Материалдар / Мақала тақырыбы: Латын қаріпі рухани дамудың бастауы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала тақырыбы: Латын қаріпі рухани дамудың бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада латын қарпінің біздің еліміздің рухани әлемі қалай дамып жатқаны, және келешекте бізге қандай рөлі бар екені айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2022
253
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Латын қаріпі - рухани дамудың бастауы

Латын қаріпі жайлы сөз қозғамас бұрын ненің егізінде жұмыс істеп жатқанымызды біліп алған маңыздырақ.  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Еліміздің латын әліпбиіне көшу – ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі» деп айтқаннан кейін, шегелеп берген шешімді атқармасқа амал бар ма десек те болар еді. Бірақ, латын қаріпі еліміздің, балаларымыздың болашағы үшін олардың рухани дамуы үшін керек дүниенің бірі екені қазіргі тілмен айтқанда көзі ашық қырағы елдің санасына жеткен сияқты.

Еліміз аты аталып, түсі түстеліп мына қаріптермен жазатын болдық деген соңғы шешімді әлі шығармағанмен түсіндіру, жұмыстары мен әріптерді қайта қарау жолдары ғалымдардың құзырында қайнап жатқан іс шараның бірі екені айтпай-ақ та белігілі.

Латын қаріпі бойынша түсіндіру жұмастары білім саласы мен қатар бір қатар әлеуметтік маңызды нысандарда да алға қойған шаралардың бірі болып отыр.

Латын қаріпі туралы түсіндіру жұмыстары орта жас пен орта жастан асқан адамдар арасында түсіндіруді күшейтсек, жастар жағы бұл істі іліп әкететіні сөзсіз. Себебі, латын қаріпінің көп әріптері ағылшынға сәйкес келеді. Оқылу жағынан аса қиындық тудырады деп ойламаймыз. Негізі латын қаріпіне көшіп алсақ, туыстар елдердің ғылыми жаңалықтарымен, қажет ақпараттарды тікелей аудармасыз оқуға зор мүмкіндік болар еді.

Беріге оралар болсақ, мектебімізде латын қаріпіне қатысты жоспарланған іс-шаралар өз деңгейінде өтіп жатыр. Жоғары сынып оқушыларымен диктант, мұғалімдер арасында уақытша енгізілген қаріптерді талқылау жөнінде дөңгелек үстел, қалалық, облыстық форум конференцияларға қатысу сияқты тағы басқа шаралар өз жемісін беріп те келе жатқан тәрізді.

Сөз соңында, еліміздің рухани бірлігі жарасып, түбі бір түркі тілімен білім жарыстыратын заман болсын!




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!