Материалдар / Мақала Пайзуллаева Қуанышкүл Жаңабайқызы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала Пайзуллаева Қуанышкүл Жаңабайқызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада жұмыртқамен жасалынатын қызықты тәжірибелер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
304
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пайзуллаева Қуанышгул Жаңабайқызы,

Алматы қаласы, Әуезов ауданы,

МКҚК «№160 бөбекжай-балабақшасының»

мектепке даярлық тобының

жоғары дәрежелі I-санатты тәрбиешісі



Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Жұмыртқамен жасалынатын қызықты тәжірибелер»

Мақсаты: Жұмыртқа тағамының адам ағзасына, өміріне маңыздылығын түсіндіру. Жұмыртқаларды бақылау, зерттеу, қарапайым тәжірибе жасай отырып, жұмыртқаның сапасы мен дәрежесін анықтауға үйрету. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру. Бақылау, тәжірибе жасау арқылы балалардың дүние танымын кеңейту.

Көрнекілігі: бейнематериалдар

Қажетті құралдар: себет, сұрақ карточкалары, жұмыртқа, стакан, тұз, бөтелке, ыдыстар, қызыл және көк маркер.

Полингвалды компонент: жұмыртқа-яйцо-egg

Ұйымдастыру сәті: Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Шаттық шеңбер:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кең ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі оқу қызметімізді бастамас бұрын 2 топқа бөлініп отырайық.

Үстелдің үстіндегі 2 топтың аттары жазылған карточкаларды таңдау арқылы балалар екі топқа білініп отырады.

I-топ: «Тапқырлар».

II-топ : «Білімділер».


  • Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп отыр:

Жұмбақ:

Өзі аппақ, сопақ,

Жарылады, қайнатылады,

Керек болса балапанға айналады. (жұмыртқа)

  • Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!

Бүгінгі оқу қызметімізде жұмыртқаның қандай пайдасы бар екені туралы айтамыз.Олай болса, бейне таспаға назар аударайық?!

Бейне таспа: «Таңғы асқа жұмыртқа жеудің пайдасы».

(Музыка әуенімен (чип-чип чужаларым) ортаға тауық кіріп келеді).

Тауық: Сәлеметсіңдер ме балалар ?!

Балалар: Сәлеметсіз бе! Здравствуйте! Hello!

Тауық: Қараңдаршы балалар, мен сендерге арнап себетіме толтырып жұмыртқа салып әкелдім. Бірақ сендерге қоятын бір шартым бар. Кім де кім менің сұрақтарым мен тапсырмаларымның дұрыс шешімін тауып айтатын болса, сол топтың балаларына жұмыртқаларымды үлестіріп беріп отыратын боламын.

Олай болса, менің сұрақтарым мен тапсырмаларыма жауап беруге дайынсыңдар ма?

Балалар: Иә, дайынбыз.


1-тапсырма:

Әлеумет білім саласы бойыша

«Экология негіздері»

1-сұрақ: Жыл мезгілдерін ата?

2-сұрақ: Бір жылда неше ай бар?(айларды мезгілге топтастыр)

3-сұрақ: Бір айда неше күн бар?


2-тапсырма:

Қарапайым математика оқу қызметінен.

1-сұрақ: 1ден-20ға дейін (тура және кері санау).

2-сұрақ: Қандай таңбаларды білесіңдер?

3-сұрақ: Жұмбақ шешу:

Тал басында тізіліп,

10 жапырақ тұр еді,

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті 2.

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы 5.

Тұр әлі де ілініп

Жапырақтын нешеуі

(10-2-5=3)


3-тапсырма:

Сауат ашу оқу қызметінен.

1-сұрақ: Дыбыс дегеніміз не? Олар нешеге бөлінеді?

2-сұрақ: Дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

3-сұрақ: Жұмбақ шешіп көрейікші.

Сауысқанда, сағызда,

Сарымсақта, сәбізде

Сапсыз бірақ тәрізді

Бастап тұрған қай әріп(С)


4-тапсырма:

Драма оқу қызметінен.

Белсенді тақтаға қарап қай ертегінің кейіпкері екенін атап беру керек.


5-тапсырма:

Шығармашылық оқу қызметінен.

1. Сурет оқу қызметінде қандай тәсілдерді қолданамыз?

2. Қандай музыкалық ұлттық аспаптарды білесіңдер?

3. Музыкада неше нота бар атап беріңдер?


Тауық: Жарайсыңдар балалар, менімен бірге бір сергіп би билеуге қалай қарайсыңдар?

Сергіту сәті. Бейне ролик арқылы би қимылдарын қайталау.


Тәрбиеші: Балалар енді, әр топ өзінің жинаған жұмыртқаларын санап шықсын. Қай топтың жұмыртқалары көп, яғни сол топ өте белсенді, білімді деген сөз.

Келесі кезекті осы жұмыртқа туралы қызықты бейне баянға назар аударайық?!

Бейне баян: «Жұмыртқа туралы қызықты мәлімет».


Тәрбиеші: Ендеше осы жұмыртқалармен біз де тәжірибе жасап көрейік?!


1. Тәжірибе: «Батады-батпайды».

Тәрбиеші: Үстел үстінде екі стақан бар. Көк сызығы бар стақандағы суға 3 қасық тұз салып араластырып, тұзды су дайындайық. ( Балалар 3 қасық тұз салып араластырады)

Ал, қызыл сызығы бар ыдыстағы тұзсыз су. Қолымызға жұмыртқаны алып, тұзды суға салайық.

Тәрбиеші: Балалар, жұмыртқаға не болды?

Балалар: Жұмыртқа судың бетінде жүзіп жүр.

Тәрбиеші: Қане, балалар жұмыртқаны тұзсыз таза суы бар ыдысқа салып көрелік? Нені байқадыңдар?

Балалар: Жұмыртқа суға батып кетті.

Тәрбиеші: Сонымен, қорытынды: таза суда жұмыртқа батып кетеді, ал тұзды суда батпайды. Өйткені тұзды су заттарды жеңілдетін судың бетіне ұстап тұрады.


2. Тәжірибе: «Піскен бе, әлде шикі ме?».

Тәрбиеші: Балалар сендер піскен жұмыртқа мен шикі жұмыртқаны ажырата білесіңдер ме? Олай болса келесі тәжірибеде соны анықтап көрейік?

Балалардың қолына екі бірдей піскен және шикі жұмыртқа беріледі.

  • Оларды кезек пен кезек үстел үстінде айналдырып көріңдерші! Нені байқадыңдар?

Балалар: Жұмыртқаның бірі тез айналып, ал бірі айнала алмай қалды.

Тәрбиеші: Балалар енді сендер тез айналып тұрған жұмыртқаны қызыл маркермен, ал айнала алмай тұрған жұмыртқаны көк түсті маркермен белгілеп қойыңдар.

Мұндағы қызыл түсті маркермен белгіленген жұмыртқа піскен, ал көк түсті маркермен белгіленгені шикі екенін анықтадық.

Қорытынды: піскен жұмыртқаны қолмен айналдырғанда тез айналады, ал піспегені шикі жұмыртқа керісінше дөңгелене айналмайды.


3. Тәжірибе: «Жұмыртқаның сары уызын ақ уызынан бөліп алу».

Тәрбиеші: Балалар ендігі тәжірибемізге пластикалық бөтелке мен бір шикі жұмыртқа керек болады.

Үстел үстіне әр балаға бір тәрелкеден қойып, шикі жұмыртқаны жарамыз.

Тәрбиеші: Балалар жұмыртқаның ішіне назар аударыңдаршы?! Нені байқап тұрсыңдар?

Балалар: Ақ және сары сұйықтықты.

Тәрбиеші: Ал қанекей осы сары уызымызды бөліп алу үшін қолдарыңдағы пластикалық бөтелкені қысып, жұмыртқаның сарысына жақындатамыз.

Балалар нені байқадыңдар?

Балалар: Пластикалық бөтелке жұмыртқаның сары уызын ақ уызынан бөліп, сорып алды.

Тәрбиеші: Міне балалар енді сендер жұмыртқаның сары уызын ақ уызынан оңай бөліп алудың әдісін үйрендіңдер.


Қорытынды: Бүгінгі оқу қызметінен түсінгендерін сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылау.

Мақтау, мадақтау.











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!