Материалдар / Мақала; Сындарлы оқыту теориясы - оқушы жетістіктерін дамытуға бағытталған үдеріс.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала; Сындарлы оқыту теориясы - оқушы жетістіктерін дамытуға бағытталған үдеріс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сындарлы оқыту теориясы - оқушы жетістіктерін дамытуға бағытталған үдеріс. Оқушылардың сыни тұрғыда ойлау қабілетін арттыру жолдары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2021
435
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Тажбенова Клара Фархадовна.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жөлек ауылы №152 қазақ орта мектебі.


Сындарлы оқыту теориясы - оқушы жетістіктерін дамытуға бағытталған үдеріс.


Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009).

Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек етеді.

Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.

Сындарлы оқытудың жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымы мен негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді білуін де қамтиды.

Қазақстандық білім беру жағдайында Бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерінің іс жүзінде ойдағыдай жүзеге асырылуын және мұғалімнің  өз бойында дағдылардың қалыптасқандығын көрсетуін қамтамасыз етеді. Қазақстандық мұғалімдерді  кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс істеуге дайын. Өзімнің күнделікті педагогикалық тәжірибемде бағдарламадағы берілген жеті модульді кіріктіре отырып, өткізген сабақтар арқылы оқушылардың қызығушылықтары артып, тапсырмаларды жүйелі орындап, бір–бірімен топтаса отырып жұмыстар жасай білуге дағдыланды.Бағдарламадағы берілген  жеті  модульді кіріктіре отырып,  өткізген сабақтар арқылы оқушылардың қызығушылықтары артып, тапсырмаларды жүйелі орындап, бір – бірімен топтаса отырып жұмыстар жасай білуге дағдыланды. Мұғалімнің педагогикалық біліктіліктілігін көтеру үрдісіне педагогикалық құндылықтарды, жаңа технологияларды  шығармашылық іс-тәжірибелерді, ақпараттық  мультимедиялық техникаларды пайдалану білім берудің тиімді, нәтижелі үрдістеріне жатады. Мұғалімнің өздігінен білім көтеру және бос уақытын дұрыс ұйымдастыру дербес жұмыс жоспарына сай іске асыру тікелей шығармашылыққа байланысты. Жаңа форматтағы мұғалім кәсіби шеберлігін жетілдіретін жаңа стильдегі тұлғалық-адамгершілік бағыттарын, педагогикалық шындықты және ондағы үздіксіз іс – әрекетті, жүйелі түрде қабылдау қабілеттерін, пән саласындағы еркін бағытты меңгеріп және қазіргі педагогикалық технологияларды игеруі тиіс. Білім беру талаптарын өзгерту біліктілікті арттыру жүйесін жаңашылдандыру міндетін алға қояды, ал оның мақсаттарын жүзеге асыру біздің  алдымыздағы міндетіміз. Білімді ұрпақ – болашақ еліміздің жарқында кемелденген көшін алға бастайтын білімді де білікті  жеке тұлға қалыптасуы тиіс деп ойлаймын.

Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы. Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашуға, оқытудағы Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген «Үшінші деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курстарының» маңызы зор. Осы курс арқылы көптеген жаңа тәсілдер мен әдістерді  үйрене отырып, көптеген тәжірибелер жинақтадым. Ағылшын тілі пәнінен сабақ беру барысында жаңа форматтағы жеті модульді  сабақ барысында жүйелі қолданып келемін. Жеті модульді  бір сабақ өткізген кездеде қолдануға болады, кейде екі сабаққа бөліп пайдалануға болады. Ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты болып келеді. Орта мерзімді сабақ жоспары мен қысқа мерзімді сабақ жоспары жаңа форматтағы әдіс-тәсілдердің бірі болып табылады. Жаңа форматтағы жеті модульді жүйелі пайдаланудың өзі үлкен шеберлікті қажет етеді. Орта мерзімді сабақ жоспары мен қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасақтап, өз пәніме жүйелі түрде қолданып келемін. Өз пәнім бойынша сабақ топтамаларында жеті модульді пайдалана отырып өткізген сабақтарым оң нәтижесін беруде

Сындарлы оқыту теориясының талаптары мынандай:

Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану;

Жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану;

Негізгі білімділік ұғымдарды терең меңгерту;

Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Топтық негізде іздене білу дағдыларын қалыптастыру;

Тақырыптық зерттеу жүргізу;

Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз ойын қорытуға дағдыландыру;

Оқушының өз бетімен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру, дамыту;

Шығармашылық  тапсырмалар орындату арқылы  қабілеттерін арттыру.

Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәжірибе жүзінде білім, біліктілік дағдыларын қалыптастыру;

Жаңа терминдер мен сөздіктермен жұмыс жасауға дағдыландыру;

Жаңа технологияларды сабақта пайдалану;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру.

Ел басының 2014 жылғы жолдауында нақты айтқан нақыл сөзіне тоқтала келе, ол «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз.» деген болатын. Оқушы құзырлылығын арттырудағы сындарлы оқытуға негізделген тәсілдер, яғни оқыту мен оқуда жеті модульдің тиімді үйлесімділігі, оқушы қызығушылығын арттырып, бірін- бірі шынайы бағалауға, жетістіктерінің ұдайы өсуіне ықпал етеді.

Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды  қалдырайық. Біз осындай тәжірибелі сабақтарды жиі өткізу арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізе аламыз.


Қолданылған әдебиеттер.

«МАН» мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

Қазақстан президентінің жолдауы.2014жыл.

Интернет ресурстары.































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!