Материалдар / Мақала. Сындарлы оқыту теориясы - оқушыларды сыни ойлауға жетелейтін жол
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала. Сындарлы оқыту теориясы - оқушыларды сыни ойлауға жетелейтін жол

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада өзімнің тәжірибем арқылы әріптестеріме көмек ретінде жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2020
355
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ – ОҚУШЫЛАРДЫ СЫНИ ОЙЛАУҒА
ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖОЛ

Аденов Г.
Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев
Зияткерлік мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін ӛрістетудегі
негізгі тұлға – мұғалім.
Стронг
Кез-келген дамыған мемлекеттердің басты бір ерекшелігі білім саласына
деген ерекше кӛзқарасы болып табылады. Яғни осы саладағы қарқынды
жұмысы мен жетістіктері баланың білім алуына жағдай жасауы және
тәжіриде қолдануында кӛрініс табады. «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік
стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін кӛрсетуге қол жеткізуіміз
керек» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ӛзінің кезекті жолдауында айтқандай,
білім саласына әлемдік елдердің жетістіктері зерттеліп үнемі жаңартулар
енгізіліп келеді. Бүгінгі таңда ең алдымен білімнің мазмұнымен қоса, түрлі
әдіс-тәсілдер арқылы ақпараттық технологияны пайдалана отырып,
мағынасына терең мән бере оқытуды кӛздейтін білім беру жүйесіне
«сындарлы оқыту теориясының» енгізілуі – игілікті істердің бірі болуда.
Заман ағымына сай әр мектеп ӛзінің жұмыс жүйесін, ӛзінің мақсатын қайта
қарастырып, ӛзгертіп отыру қажет. Әсіресе, зияткерлік әлеуетін арттыруды
мақсат ететін біздің мектеп әрдайым ӛзгерістерге бейім болып келеді.
Сондықтан тәжірибені дамытуда кері байланыстың түрлері тиімді
қолданылып, сындардарлы оқыту теориясы басшылыққа алынуда. «Нағыз
білім атаулыға ӛздігінен білім алу арқылы ғана қол жетеді» деп Н. А.
Рубакин айтқандай, адам ӛзі білім алып, тәжірибесін дамытуға ұмтылуы
керек деп ойлаймын. Ал сындарлы ұсыныс беру, әр адамның жетілуіне
бағыт беру біздің әрқайсымыздың міндетіміз. Ӛз тәжірибемде кӛбіне сыни
ойлауға жетелейтін әдіс-тәсілдерді қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау
дегеніміз – сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, ӛз
ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Білім берудің
сапасын жақсарту мақсатында сын тұрғысынан ойлау технологясын ӛз
сабақтарымда түрлендіріп қолданып, оқушыларды сыни ойлауға жетелеуді
мақсат еттім. Сыни тұрғыдан ойлайтын оқушы орынды сұрақтарды қоя
алады. Сұрақ қоя білуге үйрету арқылы сыни ойлауды арттыруға болады.
Егер оқушыларға сыни ойлана алатындай жағдайда болса, онда сабақтың
сапалы тұстарының бірі деп есептеуге болады. Мысалы, «Мемлекеттің
қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ҚР Қарулы Күштерінің рӛлі қандай?»,
«Қазіргі заманғы ұрыстың қандай түрлерін білесіңдер және оларға қандай
сипаттама бере аласыңдар?», «Калашников автоматымен атыс жүргізіп
жатқан кезде, автоматтың бӛлшектері мен механизмдері қандай жұмыс

атқарады?» деген сауалдар қою арқылы оқушының ойлануына назар салуға
болады. Оқушылар әр қойылған сұраққа альтернативті жауаптарды ұсына
алса, ол сыни ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушылардың ӛз әрекетіне, білім
алу үдерісіне сыни кӛзқарасты дамыту олардың білімдегі құндылықтар
жүйесін қалыптастыруда үлкен маңызға ие. Бұл тапсырмалар қатарына
кӛзбен кӛретін айғақтарды қолдану арқылы ой қорытуды қамтамасыз ету
үшін Блум таксономиясының негізінде анықтау, салыстыру, жалпылау,
талдау, қорыту деңгейлеріне арналған тапсырмалар кіреді. Сын тұрғысынан
ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс
кезеңдерінен түзіледі. Оқушылардың арасында серіктестік қарым-қатынас
орнату және оларды бір-бірінің пікірін тыңдай білуге үйретуде диалогтық
оқытуды ұйымдастыруға бағытталған тапсырмалардың орны бӛлек.
Сондықтан тәжірибемде диалогтық оқытуға баса назар аударамын. Әр
сабағым диалогтық оқыту элементтерінен тұрады. Диалогтық оқытумен
қатар топтық жұмыс түрлерін де қолдану қажет деп есептеймін. Әр сабақта
топтардың құрамының ӛзгеріп отыруына жағдай жасалып отырады. Мысалы:
аралас қабілетті оқушылардың бір топта жиналуы, бірдей қабілеттер бар
оқушыларды топтау, оқушыларды ӛз еркімен топтастыру, қыздар мен ұлдар
тобына бӛлу. Осы оқушылардың әрекеттесуіне бақылау жасау арқылы,
қызметтері үйлестіріліп отырады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен
білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің
зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. Сабақтардың барысына және
жоспарына оның тиімділігін арттыратын, білім сапасын жақсартатын
бірқатар жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдері енгізілді. Мысалы, сыныпта
жайлы атмосфера құру, түсті қағаздар арқылы топқа бӛліну, топ ережесімен
танысу, топ басшыларын сайлау, мәтін бойынша дербес жұмыс жасау,
оқығандарын бір-біріне түсіндіре алуы, постер толтырып, флипчарт жасауды
үйренуі, сабақ бойынша ӛз ойларын жаза білуі, бағалау парағын толтырып
ӛзін-ӛзі бағалауды үйренуі. Интерактивті оқытуда жаңа білімді диалог,
полилог түрінде меңгертуді мақсат етіледі. Ересектерге білім беру ісін
интерактивті жағдайларды ұйымдастыру топ құру, проблеманы тұжырымдау,
әртүрлі пікір туғызатын мәселені анықтап алудан басталады. Алдымен
диалог түрінде кіші топта, сосын ұжымда талқыланады. Интерактивті әдістер
қолдану білім алушылардың теориялық материалдарды практикалық
әрекетке айналдыруына жағдай жасап, теория мен практиканы
байланыстыруда, ӛзінің кәсіби дүниетанымын қайта қарауда, жаңа
тәжірибені ӛз бетінше жинақтауына мүмкіндік береді. Ал оқушылардың
танымдық әрекетінің алдымен жеке жұмыстан топтық жұмысқа ауысуы топ
ішіндегі ойлауды, әр адамның пікірін тыңдап олардың ең құндыларын
саралай отырып тізімге алу, ӛз білімдерін басқаның тәжірибесімен
толықтыру, ондағы артықшылықтар мен кемшіліктерді сезіну, жаңаны білуге
деген қызығушылықтардың оянуын қамтамасыз етеді.
Ӛз тәжірибемді жетілдіруде кӛбіне АКТ кӛмегіне жүгініп, сабақтарда
үздіксіз қолданамын. Сабақты ӛткізуде оның бӛлінбейтін бӛлшегі-оқушылар
үшін жаңа білім кӛзі, сондай ақ жаңа материалды толықтырушы, қайталау

және бекіту құралы болып табылатын оқу және кӛрнекі құралдарымен
жүргізілетін жұмыс түрлері. АКТ – мұғалімді ауыстыру немесе сабақ
барысында оқушының кӛңілін кӛтеру құралы ретінде емес, мұғалімге оқу
барысында кӛмек кӛрсетуге арналған педагогикалық құрал екендігін
ескеруіміз керек. Сыни ойлауға жетелейтін бейнебаяндар, мультимедиялық
құралдар, иллюстративті материалдарды ұсыну арқылы оқушылардың
білімге сыни ойлау арқылы ӛзіндік білімге қол жеткізуін кӛздеймін. Замануи
ақпараттық компьютерлік технологияларды пайдалану оқушының танымдық
қабілеттерін толық және ойдағыдай іске асыруға мүмкіндік береді. Ғаламдық
желіні қолдану мен ондағы білімдік ресурстарды пайдалана алу мүмкіндігі
оқытудың кӛптеген әдістерін жүзеге асыруға, жаңа сапалы деңгейде
оқушылардың оқу-танымдық қызметін бақылауға мүмкіндік береді, білім
беру үдерісінде және білім алуда шексіз мүмкіндікке жол ашады,
шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал жасайды, ой-ӛрісін кеңейтеді.
Қазіргі барлық ақпарат құралдары дамыған уақытта қандай да болсын қиын
тапсырмаларды сандық технологиялар кӛмегімен оңай әрі, тез шешуге де
болады. Интерактивті тақтаны қолданған сабақтарда ондағы тапсырмаларды,
жаттығуларды орындауға оқушылар қызығушылық танытады. Дыбысты есту,
бейнені кӛру, оны іс-әрекет арқылы жүзеге асыру барысында орындалған
жұмыстар - оқушының жадында тез сақталады.
Сондықтан да оқушының келесі тақырыптарды түсініп кетуіне ешқандай
қиындық тумайды. АКТ-ны сабақтарда қолдану - оқушының қабылдауына
және де соңғы үлгіде шығып жатқан ақпараттық құрылғыларға деген
қызығушылықтары туындап, сонымен жұмыс істей білуге бағытталады әрі
ынталы болады. АКТ-ны оқу тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының ӛз
қабілеттерін арттыруға қызығушылығын тудырып, шығармашылық шабытын
шыңдап, ғылыми кӛзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып,
еңбек нарығында функционалды сауатты, бәсекеге қабілетті маман даярлауға
үлесін тигізетіні сӛзсіз. Сондықтан АКТ-ны қолдану білім сапасының
артуына бірден бір ықпал ететініне кӛз жеткізуге болады.
Қазақтың кеменгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Елді түзетуді бала
оқыту ісін түзетуден бастау керек»- деген болатын. Сондықтан да, қазіргі
кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне
жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет-білім беру
жүйесін жаңарту болып отыр.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына арналған Жолдауында
«Біз қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бағытын дәйекті
жүргізудеміз»[1,2] деп маңызды идеясын айтқан. Сондықтан тәжірибемізді
жетілдіру ӛте маңызды міндет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» Қазақстан халқына арналған Жолдауы. Астана, 14.12.2012.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!