Материалдар / Мақала: "Мемлекеттік тіл-ұлттық қазына"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала: "Мемлекеттік тіл-ұлттық қазына"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсаздарға сынып сағатында,сабақта қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
406
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мемлекеттік тіл-ортақ қазына»

Ғасырлар бойы тіл мәселесі сол тілде сөйлеп, өмір сүретін, өз тілінен сусындаған, сол тілде ұрпақтан ұрпаққа мәдени-ғылыми ескерткіштер қалдырып отырған халықтың мәселесі. Мемлекет болып қалыптасудың негізгі белгілері немесе ұстанымы, халықтың тұратын аумағы, сөйлейтін тілі болуы шарт. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің  барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау жұрнағына дейін өзіндік мәні бар киелі ұғым. Ұлтқа ана тілінен қымбат еш нәрсе болмауы тиіс. Бір ұлттың  тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сахара даласы, жусанды белдері, айдын шалқар көлдері, біресе қараңғы түнде қалғыған таулары, желсіз түндегі тынық айы, сайын даладағы жайбарақат өмір кешкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы, дархан мінезі айқын көрінеді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, қазақ тілі енді ұлт аралық қатынас тіліне айналуға тиісті, соған біз келдік, жеттік соған қажеттілік туындап отырғанын жеткізді. Күнделікті өмірде байқалатыны, Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің көпшілігі қазақ тілін түсінеді, бірақ сөйлемейді. Оның басты себебі ретінде қазақтардың өздерінің ана тілін жеткілікті білмейтіндігін, сол тілде сөйлемеуін тілге тиек етеді. Жасыратыны жоқ, күнделікті өмірде байқалатыны, қалалық жерлерде балалар тұрмақ, орта буын өкілдерінің өзі өз тілінде сөйлесе бермейді, бұл әсіресе көпшілік жүретін қоғамдық орындарда жиі байқалады. Ұлттың тілінің қолданылу аясының тарыла бастауы ең әуелі қазақтардың өзіне байланысты болып отыр, тілге деген немқұрайлылық, жанашырлықтың жоқтығы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде үстем болуына кедергі келтіруде. Көптеген жағдайларда, балалардың тілінің қазақ тілінен орыс тіліне қарай ауысуын, ата-аналар қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарында, әсіресе телехабарларда балаларға арналған қазақша хабарлардың тартымдылығының төмендігінен көруі жай сылтау, немқұрайлылық , ұлттық патриотизмнің жоқтығы деп түсінуіміз қажет. Мұндай жағдай кезінде патшалық Ресейде орын алған, сол кезде орыс ақсүйектері француз тілінде сөйлеп, сол тілде балаларына француз ұлтынан мұғалімдер алдырып, оқытқан. Отбасыда ана тілінде сөйлемеу, балалармен өз тілінде сөйлеспеу, ана тілінде көркем әдебиет оқымау, радио, теледидар хабарларын тыңдамау, көпшілік шаралардың, әсіресе ресми жиындардың басым бөлігінің орыс тілінде өтуі ана тілдің қолданылу аясын барынша тарылтып, мемлекеттік тіл ретінде барынша қалыптаспауына теріс әсер етіп отыр. Алысқа барып керегі жоқ, айналамызға қарасақ, қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен болсын, осы елде тұратын басқа ұлт өкілдерінің барлығы сол тілде еркін сөйлеп, еркін жазады. Демек, қазақ тілінің өз елімізде мемлекеттік тіл ретінде үстемдік құруы ең алдымен қазақтардың өзіне байланысты болып отыр.

Сондықтан, қазақ елінде қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде өркендеуі қажет десек, оған тек қазақ халқы ғана емес, Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдері де үлес қосуы керек. Қазақ тілін үйрену, сол тілде сөйлеу және жазу өзі тұрып жатқан мемлекетті құрметтеу, сол елдің толыққанды азаматы болып қалыптасу, болмай-ақ қойсын, қиын –қыстау күн туындаған жағдайда ереулі атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, ерлердің ісін жасайтын азамат екендігін көрсететіндігіне шүба келтірмеуі тиіс.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қай ұлттың өкілі болмасын Қазақстанда тұрады екен, оны қасиетті де киелі Отаным деп мойындап, оның гүлденуі үшін қызмет етуі тиіс. Басқа ұлт өкілдері де, Қазақстанның азаматы екендігін жан—тәнімен түйсініп, қазақ тілінің еркін қолданылуына жанашыр болуы қажет.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде мәңгілік өмір сүру үшін мемлекеттік тілдің барлық салада кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету қажет, ол үшін осы мемлекетте тұратын халықтардың бірлігі қажет. Халықтардың тату-тәтті, ынтымақты өмір сүруі үшін елде қолайлы жағдайлар жасалған. Демек, мемлекеттік тілдің аясының кеңіп, барынша кеңінен қолданылуы елімізде тұрып барлық ұлттардың ортақ мәселесі болуы тиіс, осы мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың тарапынан кешенді, нәтижелі жұмыстар жүргізілуі керек.





Приозерск қаласы,№2 ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Ахетчина Дидар Казкенкызы.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!