Материалдар / Мақала, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Сәуір 2022
258
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

УДК 372.857

А.А. Ортаева *, Ж.Т. Абдрасулова


әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

*e-mail: aruzhan_ortaeva@mail.ru


БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ


Аннотация. XXI ғасыр - ақпарат ғасыры. Жаңашыл мүмкіндіктер мен идеялардың қарыштап даму алаңы. Осы орайда жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру басты шарт. Білім беру кеңістігінде ақпараттық технологиялардың қолдану аясы кеңейіп, күннен күнге дамып келеді. Білім алушылардың ақпараттық технологиялармен өткізген сабақта пәнге деген танымдық қызығушылықтары артады. Биологияны оқытуда ақпараттық технологиялардың көптеген түрлері қолданылады. Интербелсенді тақталар, проекторлар, компьютерлер қазіргі кезде кез келген мектепте білім беруде пайдаланылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасымен білім беруде ақпараттық технологияларды тиімді қолдану қажет.

Түйін сөздер: ақпараттық технология, интербелсенді тақта, зертханалық препараттар, мультимедия.


Кіріспе

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеттері айқын көрсетілген, олар – оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беру жүйесін ақпараттандыру, бүкіл әлемдік коммуникация желісіне шығу, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттеріне негізделген. Аталған міндеттерді шешу мақсатында әр оқытушы күнделікті ізденісімен, жаңалықтар мен қайта құру, жаңа қарым-қатынастарға өту қажеттілігі туындайды. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі [1].

Қазіргі таңда еліміздегі жалпы орта білім беретін шаңырақтардың барлығы дерлік интербелсенді тақтамен, компьютерлермен қамтамасыз етілген. Қарапайым тақтамен салыстырғанда интербелсенді тақта көмегімен биологиялық тақырыптар мазмұнын кеңірек ашуға, зертханалық жұмыстар барысын түсіндіруге мүмкіндік туады. Биологияны оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану заманауи өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда үлкен рөл атқарады. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Осы орайда оқытушының міндеті оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктеріне баса назар аудару. Оқушылардағы ақпараттық, танымдық, коммуникациялық құзыреттіліктерін қалыптастыру. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде – білімді, заман талабына сай, өз-өзіне сенімді тұлға даярланады [2].

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы білім беру төмендегі мәселелерді қамтиды:

  1. Білім алушылардың ғылыми дүниетанымын арттырады, ғылыми көзқарастарын қалыптастырады;

  2. Биология пәні тақырыптары оқушыларға қолжетімді болады;

  3. Оқытудың көркемдік бейнесі артады, бірсарынды сабақтар өтілмейді;

  4. Мұғалім мен оқушы арасында байланыс артады;

  5. Білімгерлердің биология пәніне деген қызығушылығы артады [3, 4].

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллуакталды даму жолы [5, 6].

Зерттеу материалдары мен әдістері

Биологияны оқытуда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану әдістемесі жасалынды. Дайындалған әдістеменің тиімділігін тексеру мақсатында педагогикалық экперимент жүргізілді. Педагогикалық эксперимент әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «5В011300-Биология» мамандығы студенттеріне 2020-2021 оқу жылы оқу үдерісінен тыс өткізілді. Педагогикалық экспериментке 18 студент қатысты. Олардың 9-ы эксперимент тобында, 9-ы бақылау тобында болды. Педагогикалық эксперимент 3 кезеңнен тұрады:

  • Анықтау эксперименті;

  • Қалыптастыру эксперименті;

  • Бақылау эксперименті.

Зерттеу нәтижелері және оларды талдау

Білімгерлердің білімді меңгеру деңгейлері анықталды. Эксперименттік тобының білімді меңгеру деңгейі 84%, ал бақылау тобы 85% көрсетті.

Педагогикалық тәжірибенің анықтау кезеңінде студенттер білімі келесі сауалнама сұрақтары арқылы анықталды:

Білім берудегі ақпараттық технологиялар дегеніміз не?

Ақпараттық технологиялардың қандай түрлерін білесіз?

Power Point қосымшасының рөлі қандай?

Виртуалды зертханалардың қандай түрлері бар?

Биология пәнін оқытуда қолданылатын дыбыстық құралдарды атаңыз?

Virtulab.net зертханасы арқылы орындалатын жұмыстарға сипаттама беріңіз?

Дәстүрлі білім беру мен жаңартылған білім беру үдерісінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз?

Демонстрациялық оқу жабдықтарының түрлерін атаңыз?

Ақпараттық технологиялардың инклюзивті білім берудегі орны қандай?

Педагогикалық технологиялар арқылы білім берудегі ақпараттық технологиялардың маңызы қандай?

Берілген сұрақтардың жауаптары «жоғары», «орташа», «төмен» деңгей бойынша бағаланды. Анықтау кезеңінің нәтижесі бойынша студенттердің басым көпшілігі «педагогикалық технологиялар арқылы білім берудегі ақпараттық технологиялардың маңызы қандай?», «дәстүрлі білім беру мен жаңартылған білім беру үдерісінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз» деген сұрақтарға жауап бере алмады. Екі топ нәтижелерінде аса көп айырмашылықтар жоқ. Оны 1 – суреттен көруге болады.



Сурет 1. Екі топ студенттерінің эксперимент басындағы білімді меңгеру деңгейлері


Қалыптастыру кезеңінде биологияны оқытуда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану әдістемесі құрастырылды. Әдістеме «Биология пәні бойынша зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру» пәнінен сынақтан өткізілді. Қашықтықтан оқыту режимі болғандықтан, Microsoft Teams платформасы арқылы оқу үдерісінен тыс жүргізілді.

Дәріс әдістемесі.

Дәрістің тақырыбы: Биология пәні бойынша зертханалық жұмыстарда қолданылатын препараттар

Мақсаты: Зертханалық жұмыстарда қолданылатын препараттар туралы түсінік беру.

Қолданылатын әдіс: Google form, Power point қосымшасы, Virtulab.net сайты.

Көрнекілігі: презентация, видеолар, компьютер.

Дәріс барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: білімгерлерді түгендеу.

Негізгі бөлім: жаңа тақырыпты презентация түрінде түсіндіру.

Зертханада қолданылатын препараттар туралы ақпараттар 2 – суретте көрсетілгендей білімгерлерге Power point қосымшасы арқылы ұсынылды.


Сурет 2. Power Point қосымшасы арқылы сабақ өткізу


Биология курсының барлық бөлімдері бойынша зертханалық-тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік беретін биологиялық микро лабораторияға арналған жабдықты орналастыру ерекшеліктері бар. Осындай жиынтықтың көмегімен мұғалім биологиялық эксперимент және мақсатты бақылау жүргізу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыра алады. Бұдан басқа, микробиологиялық зертхананы сатып алу жұмыста және кабинетке жабдықты орналастыруда қауіпсіз жағдайлар мен практикалық ыңғайлылықтар жасайды. Бұл ретте мұғалім жабдықтың сақталуына бақылауды оңай жүзеге асырады.

3 – суретте көрсетілгендей Virtulab.net виртуалды зертханасы көмегімен білімгерлерге зертханалық препараттар түсіндірілді.



Сурет 3. Virtulab.net виртуалды зертханасымен жұмыс


Дәрісті бекіту. Google form платформасы көмегімен өтілген тақырып бойынша сұрақтар білімгерлерге ұсынылды.

  1. Биологиялық зертхананың ерекшеліктері қандай?

  2. Биология зертханасында қолданылатын препараттардың түрлерін атаңыз?

  3. Микроскопиялық зерттеу жұмыстарын орындау тәртібі қандай?

  4. Препараттармен жұмыс жасау ерекшеліктеріне тоқталыңыз?

  5. Биология зертханасындағы қауіпсіздік техникаларын баяндаңыз?

Қалыптастыру кезеңінен соң білімгерлердің білімді меңгеру деңгейлері бақылау сұрақтары арқылы тексерілді. Нәтижесі 4 – суретте көрсетілген.



Сурет 4. Екі топ студенттерінің эксперимент соңындағы білімді меңгеру деңгейлері


Эксперимент тобында «жоғары» көрсеткіш 41%, «орташа» көрсеткіш 37%, «төмен» көрсеткіш 22% көрсетті. Жасалған әдістеме өз нәтижесін берді.

Ал бақылау тобында айтарлықтай өзгерістер байқалмады. Бақылау тобында «жоғары» көрсеткіш 16%, «орташа» көрсеткіш 36%, «төмен» көрсеткіш 48% көрсетті.

Қорытынды

Білімді жас ұрпақты тәрбиелеу үдерісінді жаңа ақпараттық технологиялар басты орында. Осы мақсатта әлемдік даму үдерісінен тыс қалмай, биология сабақтарында мультимедиялық технологияларды қолдану керек. Ақпараттық технологиялар білім сапасын арттырумен қатар, оқушыларда зерттеушілік қабілетті дамытып, қызығушылықтарын арттырады.


Әдебиеттер тізімі


Кітаптар мен монографиялардың тізімі

  1. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: Теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174 б.

Конференция материалдары

  1. Крылова Т.И. Использование информационных технологий при обучении старшекласников биологии. //Актуальные проблемы методики преподавания биологии и экологии в школе и в ВУЗе. Сборник материалов международной научно-практической конференции. М., 2015. с. 124-125

Мақалалар мен мерзімді емес басылымдардың тізімі

  1. Колеченко, А.К. Энциклопедия педагогических технологий. Материалы специалиста образовательного учреждения / А.К. Колеченко. - М.: КАРО, 2006. - 368 с.

  2. Критическое мышление: технология развития: Пособие для учителя / И. О. Загашев, С. И. Заир-Бек. — СПб: Альянс «Дельта», 2003.

Кітаптар мен монографиялардың тізімі

  1. Проблемы методики преподавания биологии в средней школе. /Под. ред. И.Д.Зверева. - М.: Педагогика, - 1998. - 320 с.

Конференция материалдары

  1. Құдайбергенова К. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «Білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі» атты халықаралық ғылыми–практикалық конференция материалдары, 2008




Ортаева А.А., Абдрасулова Ж.Т.


Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

*e-mail: aruzhan_ortaeva@mail.ru


МЕТОДИКА ПРИМЕНЕНИЯ СОВРЕМЕННЫХ ИНФОРМАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ В ОБУЧЕНИИ БИОЛОГИИ


Аннотация. XXI век-век информации. Стремительная платформа для развития новых возможностей и идей. В этой связи воспитание подрастающего поколения в соответствии с современными требованиями является главным условием. Сфера применения информационных технологий в образовательном пространстве расширяется и развивается изо дня в день. На занятиях с информационными технологиями у обучающихся повышается познавательный интерес к предмету. В обучении биологии используются многие виды информационных технологий. Интерактивные доски, проекторы, компьютеры в настоящее время используются в любом школьном образовании. С обновленной образовательной программой необходимо эффективное использование информационных технологий в образовании.

Ключевые слова: информационные технологии, интерактивная доска, лабораторные препараты, мультимедиа.


A.A. Ortaeva*, Zh.T. Abdrassulova


Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty

*e-mail: aruzhan_ortaeva@mail.ru


METHODS OF APPLICATION OF MODERN INFORMATION TECHNOLOGIES IN TEACHING BIOLOGY


Abstract. XXI century-the age of information. A fast-paced platform for developing new opportunities and ideas. In this regard, the education of the younger generation in accordance with modern requirements is the main condition. The scope of application of information technologies in the educational space is expanding and developing day by day. In classes with information technologies, students ' cognitive interest in the subject increases. Many types of information technologies are used in teaching biology. Interactive whiteboards, projectors, computers are currently used in any school education. With the updated educational program, it is necessary to effectively use information technologies in education.

Keywords: information technologies, interactive whiteboard, laboratory preparations, multimedia


Авторлар туралы ақпарат:

Ортаева Аружан Айдарбекқызы – магистрант, әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қаласы; e-mail: aruzhan_ortaeva@mail.ru

Абдрасулова Жанна Тубекбаевна – әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, биофизика және биомедицина кафедрасы, PhD, доцент міндетін атқарушы; е-mail: abdrassulova.zhanna@kaznu.kz


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!