты азаматтар емес пе?Сондықтан Мәңгілік Ел болу үшін әр азаматымыз осы бағытта жұмыс жасауы керек. Бұл, әрине, оңай шаруа емес. Бірақ оған да қажырлы еңбектің арқасында жетуге болады.Ғасырдан ғасырға жібек желі болып жалғасып келе жатқан бабалар аманатын орындап жалғастыру біздің еншімізде.ХХІ ғасыр басындағы жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды ертеңгі нұрлы жолға , кемел келешекке апаратын - жастар. Ендеше қияметтің қыл көпірінен сүрінбей өткен, тәуелсіз Қазақстанымның табанының тұғырдан таймауын тілеп, асыл мұраты алға жетелесін демекпіз.Болашақ жаңа өмір үлкен еңбек пен қажырлылықты талап етеді. Ел келешегі үшін ақылды, білімді , білікті жастар керек. Болашағымыздың жарқын болатынынасенеміз, өйткені Қазақстан Елбасымыз бастаған халықтың қолында.Қазақстанды жайқалған жас ағаш сияқты. Ал ағаштың сансыз жапырақтары - қазақ жерінде тұрып жатқан көптеген ұлттар мен ұлыстар. Алда оны тамыры тереңге жайылған, мықты бекіген, жемісі мол ағаш ретінде елестетеміз.Бұл Мәңгілік Ел болатындығымызға деген сенімнен де шығар.Алғақойғанұлымақсаттарыбар, ертеңінесенімменқарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштарухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. «Біз ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенеміз. Бұл бейбітшіліктің,тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!»-деген Елбасымыздың сөзі әр адамды жігерлендіреді.Қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, оқушыларға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. Оқушыларға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру - негізгі түп қазығы. Мемлекетіміз көп ұлтты болғандықтан, халықтық педагогиканы үйрету қажеттілігі барған сайын арта түсетіндігі анық. Осы бағыттағыжұмыстарда халық педагогикасын пайдалануға үйрету мәселелері, оның әдістемесін ғылыми негізде құру проблемалары, оны зерттеу қазіргі заман талабына қажет болып отыр. Жүргізілетін жұмысты ұйымдастырудың ең негізгі принципі — оның сыныпта жүргізілетін гуманитарлық пәндермен бірге жаратылыстану сабағымен де тығыз байланыста болуы. Оқушының оқитын кітаптары сыныпта өтілетін сабақтардың жалғасы түрінде ұсынылады. Олардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруарқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыруға әр түрлі әдісті қолданып, оқушы сұраныстарының артуы мен қажеттілігін өтеуде білім, білік, дағдыларының жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру мақсатында мектеп қабырғасында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.Халқымыз өз ұрпағын ізгілікке,инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуді басты мақсат санаған.Олай болса,бүгінгі ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрі негізінде тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін терең сіңіру қажет. Бүгінгі күні қалыптасып отырған әлеуметтік-мәдени жағдайда қоғам өмірінің барлық саласында шығармашыл тұлғаның орны мен ролі ерекше мәнге ие болып отыр. Бұл ғасырлар тоғысында адамзат баласы жасаған техника мен технология жетістіктерін тиімді пайдалануда шығармашылық тұрғыдан келу қажеттігінен туындап отыр. Осыған байланысты педагогикалық процеске қойылатын талаптар өзгереді, себебі қазіргі әлеуметтік жағдайда жинақталған мәдени - тарихи мұраны игеру оқушыларды дамытудың негізгі көзі болып табылады. Бұл дегенімізоқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруидеясы қазіргі білім беру жүйесі алдына қойылатын негізгі жұмыс принципіне айналып отыр деген сөз, ол өз кезегінде білім беру және тәрбиелеу мақсатына, оның мазмұнына, әдістері мен ұйымдастыру формаларына жаңа инновоциялық көзқараспен қарастыруды қажет етеді. Шығармашыл тұлға қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі ретінде оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Ал оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың жолы ретінде педагогикалық ойлар тарихындағы оның көрінісін саралау қажеттігі дау тудырмас мәселе. Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудыңауқымы кең.Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі -«Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттылық, Қазақстанның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс.«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының  арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, баланы  сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуі тиіс,»- деп Мағжан Жұмабаев ұлт тәрбиесінің бағытын көрсетіп берген. Қай кезде де ұлт өмірін өркендетуші саналы да, салауатты, ұлтжанды рухы биік, ақыл - парасаты мол, мәдени –ғылыми өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндет және қоғамдық қажеттілік. Ұлттық құндылықтарды қалыптастыру дегеніміз  жастарға шығармашылығын дамытатын мүмкіндіктер, ұлтымыздың бай мәдениеті, ұлттық болмыс, тарихы, тілі, ұлттық құндылықтар туралы білім беріп, жан-жақты, Отанын сүйетін, адамгершілігі мол, рухы биік, жаһандық өркениеттің халықтарына төзімді жеке тұлғаны тәрбиелеу. Ұлттық мәдениет ата-бабаларымыздың тәрбиеге байланысты  ғасырлар  қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірбие жиынтығы, қанша  уақыт өтсе де тат баспайтын адалдығы айнадай ұлттық қазына. Халқымыз өз ұрпағын ізгілікке, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуді басты мақсат санаған. Олай болса, бүгінгі ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрі негізінде тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін терең сіңіру қажет. Бүгінгі күні қалыптасып отырған әлеуметтік-мәдени жағдайда қоғам өмірінің барлық саласында шығармашыл тұлғаның орны мен ролі ерекше мәнге ие болып отыр. Бұл ғасырлар тоғысында адамзат баласы жасаған техника мен технология жетістіктерін тиімді пайдалануда шығармашылық тұрғыдан келу қажеттігінен туындап отыр. Осыған байланысты педагогикалық процеске қойылатын талаптар өзгереді, себебі қазіргі әлеуметтік жағдайда жинақталған мәдени - тарихи мұраны игеру оқушыларды дамытудың негізгі көзі болып табылады. Бұл дегенімізоқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруидеясы қазіргі білім беру жүйесі алдына қойылатын негізгі жұмыс принципіне айналып отыр деген сөз, ол өз кезегінде білім беру және тәрбиелеу мақсатына, оның мазмұнына, әдістері мен ұйымдастыру формаларына жаңа инновоциялық көзқараспен қарастыруды қажет етеді. Шығармашыл тұлға қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі ретінде оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Ал оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың жолы ретінде педагогикалық ойлар тарихындағы оның көрінісін саралау қажеттігі дау тудырмас мәселе. Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың ауқымы кең.Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жолдауындағы «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әр алуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да, жинастырыуымыз керек» деген сөздері жобамызға тірек болып, осы бағытта жұмыс істеуіміздің себепшісі болды. Сондықтан оқу жылының басында мектебіміздің даму бағдарламасы құрылды.Бағдарлама мақсаты: оқушылардың рухани тәрбиесі кезінде ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың теориялық негіздемесін жасау және тәжірибелік апробациядан өткізу.Ұлттық мәдениет негізіндегі оқушылардға рухани тәрбие берудің басқару үрдісі нәтижелі болады, егер
  • Мектепте ұлттық компоненті бар білім беру моделі құрастырылып, жұмыс істесе;
  • Мектеп педагогтері білім беру үрдісінде ұлттық компонентті қамтитын инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданса;
  • Мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес ұлттық компоненті бар әр-түрлі іс-шараларға оқушылардың жүйелі түрде араласуы;
  • Мұғалімнің өз үлгісінде рухани тәрбие беру кезінде ұлттық компонентті кеңінен қолдануын қамтамасыз етсе;
Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы рухани тәрбие беру қызметінің тәжірибелік негізі:
  • Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы рухани тәрбие беру қызметінің диагностикасын құру;
  • Педагогикалық ұжым жұмысының рухани тәрбие беру барысында ұлттық компоненттің қолданылуы бойынша тәжірибелік алаңның ұйымдастырылуы;
  • Тәжірибелік алаң жұмысының нәтижелерінің сараптамасы.
Мектеп әкімшілігінің қызметі: оқу-тәрбие жұмысы кезінде әдістемелік бірлестіктер, шығармашылық топтар арқылы ғылыми-практикалық семинарлар, іскерлік ойындар, кездесулер, диспут, конференциялар өткізу барысында, әкімшілік жиналыстарында ұлттық компонентті қолдану.Мұғалімдер қызметі: білім берумен қатар тәрбие үрдісінде ұлттық компонентті қолдану, оны дамыту жолдарын іздеу, тиімді әдіс-тәсілдерін ойластыру.Оқушылар қызметі: білім мен ұлттық кеңістігінің ерекше субъектісі ретінде білім мен шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі дамыту.Ата-аналар қызметі: елінің, ата-анасының, туған-туысқандарының қамқоры болатын тұлғаны тәрбиелеу.Мәдени социум қызметі: тұлғаның мәдени, шығармашылық дамуына өмірлік қолайлы жағдайлар жасау.Қазақ ұлтының келешегі өрімтал ұрпақтың тәрбиелі, білімді болып өсуіне байланысты. Бүгінде әр отбасында желкілдеп өсіп келе жатқан бүлдіршіндер мен бәлиғатқа жетіп қалған ұл-қыздар намысты қолдан бермейтін ұлтжанды, еңбекшіл, білімге құштар азамат болып өссе, қазақ ұлтының, Қазақстанның бағы жанып, мәуелі бақтай құлпыра берері анық. Ұлағатты ұрпағымен ғана ел ұлағатты болмақ.«Қайырымды болсаң өзгеге, шапағаты тиер өзіңе»дегендей, өмір көшінде ұлағатты іс істеуге жұмылып,«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелеп, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелеп» отырған ата-ана еңбегін ақтай білген жөн. Иә, халқымыздың, ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін, бүгінгі заманның озық жетістіктерінің үлгі-өрнегін ұрпақ бойына дарыту қажет.Көп заманнан бері тіршілік тынысынан тыс қалған ата-баба дәстүрін оқып-үйрену, ұлттық салт-сананың сипатын жан-жақты ашып көрсету, ғибраты мол әдет-ғұрыптарымызды ұрпақтар сүйегіне сіңіріп, бойына дарыту тәрбие мәселесін тереңдетіп әрі салмақтандыра түсіреді.Ұлт намысын қорғап,ұлттық тәрбиенің негізін қалаған қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай кезінде: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды,» - деген көрегендік пікірін айтқан болатын.Қазақ халқының мәдениеті өзінің кәсібі мен шаруашылығының заңдылықтарына қарай өркендеп келеді. Ұлттың мәдени құндылықтарын екіге бөліп қарасақ, рухани: тіл, діл (әдет-ғұрып, салт-дәстүр), дін, өнер, тарих, тәрбие, рух (психология), ұлттық мейрамдар т.б. материалдық: жері, үй-жайы, малы, тұрмыс-мүлкі, киімі, т.б. Бұл – қазақ халқының ұрпағын отбасылық өмірге даярлауға өзек болар ұлттық құндылықтар.Осы құндылықтарды оқушы бойында қалыптастыру бойынша жүргізілген жұмыстар болашақта Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтауға, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлестерін қосатын адамгершілік мұраты биік, патриот, намысшыл, қаһарман, қайсар, жігерлі азаматының өсіп шығуына септігін тигізетіне кәміл сенеміз.Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мемлекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежірелерінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылады. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Сондықтан, білім беруде, «мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде ойға ой қосу арқылы өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы мұраттарымызға жетеміз.«Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру барысында мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына МӘҢГІЛІК ЕЛ құндылықтарын енгізу арқылы бәсекеге қабілетті ХХІ ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының басты мақсаты. Соған сай ұстаздар қауымы өз ісінде құзыреттілік көрсетіп, жоғары біліктілік танытқанда және бүгінімізді шынайы бағалап, ертеңімізді батылдықпен әрі біліктілікпен бағамдай білген Елбасының көздеген, жан – жақты дамыған, жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелеуге қол жеткізе алатынымызды нық сеніммен айта аламыз. Әдебиеттер тізімі1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы Алматы 2010,6-б 3. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы Астана. 2004. 3-4б. 4. Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр Антологиясы, 2 томдық. А; «Рауан»1т. 1994., 2 т. 1998 ж.5. Халық мұрасы – тәрбиенің қайнар көзі ІV – Байқоңыр оқулары: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Жезқазған: ЖезУ баспаханасы, 2004. - Б. 42-6.Халық қазынасының тәлімдік тағылымы. Оқу құралы. Жезқазған: ЖезУ баспасы, 2000.- 154 б.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!