Материалдар / Мақала: Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала: Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыбайлас жемқорлық көрінісінің ең қауіпті нысандарының бірі парақорлық болып табылады. Парақорлық-лауазымды тұлғаның өкілеттілігін пайдалана отырып орындаған немесе орындамаған әрекеті үшін сыйақы (пара )алуы. Лауазымды тұлғаның әрекетін сатып алу, күрделі әрі жасырын көріністе болады.Америкалық зерттеуші В.Рейсман негізгі 3 түрін бөліп көрсетеді:қызметтік тежеуші және тікелей сатып алу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2020
1825
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті


Жұмабекова С.Ө.

оқытушы,

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы


Сыбайлас жемқорлық көрінісінің ең қауіпті нысандарының бірі парақорлық болып табылады. Парақорлық-лауазымды тұлғаның өкілеттілігін пайдалана отырып орындаған немесе орындамаған әрекеті үшін сыйақы (пара )алуы. Лауазымды тұлғаның әрекетін сатып алу, күрделі әрі жасырын көріністе болады.Америкалық зерттеуші В.Рейсман негізгі 3 түрін бөліп көрсетеді:қызметтік тежеуші және тікелей сатып алу. Қызметтік пара беру-қызметшіге өзінің қызметтік міндеттерін жедел орындауын қамтамасыз ету мақсатында берілетін төлем.Тежелеуші парада пара беру қызметшіге белгілі бір әрекеттерін орындалуын тоқтату немесе уақытша тоқтата тұруы мақсатында пара береді. Ең қауіптісі-тікелей сатып алу бұл жерде көрсеткен қызметі үшін ақы төлеу емес,қызметшісінің сатып алуы, бұл жерде көрсеткен қызметі үшін ақы төлеу емес қызметшінің өзін сатып алуы.Профессор А.Яковлев параның бұл түрін толықтай сатып алу дейді,яғни бұл жерде белгілі бір әрекеттерді орындағаны үшін пара беру ғана емес, сонымен қатар, лауазымды тұлға үнемі пара беру мүддесі үшін ғана қызмет жасайды. Қылмыстық құқық докторинада лауазымды тұлғаның сатып алуға құқықтық баға беру жөніндегі сұрақ 1922 жылдан бастап талқыланып келеді.

20-30-шы жылдардың өзінде-ақ белгілі криминалист А.Эстрин «фирмалар өзіне керек лауазымды тұлғаны жұмысқа ала отырып,өз мүддесі үшін,оның қызметіне ақы төлейтін жағдайлар болғанда,бұдан әрі де болып тұрады.Мұның астарында мүдделік жатыр»-деген.Парақорлықтың нарықтық қатынастарның дамуына осының негізінде бұл қатынас субъектілерінің теңдігне қауіп төндіреді. Қылмыстық құқық теориясында парақорлық деп пара алу (ҚР ҚК 366 бабы) пара беру( ҚР ҚК 367) бабы, және парақорлық деп пара алу ҚР ҚК 366 бабы, сияқты өз алдына дербес үш қылмыс құрамының қамтитын жалпы құқықтық ұғымды айту көзұарасы қалыптасқан. Бірақ мұндай пікірді бәрі мақұлдай бермейді. Ертеректе қалыптасқанеді.

Басқалар парақорлық деп пара алумен пара беруден тұратын бір тұтас қылмысты алады. Профессор Н.Д. Дурманов пара алу мен пара беруді екі бөлек қылмыс деп қарамай біртқтас қылмыс деп қарастырған өте дұрыс болды деп емептеді.Н.П. Кучеряевый пара беру, пара алу және параға делдал болу бір қылмыстың ерекше нысаны деп есептеді. Осы пікірді А.Н. Трайний қуаттап, пара берумен парақорлыққа делдалдықты лауазым иесінің пара алуға қатысының ерекше нысанына жатқызды. Басқа авторлар бұл мәселеге басқаша түрде қарауды ұсынады. Атап айтқанда Б.В. Здравомыслов парақорлық ұғымы кең мағына береді. Оның тар көлеміне пара алуды, ал кең көлемде қылмыстың үш құрамын: пара алу, пара беру және парақорлыққа делдалдық жатқызады.

Бұл міселе бойынша Б.В. Здрасловтың көзқарасын қолдаймыз. Біздің пікіріміз бойынша, пара алу мен пара беру парақорлыққа делдалдық арасындағы тығыз байланыс болғанмен, олардың әрқайсысы жеке қылмыс түрі болып табылады, себебі олардың әрқайсысы жеке қылмыс түрі болып табылады, себебі әрқайсысының ерекше тек өздеріне тән белгілері бар. Атап айтқанда, қылмыс субъектісі бойынша бір ғана фактінің ерекшелігі, оларды біртқтас қылмыс деп қарастырмауда зор мәнді болып табылады. Қазіргі қолданылып отқан ҚР ҚК мұндай қолсұғушылықтар жеке жеке қылмыс ретінде қарастырылады. Бұрын қолданылыста болған РСФСР, Қазақ ССР Қылмыстық Кодексінде парақорлық деген қғым үш түрлі қылмыс жиынтығы ретінде қарастырылған. Қарастырып отырған қылмыс ауыр және өте ауыр қылмыстар санаттарына жатады. Бұл парақорлық құрамындағы жоғарғы қоғамдік қауіптілігімен, оның өте көлеікелі салдарымен түсіндіріледі. Парақорлық басқару қызметінде тәртіп бұзушылыққа әкеліп тірейді, халықтын билікке сенген сенімін төмендетіп, азаматтардың заңды мүдделерімен құқықтарымен қысым жасауға әкеп соқтыртады. Кей жағдайда басқада қылмыстармен жалғасып жатады. Парақорлықтың қауіптілігі белгілі, оның қазіргі кездегі көлемі кең. Ол өз өкілеттіліктерін сататын қызметкерлермен ғана емес, сонымен қатар ендң барлық билік органдарының осындай өте ауруға ұшырағаны белгілі. Бұған соңғы кезде жүргізілген криминологиялық зерттеулер куә. Парақорлықтың бір түрі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекснің 367 бабында парақорлыққа делдал болу, яғни параалушыға және пара берушіге пара алумен беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге немесе іске асыруға жәрдемдесу деп көрсетілген. Осы заңдылық анықтамаға сәйкес парақорлыққа беру туралы олардың арасындағы келісмге қол жеткізуге немесе іске асыруға жәрдемдесу деп көрсетілген. Осы заңдылық анықтамаға сәйкес парақорлыққа делдал болудың объективтік жағы тек қана белсендң әрекеттен тұратын айдан анық көрінуде. Делдалдықтын белсенді әрекеті пара алушы мен пара берушының іс-әрекетке тікелей байлансты. Пара алушы көп жағдайда параны делдалсыз тікелей пара берушіден алуы мүмкін. Ал кейбір реттерден парақорлықта делдал болушы осы екі субъектінің арасындағы жалғастырушы рөль атқарады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Пленумында 1995жылығы 25 желтоқсандағы парақорлық үшін жауакершілік соттардың қолдану тәжірибесі туралы қаулыда делдал деп пара берушінің немесе пара алушының тапсырысы бойынша пара затын тікелей беретін адам деп көрсетілген. Парақорлыққа делдалдықтын объективтік жағының белгісі әрекет болып табылады. Делдал пара берушіден немесе пара алушыдан белгілі бір сыйақы алғанына немесе алмағанына қарамастан солардың екеуінің белгілі бір сыйақы алғанына немесе алмағанына қарамастан солардың екеунің мүддесіне ортақ әрекет жасап, пара затының алушыға береді. Парақорлыққа белгілі бір сыйақы алғанына немесе алмағанына қарамастан, солардың екеуінің мүддесіне ортақ әрекет жасап, пара затын алушыға береді. Парақорлыққа делдалдық пара алу мен пара беруді жалғастыратын қылмысқа қатысудың жеке құрамға ерекше түрі болып табылады. Оның мәні: делдал белсінді әрекет жасау арқылы пара алушының немесе пара берушінің сұрауы, өтініш бойынша олардың арасындағы болған келісімге сәйкес пара затын беруді жалғастырады. Бұл ретте делдал өз инициативасы бойынша әрекет жасамайды, мұндай инициатива пара алушыдан немесе пара берушіден болғанда ал, делдал болса осы екеунің арасы пара затын алу арқылы жалғастырады.

Кейбір реттерде делдал пара затын беруде үшінші бір жақты пайдалануы мүмкін, бұл ретте үшінші жақ пара заты туралы ештене білмеуі қажет. Делдалдықтын ерекшелігі сол бұл қылмыстықтың субъектісі бір мезетте екі бірдей қылмыстың пара алу мен пара берудің жүзеге асырылуын көмек болып табылады. Адам делдалдықтың субъектісі болып табылады, егер ол пара алу мен пара беруді жалғастырса және пара алушының немесе пара берушінің инициативасын бойынша белсенді әрекет жасалады.

Парақорлықделдалдық формальдық қылмыс құрамына жатады, осыған орай қылмыс құрамы пара алатын толық немесе ішінара іс жүргізуінде ипара алушыға тапсырған уақыттың бастап аяқталған деп саналады. Егер пара алушыға пара заттың алудан бас тартса онда делдалдық әрекет оқталған ретінде (24, 366 баптар) ал пара берушінің әрекеті паара беруге оқталған деп 24, 367 баптар) ретінде саралануға жатады. Парақорлыққа делдалдыққа парақорлаққа қатысудан паара алуды, беруді ұйымдастырушыдан, пара алу немесе беруге айдап салушыдан, парақорлыққа көмектесушіден ажырата білудың маңызы ерекше. Пара алуды немесе беруді ұйымдастырған немесе беруді ұйымдастырған немнсе оның жүзеге асырылуна басшылық еткен адам парақорлыққа ұйымдастырушы деп аталады.

Пара беруге немесе оны алуға басқа адамды азғыруға немесе басқа да әртүрлі жолмен осындай жасауға парақорлықтың қатысушыларын көндірген адам айдап салушы деп саналады. Парақорлыққа делдал ешкімді азғырмайды, көңдірмейді, ол келіскен екі субъектінің тапсырмасын орындауы пара алушының пара берушімен өз тілектерімен кездестіреді. Парақорлыққа көмектесушының делдалдықтын өзгешелігі сол көмектесуші пара беруші немесе пара алушымен ғана байланысты және парақорлықтың жүзеге асырылуына ол құралдар, кеңестер кедергілерді жою арқылы қылмысты іс-әрекеттің жүзеге асырылуын жәрдемдеседі. Ал, делдал болса мұндай іс-әрекеттерді істемейді. Ол тек қана екі жақтың келісілген затын бірі біріне беріп, жалғастырушылыққа жүзеге асырылады. Осыған орай жоғарғы аталып өткен ҚР Жоғарғы Сотының Пленуымның1995 жылғы 25 желтоқсанғы қаулысында лауазымды немесе басқа адамдар пара алуда немесе пара беруде ұйымдастыру, соған көмек істесе немесе айдап салса және сонымен бірге парақорлыққа делдалдық функциясын атқарады, онда олар пара алуға немесе пара беруге қатысқаны үшін ҚК 366, 367 баптар бойынша жауапқа тартылады. Бұл ретте қылмысқа қатысушының іс-әрекетін парақорлыққа делдалдыққа жауаптылық белгілейтін баппен қосымша түрде сараланбайды. Субъективті жағынан делдалдық тек тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Делдал пара берушінің немесе иалушының тапсырмаларымен пара беру-алу функциясымен жүзеге асырылып отырғанын сезеді және іс-әрекеттің жүзеге асырылуын тілейді. Егерде пара берген адам делдалға өзінің алған қарызын белгілі бір адамға жеткізіп беруді өтінсе, және бұл туралы делдал шын мәнінде солай деп түсінсе және оның пара заты екендігін білмесе, оның іс-әрекетінде парақорлық құрамы болмайды.

Парақорлыққа делдалдықтың ниет әртүрлі болуы мүмкін. Делдалдықтың қандай ниеті басшылыққа алып қылмыстық іс-әрекетке араласуы қылмысты саралауға әсер етпейді, ниетін мазмұны мен мәні жаза тағайындау барасынды міндетті түрде есепке алынады. Парақорлыққа делдал болу жеке құрам ретінде тек ҚР Қылмыстық Кодексіндеғана көрсетілген.

Шын мәнінде парақорлық делдалдық өзіне тән белгілері бойынша қылмысқа қатысушылықтан өзгешелігі бар, осыған байланысты ҚР Қылмыстық Кодекснің бұрынғыша жеке бап ретінде қалдырмауының орынды сияқты. Қылмыстық заңда пара берген адамның иқылмыстық жауаптылықтан босатылуы шартты көрсетілген. Ал парақорлыққа делдалдық деп пара шартында көрсетілген жағдайда, яғни делдал мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адам, не оған теңестірілген адам пара беруші мен пара алушы арасындағы келісімге қол жеткізуге жәрдем жасатса немесе параға делдал болған адам ол туралы қылмыстық іс қозғауға құқығы бар немесе басқа құзырлы мемлекеттік яғни лауазымды адамдарына ерікті түрде хабарласа оларға қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз деп санаймыз, мұның өзі парақорлық құбылысы мен күресуге және оны дер кезінде ашуға құқытық негіз болар. Парақорлықпен күрестің алдын алу шараларын күшейте түссек, халықтың мемлекеттік апаратқа сенімі жоғарлар еді.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Рейсман В.М. Скыратая ложь, Взятки и реформа-М.,1998.

2. Яковлев А.М. Социология экономичекой преступности.-М.,1998.

3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ.












Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!