Материалдар / Мақала. Елбасы мақаласындағы міндеттерді орындау парызымыз

Мақала. Елбасы мақаласындағы міндеттерді орындау парызымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру- еліміз үшін маңызы зор үлкен жаңалық. Елбасының бүкіл қазақ халқы ежелден армандаған мақсатты ,яғни ұлттық жаңғыруды қолға алып отырғандығы бәрімізді қуантар жайт.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2018
387
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Елбасы мақаласындағы міндеттерді орындау парызымыз Рухани жаңғыру- еліміз үшін маңызы зор үлкен жаңалық. Елбасының бүкіл қазақ халқы ежелден армандаған мақсатты ,яғни ұлттық жаңғыруды қолға алып отырғандығы бәрімізді қуантар жайт. Иә, Елбасы бір ғана мақаламен барлығын бір жолда айта салған жоқ. Ол әр жылы Қазақстан халқына жолдайтын дәстүрлі жолдауларында рухани жаңғыруға халықты саналы түрде дайындап келді. Олай дейтініміз бұған дейінгі жолдауларында Елбасы рухани мәселелерді елдік мүдде мен ұлттық мәселені күн тәртібінен түсірген емес. Келешек жас буынның өсіп- өркендеуі үшін , олардың бойына ұлттық сана-сезім , адамгершілік, имандылық, ізеттілік , патриоттық сезімдерін ояту , рухани тәлім- тәрбие алу мақсатында бұл бағдарламаның маңызы зор екенін ұсынуға тиіспіз. Міне, осы Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында біздің «Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебі» КММ-сі өз үлесін қосуды жалғастыруда. Біз Елбасымен біргеміз. Осы мектеп ұжымы руханиятқа, білімге, ғылымға мән беріп, еліміздің болашағы үшін жасалып жатқан жүмыстары жетерлік. Мектебімізе 2018-2019 оқу жылындағы оқу-тәрбие бойынша арнайы «Рухани жаңғыру» бағытында жылдық жұмыс жоспары құрылып, іс-шаралар атқарылып жатыр. Осы орайда тоқталып кетер болсам, 3-сынып жетекшісі Түркеева. А «Менің Қазақстаным- менің болашағым» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілсе, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері 5-11 сыныптар арасында өтілген «Тоғызқұмалақ » ұлттық ойыны атап кетуге болады. Айтулы іс шараның басты мақсаты ұлттық спортты жаңғыртып, тоғызқұмалаққа деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, балалар арасында достық қарым-қатынас орнату болып табылады. Одан әрі жұмысымыз «Торғай- киелі мекен» фотоколлаж байқауымен жалғасын тапты.Бұл фото байқауда киелі Торғай өңірінің тарихы,жер-су ерекшеліктері сондай-ақ атақты тұлғалары жайлы презентация дайындалып,таныстырылды. Осындай игі істердің жалғасын «Жайдарман » жалғастырды. Оқушылар ойын барысында мектептегі қоғамдық мәселелерді де тақырыптарына арқау ете білді. «Смайлики» командасы «үштілділік» саясатына қолдау көрсетіп жүргендігін үш тілде амандасып, «үштілділік саясатына үлесімізді қосамыз»- деуінен анық байқауға болады. Сол сияқты «Күлкі шоу» командасы «Рухани жаңғыру» аясында ауыл тарихын әзілмен ұштастыра білді. Бұл жасалып жатырған жұмыстар тек қана бастамасы,әлі де алда атқаратын істеріміз жетерлік. «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру »атты мақаласын оқушылардың бойына сіңіру, насихаттау жұмысын жалғастыра береміз.Сондықтан жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету- бүгінгі мектеп алдына қойылып отырған басты міндетіміз.Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың ел болашағы үшін жасап жатқан игі істеріне біз үнемі қолдау көрсетуге дайынбыз.

Қостанай облысыЖангелдин ауданыҚалам-Қарасу ауылыҒ.Қайырбеков атындағы орта мектебіТәрбие жөніндегі орынбасарыКарпыкова Гульнар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ