Материалдар / Мақала Шу өңіріндегі көне әдеби жәдігерлер шежіресі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала Шу өңіріндегі көне әдеби жәдігерлер шежіресі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Шу өңіріндегі көне әдеби жәдігерлер шежіресі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2020
347
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі











Ғылыми жобаның тақырыбы:


Шу өңіріндегі көне әдеби жәдігерлер шежіресі


Секциясы: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашағы бар саясат маршруттары













Орындаған: Олпанбай Асылжан

9-сынып оқушысы

Жетекшісі: Буканаева Гулизат

Қазақ тілі пәні мұғалімі












2020-2021 оқу жылы

ПІКІР


9-сынып оқушысы Олпанбай Асылжан Шуөңіріндегі көне жәдігерлер шежіресі туралы оның ішінде Баласағұн қаласына қатысьы мәліметтер жинақтаған. Орта Азияда ықылым заманнаң бері адамзат ұрпағының шарлаған ізі жазба деректерде б.з.б. VII-VI ғасырға жатады. Осы дәуірден бізге жеткен көне түркі жәдігерлері Баласағұн туылған қала Ақтөбе-Степнинское Жамбыл облысы Шу өзенінің аңғарында VII-VIII ғасырларда Батыс түрік қағанатының орталықтары болған, түркі дәуірінен бізге жеткен бай мәдени тарихи мұралар-көне жәдігерлермен ғибадатханалары бар.

Ата-бабаларымыздың тарихын бұрмаламай қаз қалпында бүгінгі ұрпаққа жеткізу тарихшы археологтардың этонографтардың, әдебиеттанушылардың алдында тұрған жауапкершілігі зор үлкен міндет. Деректерге сүйенсек Батыс Түрік қағанатының орталықтары Суяб, Баласағұн, Меркі қалалары орналасқан. Бұл кешенді ескерткіштер табылған жерлеу орындары, қорғандар тас мүсіндер, қоршаулар қасиетті Батыс Түркі қағанатының түрік әлемінің мәдениеті көне жәдігерлер ұрпаққа мұра ретінде қалды. Тарихымызды жан-жақты игеру түбінде қазақ халқының тағдыры, мәңгілік елділігі, мемлекеттілігі баянды тәуелсіздігі сияқты асыл мұраттар жатыр.
Көне жәдігерлеріміз дәуір сыншыл сүрінбей өтіп, бүгінге дейін жетті. Көне ескерткіштерің негізінде жатқан жалпы адамзаттық құндылықтар әдебиет арқылы әлемге таралды. Әр оқырманның көкейіндегі сауалдардың жауабымен, жаһандық мәселелердің шешімінде дәл осындай туындылардан табамыз. Оқушы өз зерттеуінде көне жәдігеріміз болып саналатын қазіргі Баласағұн ауылындағы орналасқан қалашықты әлемдік деңгейде туристік қалашыққа айналдырып, әлі де зерттелмеген ұлы ғұлама туралы оның еңбектерін тереңдей оқуға бағыттап отыр.



Жетекшісі: Г.Буканаева
















Мазмұны


Кіріспе.................................................................................................................5

Негізгі бөлім

1 бөлім. Шу өңіріндегі көне жәдігерлер шежіресі туралы түсінік ................6

1.1. Жұмыстың негізгі бөлігі......................................................................... ...7

1.2.Шу өңіріндегі көне жәдігерлер шежіресінің құндылығы..........................7

Қорытынды.......................................................................................................8

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................9





































Аннотация


Зерттеу жұмысының мақсаты: Түркі халықтарына әдеби ескерткіштер мен VI-XI ғасырлардағы әдебиет шығармаларын соның ішінде Баласағұн еңбектерін, Баласағұн қаласының тарихын оқырманға жария ету.

Болжам: Жастар қазақ тарихын терең біледі, көне жәдігерлер шежірсін ұғынады.

Зерттеу кезеңдері:

  • Зерттеу жұмысының тақырыбын нақтылау;

  • Көне жәдігерлер туралы ақпараттар жинастыру, материалдармен танысу;

  • Кітапханалық іріктеулер жүргізу, саралау, жинақтау;

  • Зерттеу жұмысы негізінде нұсқаулар шығару

Зерттеу әдістері:

  • Түрлі деректер мен зерттеулерді қолдану;

  • Сұхбаттасу;

  • Сауалнама алу

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Шу өңіріндегі көне жәдігерлер туралы мәліметтер жинақтап, оның пайдасын болашақ жас ұрпақтарға түсіндіріп, кеңес беру, Баласағұн туралы туралы ой-деректер, ізденушілік жұмыстар, туристік бағыт кітапшасын құрастыру жұмыстың жаңашылдығы болып табылады. Кітапшасын құрастыру жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады.

Зерттеу жұмысының нәтижесі мен қорытындысы: Зерттеу барысында Шу өңіріндегі көне жәдігерлер шежіресі ата - бабамыздың бізге қалдырған баға жетпес мұрасы, ал оны қастерлеп, бағалай білу - болашақ ұрпаққа міндет және экономикамызға турситік бағытқа пайдасы мол екені анықталды.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Көне жәдігерлер туралы жинақталған мәліметтерді, көрнекіліктерді «Әдебиеттік оқу» арнайы курс, «Тіл дамыту» үйірме жұмыстарында, әдебиет, география, экономика салаларына қосымша құрал ретінде сабақтан тыс жұмыстарда қолдануға болады.















Кіріспе

Тарих-бір күнде зерттелетін шаруа емес,сондай-ақ заттай деректер мен жазба құжаттардың көмегінсіз тарихты зерттеу де мүмкін емес.Сондықтан тарихшылар көп ізденіп,ежелгі дәуірден сақталған тарихи деректерді мұқият зерттей отырып,адамзат баласының өткен тарихын жазады.Ендеше,өткен өміріне қатысты түрлі мәліметтерді «тарихи деректер» деп атаймыз. Өз кезегінде тарихи деректер ауызша, жазбаша, археологиялық, этнографиялық, антропологиялық болып әр түрге бөлінеді. Соның ішінде ауызша және жазбаша деректердің қазақ тарихында алатын орны ерекше.Ауызша деректер жылдар бойына ел арасында ауыздан ауызға жетіп, бүгінгі күнге дейін сақталған. Мұндай деректер қатарына біз ежелден сақталған аңыз-әңгімелерді, эпостық және салт жырларын, шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді жатқызамыз. Бүгінгі таңда ауызша деректер мен жазба деректерді өзара сабақтастыра отырып,қазақ халқының шежіресін қарқынды жүріп жатқанын айтамыз.

Қазақ тарихын зерттеудегі баға жетпес құнды мұралардың біріне түрлі мұражай қорларына сақталған жазба деректерді жатқызамыз.

Елімізде алғаш рет іске асырылып отырған «әдеби жәдігерлер» тақырыбының басты мақсаты-түркі халықтарына әдеби ескерткіштермен VI-XI ғасырдағы әдебиет шығармаларын жинақтап жария ету.

Тарихқа құштарлық бар жерде тарихи туындыларға деген ықылас та үздіксіз артады.» Қазақ даласының дүйім жұртында кең құлашты тарихи сана болған,себебі –бұл даладағы әрбір жұмырбасты пенденің жады бала кезінен ауызша айтылатын түсініп-білу.Әрбір адамның өз басындағы сезім –түйсікпен астасып отырған»дейді Нұр Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев.



















Негізгі бөлім

«Ерлік өнегелері тарихты нұрландыра түседі.»депті В.Гюго.Жалпы,тарихи шығармалардың алтын арқауы-өткен дәуір,сол замандағы айтулы тарихи тұлғалардың өмірі ,қайраткерлігі батырлығы адамгершілік қасиеттері,халық бағалаған етен істері.

Абыз Асан қайғыдан қалған бір сөз бар: «Шудың жағасы тұнған ну екен,жері малға құт екен».Шу өңірінің қасиетін Абыз бабадан асырып айтқан жан жоқ.

«Тура биде туған жоқ,туғанда биде иман жоқ».Бұл даналық сөз Төлеби бабамыздан қалған.Күллі қазақтың төбе биі 1663 жылы осы киелі жерде өмірге келген екен.

Шу өңірі тұнып тұрған тарих.Талай заманның дауылды аласапыран қиын кездерін басынан кешкені рас.Шерлі шежіресіне ой жүгіртсек, мың өліп, мың тірілген қазаққа қайран қаласың. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадағы «жаудан еліеті ашылмаған айшықты тұстарын жаңғыртып,н,жерін қорғаған батыр бағландарын данкешті ерлік істерінен мерейің өсіп,рухың көтеріледі.Шу өңірінің тарихында беті ашылмаған құпиялар көп.Бергісі белгілі.Барлығы тарихтың сырында жатыр.Түп тамырымыздың тереңде жатқаны,ежелден-ақ іргесі мықты ер түріктің қайсар ұрпағы екеніміз дәлелдей түсер еді.

Сол көнеден қалған қандай белгі,қандай мұра бар? Осы тұста көне мен бүгіннің айшықты тұстарын жаңғыртып,олардан белгі болып қалған жәдігерлердің иесі іспеттес көне жәдігерлердің маңызы зор.
Шу өңіріндегі Жібек жолы бойында тұрған осы шаһар Ақтөба-Степнинское қала жұрты. Ұлы Жібек жолы бойында ірі қирандыларының қатарына көне Ақтөба қаласы да кіреді. Алғаш рет Ақтөбе-Степнинское қала жұрты жөнінде 1894 жылы жарық көрген әдебиетте мәлімет берілген. Бұл Баласағұн шаһары болған. Баласағұн Қарахан мемлекетінің астаналарының бірі болған ортағасырлық қала атауы. Жазба деректерде X ғасырдан бастап белгілі болған. Әль-Мақсидің мәлімдеуінше, ол игілікке бай үлкен қала болған. М.Қашғаридің Баласағұнды күз ұлыс немесе кұз орда деген басқа да аттарын хабарлайды. Зерттеушілердің пікірінше Баласағұн алғашқы да түрікше Беклік, Соғдыш, Семеке деп аталған. Баласағұн тұрғындары түркі және соғды тілінде сөйлеген. 1932 жылы М.Хорезмшахтың қол астына қарайды. Шыңғыс хан әскеріне қарсылықсыз беріліп Ғабаллық «Жақсы қала» деп аталады. Баласағұн Шу өңіріндегі ең үлкен ескерткіштердің бірі. Табылған деректерге негізделе отырып хронология барысында сарапталып, нәтижесінде Ақтөбе тарихы екені дәлелденген. Баласағұн философия, математика, медецина, астрономия, өнертану, әдебиеттану, тіо білімі тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Баласағұнның есімі әлемдік мәдениет пен әдебиет тарихында құтты білік дастаны арқылы қалды. Бұл дастан ортағасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған.



Қорытынды

Қазіргі таңда әлемдік экономикада туристік сала аса маңызды және келелі салалардың бірі. Еуропа елдерінде туризм мемлекет кірісінің бірден бір кірісі болып тобылады. Бүкіл әлемдік турситік ұйымының болжауы бойынша, Қазақстан тарихи-мәдениет туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер қатарында. Туризм саласы саудамен бірге бюджетке қомақты пайда әкеледі. Тарихшылардың бағалауынша, Жамбыл облысында бірқатар құнды археологиялық ескерткіштер орналасқан. Облыс бойынша бес тарихи нысан ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілді. Соның бірі Ақтөбе-Степнинское қаласы қазіргі Баласағұн ауылы.

Елбасының блолашаққа бағдар-рухани жаңғыру мақаласында әлемнің көкжиегін кеңейтіп, әдеби мұралардың маңыздылығын айқындай түсті. Әрі «Туған жер» бағдарламасы аясында бірқатар жобалар жүзеге асыру керектігін мәлімдеген болатын. Яғни оның қатарында Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы бар. Тамыры тереңнен жатқан киелі Шу өңіріндегі ықылым заманнаң және ортағасырлық қалаларының саяси экономикалық маңызы зор болғаны ақиқат. Осы тұста көне мен бүгінгінің айшық тұстарын жаңғыртып, олардан белгі болып қалған жәдігерлердің иесі іспеттес өңірлердегі көне жәдігерлердің маңызы өте зор. Бүгінгі таңда зерттеу жұмыстары әлі де жүргізілуде.






























Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Қазақстан.Ұлттық энциклопедия.ІІІ том,2001 жыл.

2. Мырзатай Жолдасбеков. «Асыл Арналар», Алматы «Жазушы» 1990ж.

3. Сөз атасы, Алматы «Жазушы»,1987 жыл.

4. І.Кеңесбаев «Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер.Алматы. 1987 жыл















































 





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!