Материалдар / Мақала. "Деонтологиялық тәлім-тәрбие"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала. "Деонтологиялық тәлім-тәрбие"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада "деонтология" ұғымына жалпы шолу жасалынады. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы білім беру жүйесінің кейбір этикалық, деонтологиялық қағидаларының өзгерісіне әкелді сол өзгерістер туралы баяндалады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Мамыр 2021
328
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тараз қаласы, Тараз өңірлік университеті

«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы

ПиП 17-1 тобының студенті Қали Мәдина Сәбитқызы


Деонтологиялық тәлім-тәрбие


Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» заңында «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және практика жетiстiктерi негiзiнде адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шындауға бағытталған бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау» деп атап айтылған [1].

Деонтология ұғымын алғаш рет Бентам (1834) адамгершілік теориясын тұтас ілім ретінде көрсету үшін енгізген. Джереми (Иеремия) Бентам (Jeremy Bentham) – (1748-1832 жж.) философ, заңгер, экономист және Лондон университетінің негізін салушыларының бірі. Ғылымда утилитаризм (utilitas - пайдалы) теориясының бағытын құрастыруымен танымал, оның тұжырымдауынша − адамның әрбір іс-әрекеті басқа адамдарға пайда әкелуі тиіс. Бентам Джеремидің негізгі ғылыми еңбегі «Деонтология не мораль туралы ғылым» деп аталады. Қоғамның даму үдерісінде белгілі бір әлеуметтік топтар тұтастығын сақтап қалу үшін адамдардың қарым-қатынастарын реттеуде, олардың іс-әрекеттерін келісімге келтіруде нақты қажеттілік пайда болады. Адамдармен тіршілік әрекетінің түрлі саласында қарым-қатынасқа түскен кезде, әр адам белгілі бір қағидалар мен ережелерді басшылыққа алады.

Тәрбиенің іс-әрекет түрі ретінде қалыптасуының маңызды факторы мен алғышарты болып ерте замандағы адамдар арасында материалдық қарым-қатынас эволюциясы, осы қарым-қатынасты адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа тапсыру арқылы дамыту мен қолдау қажеттілігі болды. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы білім беру жүйесінің кейбір этикалық, деонтологиялық қағидаларының өзгерісіне әкелді.

Мемлекетімізге жеке кәсіби қызметін атқаратын бір жақты мамандар ғана емес, белсенді, рухани дүниесі бай, ғылыми білімі терең, өз кәсіби парызын саналы түрде орындайтын, жан-жақты дамыған, адамгершілігі мол тұлғалар қажет. Қоғам сұранысы «адам-адам» жүйесінде қызмет ететін маман тұлғасына маңызды талаптар қояды.

Қазіргі таңда аталмыш салада қызмет ететін әрбір маман кәсіби біліктілік пен іскерлікті меңгеріп қана қою табысты қызмет үшін жеткіліксіз екенін жақсы түсінеді. Бұл үшін көптеген ептіліктер қажет, соның ішінде: тәрбиеленушінің жай күйін ұғып қана қоймай, оны тыңдағанда ести білу, қарым-қатынастағы серіктестігінің эмоционалды жай-күйін байқау, өзара дұрыс қарым-қатынас орната білуі. Бұл міндеттерді іске асырудың жолдарын ашу педагогикалық деонтология еншісінде.

Жеке тұлғаның басқа адамдармен арақатынасына және оның осымен байланысты адамгершілік реакциясына беретін бағасы – эмоционалдықтың өткірлігімен сипатталады. Жеке тұлғаның моральдық санасының деңгейінен алып қарағанда, белгілі жағдаяттағы адамның көңіл-күйінің толқуы адамгершілік қатынастың ең маңыздысы болып саналады. Адамның өзінің кез келген қылығына адамгершілік тұрғыдан беретін бағасы ретінде оның ой елегінен өткізген көңіл толқулары жатады, өткенге ой жүгіртіп, болған іске объективті түрде мән беріп, көңіл толқуларын тудырған моральдық коллизиялардың маңызын анықтайды. Адамның нақты адамгершілік қабілетінің реакциясынан, өзіндік моральдың интуициясынан басқа адамға көмекке ұмтылып, оның жанына зиян келтірмей әсер етуге жетелейтін жоғары деңгейдегі адамгершілік мәдениеті қалыптасады [3].

Педагогтың кәсіби қызметінде нақты адамгершілік реакциясын тудыратын қабілет – кәсіби парыздылық санасы, деонтологиялық тәлім-тәрбиесі. Педагогикалық парыздылықта ұсақтық жоқ, ол кез келген қателікке қатаң да, кешірімсіз, ол бала жүрегін, жан дүниесін жаралайтын шөгірді байқамай өтпейді. Сондықтан да ар мен тәртіптілік, кеңпейілдік пен ізгілік, тектілік пен ықылас, өнегелілік пен әдептілік тәрізді баланың өмірі мен денсаулығына, жан саулығына тікелей әсер етуші қасиеттер мұғалімдердің мінезінде әрдайым болуы қажет.

Сонымен қорытындылайтын болсақ, И.Бентам өз тұжырымдамасын «деонтология» деп атады, бұл ұғым 1917 жылғы революция кезінен бастап белгілі болды, «патша тәртібінің мұрасын» жоққа шығарып, жазалау қаупін төндіріп, үкімет әр ғылымның, оның ішінде медицинаның ең басты құрамдас бөлігі болып табылатын әдеп мәнін жоюға тырысып, тыйым салды. Е.Барштейн «Дәрігер-стахановшы не білуі тиіс» (1938 ж.) атты мақалада: «Аты шулы дәрігерлік этиканы жойыңдар: «сын және өзара сын» – міне осылар ғана кеңес дәрігері қызметінің негізі», - деп айтқан болатын.

Адамгершілік пен парыз туралы ілім ретінде деонтология пәні «аз көлемдіге» айналып, «деонтология» ұғымы әдеп ілімінде қажетсіз болып қалды. Әдеп саласының мамандары сөздігінен осы терминнің жоғалуға шақ қалуы кездейсоқ емес. Өйткені «деонтология» атты ерекше ғылым жойылмай, «құпия өмірін» жалғастырды. «Инкубациялық кезең» бірнеше онжылдыққа созылып, ақыр соңында «деонтология» медицинадан бастап спортқа дейінгі әлеуметтік тәжірибенің түрлі саласына енгізіліп, бағытталған ғылымның маңызды бөлігіне айналды.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1 Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңы // Қазақстан Республикасындағы Білім туралы заңнама. – Алматы, 2004.

2 Жарықбаев Қ., Табылдыев Ә. Әдеп және жантану, Алматы, Қазақстан, 1994ж.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!