Материалдар / Мақала : Бақытты отбасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала : Бақытты отбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастарға отбасы туралы мағыналы да мәнді мағлұматтар жеткізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2021
382
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бақытты отбасы.

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, шағын Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей Отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар - ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы - алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын.

Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ- деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.



Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата - ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Ұлын ұлтжанды, қызын инабатты, сыпайы етіп өсіру ол әр ата – ананың міндеті болып табылады. «Отбасы кішкентай мемлекет» демекші, мен өз отбасыммен айрандай ұйыған, тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым отбасымды мақтан тұтамын. «Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады. Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт. Себебі,қазіргі кезде көп жастар шет елдерде оқып, сол елдерде қалып қояды. Бұдан Отанға


деген ешқандай ізгі ниетті байқамаймыз, сондықтан да отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек!

Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңаештеңе де жетпейді! Өйткеніотбасы – табиғаттыңәрадамғасыйлағанкереметбірсыйы!. Үлкен шаңырағымыздың ақылшысы, арқасүйеріміз – жанжарым Талғат екеуіміз үш қыз тәрбиелеп отырмыз. Тұңғышымыз Сағыныш Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Механика-математика факультетінің математикалық білім мамандығының 3 курс студенті, грант иегері.Ал ортаншымыз Ұлжан М.Жұмабаев атындағы жоғарғы колледжінде ағылшын тілі мамандығында грантта оқиды, 3 курс студенті.Ал кенжеміз Жанболсын, Айтуар негізгі орта мектебінде 8-сыныпта білім алып жатыр. Бірін – бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттеміз.


Солтүстік Қазақстан облысы

Айтуар негізгі орта мектебі

әлеуметтік ұстаз

Усенова Динара Мағжанқызы


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!