Материалдар / Мақала "Жаңартылған білім беру мазмұны - болашақтағы табысты білім кепілі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала "Жаңартылған білім беру мазмұны - болашақтағы табысты білім кепілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала жаңартылған білім беруде қызымет етіп жүрген ұстаздарға арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
257
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СҚО Петропавл қаласы«№2 орта мектеп» Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі



Жаңартылған білім беру мазмұны - болашақтағы табысты білім кепілі

«Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру қажет»Н.Ә. Назарбаев

ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшінең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы ғылым-техникалық әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі. Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізу-білім алушыларға берілген зор мүмкіндік. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын оятып, табысты білім ала отырып,өмірде оны қолдана білуге бағыттау –жаңашыл ұстаздың басты міндетіапалы білім мен кәсіби білікті маман арқылы ғана бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелей аламыз.Осы орайда ұстаздарға заман талабына сай зор жауапкершіліктер мен мүмкіндіктер берілуде. Атап айтқанда, жаңартылған білім мазмұны бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында жаңаша ойлау арқылы білім алушыларға өз бетімен іздене отырып, сапалы білім алу үшін бағыт-бағдар беретін мұғалімдер қатары күн сайын артып келеді. Жаңартылған бағдарлама бойынша жүргізілген курста дәріс, практикалық жұмыс және тренинг кезінде тыңдаушылардың қызығушылықтары күннен-күнге арта түсуде. Курс барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының түйінді идеяларын түсініп, тың тәсілдермен таныса алды.Топтық жұмыстың да мән-мағынасын тез ұғып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. «Топтастыру»,«Ойлан, жұптас, бөліс», «Ақпаратты жаңғырту», «Сұрақ-жауап», «Өз миыңды сал», «Стоп-кадр», «Бумеранг», «РАФТ»т.б стратегияларды тиімді қолдану арқылы тыңдаушылар білім деңгейін күнде жетілдіріп, бағдарламаның түйінді идеясын меңгеруге қол жеткізе алды. Бүгінгі күні өзгермелі әлемде дамыған елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының білім деңгейімен анықталып, білім беру жүйесі заман талабына сай болуы қажет. Оқушыларды жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша инновациялық әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге белсенді түрде енгізіле бастауы- заман талабы. Курстың маңыздылығы да міне, осында. Міндетіміз бір, мақсатымыз айқын. Отандық білім беру саласында әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, жаңаша ойлай алатын білікті мұғалімдер қатарының көбеюі – болашақтағы табысты білім кепілі. Қорыта айтқанда, заманауи қоғамның білім алушысын оқытудың басты мақсаты – санасы жоғары дамыған, сын тұрғысынан жаңаша ойлай білетін, өз білімін қоғамның ілгерілеуіне жұмсай алатын тұлғаны тәрбиелеу.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!