Материалдар / Мәңгілік ел перзентін тәрбиелеудің төрт тетігі.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мәңгілік ел перзентін тәрбиелеудің төрт тетігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды тәрбиелеуге тәрбие ісі мамандарына көмек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2021
270
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мәңгілік ел перзентін тәрбиелеудің төрт тетігі.

Ашимбаева Салтанат Сыдықжанқызы

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

КММ «№156 жалпы білім беретін мектеп» Алматы қаласы, Алатау ауданы.



Еуразияның кіндігін мекен еткен Мәңгілік Ел атанған Қазақ елінің болашағы ұстаздар қауымының қолында екені бұлтартпас шындық. Мұғалім-бала жанының бағбаны. Бала жас шыбық болса, ұстаз оны жақсылыққа үйрететін, келешек ғұмырына азық болар Темірқазықтай асыл ұстанымдарға баулитын бірден-бір айтулы мамандық иесі. «Адамның бір қызығы бала» деп білген данышпан Абайдың сөзімен айтқанда, бала-ұлттың тамырын, тілі мен тарихын жалғастырушы мұрагері.

Бала тәрбиесі жайында мол мұра қалдырған хакім Абай өзінің он тоғызыншы қара сөзінде «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды...» леген даналығының құны ешқашан жойылмасы анық. Ал жазушы Мұхтар Әуезов «Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас» деген сөзімен бала тәрбиесінің астары тым қалың екенін, «егу мен оруда» зор мағына жатқанын айтса керек. Бала тәрбиесіне тым сезімтал қазақ халқының «Не ексең, соны орасың» немесе «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілсеің» тәрізді ғасырлар бойына жинақтаған ғибратының қасиетін ешбір уақыт күші жоя алар емес.

Осындай жауапкершілігі ұшан-теңіз, аялдауды, кешігуді көтермейтін Адам тәрбиесі менің өмірімнің бек азығына айналды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқара жүріп, осы ұлағатты әрі аманатқа толы аяулы міндетіме кіршік жұқтырмауға барымды саламын. Сол себептен де қазіргі бала тәрбиесіне байланысты өзіндік көзқарастарыммен төл әдістемемнің іргесі қаланды. Мен нағыз Адам тұлғасын қалыптастыруда құнды басшылық етіп ұлы Абайдың «Бала тәрбиесі-басты байлығың, кешіксең, көретінің-қайғы-мұң» деген сөзін айнымас қағида еттім. Дәл қазіргідей бала жанына қаяу түсіре алатын түрлі қаупі мен көлеңкесі мол заманда бала тәрбиесі бір секунд та қалыс қалуды кешірмейді. Хакім Абайдың осы сөзін ұстаздық ғұмырымның аяулы аманатын орындауда жүрегіме жалау етер дара ұрнамыа айналдырдым.

Меніңше, бала жанының ұрымтал сәттеріне терең бойлап бару үшін, тәрбие үрдісінің қуаныштан, күлімдеуден басталғаны абзал. Кез келген істің қалай аяқталмағы оның басталу сапасына да қатысты екені даусыз. Сол себептен де мен өз сабағымның басталу сәтін жадыраған күлкімен, ашық қабақпен бастауға аса басымдық беремін. Бұл ретте дәрігер, психолог, педагог Аркин Ефим Ароновичтің «Балаға қуаныш сыйлай отырып, оқыта тәрбиелеуге міндеттіміз» деген пікірін негізгі ұстанымға айналдырамын. Өзін жақсы көретін адамға барлық құпиясын ашып жіберетін бүкпесіз бала жанына жақын барып үңілудің ең алғашқы баспалдағы-оны күлімдеп қарсы алуда. Тіпті мектепке оқушыларды қарсы алуда да зор мән жатыр. Бұл орайда күй ойнатып, көңілді рай туғызу оқушыларға күннің сәтімен өтуіне ықпал етеді.Сабақ басталмай тұрып, дәстүрлі сипатта сап түзеп, Мемлекеттік Әнұранды шырқайтын әр оқушыны іштей қалт жібермей бақылаймын. Бұл сырттай бақылау кейінгі жанды жұмысымның мән-мақсатын айқындауыма көмектеседі. Ал әр оқушының жан әлемі- жеке табтғаты бар өзгеше дара болмыс.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев отандық білім беру жүйесіне қандай жауапкершілік жүктелгенін айқындап, мақсатты анықтап берді. Елбасымыз «Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман-әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы-мәңгілік ел!»Ұлт көшбасшысы «мәңгілік қазақтың перзенттерін» тәрбиелеуді ел ұстаздарына сеніп тапсырып отыр. Ал мәңгілік қазақтың перзенті қандай болу керек? Осы жөнінде айтар ойым мынадай. Біріншіден, тәрбие тетігі-ұлттық тіл. Осы себептен де мәңгілік елдің ұрпағы өз тілін ұлықтап, өсуі мен дамуын осы тіл арқылы жүзеге асыратын ұлтжанды болуы шарт. Екіншіден, перзентіміз еліне шексіз берілген адал, құлай сүйген елжанды болуы шарт. Осы орайда Ахмет Байтұрсыновтың «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын?!» деген нақыл сөзі тіл ұшына келеді. Үшіншіден, мәңгіліктің ұрпағы ұлттық мәдениет пен ұлттық әдебиетпен сусындауы керек. Сонда ғана ол озық әлемдік мәдениетке қол соза алады. Ал өзінікін толық меңгермей тұрып, өзгені барынша үйренем деу бос әурешілік.Төртіншіден, баламыз сапалы білім мен текті тәрбиемен жетілуі қажет. Елбамымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман! Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді,»-деген сөзі мәңгілік қазақтың перзенті болуға лайық жастардың болмыс-бітімін барынша бедерлей түседі. Мен атаған осы төрт қасиет мәңгіліктен енші алған қазақ баласының төрт құбыласындай сай болса, еліміз әлемдегі озық елдердің қатарынан көріне берері сөзсіз.

Өзім атаған бұл төрт құндылықты балаға сіңіруде мұғалімнің атқарар рөлі зор болмақ. Бүгінгі бала көп уақытын мектепте өткізетінін ескерсек, тәрбие тетіктерінің дұрыс жолға қойылуының маңыздылығы арта түседі. Сол себептен де бала тәрбиесіне орасан зор ықпалы бар тәрбие тетіктерін санамалап атап өтпекпін.

Мәңгілік қазақтың ұланы бола алатындай оқушының алғашқы игерер құндылығы-ұлттық тілі, яғни қасиетті қазақ тілі. Бұл ретте мектеп қабырғасында түрлі іс-шаралардың мақсатты түрде өткізілуін қамтаиасыз етуді жөн көремін. Дәстүрлі «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» байқаулары оқушылар арасында қызығушылыққа ие. Сол қажетттілікті қанағаттандыру мақсатында мектеп көлемінде мұндай шаралардың жүйелі жүзеге асырылып тұруының берер берекесі мол болмақ. Мұндай байқауларда оқушылар өздерінің ата өнерін ұлықтап,ана тілін ардақ тұтуға әбден мүмкіндік алады. Алғашқы қасиетке осындай дәстүрлі іс-шаралар арқылы қол жеткізуге болады. Мәңгілік елдің ұланына тән екінші қасиет-еліне адалдық, шексіз сүйіспеншілік. Бұл ретте мен «Адал ұрпақ» тәрбиелеу бағытына жүгінемін. Жемқорлықтан ада, жариялы қоғамның баласы да адал болып өсетінін жіті назардан шығармауымыз керек. Ал мәңгіліктің отын жағатын үшінші қасиет-ұлттық мәдениет пен ұлттық әдебиетпен азықтандыру. Дәл осы мақсатата мектебімізде үш жылдан бері жүйелі жұмыс істеп тұрған «Бастау» атты оқушылар газетінің атқарар орны тым бөлек. Бұл мектеп көлемінде ақпарат алмасу мен жариялылықтың үлгісі болып отыр. Шәкірттер мектепішілік газетке өздерінің шығармалары мен түрлі ұсыныстарын жариялай алады. Осы газетте кейбір кем соғып жатқан тұстарды «астарлап сынауды» да құп көреміз. Міне, дәл осы себептерден де «Бастау» газеті мектеп өмірінің айнасына айналып отыр. Ал оқушылардың нағыз әдебиетпен танысуын ақын-жазушыларды мектепке арнайы шақырып, кездесу кештерін жиі өткізу барысында жүзеге асырып отырмыз.Ұлт әдебиетіндегі аға буын өкілдері мен қазіргі кезең жас қаламгерлерімен кездесу кештері мектеп ауқымында оқушылардың орасан жауапкершілікпен дайындалып, тағлым алар таңғажайып сәтті тағатсыздана күтетін өнегелі шақтарына әлдеқашан айналған. Бұл үрдістің оқушылардың қанына сіңіп, жанына етене болып кеткендігінің бір дәлелі-шәкірттердің белгілі бір қаламгерді кездесуге шақыруға ұсыныстар тастауы. Ол кездесу кешінің сценарийін мұғалімдерімен қоян-қолтықтаса жүріп жазысып, шығармашылық дайындыққа зор ынтамен кірісетін өнерлі оқушылардан мәңгілік ел ұланының үшінші қасиетін көре аламын. Олар өздерінің рухани өсуінің бастауын ұлт әдебиетінен алып отыр. Мәңгіліктің төртінші қырын білім мен тәрбиеден іздедім. Осы мақсат жетегінде оқушыларымды түрлі деңгейдегі біліми, интелектуалды жарыстарға баптап қосып жүрмін. Мәселен, эсселер байқауы шәкіртімнің білімі мен дүниетанымын, шығармашылық қарымын жан-жақты көрсетуіне мүмкіндік беретін шаршы алаң іспетті. Оқушыма эссе жазудың басты шарттарын таныстырған соң, алғашқы дайын болған нұсқамен танысып, алда жетілдіруі тиіс тұстарын таразылап беремін. Одан арғы ізденіс нәтижелі болып, эссенің соңғы жазылған нұсқасы ойы терең, тілі көркем болып шығады. Бұл оқушының шығармашылық әрі біліми тұрғыда дамуына жол ашады.Түрлі біліми онлайн, офлайн байқауларда оқушымды алып шығар біліміне сенемін.

Жалпы, сенім-қуатты құрал. Оны қажетінше қолдана білсең, сенген адамың өзіне артылған сенімді ақтау үшін тау қопара алады. Сондықтан мен мәңгілік қазақтың перзенттерін тәрбиелеуде көбінесе ашық раймен сенім білдіруді жөн санаймын. Және бұл әрекетім жеміссіз болған емес. Ақын Мағжан Жұмабаев «Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек,»-деп жазыпты. Өз күшіне сенген және мұғалімінен сенімнен тарту-таралғы алған оқушы қандай байқау болмасын, ең бастысы өмірлік мақсатын таңдауда қателеспесіне мен сенемін. Ал менің оқушыма білдіретін сенімім оның қарым-қабілетін, мінез-құдқын жүйелі саралаудан туған нақты талдаудан негіз алады. Дінмұхамед Қонаев «Сенім-құдіретті күш, тауды да қозғайды,»-деген аталы сөзінің астары тым арыда жатыр. Ұстазының сенімінен күш алған оқушы әрдайым жақсылыққа қол жеткізе алады.

Тәрбие ісінің орынбасары ретінде мәңгілік қазақтың перзенттерінің басты төрт қырын анықтадым. Сол төрт қасиетті сіңірудің ең негізгі алғышарттарын талдап ұсындым. Еліміз ұстаздар қауымына жарқын болашақ иегері-саналы ұрпақты оқытып-тәрбиелеуіне сенім артып отыр. Осы сенімнен қуат алып, нәр алған менің ұстаздық мұрамым мығым. Ол мерейлі мақсат Мәңгілік ел деп аталатын қазақ халқының күлім келешек иесі болар ұрпағын тәрбиелеу.





























































































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!