Материалдар / Мақала "Ескі киімдерге екінші мүмкіндік беру "
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала "Ескі киімдерге екінші мүмкіндік беру "

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала қазіргі кездегі эко-фэшнның тенденциясын көрсетеді.Батыс мәдениетінен келген гараждық сатылым біздің елімізде де үлкен сұранысқа ие. Оны көрген қонақтардың легінен байқауға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Маусым 2022
262
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ескі киімдерге екінші мүмкіндік беру»:Chi Garage Sale-дың басты мақсаты



Өткен демалыста Елордада гаражды сейл жәрмеңкесі өтті. Мұндай шара елімізге Америкадан және Еуропа елдерінен келген жаңа нәрсе. Біз жәрмеңкенің ұйымдастырушыларымен әңгімелесіп, бірнеше сұрақтар қойдық.





Фото: Instagram chi.garagesale



Мұндай жәрмеңкелерде винтаж киімдерден бөлек кітаптар, түрлі аксессуарлар мен үйге арналған сәнді заттарды табуға болады.Басты ерекшелігі-масс-маркеттегі бағаларға қарағанда әлдеқайда арзан, сондай-ақ қолданыстан шыққан заттарға жаңа дем береді.

Chi Garage Sale-дың Нұр-Сұлтан қаласындағы негізін салушы Дарья Лаврутпен әңгімелесіп қайттық.



Дарья, елімізде гараж сейл жәрмеңкесін және Chi Garage Sale ашу идеясы қалай туды?

-Идея кездейсоқ келді.Жобаның басында ескі киімге екінші мүмкіндік беретін 6 адам жиналды. Ұзақ ойланбай-ақ, гараж сейл ұйымдастыруды шештік.Есімі де тез және бірден келді-Chi Garage Sale.

Ең алғашқы сейлды небәрі 2 апта ішінде жасап, нәтижесінде сәтті өтті. Келген қонақтардың кері байланысы жақсы болды, сол себептен мұндай іс-шараларды тағы өткізіп тұруды шештік.



Жәрмеңкелердің басты мақсаты қандай?

Гараж сейлдің негізгі тұжырымдамасы- саналы тұтыну және zero waste (нөлдік қалдық - ред.), сондай-ақ винтажды заттар мен жақсы кештерге деген сүйіспеншілік.

Жәрмеңкеге қатысудың талаптары қандай және кім қатыса алады?

-Барлық қалаған адамдар қатыса алады.Нақты талпптарымыз да жоқ.Алайда, өз аудиториямызды жақсы білеміз, сондықтан да өтініштерді мұқият қараймыз.

Chi Garage Sale-дың ерекшеліктері қандай?

-Мақтанарлық бір себеп-біздің фотоаймақтар. Біз әрқашан гаражды сейлдің осы бөлігін ұзақ және мұқият ойластырамыз, қажетті реквизиттерді дайындап, ең тиімді орынды таңдаймыз.

Сондай-ақ, әрқашан да қаладағы танымал диджейлерді шақырамыз. Олар бүкіл атмосфераға өте күшті әсер етеді, сондықтан біз музыка мәселесіне де ерекше назар аударамыз.

Киімді жаңа дүкеннен емес, секондтардан алу тренді неден шықты деп ойлайсыз? Және ол әлемдегі экологиялық жағдайға байланысты ма?

-Иә, сөзсіз байланысты! Қазір көптеген адамдар экологиялық тазалық және тұтынудағы хабардарлық мәселелері туралы ойлайды. Бұл өте жақсы заманауи тренд, өйткені жаһандық жылыну бар және оны жоққа шығару күн сайын қиындай түсуде.

Киім өндірісі - бұл біздің Жерге орасан зор зиян келтіретін үлкен қызмет саласы. Бұқаралық нарықтан винтаждық және екінші қол заттарға көшу - қазіргі заманғы саналы адамның қисынды шешімі.- дейді Дарья.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!