Материалдар / «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПАТРИОТТЫҚ АКТІСІ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПАТРИОТТЫҚ АКТІСІ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл әдістемелік құралда 2017 жылғы қазан-желтоқсан айларында жүргізілген 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар мектеп директоры тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарларының «Жас мамандар мектебі» жобасы аясында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы, материалдардың мазмұны білім беру мекемелеріндегі мектептің тәрбие жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне арналған, теория мен практикалық жұмыс материалдарынан жинақталған. Бұл әдістемелік құрал жалпы білім беру ұйымдарының мамандарына Мәңгілік ел қалыптастыру бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, жан-жақты дамыған, тәрбиелі ұрпақ өсіруге бағытталған жұмыстарда көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2018
2259
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ «Synergy» ғылыми-білім беру орталығы» ҚҚ

Құлмағанбет Ә.Қ., Бейсенгалиева А.С., Суюндикова К.Т., Исмайлова Ж.Б., Жунусова Г.К., Карпыкова Г., Орманбекқызы М.





















«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПАТРИОТТЫҚ АКТІСІ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ































Қазақстан Республикасы Қостанай облысы 2018 жыл





«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ «Synergy» ғылыми-білім беру орталығы» ҚҚ









Құлмағанбет Ә.Қ., Бейсенгалиева А.С., Суюндикова К.Т., Исмайлова Ж.Б., Жунусова Г.К., Карпыкова Г., Орманбекқызы М.



















«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПАТРИОТТЫҚ АКТІСІ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ

































Қостанай облысы 2018 жыл

ӘОЖ 371КБЖ 74.20М 36

«Мәңгілік ел» патриоттық актісі негізінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қызметін ұйымдастыру жұмыстары» (әдістемелік құрал) Қостанай қ., (ҚР), 2018 ж.- 69 бет.

Авторлар: Құлмағанбет Ә.Қ., - «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ әдістемелік кабинетінің тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбие жұмысы бөлімі сектор меңгерушісі, Бейсенгалиева А.С., - Амангелді ауданының білім беру бөлімі Құмкешу орта мектебінің мектеп директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары, Суюндикова К.Т., «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі   Үшқарасу негізгі мектебі» ММ, Исмайлова Ж.Б., - Қостанай қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің № 20 орта мектебінің мектеп директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары, Жунусова Г.Қ., - Чапаевскі орта мектебі мектеп директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары, Қарпықова Г., -Жангелдин ауданының білім беру бөлімі Ғ.Қайырбеков орта мектебінің мектеп директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары, Орманбекқызы М., -Лисаковск қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің №5 гимназия мектебінің мектеп директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары.

ISBN 978-601-80636 Бұл әдістемелік құралда 2017 жылғы қазан-желтоқсан айларында жүргізілген 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар мектеп директоры тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарларының «Жас мамандар мектебі» жобасы аясында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы, материалдардың мазмұны білім беру мекемелеріндегі мектептің тәрбие жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне арналған, теория мен практикалық жұмыс материалдарынан жинақталған. Бұл әдістемелік құрал жалпы білім беру ұйымдарының мамандарына Мәңгілік ел қалыптастыру бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, жан-жақты дамыған, тәрбиелі ұрпақ өсіруге бағытталған жұмыстарда көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Рецензия беруші: Байжанова Сәуле Аскаровна, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты психология-педагогикалық факультеті педагогика ғылымдарының кандидаты.ӘОЖ 371КБЖ 74.20 М 36 ISBN 978-601-80636

© «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ 2018 © «Synergy» ғылыми- білім беру орталығы» ҚҚ 2018

МАЗМҰНЫ

Кіріспе5
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері7
Тәрбие жұмысының басым бағыттары13
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыруда күтілетін нәтижелер20
Білім беру ұйымы директорының тәрбие ісі -жөніндегі орынбасарларының құжаттары21
Оқу процесі мен мектепішілік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру нормативтері22
«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асырудағы жылдық жоспары24
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы29
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру31
Мектептің тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісі.42
Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру.45
Сынып жетекшісінің тәрбие қызметі нәтижелілігінің өлшемшарттары46
Сынып сағаттары және сыныптан тыс шаралар47
Ата - ана мен баланың арасындағы махаббат /тренинг/57
Пед кеңес: «Мәңгілік ел» идеясы – жас ұрпақтың басты құндылығы.60
Пед кеңес: «Мәңгілік ел» - жалпы ұлттық идеясының құндылықтары негізінде жоғарғы сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру формалары.65
Пайдаланған әдебиеттер тізімі69












































КІРІСПЕ

Әлем тәжірбиесі көрсеткендей, кез келген мемлекеттің экономикалық даму жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне, біліктілігіне, кәсіби құзіреттелігіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады. Жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, ІТ-технологиялардың қарқынды-өсу заманы – білім және ғылымның заманауи –өзгерістерге сай дамуын қажет етеді. Қазақстандық білім беру жүйесін жаңғырудың қазіргі замаңғы кезеңі әрбір маманның үздіксіз білім беру жүйесінде жаңа кәсіби дағдыларды меңгеру, зерттеу және шығармашылық құзырлығын дамыту мүмкіндіктерін көздейді. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау арқылы білім мазмұнын жаңарту мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологияларды меңгерту сынды кешенді шараларды жүзеге асуда. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы айқын түсінік беріледі. Қоғамның рухани жаңғыруы, әр адам санасының жаңғыруына қатысты бәсекелестік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, ревалюциялық емес эволюциялық жолмен даму, сананың ашықтығы бағыттары туралы айтылады. «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар айқындалды. Егемен, тәуелсіз Қазақ елінің іргелі мемлекет болып қалыптасуы тарихи күрделі кезеңде, яғни нарық экономикасына біртіндеп өту дәуіріне тұспа-тұс келіп отырғанда, ұлтымыздың бастан кешкен тарихын зерттеп, тәрбие саласындағы мәнді тағлымдарды пайдаланып, қазақтың ұлттық, отансүйгіштік тәрбиесін, яғни елін-жерін сүюді еліміздің тарихын білу, елжандылық сезімді отбасынан бастап сіңіру қажеттіліктері туындайды. Тарихта мәңгілік белгі қалдырған елдер аз болмаған. Соның айғағы ретінде Мысыр немесе Мексика жеріндегі пирамидалар әлі күнге дейін сақталған. Дегенмен, бұл материалдық құндылық. Ал «мәңгілік» ұғымы рухани құндылықтармен тығыз байланысты екені аян. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының білім беру жүйесінде жүзеге асырылуы, тәрбие қызметін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын идеяның құндылықтары, ұлттық тәрбие беру және педагогтің атқаратын қызметтері ашылады. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде мектептің тәрбие жұмысы мазмұнын жаңарту жолдары ретінде қоғамдық келісімнің негізін қалайтын басты құндылықтар негізге алынды. Ал, «Ұлттық идея негізінде мектептің тәрбие жұмысы мазмұнын жаңарту амалдары» тақырыбында оқушыларға рухани тәрбие берудегі бірқатар тәсілдер қарастырылған. Қандай халық болмасын өзінің ұлттық болмысын мен халықтық тәлім-тәрбие қазанында қайнап, жетілуі тиіс, яғни ұлттық кодты сақтай білуі тиіс дегенді білдіреді. Тарихымыз тереңнен тамыр алатын, бабаларымыздан қалған рухани-бай мұраларымызды ұрпақтар бойына сіңіру азаматтық борышымыз.Сынып жетекшісінің жұмысын жүйелеу, ата-аналар мектебі жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерімен бірге оқушы тәрбиелігінің өлшемдері туралы, оларды анықтауға арналған ұсыныстарда жинақталды.Бұл әдістемелік құрал жалпы білім беру ұйымдарының мамандарына Мәңгілік ел қалыптастыру бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, жан-жақты дамыған, тәрбиелі ұрпақ өсіруге бағытталған жұмыстарда көмекші болары сөзсіз.

Құлмағанбет Әсем Қайнолдақызы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы әдістемелік кабинетінің тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбие жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі





ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІТәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрықпен бекітілген

КіріспеТәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтікмәдени трансформация ескеріле отырып әзірленді.Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбексүйгіштік, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиенің кіріктірілуіне, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған.Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде тәрбиенің даму перспективасын, басым бағыттарын, тәрбие мақсаттарын, міндеттерін, бағалау өлшемдерін және механизмдерін анықтайды.Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жаһандану дәуірінде қазіргі адамда қоршаған әлемге технократтық және тұтынушылық көзқарас үстем болатын заманауи қоғам дамуының ерекшеліктерін ескереді.Осыған байланысты адамзатты ұлттың тұрақты дамуының, рухани әлеуетінің артуына кепіл болатын прогрестің рухани-адамгершілік құндылықтарына, ана тілі мен ұлттық менталитеттің маңыздылығын нығайтуға қайта бағдарлау қажет.Ұлттың ерекшеліктерін, психологиясын, менталитетін ескермеу, ұлттық-мәдени құндылықтар бастауынан алыстау немесе оларды космополитизм мен жалған мәдениет түрлерімен алмастыру – адамның моральдық азуына, қоршаған әлемге агрессиясының артуына, рухани-адамгершілік әлеуетінің құлдырауына әкеліп соқтырады.Жалпы әлемдік тәрбие жүйесін зерттеу және талдау елімізде біртұтас кешенді тәрбие жүйесін, оның мақсаты мен мазмұнын ұлттық мақсаттар, мәдени құндылықтар мен дәстүрлер, діл ерекшеліктерін ескере отырып, әлемдік озық тәжірибе, заманауи прогрессивті ағымдар, инновациялар үйлесімінде құрудың маңыздылығын көрсетіп отыр.Туған жерін, халқын сүю және құрметтеу, отбасылық құндылықтарды қастерлеу, үлкенді сыйлау, кең пейілділік, бауырмалдық, ашықтық, қонақжайлылық, толеранттық – қазақ халқының діл ерекшелігі болып табылады.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, егеменді даму жылдарында барша қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Жолдауда бұл құндылықтар атап көрсетілген:Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы; қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Президент сонымен қатар, жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беретін белсенді, білімді және дені сау азамат қалыптастыру міндетін қойды.Патриот, білімді, дені сау, жауапты және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты қызмет ететін, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, қазақ халқының жалпыадамзаттық құндылықтар мен мәдениетті бойына сіңірген, толерантты, дүниежүзіне танымал және мәртебелі – 2020 жылғы қазақстандық жастар осындай болады.Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген аз уақыт ішінде әлемдік қоғамдастыққа толық құқылы және беделді мүше болды, әлемдік экономикалық және мәдени кеңістікке белсенді түрде кіріге бастады. Қазақстандық жастар жаһандану процесіне кірігуі аясында қарқынды білім беру, өзара ақпараттық және мәдени алмасудың белсенді қатысушысы болды. Қазіргі қазақстандық балаларда, жастар ортасында сапалы білім алу уәжінің өсуі, жаңа кәсіптерді және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгеруге ұмтылысы, коммуникативтілік, мәдениетаралық қарым-қатынастың артуы, әлеуметтік белсенділігін жандандыру сияқты жаңа позитивті трендтер пайда болды. Өз елінің тарихына, мәдениетіне және дәстүрлеріне, халқының мәдени мұрасына қызығушылықтарының артуы негізінде ұлттық өзіндік сананың өсуі байқалады. Жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілікке бағдарланған дүниетаным қалыптасу процесі жүріп жатыр.Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарының тәрбие процесінде көрініс тапты. Тәрбие практикасында жалпықазақстандық менталитет, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлер ескерілген ұлттың зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда.Қазақстанның білім беру жүйесінде оң метапәндік және тәрбиелік әлеуеті бар «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы (Бағдарлама идеясының авторы – С.А. Назарбаева) іске асырылуда. Бағдарлама білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының барлық салаларын қамтиды және тиісінше іске асырылған жағдайда қоғамда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту механизмдерінің мықты катализаторы рөлін атқарады. Халықтық педагогиканың көпғасырлық тәжірибесіне негізделген, заманауи тәрбие теорияларының шабыттандыратын идеялары қолданылған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасына ( бұдан әрі – АРБ) әлемдік білім беру кеңістігінде аналог жоқ. Ол балалар мен оқушы жастардың адамгершілік-рухани тәрбиесінде білім берудің барлық деңгейлерінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етеді. Жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарға4
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!